Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Tamozhennoe_pravo.doc
Скачиваний:
44
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
524.8 Кб
Скачать

1. Оқытушы туралы ақпарат:

Дәріс оқушы – Конституциялық құқық және мемлекеттік басқару кафедрасының аға оқытушысы Биманов Қайыржан Аманбекұлы.

Тілдерді білуі: Қазақ, орыс тілдері.

Кафедра туралы мәлімет: Қазақ гуманитарлық-заң университетінің Конституциялық құқық және мемлекеттік басқару кафедрасы, 304 каб.

2. Курстың пререквизиттері: Осы пәнді оқу үшін студенттер мамандықтың негізгі оқу жоспарында қарастырылған бірнеше пәндерді меңгеруі қажет: «Кеден құқығы», «Кеден iciн ұйымдастыру», ҚР Конституциялық құқығы, Салық құқығы.

3. Пәннің постреквизиттері: Пәнді қарастыруды аяқтаған соң арнайы курстарды қарастыруға мүмкіндік пайда болады.

4. Пәннің сипаттамасы: Қазақстан Республикасы кеден құқығы тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізудің, кедендік ресімдеу мен кедендік бақылаудың, кедендік режимдерді қолданудың, кедендік төлемдерді, салықтарды алудың, кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрес жүргізудің тәртібі мен шарттарын, мемлекет пен сыртқы экономикалық және өзге де қызметті жүзеге асырушы тұлғалардың арасындағы билік қатынастарына негізделген кеден саясатын іске асырудың басқа да құралдарын қамтиды.

Қазақстан Республикасы кеден құқығы курсының мақсаты:

  • Студенттерді кеден органдарының бірыңғай жүйесімен, кеден органдарының құрылымымен, кеден органдарында қызмет атқару жағдайларымен таныстыру.

  • Қазақстан Республикасы кеден құқығын салыстырмалы түрде зерттеу және кеден саласын жетілдірудегі халықаралық қатынастарды анықтау.

Қазақстан Республикасы кеден құқығы курсының міндеттері:

  • Студенттерді кеден ісін ұйымдастырумен байланысты нормативтік құқықтық актілермен таныстыру және олары басшыыққа ала отырып жұмыс істеуге үйрету;

  • Осы арнайы курс бойынша теориялық білім беру.

Студенттердің міндеттері:

  • Дәрістік және семинар сабақтарына қатысу;

  • Тақырып бойынша оқу және ғылыми әдебиеттерді оқу, нормативтік құқықтық актілермен танысып отыру.

Сабақтарды өткізу нысандары: дәріс, практикалық сабақ, СОӨЖ, СӨЖ. Дәрістік сабақтар оқу курсы бойынша қарастырылған тақырыптарды теориялық жағынан игеруге және талдауға бағытталған. Практикалық сабақтар ауызша және жазбаша нысандарында өткізіледі. Олар дәрістік материалдарды неғұрлым терең игеруге және бекітуге бағытталған. Студенттердің өзіндік жұмыстары аудиториядан тыс өткізіледі және алдын ала берілген тапсырмалар бойынша нормативтік, оқу және ғылыми қайнар көздермен танысуға және тапсырмалар орындауға бағытталған.

Білімді тексеру нысандары: екі аралық бақылау, емтихан. Білімді тексеру студенттердің осы арнайы курсты игергендігін кешенді тексеруге бағытталған және студенттердің қойылған сұрақтарға жауап беруі, нақты тәжірбиелік есептерді шешуі нысанында жүргізіледі. Межелі бақылау тестілеу түрінде жүргізіледі.

6. «Қазақстан Республикасы кеден құқығы» пәні бойынша /20 сағат/ дәрістік сабақтардың жоспары

Тақырыптар және олардың сағат көлемі мен бақылау сұрақтары

Сабақтың мақсаттары мен міндеттері

Өзекті мәселелері

1

Кеден құқығының ұғымы және жүйесі, көздері (2 сағат)

1. Кеден құқығының түсінігі және пәні

2. Кеден құқығының басқа құқық салаларымен ара қатынасы

3. Кеден құқығы пәнінің жүйесі

4. Кеден құқығының қағидалары

5. Қайнар көздері

Кеден құқығының оқу пәні ретіндегі негізін анықтау

Кеден құқығы оқу пәнінің қалыптасуы

2

Кедендік құқықтық қатынастар және нормалар (2 сағат)

1. Кедендік құқықтық қатынастардың түсінігі, түрлері және құрамы.

2. Кедендік құқықтық норманың түсінігі, құрылымы және түрлері.

3. Кедендік-құқықтық норманың уақытта және субъектілерге қатысты қолданылуы.

4. Кедендік-құқықтық норманың әрекет етуінің тоқтатылуы

Кедендік құқықтық қатынастардың пайда болуын және кедендік құқықтық нормалардың қолданылуын анықтау

Кедендік құқықтық норманы жүзеге асыру

3

Кеден құқығының субъектілері (2 сағат)

1. Кеден құқығы субъектілерінің түсінігі

2. Кеден органдары кедендік құқық субъектілері ретінде.

3. СЭҚ қатынастардың қатысушылары кеден құқығының субъектілері ретінде.

4. Кеден ісі саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілер

5. Кеден органдарында қызметке тұру және өткеру

Кеден құқығы субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін түсіндіру

Кеден құқығының субъектілерінің құқықтарын қорғау

4

Кедендік рәсімдеу (2 сағат)

1. Кедендік ресімдеудің түсінігі, түрлері және кезеңдері.

2. Кедендік ресімдеуді жүзеге асыру тәртібі.

3. Декларациялау және оның түрлері.

Кедендік рәсімдерді жүргізу тәртібін түсіндіру

Кедендік ресімдерді жүргізу тәртібі

5

Кедендік бақылау (2 сағат)

1. Кедендік бақылаудың түсінігі және жүргізу тәртібі

2. Кедендік бақылаудың нысандары

Кедендік бақылауды жүргізу тәртібін түсіндіру

Кедендік бақылауды жүргізу

6

Кедендік-тарифтік реттеу және кедендік төлемдер (2 сағат)

1. Кедендік-тарифтік реттеудің құқықтық негіздері

2. Кедендік тарифтер түсінігі мен түрлері.

4. Кедендік тарифтер бекіту тәртібі.

Кедендік-тарифтік реттеу және кедендік төлемдердің құқықтық тәртібін анықтау

Кедендік-тарифтік реттеу

7

СЭҚ ТН және сыртқы сауданы, кедендік статистиканы

жүргізудің құқықтық негіздері. Кедендік жеңілдіктер. (2 сағат)

1. Сыртқы саудаға кедендік статистиканы жүргізу мақсаты және әдістемесі

2. СЭҚТН жүргізу тәртібі

3. Кедендік жеңілдіктер

СЭҚ жүргізу тәртібі

СЭҚ

8

Кеден құқығы бойынша жауапкершілік (2 сағат)

1. Жауапкершілік түсінігі және түрлері

2. Қылмыстық жауаптылық

3. Әкімшілік жауаптылық

4. Тәртіптік жауаптылық

Кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау

Құқықбұзушылықтың алдын алу

9

Кеден органы анықтау органы ретінде (2 сағат)

1. Қылмыстық іс жүргізудегі анықтау органының түсінігі

2. КР Кеден органдарының анықтау органы ретінде құзыреті

2. Қылмыстық істі қозғау және кеден органдарымен жүргізілетін тергеу әрекеттері

Кеден органының құқық қорғау органы ретіндегі қызметін анықтау

Кедендік құқықтық нормаларды қолдану

10

ҚР-ның кеден ісі аясындағы халықаралық – құқықтық ынтымақтастығы (2 сағат)

1. ТМД шеңберіндегі кеден ісі аясындағы халықаралық-құқықтық ынтымақтастық. ҚР-ның халықаралық экономикалық, сауда және кедендік ұйымдармен ынтымақтастық

2. Кедендік ынтымақтастық кеңесі және оның қызметіне ҚР-ның қатысуы

3. СЭҚТН халықаралық негізін қалыптастыратын құқықтық құжат

ҚР-ның кеден ісі аясындағы халықаралық – құқықтық ынтымақтастығының негіздерімен танысу

Кеден ісі саласын жетілдіру

Барлығы: 20 сағат

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]