Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ШМТ.doc
Скачиваний:
73
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.44 Mб
Скачать

Пәннің мазмұны

КІРІСПЕ

Әлемдік мемлекеттіліктің тарихына елеулі әсер еткен елдерде мемлекет және құқықтың пайда болуы мен дамуын шетел мемлекет және құқық тарихы зерттейді. Осыған орай, жалпы заңдылықтар мен жеке елдердің мемлекет және құқық тарихының спецификалық жақтары ашылып, олардың дамуын айқындаған негізгі себеп-салдар байланыстары оқытылады. Аталған процесстердің қарама-қайшылығы мен барлық қиындығын көруге мүмкіндік беретін, сонымен қазіргі мемлекеттілікті тереңнен ұғуға, сонымен қатар болашақта оның дамуының негізгі қырларын болжай отырып, шарттар шығарылады.

Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы жеке елдердің мемлекеттік құқықтық институттарының тарихы хронологиялық тәртібімен төрт негізгі кезеңдерде оқытылады: Ежелгі дәуірдің мемлекет және құқық тарихы, Орта ғасырлардың мемлекет және құқық тарихы, жаңа кезеңнің мемлекет және құқық тарихы, Қазіргі уақыттың мемлекет және құқық тарихы. Осындай кезеңдестіру әлем өркениеттері дамуының негізгі төрт кезеңдеріне сәйкес келіп, мемлекет және құқық негізгі бөлігі болып табылады. Қазіргі уақытта қоғамдық өмір мен көптеген мемлекеттік салаларда интерграциялық процесстер күшейе түседі. Бұл құқықтық салаға да қатысты. Әлемдік қауымдастық пен мемлекеттер жалпықұқықтық принциптердің үлкен маңызын құптап, жалпы әртүрлі заңгерлік жүйелер жақындастығын қолдайды. Ғылыми идеялар мен құқықтық ақпараттың алмасуы және ұлттық заңнаманың дамуы тәжірибесінің өзара қолдануы мен оқытылуына қызығушылық арта түседі. Салыстырмалы-құқықтық, салыстырмалы-тарихи және тарихи әдістердің қолданылуына негізделген құқықтық зерттеулердің маңызды дамуы барлық әлем елдерінде қолданылады. Ұлттық заңнаманың жетілдірілуі, мемлекет және құқықтық жүйелердің дамуындағы тарихи заңдылықтарды айқындауды мақсат етеді. Осы зерттеулердің маңыздылығы, құқықтанудың дәстүрлі мәселелерінің шешілуіне ғана әкеліп соқпайды, сонымен бірге тағы да басқа жаңа мәселелерді көтеруге болады.

Жеке елдердегі мемлекет пен құқық жалпытарихтық заңдылықтарды анықтап, олардың пайда болуы мен дамуы процесіндегі және тарихи кезеңдердің дамуы заңдылықтарын шетелдердің мемлекет және құқық тарихы зерттейді, өткеннің мемлекет-құқықтық тәжірибесін жалпылайды. Шет елдердің мемлекет және құқық тарихы пәнінің ерекшелігі оның қолданатын жалпыфилософиялық және нақты-ғылыми әдістерін, зерттеу құралдары мен тәсілін, жалпылай ғылыми танымның міндеттері мен мақсаттарын анықтайды. Шет елдердің мемлекет және құқық тарихының пәндік және методологиялық ерекшелігінің айқындамасы принциптерінің жиынтығы болып табылады, зерттеу тәсілдері мен құралдары, олар өзіндік мүмкіншілігімен үлкен шамада тарихи-құқықтық мазмұнымен берілген заң пәнінің профиліне сәйкес келеді.

Тарихи ретроспектива мен перспективадағы мемлекет және құқықтың дамуы мен пайда болуы даму процессі историзм принципінде елеулі рөл атқарады. Белгілі дәуірде мемлекет және құқықтың формасы мен нақты тарихи типтің зерттелуінде негіз жатыр. Өткен және қазіргі шетелдердің мемлекет және құқығы мен олардың арасындағы байланыстарын ашуға көмектеседі, сонымен бірге олардың дамуындағы логиканы айқындауға, олардың мемлекеттік-құқықтық тәжірибесін салыстыруға көмектеседі. Тарихи үйлесімділік қазіргі уақыт тұрғысынан өткеннің контексінде қызмет етуін бағалау, интерпретация және адекватты түсінудің тәсілі ретінде болып шығады. Шет елдердің мемлекет және құқық тарихы заңгерлік білім беру жүйесінің маңызды бөлігі. Қазақстан республикасының мемлекет және құқық тарихы тарихи-теориялық пән болып табылады және базалық пәндердің міндетті тізіміне енеді.

Шет елдердің мемлекет және құқық тарихы оқу пәні ретінде келесі қызметтерді атқарады:

  1. ғылыми танымдық;

  2. тәжірибелі-қолданбалы;

  3. оқу-тәрбиелік;

Негізгі бөлім.

1 - тақырып. Заң ғылымдар жүйесіндегі шет елдердің мемлекет және құқық тарихының пәнi, әдiсі мен орны.

Шет елдердің мемлекет және құқық тарихы пәнінің құқықтық және әлеуметтік ғылымдар жүйесіндегі орны. Шет елдердің мемлекет және құқық тарихы деректері мен ұғым әдістері.

Шет елдердің мемлекет және құқық тарихының кезеңдестіруіне негізгі келісі. Жалпы мемлекет және құқық тарихының оқу пәні мен ғылыммен сәйкестігі.

2 - тақырып. Ежелгi Мысырдың мемлекетi мен құқығы.

Мемлекеттіліктің пайда болуы. Ніл алқабындағы номдар мемлекеттерінің пайда болуы және ру-тайпалық қауымның ыдырауы. Политогенез процесстеріне табиғи-климаттық факторлардың әсері. Мысырдың бірігуі. Ежелгі мысыр мемлекетінің дамуының негізгі кезеңдері.

Мемлекет формасының эволюциясы. Шығыс деспотиясы және оның негізгі белгілері. Деспот билігінің абсолютизациясы мен сакрализациясы.

Мемлекеттің жоғарғы органдары: фараон, уәзір, орталық мекемелер. Мемлекет басқарудағы абыздардың ролі. Жергілікті басқару органдары. Сот құрылымы.

Құқық қайнарлары. Құқықтық нормалардың казустілігі (казуальдық).

Халықтың құқықтық мәртебесі. Негізгі кәсіпшілік-қоғамдық халық топтары: абыздар, шенеуніктер, және әскери білгірлер; еркін шаруалар және кәсіпшілер; құлдар. Қауымның касталық ұйымы. Ауылдық қоғамдастықтар.

Заттық қарым-қатынастың құқықтық реттелімі. Мемлекетік және храмдық жерге ие ірі меншік. Міндеттердің негізгі түрлері.

Отбасы құқығы. Неке қию шарттары. Полигамияның рұқсат етілуі. Ажырасу. Ерлі-зайыптылар арасындағы заттық және жеке қарым-қатынастары. Балалардың құқықтық жағдайы. Ата-аналық билік. Мұрагерлік құқық. Қылмыстық құқық. Қылмыс пен жазалау жүйесі. Жазалау мақсаттары.

Іс жүргізу құқығы. Айыптаушы процесс. Соттық дәлелдер жүйесі.

3 Тақырып. Ежелгi Шумер-Вавилондық өркениеттің мемлекеті мен құқығы.

Месопотамиядағы мемлекеттің пайда болуы. Мемлекет-қалалар. Вавилондық патшалығының өркендеуі мен оның дамуының негізгі кезеңдері.

Мемлекет формасының эволюциясы. Киелі Екіөзен қалаларының артық дәрежелі мәртебесі.

Мемлекеттің жоғарғы органдары. Патшалық билік. Орталық мекемелер. Мемлекет басқарудағы абыздардың ролі. Сарайлық басқару жүйесі. Жергілікті басқару органдары.

Сот құрылымы, құқық қайнарлары. Хаммурапи заңдары.

Халықтың құқықтық мәртебесі. Негізгі халықтың кәсіпшілік қоғамдық топтары: авилумдар, мушкенумдер, құлдар; абыздар, шенеуніктер, сарбаздар, көпестер, қоғам-шаруалары, кәсіпшілер, патша мен мушкенум құлдары.

Заттық қатынастардың құқықтық реттелуі. Мемлекеттік, храмдық, қоғамдық меншіктің жерді иемденуі. Илкум заттары. Міндеттердің негізгі түрлері.

Отбасы құқығы. Неке: ажырасу және қосылу реті, ерлі-зайыптылар арасындағы жеке және заттық қарым-қатынастар. Ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынас. Әкелік билік. Қамқорлық.

Мұрагерлік құқық. Өсиет бойынша мұрагерліктің дамуы.

Қылмыстық құқық. Талион принціпі. Жеке меншік композициясы.

4 Тақырып. Ежелгi Үндiнің мемлекетi мен құқығы.

Мемлекеттің пайда болуы. Ариялық мемлекетінің пайда болу ерекшелігі мен оның дамуының негізгі кезеңдері. Маур империясы (б.з.д. ІV-ІІғ)- бұл алғашқы үнділік мемлекет.

Мемлекет формасының эволюциясы. Ежелгі үнді мемлекетілігінің территориясының кеңеюі.

Мемлекеттің жоғарғы органдары: раджалар, орталық мекемелелер, кеңестік коллегиялы органдар. Мемлекет басқарудағы абыздардың ролі. Брахманизм мен буддизмнің күресі. Басқарудың ондық жүйесі. Жергілікті басқару органдары. Сот құрылымы.

Құқық қайнары. Құқықшығармашылығындағы брахманизмдер мен абыздардың ролі. Ведалар. Касталар. Артшахастра. «Ману заңдары». Қарапайым құқық. Заңнамалар.

Халықтың құқықтық мәртебесі. Варно-касталық бөлім. Халықтың негізгі кәсіпшілік қоғамдық топтары: брахмандар, кшатрийлер, вайшилар, шудралар, қолсұғылмайтын, дасалар. Ауылдық қоғамдастық.

Заттық қатынастардың құқықтық реттелуі. Жерге мемлекеттік, храмдық, қоғамдық меншіктің иемденуі. Міндеттердің негізгі түрлері.

Отбасы құқығы. Неке құру шарттары. Полигамияның рұқсат етілуі. Ажырасу. Ерлі-зайыптылар арасындағы жеке және заттық қарым-қатынастар. Ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынас. Ата-аналық билік. Мұрагерлік құқық.

Қылмыстық құқық. Іс жүргізу құқығы.