Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Tamozhennoe_pravo.doc
Скачиваний:
44
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
524.8 Кб
Скачать

4. Тауарларды кедендік декларациялау

Кедендік декларация – белгіленген нысан бойынша жасалған, тауарлар туралы, таңдалған кедендік рәсім туралы мәліметтерді және тауарларды шығару үшін қажетті өзге де мәліметтерді қамтитын құжат.

      Кедендік декларациялау – декларанттың кеден органына тауарлар туралы, таңдалған кедендік рәсім туралы мәліметтерді және (немесе) тауарларды шығару үшін қажетті өзге де мәліметтерді мәлімдеуі;

Тауарлар кедендік рәсіммен орналастырған кезде не осы Кодекске сәйкес белгіленген өзге де жағдайларда кедендік декларациялауға жатады.

Тауарларды кедендік декларациялауды декларант не декларанттың атынан және оның тапсырмасы бойынша әрекет ететін кеден өкілі жүргізеді.

Кедендік декларациялау жазбаша және (немесе) кедендік декларация пайдаланыла отырып, электронды нысандарда жүргізіледі.

Тауарларды кедендік декларациялаған кезде мәлімделген кедендік рәсімдерге және тауарларды өткізетін тұлғаларға қарай кедендік декларацияның мына түрлері қолданылады:       1) тауарларға арналған декларация;

2) транзиттік декларация;

3) жолаушыларға арналған кедендік декларация;

4) көлік құралына арналған декларация.

Кедендік декларацияны толтыру нысандары мен тәртібі Кеден одағы комиссиясының шешімімен айқындалады.

Кедендік декларацияда көрсетілуге жататын мәліметтер тізбесі кедендік төлемдер мен салықтарды есептеу мен алу, кедендік статистиканы қалыптастыру және кеден одағының кеден заңнамасын және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасын қолдану үшін қажетті мәліметтермен ғана шектеледі.

Тауарларға арналған кедендік декларацияда және транзиттік декларацияда көрсетілуге жататын мәліметтер кедендік рәсімдерге, тауарлардың санаттарына, оларды өткізетін тұлғаларға, көлік түріне қарай Кеден одағы комиссиясының шешімімен не, егер бұл Кеден одағы комиссиясының шешімінде көзделсе, Қазақстан Республикасының заңнамасымен қысқартылуы мүмкін.

Жолаушыларға арналған кедендік декларацияда және көлік құралына арналған декларацияда көрсетілуге тиіс мәліметтер Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленеді.

Кедендік декларация ретінде көлік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) тауарларды кедендік рәсімге сәйкес шығару үшін қажетті мәліметтер бар өзге де құжаттар осы Кодексте немесе Кеден одағы комиссиясының шешімінде айқындалатын жағдайларда және тәртіппен пайдаланылуы мүмкін.

Кедендік декларация осы Кодекске сәйкес электронды құжат түрінде ұсынылуы мүмкін.       Кедендік декларацияны электронды құжат түрінде ұсыну және қолдану тәртібі Кеден одағы комиссиясының шешімімен айқындалады.

Кеден одағы комиссиясының шешімінде көзделген жағдайларда, егер Кеден одағының кеден кодексінде, Кеден одағы комиссиясының шешімінде не Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, кедендік декларацияны жазбаша нысанда беру кеден органына табыс етілген электронды көшірмесімен бірге жүруі тиіс.       Кедендік декларацияның электронды көшірмесінің құрылымы және форматы, сондай-ақ оны табыс ету және пайдалану тәртібі Кеден одағы комиссиясының шешімімен айқындалады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]