Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Tamozhennoe_pravo.doc
Скачиваний:
44
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
524.8 Кб
Скачать

Пәнді оқу бойынша әдістемелік нұсқау

Қазақстан Республикасындағы кеден ісі тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізудің, кедендік ресімдеу мен кедендік бақылаудың, кедендік режимдерді қолданудың, кедендік төлемдерді, салықтарды алудың, кеден ісі саласындағы құқықбұзушылықтарға қарсы күрес жүргізудің тәртібі мен шарттарын, мемлекет пен сыртқы экономикалық және өзге де қызметті жүзеге асырушы тұлғалардың арасындағы билік қатынастарына негізделген кеден саясатын іске асырудың басқа да құралдарын қамтиды.

Кеден ісі кеден құқығының пәні болып табылады. Ал кеден құқығы дегеніміз кеден ісі саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған нормалардың жиынтығы. Бұл курсты оқыту барысында кеден ісін жүзеге асыру бойынша қатынастардың құқықтық реттелу мәселелері қарастырылады.

Курстың мақсаты – студенттерге теориялық тұрғыда кеден ісін ұйымдастыру негізгі ерекшеліктерін, қағидаларын, кеден органдарын ұйымдастыру және басқару негіздерін, кеден органдар жүйесіндегі басқару құрылымын және іс жүргізу тәртібін, сондай-ақ Кедендік одақтардың құқықтық мәртебесін және оның қағидаларын оқып танысу.

Пәнді оқып-үйрену міндеттері:

1. кеден органдарының басқару құрылымын және тәртібін;

2. кедендік бақылау және рәсімдеудің құқықтық негіздерін;

3. кеден ісі саласындағы жауапкершілік негіздерін.

Сабақтарды өткізу нысандары: дәріс, практикалық сабақ, СОӨЖ, СӨЖ. Дәрістік сабақтар оқу курсы бойынша қарастырылған тақырыптарды теориялық жағынан игеруге және талдауға бағытталған. Практикалық сабақтар ауызша және жазбаша нысандарында өткізіледі. Олар дәрістік материалдарды неғұрлым терең игеруге және бекітуге бағытталған. Студенттердің өзіндік жұмыстары аудиториядан тыс өткізіледі және алдын ала берілген тапсырмалар бойынша нормативтік, оқу және ғылыми қайнар көздермен танысуға және тапсырмалар орындауға бағытталған.

Білімді тексеру нысандары: екі аралық бақылау, емтихан. Білімді тексеру студенттердің осы арнайы курсты игергендігін кешенді тексеруге бағытталған және студенттердің қойылған сұрақтарға жауап беруі, нақты тәжірбиелік есептерді шешуі нысанында жүргізіледі. Межелі бақылау тестілеу түрінде жүргізіледі.

Студент дәріс сабақтарында жазған, түсінген білімдерін және семинар сабағына берілген тапсырмалар бойынша толық дайындалуы керек. Семинар сабағы бойынша білімді тексерудің келесідей нысандары қолданылуы мүмкін: ауызша және жазбаша (тесттік сұрау, бақылау жұмыстары, карточкалармен жұмыс, баяндамалар, ақпараттар, рефераттар, үй тапсырмалары және т.б.)

Студент дербес тақырып мәнін ашуға тиісті. Бақылау жұмысын орындау кезінде оқу құралдарынан басқа өзге де қайнар көздерді пайдаланып, оларға сілтеме жасалса, жауаптың сапасы мен оның бағасын жоғарлатады. Бақылау жұмысының көлемі 5 - 6 беттен аспауы керек.

Реферат оқытылатын пәннің қандай да бір ірі мәселелерін студенттермен дербес анықтауға, белгілі бір мәселеге қатысты түрлі концепциялар мен ғылыми көзқарастармен танысуға арналған.

Реферат міндетті түрде бірнеше әдеби қайнар көздердің негізінде дайындалады. Онда мәселенің негізгі концепциясы, мамандардың пікірлері, қайнар көздерге сілтемелер, қолданылған ғылыми әдебиет тізімі көрсетіледі.

Реферат тақырыбын тандау студенттермен дербес жүзеге асырылады. Тақырып тандағаннан кейін және пән оқытушысымен кенескеннен кейін, студент тақырып бойынша кітаптардың, ғылыми мақалардың және анықтамалық құралдардың тізімін жасайды. Міндетті түрде тақырыпқа қатысты нормативті құқықтық актілердің, құқыққолданушылық және өзге құжаттардың бары анықталады.

Реферат құрылымы қысқаша кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған қайнар көздердің тізімінен тұрады.

Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, жұмыстың мақсаты мен міндеті негізделеді.

Негізгі бөлімде мәселе жағдайы, оның тенденциялары, ғылыми концепциялары мен көзқарастар, құжатта қайнар көздер мен практика материалдары анализденеді, негізгі ұғымдар мен жағдайлар көрсетіледі.

Қорытындыда рефераттың мақсаты мен міндетіне сай, тақырыпты зерттеудің негізгі қорытындылары, авторлық тұжырымдар мен практикалық нұсқамалары көрсетіледі. Реферат көлемі 12-15 беттен аспайды.

Студенттің оқу жетістігін бағалау және бақылау бойынша материалдар (жазбаша бақылау тапсырмалары, тест тапсырмасы; өзіндік дайындалу үшін сұрақтар тізімі, емтихан сұрақтары және т.б.).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]