Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Tamozhennoe_pravo.doc
Скачиваний:
44
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
524.8 Кб
Скачать

2. Төлеушілер, кедендік алымдарды төлеу мерзімдері мен тәртібі

      Декларант немесе осы Кодекске және (немесе) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес кедендік алымдарды төлеу бойынша міндеттер жүктелген өзге де тұлғалар кедендік алымдарды төлеушілер болып табылады.       Осы баптың 5-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендік алым кедендік декларацияны бергенге дейін немесе сонымен бір мезгілде төленеді.

Кедендік алып жүру үшін кедендік алым кеден органы кедендік алып жүру туралы шешім қабылдағаннан кейін, бірақ кедендік алып жүруді ұйымдастыру басталған күннен кешіктірілмей төленеді.

Кеден органы алдын ала шешім қабылдағаны үшін ақыны төлеуші көрсетілген шешім өзіне берілгенге дейін енгізеді.

Тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендік алымдарды төлеу бойынша жеңілдіктер берілген кезде, тұлғаның тауарларды пайдалану және иелік ету бойынша шектеулерді бұзған күні оларды төлеу мерзімі болып есептеледі. Егер шектеулер бұзылған күнді анықтау мүмкін болмаса, кедендік декларацияның тіркелген күні кедендік декларациялау үшін кедендік алымдарды төлеу мерзімі болып есептеледі.       Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды заңсыз өткізу кезінде тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендік алымдарды төлеу мерзімі кедендік шекара арқылы тауарларды өткізген күн болып есептеледі. Егер заңсыз өткізілген күнді анықтау мүмкін болмаса, кедендік декларацияның тіркелген күні кедендік декларациялау үшін кедендік алымдарды төлеу мерзімі болып есептеледі.

Төлеушінің кедендік төлемді кедендік алым бойынша алда болатын міндеттемелер есебіне аванспен енгізуге құқығы бар.

Кедендік транзит кедендік рәсімімен шығарылған тауарларды қоспағанда, кедендік алымдар тауарлар шығарылатын кеден органында немесе аумағында кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды заңсыз өткізу фактісі анықталған аумақта төленеді (өндіріліп алынады).

Кедендiк алымдарды бюджетке аудару осы Кодекске сәйкес айқындалған кедендік баждарды, салықтарды және өсімпұлдарды аудару үшін көзделген қағидалар бойынша жүзеге асырылады.

3. Кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша берешекті өндіріп алу тәртібі

      Кедендік төлемдер мен салықтар белгіленген мерзімдерде төленбеген немесе толық төленбеген жағдайда берешек қалыптасады. Кеден органдары берешекті заңда айқындалған тәртіппен төлеушілерден өндіріп алады.

Кедендік төлемдер мен салықтар белгіленген мерзімде төленбеген немесе толық төленбеген жағдайда кеден органдары кедендік төлемдер мен салықтарды төлеушінің ақшасы және (немесе) басқа да мүлкі есебінен, оның ішінде артық төленген кедендік төлемдер мен салықтар және (немесе) аванс төлемдерінің сомасы есебінен, сондай-ақ егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше белгіленбесе, кедендік баждар, салықтар есебінен мәжбүрлеп өндіріп алады.

3. Кеден органдары берешекті өндіріп алу үшін мынадай:

1) төлеушіге хабарлау;

2) осы Кодекстің 161-бабында көзделген тәртіппен кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдар бойынша берешекті кедендік баждар мен салықтардың артық төленген сомалары есебінен не кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомалары есебінен өндіріп алу;

3) берешекті өтеуді қамтамасыз етудің мынадай тәсілдерін қолдану:

берешек сомасына өсімпұл есептеу;

төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;

касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;

төлеушінің мүлкіне билік етуін шектеу туралы шешім шығару;

4) мынадай тәртіппен:

төлеушінің банк шоттарындағы ақша есебінен;

төлеуші дебиторларының шоттарынан;

төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін өткізу есебінен берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдану әрекеттерін жүзеге асырады.

Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешек сомасына өсімпұл есептеуді қоспағанда, бірінен кейін бірі қолданылады.

Жеке кәсіпкерден және заңды тұлғадан берешекті және өсімпұлды өндіріп алу даусыз тәртіппен жүргізіледі. Жеке тұлғадан берешек пен өсімпұл өндіріп алу сот тәртібімен жүргізіледі.

Кедендік төлемдер мен салықтарды өндіріп алу:

1) төленбеген кедендік төлемдерді, салықтарды өндіріп алудың талап қою мерзімі өткен соң;

2) егер кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттеме осы Кодекстің 129-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда тоқтатылса, жүргізілмейді.

6-тақырып. ҚР кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына кедендік рәсімделуін және кедендік басқаруын ұйымдастыру қағидалары

Тауар және көлік құралдарын кедендік бақылау және кедендік рәсімдеудің мазмұны. Кеден территориясы және кеден шекарасының түсінігi. Кеден бақылауын ұйымдастырудың негізгі қағидалары. Кедендік бақылаудың объектілері. Кедендік бакылаудың субьектілері. Тауарлар мен көлік құралдарын декларациялау.

Кедендік рәсімдеуді ұйымдастыру. Кедендік бақылау мен кедендік рәсімдеудің орны және уақыты. Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша сақтау қоймасына орналастыру. Кеден бақылау аймақтары.

Алдын-ала шешімдер. Алдын-ала операцияларды қолданудың мәні және тәртібі. Декларацияларды беру мерзімдері. Кедендік рәсімдеуді жүзеге асырудың алдын ала операциялары. Тауарларды кеден бакылауымен кіргізу. Кеден органдарымен алдын ала шешімдерді қабылдау.

Тауарларды кіргізуге және шығаруға шектеу, тыйым салу. Kейбіp мемлекеттер үшін тыйым салу мен шектеулер.

ТМД және Кеден Одағына қатысушы мемлекеттерге тауарлардың кедендік бақылауын ұйымдастыру. Кедендік бақылаудың жеңілдетілген түрі. Кедендік тексеруден босату.

1. Кедендік бақылау – кеден одағының кеден заңнамасын және Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында, оның ішінде тәуекелдерді басқару жүйесін пайдалана отырып, кеден органдары жүзеге асыратын шаралардың жиынтығы.

Кедендік рәсім – тауарларды кеден одағының кедендік аумағында немесе оның шегінен тыс жерде пайдалану және (немесе) оған билік ету талаптары мен шарттарын кеден мақсаттары үшін айқындайтын нормалардың жиынтығы.

Қазакстанның кеден шекарасы аркылы өткізілетін барлық тауарлар мен көлік құралдары кеден бақылауына жатады. Ол белгіленген ережелер бойынша жүргізіледі.

Кұжаттар мен мәліметтерді тексеру, тауарлар мен көлік қүралдарын тексеру, жеке тексеріс, тауарлар мен көлік кұралдарынын есебі, ауызша сұрау алу, есеп пен есеп беру жүйесін тексеру, қоймалар ғимаратын және кеден бақылауына жататын тауарлар мен көлік қүралдары орналаскан басқа да орындарды (адам өмірі мен денсаулығына, жануарлар мен өсімдіктерге кауіпсіз және тауарлар мен көлік қүралдарына зиян келтірмейтін техникалык құралдарды қолдану арқылы) тексеру - кеден бақылауының түрлері болып табылады.

Кедендік бақылау жүргізу кезінде кеден органдары іріктеу принципін негізге алады және орындалуын бақылау кеден органдарына жүктелген кеден одағы кеден заңнамасының және Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету үшін жеткілікті кедендік бақылаудың нысандарымен ғана шектеледі.

Кедендік бақылаудың объектілері мен нысандарын таңдаған кезде тәуекелдерді басқару жүйесі қолданылады.

Кедендік бақылауды жетілдіру мақсатында кеден органдары Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шет мемлекеттердің кеден органдарымен ынтымақтасады.

Кедендік бақылаудың тиімділігін арттыру мақсатында кеден органдары басқа бақылаушы мемлекеттік органдармен, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен, уәкілетті экономикалық операторлармен, кеден өкілдерімен, кедендік тасымалдаушылармен және қызметтері сыртқы сауданы жүзеге асыруға байланысты тұлғалармен және олардың қауымдастықтар (одақтар) түріндегі кәсіби бірлестіктерімен өзара іс-қимыл жасайды.

Кеден органдары өз құзыреті шегінде, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бақылаудың өзге де түрлерін, оның ішінде экспорттық, валюталық және радиациялық бақылауды жүзеге асырады.

Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, кедендік бақылауды жүргізу кезінде оны жүргізуге қандай да бір рұқсаттар, ұйғарымдар не қаулылар, сондай-ақ оларды өзге де бақылаушы органдарда тіркеу талап етілмейді.     

Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде, сондай-ақ кедендік декларациялау және өзге де кедендік операциялар жүргізу орындарында кеден органдары кедендік бақылауды жүзеге асыру мақсаттары үшін кедендік бақылау аймақтарын құрады. Сонымен қатар уақытша сақтау орындары мен қоймаларының, кедендік және еркін қоймалардың, арнайы экономикалық аймақтардың, бажсыз сауда дүкендерінің аумақтары кедендік бақылау аймақтары болып табылады.

Кедендік бақылау аймақтары кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі немесе кеден басшысының (оны алмастыратын тұлғаның) өткізу пункттерінің аумақтарында, кедендік декларациялау және осы Кодексте көзделген өзге де кедендік операциялар жүргізу орындарында кедендік бақылау аймақтарын құру туралы бұйрығының негізінде құрылады.

Кедендік бақылау аймақтарының шекаралары шартты сызықпен шектеледі және:       1) кедендік рәсімдер өткізу орындарында – өлшемдері: биіктігі – 50 сантиметр, ені – 100 сантиметр болатын белгілермен белгіленеді. Белгінің көк түсті тақтасына биіктігі 10 сантиметр және ені 3,7 сантиметр ақ түсті әріптермен, үш жолға, үш тілде (қазақ, орыс және ағылшын) «Кедендік бақылау аймағы» деген жазу жазылады;

2) суда жарық шағылыстырғыш бояудың көмегімен орындалған «Кедендік бақылау аймағы» деген жазуы бар қызыл түсті қалтқылармен белгіленеді.

Кедендік бақылау аймақтарына жіберу:

1) кедендік бақылау аймақтарында қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының тиісті бақылаушы органдарының лауазымды адамдары үшін, қызметтік куәлікті ұсынған кезде, тұрақты рұқсат қағазы;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құқық қорғау және арнайы органдардың лауазымды адамдары үшін қаулы;

3) лауазымдық міндеттерін орындау тікелей кедендік бақылау аймағында болумен байланысты ұйымдардың лауазымды адамдары үшін рұқсат қағазы негізінде жүзеге асырылады.       Тұрақты рұқсат қағаздары тиісті бақылаушы органдардың, ұйымдардың немесе кәсіпорындардың жазбаша өтініші негізінде күнтізбелік бір жыл мерзімге беріледі және оған кеден ісі саласындағы уәкілетті орган аумақтық бөлімшесінің не кеденнің басшысы немесе оны алмастыратын адам қол қояды. Рұқсат қағаздарын арнайы журналда тіркеуді аталған рұқсат қағазын берген кеден органы жүргізеді.

4) мемлекеттік органдардың және ұйымдардың лауазымды адамдары кедендік бақылау аймағында қысқа уақыт болуымен тікелей байланысты өздеріне жүктелген функцияларды орындау мақсатында оларға берілетін уақытша рұқсат қағазы негізінде жүзеге асырылады.

Уақытша рұқсат беру қағаздары адамның кедендік бақылау аймағында уақытша болу мерзіміне, оның жазбаша өтініші негізінде беріледі.

Рұқсат қағаздарын ресімдемей, кедендік бақылау аймағына жіберу:

1) қызметтік куәлікті ұсынған кезде - кедендік бақылау аймағында өздеріне жүктелген функцияларды өз жұмыс уақыты кезеңінде орындайтын кеден органдарының лауазымды адамдарына;

2) кедендік бақылау аймағындағы тауарлар мен көлік құралдарына өкілдік ететін адамдарға, сондай-ақ кеден одағының кедендік шекарасынан кесіп өтетін жеке тұлғаларға қатысты жүзеге асырылады.

Кеден органының лауазымды адамдарының өз жұмыс уақытынан тыс кезде кеден органы басшысының рұқсатынсыз кедендік бақылау аймағында болуына жол берілмейді.

Кедендік бақылау аймағының шекарасы арқылы және оның шегінде тауарлар мен көлік құралдарының өтуіне кеден органының рұқсатымен жол беріледі.

Өндірістік және өзге кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға, аталған қызмет уақытша сақтау орнының немесе қоймасының, еркін қойманың, кеден қоймасының және бажсыз сауда дүкенінің мақсатына сәйкес келген жағдайларды қоспағанда, сондай-ақ режимдік объектілердің кедендік бақылау аймақтарында болуына жол берілмейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]