Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMKD__1178_R_K_1178_KYuSP-1_1_semestr.doc
Скачиваний:
29
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
896 Кб
Скачать

17. 23 Каңтар 2001 ж. "Жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі баскару туралы" Қазақстан Республикасының заңы.

18. 8 желтоксан 1993 ж. "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылым туралы" Қазақстан Республикасының заңы (кейінгі өзгерістер және толыктырулармен).

19. 28 мамыр 2001 ж. "Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Кеңесі туралы" Қазақстан Республикасының заңы.

20. 24 мамыр 1998 ж. "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының заңы (кейінгі өзгерістер және толыктырулармен).

21. 7 мамыр 1997 ж. "Қазақстан Республикасы Парламентінің комитеттері мен комиссиялар туралы" Қазақстан Республикасының заңы.

23. 19 маусым 1995 ж. "Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы" ҚР Заңы..

Негізгі ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1. Назарбаев Н.А. Қазақстан - 2030 "Бүкіл қазақстандықтардың жағдайын жақсарту, қауіпсіздік және гүлденуі". Ел басшысының Қазақстан халқына Жолдауы. 11 казан 1997 ж.

2. «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Қазақстан Президенті Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2012 ж. 27 қаңтар.

3.Қазақстан Республикасының Конституциясы, ғылыми-практикалық түсіндірме, Алматы «Раритет» 2010.

4. Конституционное право Республики Казахстан: Учебник / Сост. д.ю.н., проф. А.Т. Ащеулов. Алматы: КазГЮУ, 2001.

5. Сапарғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы. Алматы: Жеті Жарғы, 2008.

6. Амандықова С.К. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы. Алматы «Жеті Жарғы», 2002ж.

7. Амандықова С.К. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы.

8. Сагындыкова А.Н. Конституционное право Республики Казахстан. Алматы. Білім. 1999.

9. Баишев Ж. Конституционное право Республики Казахстан. Алматы: Жеті Жарғы. 2001.

10. Абайдельдинов Е.М. Взаймодействие и қоллидирование международного и национального права. Казахстанский журнал международного права. Н.- р1, 2000

11. Журсимбаев С. Права человека в международно-правовых актах и Конституции Казахстана. Астана, 1998

12. Искакова Г.К. Права человека в Казахстане. Алматы., 1999

13. Основные международные документы по правам человека. Материалы и комментарии. Алматы., 1998

14. Права человека. Учебное пособие. Под. Ред. Сарсенбаева М.А., Алматы., 1999

15. Дулатбеков Н.О., Амандыкова С.К., Турлаев А.В. «Основы государства и права современного Казахстана» Астана 2000

16. Баишев Ж. «Конституционное право РК»: Учебно-методическое пособие. А-2001

17. Амандыкова С.К. «Конституция РК: сущность и юридическая природа» Караганда 2000

18. Конституционное право РК. Краткий курс. Учебное пособие. А –2002

19. Ащеулов А.Т., Караев А.А. Конституционное право РК: Учебно-методическое пособие. А-2004

20. Мухамеджанов Э.Б. Избирательное право РК. А-2001

21. Сапаргалиев Г.С. Становление конституционного строя РК (1990-1996), А-1997

22. Конституционное право РК: Учебник/ Ащеулов А.Т. Алматы, 2001

Білімді бағалаудың жалпы шкаласы

Баға

Балл

Пайыздар

Дәстүрлі жүйе бойынша баға

А

4, 0

95 – 100

Өте жақсы

А –

3, 67

90 – 94

В +

3, 33

85 – 89

Жақсы

В

3, 0

80 – 84

В –

2, 67

75 – 79

C +

2, 33

70 – 74

Қанағаттанарлық

C

2, 0

65 – 69

C –

1, 67

60 – 64

D +

1, 33

55 – 59

D

1, 0

50 – 54

F

0

0 – 49

Қанағаттанарлықсыз


Қорытынды бағаның құрамы:

Рейтингтік бақылау– 60 %, емтихан– 40%.

Пән бойынша қорытынды бағаның пайыздық мазмұны келесідей анықталады:

[Р1+Р2]

Қ % = ----------------- * 0,6 + Е * 0,4

2

Р 1 – бірінші рейтинг бағасының пайыздық мазмұны

Р 2 – екінші рейтинг бағасының пайыздық мазмұны

Е – емтихандағы бағаның пайыздық мазмұны

Пайыздық мазмұндағы қорытынды баға Қ % цифрлік эквивалентте қорытынды бағаға ауысады

Тақырып 1. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының жалпы түсінігі және негізгі институттары.

1. Қазақстан республикасының конституциялық құқығының түсінігі, оның пәні және жүйесі. Конституциялық құқық Қазақстан Республикасының ұлттық құқық жүйесінің басты саласы және негізгі звеносы болып табылады. Ол конституциялық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастардың маңыздылығымен айқындалады. Конституциялық құқықтың нормалары мемлекеттік билікті жүзеге асыру процесінде мемлекет, қоғам және тұлғаның арасында қалыптасатын маңызды қоғамдық қатынастарды реттейді.

Мемлекет пен қоғамның барлық: экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени, рухани аялары конституциялық-құқықтық реттеудің объектісі болып табылады. Ал құқықтың өзге салалары қоғамның бір аясында пайда болатын қоғамдық қатынастарға әсер етеді. Мысалы: еңбек құқығының нормалары жұмыс беруші мен жұмысшының арасында пайда болатын қоғамдық қатынастарға, яғни еңбектік құқықтық қатынастарға әсер етеді; азаматтық құқық мүліктік және мүліктік емес қатынастарды реттейді.

Конституциялық құқық – құқық саласы ретінде– мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық, саяси және аумақтық құрылысының негізгі қағидаларын, оның азаматтық қоғамның институттарымен қатынас тәртібін, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруды және мемлекеттік билік органдарының жүйесін бекітетін және реттейтін конституциялық нормалардың жиынтығы.

Конституциялық құқық – конституциялық құқық саласын зерттейтін құқықтық теория саласы. Конституциялық құқық ғылымының түсінігі сала ретіндегі түсінігінен кең. Конституциялық құқық ғылымы құқық саласымен қатысына байланысты өзінің мақсаттарына ие болады.

Конституциялық құқық ғылымының мақсаты ұғымдар мен категорияларды әзірлеумен қалыптасады; сәйкестелген саланың институттары бойынша ғылыми түсініктерді қалыптастыру; ғылымның дамуын зерттеу және жалпылау әрі оны іс жүзінде пайдалану; осы саладағы институтты зерттеу мен оны жетілдіруге бағытталған ұғымдарды даярлау.

Конституциялық құқық – оқу пәні ретінде – конституциялық құқық туралы, сала және ғылым ретіндегі білімдердің жиынтығы.

Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының пәнін құрайтын қоғамдық қатынастарды келесі топтарға саралайды:

1 Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысының негіздері;

2 Қазақстан Республикасының адам және азаматының құқықтық мәртебесі;

3 мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жүйесі.

Конституциялық құрылыстың негіздері - мемлекет пен қоғамның құрылысын анықтайтын негізгі қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Мемлекеттік құрылыс негіздерін реттейтін нормалардың басымдылығы Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-ші бөлімі Жалпы ережелерде бекітілген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]