Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMKD__1178_R_K_1178_KYuSP-1_1_semestr.doc
Скачиваний:
29
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
896 Кб
Скачать

1.Төменде аталған субъектілердің қайсы Үкіметтің мүшелерін лауазымына тағайындайды және босатады:

а) ҚР-сы Премьер-Министрінің ұсынысы бойынша ҚР-сы Президенті;

б) ҚР-ның Үкіметі;

в) ҚР-ның Премьер-Министр,

(дұрыс жауабы - а)

ҚР-сы Үкіметінің құрамына мыналар кіреді:

а) ҚР-ның Премьер-Министрі, оның орынбасарлары, министрлер және өзге де лауазымды тұлғалар;

б) Премьер-Министр, министрлер, агенттіктердің төрағалары және өзге де ведомстволардың төрағалары;

в) Премьер-Министр, министрлер, агенттіктер төрағалары және облыстық әкімдер.

(дұрыс жауабы - а)

Төменде көрсетілген өкілеттіктердің қайсы Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретіне жатпайды:

а) құрылымдық және инвестициялық саясатты жүзеге асырады;

б) аймақтық мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және іске асырады;

в) мемлекеттік бағдарламаны бекітеді.

(дұрыс жауабы - в)

Төменде көрсетілген субъектілердің қайсы ҚР-сы Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың басшыларын лауазымына тағайындайды және босатады:

а) Қазақстан Республикасы Үкіметі;

б) ҚР-сы Премьер-Министрі;

в) ҚР-сы Премьер-Министрінің ұсынысы бойынша ҚР-сы Президенті

(дұрыс жауабы - а)

ҚР-сы Үкіметімен төменде көрсетілген актінің қайсы қабылданады:

а) қаулы;

б) жарлық;

в) шешім.

(дұрыс жауабы - а)

ҚР-сы Премьер-Министрін қоспағанда төменде көрсетілген лауазымды тұлғалардың қайсы ҚР-сы Үкіметінің отырысына төрағалық ете алады:

а) Мемлекеттік хатшы;

б) ҚР-ның Президенті;

в) ҚР-сы Парламент Сенатының Төрағасы.

(дұрыс жауабы - б)

9. ҚР-ның Премьер-Министрі қандай акт қабылдайды:

а) өкім;

б) қаулы;

в) шешім.

(дұрыс жауабы - а)

10. “Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы қашан қабылданды:

а) 18 желтоқсан 1995 жылы;

б) 29 желтоқсан 1995 жылы;

в) 30 тамыз 1995 жылы.

(дұрыс жауабы - а)

Тақырып 12. Қазақстан Республикасындағы конституциялық бақылаудың негіздері.

12.1. Конституциялық бақылау институтының түсінігі.Құқықтық демократиялық мемлекетте конституцияны ерекше қорғау мен сақтау конституцияның заңдылық қасиетінің ажырамас бөлігі болып табылады. Бұл конституцияда бекітілген және реттелетін қоғамдық қатынастардың маңыздылығымен сипатталады. Конституцияны құқықтық қорғау мемлекет пен қоғамның қызметінің негізгі институттары: мемлекеттің конституциялық құрылысының негіздерін, осы мемлекеттегі тұлғаның құқықтық жағдайының негіздерін, мемлекеттік билік органдарының жүйесін ұйымдаструды қалыптастыратын конституцияның тұрақтылығына әсер етеді.

Конституциялық бақылау – осы мемлекеттің заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің сәйкестігін тексеретін, мемлекеттің құқық қорғаушы қызметінің ерекше түрі.

Көптеген жағдайда конституциялық бақылаудың объектісі болып заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілер, сонымен қатар халықаралық шарттар да табылады. Кейбір мемлекеттерде конституциялық бақылаудың объектісі болып мемлекеттің президентін мерзімінен бұрын орнынан босату немесе лауазымынан кетіру, сайлау мен референдумның және т.с.с. өткізілуі кезінде конституциялық процедураның сақталуы табылады.

Конституциялық құқықта заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің конституцияға сәйкестігін тексерудің екі әдісі: алдын-ала және кейінгі конституциялық бақылау қолданылады.

Алдын-ала конституциялық бақылау заңды күшіне енбеген заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің конституцияға сәйкестігін алдын-ала қарау тәртібімен жүзеге асырылады.

Кейінгі конституциялық бақылау әрекет етіп отырған, қолданыстағы заңдар мен нормативтік құқықтық актілердің пәнінің конституцияға сәйкестілігіне қатысты жүзеге асырылады.

Конституциялық бақылау мазмұны бойынша формальды және материалды болуы мүмкін. Формальды конституциялық бақылауда заңдар мен өзге де нормативтік құықтық актілерді қабылдау үшін конституциялық тәртіптің сақталуы тексерілетін болса, ал материалдық конституциялық бақылауда осы заңдардың немесе нормативтік құқықтық актілердің конституциялығы, яғни, конституцияға сәйкестілігі тексеріледі.

Конституциялық бақылау көптеген мемлекеттік органдармен жүзеге асырылады. Конституциялық бақылаудың мамандандырылған және мамандандырылмаған органдары әрекет етеді. Конституциялық бақылаудың мамандандырылмаған органдарының бірі болып мемлекет басшысы табылады. Мысалы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 40-шы бабына сәйкес Республика Президенті Конституцияның мызғымастығының, адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілі болып табылады. Ол Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне өтініш жасайтын субъектілердің бірі болып табылады. Американың құрама штаттарында конституциялық бақылау құқығына Жоғары және жалпы соттар ие болады. Мамандандырылған органдарға Конституцияның жоғарылығын қамтамасыз ететін Конституциялық соттар және конституциялық кеңестер жатады.

12.2. Қазақстан Республикасында конституциялық бақылау институтының қалыптасуы. Қазақстан конституцияны қорғаудың мамандандырылған мемлекеттік органын құрылтайландыру жолын таңдады. Алғашқы арнайы конституциялық бақылау органы болып Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты табылды, оның қызметі 5 шілде 1992 жылы қабылданған “Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы” және “Қазақстан Республикасындағы конституциялық сот өндірісі туралы” Қазақстан Республикасының Заңдарымен реттелді. 16 желтоқсан 1991 жылғы “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында алғаш рет Конституциялық соттың құқықтық мәртебесі анықталған, онда Қазақстан Республикасының Конституциялық соты Конституцияны соттық қорғаудың жоғары органы болып табылады делінген. 1993 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясында Конституциялық Сот Қазақстан Республикасының сот билігінің жүйесіне енгізілген.

Конституциялық соттың құрамында төраға және тоғыз судьялар болған. Заңдардың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің, сонымен қатар халықаралық шарттардың және Қазақстан Республикасының міндеттіліктерінің Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігі туралы талап арыздарды қарады. Конституциялық Сотқа жүгіне алатын субъектілердің көлемі өте кең болды. Конституциялық сотқа Қазақстан Республикасының азаматтары да өздерінің конституциялық құқықтары мен бостандықтарының бұзылғандығы туралы талап арызбен жүгіне алатын болған. Конституциялық соттың 6 наурыз 1995 жылғы Қаулысы Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесін тарату мен Қазақстанның мемлекеттік механизмінің түп-тамырымен қайта реформалануына әкелді (8-ші тақырыпты қараңыз).

1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясында соттан тыс жаңа конституциялық бақылау органы – сот органдарының жүйесіне енбейтін, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі құрылтайланды.

№12 тақырып бойынша тест сұрақтары.

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің ғұмыр бойғы мүшесі:

а) ҚР-ның Президенті;

б) Сенат Төрағасы, Мәжіліс Төрағасы және ҚР-ның Президенті;

в) Премьер-министр.

(дұрыс жауабы - а)

ҚР-ның Конституциялық Кеңесінің сандық құрамы:

а) 7 мүше;

б) 9 мүше;

в) 15 мүше.

(дұрыс жауабы – а)

ҚР-сы Конституциялық Кеңесінің мүшелерін кім тағайындайды:

а) ҚР-сы Президенті, ҚР-сы Парламентінің әр Палатасының дербес отырысында;

б) ҚР-сы Президентінің ұсынысы бойынша ҚР-ның Парламенті;

в) ҚР-ның Премьер-Министрі. (дұрыс жауабы - а)

ҚР-сы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы кіммен тағайындалады:

а) Сенат Төрағасымен;

б) Мәжіліс Төрағасымен;

в) ҚР-сы Президентімен.

(дұрыс жауабы - в)

ҚР-ның Конституциялық Кеңесі қандай актілер шығарады:

а) қаулы;

б) жарлық;

в) өкімдер.

(дұрыс жауабы - а)

Конституциялық Кеңестің отырысы қандай жағдайда құқылы болып саналады:

а) оның 2/3-нен кем болмайтын;

б) оның 3/4-нен кем болмайтын;

в) оның 1/3-нен кем болмайтын мүшелері қатысса.

(дұрыс жауабы - а)

“Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар Жарлығы қашан қабылданды:

а) 29 желтоқсан 1995 жылы;

б) 30 тамыз 1995 жылы;

в) 15 желтоқсан 1997 жылы.

(дұрыс жауабы - а)

Конституциялық бақылау – бұл:

а) нормативтәк құқықтық актілер мен мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың әрекетінің Конституцияға сәйкестігін тексеру;

б) соттар мен құқық қорғаушы органдарда азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының бұзылуымен байланысты істерді қарау кезінде бақылау;

(дұрыс жауабы - а)

Қазақстан Республикасының Президенті неше күннің ішінде Конституциялық Кеңестің Қаулысына қарсылық білдіре алады:

а) 10 күн;

б) 15 күн;

в) 7 күн.

(дұрыс жауабы - а)

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі мемлекеттік билік тармағының қайсына жатады:

а) заң шығарушы;

б) атқарушы немесе сот;

в) мемлекеттік биліктің ешқандай тармағына жатпайды, мемлекеттің жеке әрі тәуелсіз органы болып табыладды

(дұрыс жауабы - в)

Тақырып 13. Қазақстан Республикасындағы сот жүйесінің конституциялық-құқықтық негіздері.

13.1. Сот билігі: түсінігі, мәні мен билікті бөлу жүйесіндегі орны. Сот билігі мемлекеттік биліктің жеке және тәуелсіз тармағы болып табылады. Ол барлық деңгейдегі заң шығарушы және атқарушы билік тармақтарының деңгейінен дараланған.

Сот билігі заңның жоғарылығын қамтамасыз етеді, сонымен қатар адам және азаматтың, ұйымдардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау және бұзылған құқықтар мен бостандықтарды қалпына келтіруді жүзеге асырады. Сот билігіне Конституцияның, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық аутілер, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде пайда болатын даулар мен істерді қарау жатады.

Сот билігінің басты функциясын сот әділдігі азаматтық, қылмыстық және өзге де заңда белгітенген нысандағы сот өндірісі нысандарымен жүзеге асырады. Қазақстан Республикасындағы сот әділдігі тек қана сотпен жүзеге асырылады. Конституцияға сәйкес қылмыстық сот өндірісінде присяжный заседательдердің қатысу мүмкіндігіне жол беріледі. Бұл жаңа институт. Қазақстан Республикасында сот өндірісінде присяжный заседательдердің қатысу институты әлі енгізілген жоқ.

Билікті бөлу қағидасы Қазақстан Республикасының Конституциясында жарияланған соттың тәуелсіздігін бекітеді. Осы бағытта 2000 жылы соттық-құқықтық реформа өткізілді. Мемлекет басшысы сот жүйесінің тәуелсіздігін нығайту үшін көптеген жарлықтар шығарды.

Тақырып 14. Жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқарудың конституциялық негіздері.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]