Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ШМТ.doc
Скачиваний:
73
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.44 Mб
Скачать

Түсiндiрме беретiн жазба

Шет мемлекеттердің мемлекет және құқық тарихы тарихи-теориялық құқықтық пәндермен бірге, заңгерлерді дайындауда негізгі болып табылады. Оны қабылдамай, мемлекет және құқықтың даму ерекшелігін, заңдылығын, салалық және арнайы заң пәндерін тануға болмайды.

«Шет елдердің мемлекет және құқық тарихы» пәнінің мақсаты әлемдік генезис практикасына және құқықтық процесстер мен құбылыстардың дамуына маңызды әсер еткен мемлекеттік мекемелер эволюциясы және құқықтық институттарының қалыптасуы бойынша білімнің жасалуы болып табылады.

Пәнді оқыту процессіндегі келесі мақсаттардың шешілуі ұсынылады:

1. Құқықтық процесстердің динамикасы және әр түрлі тарихи кезеңдердегі құбылыстар жөнінде студенттердің ғылыми түсінігінің қалыптасуы;

2. Оқытылатын елдердің мемлекеттік-құқықтық жүйелер жөнінде өзіндік нәтиже мен қорытындылардың жасалуы, мемлекеттік және құқықтық институттардың салыстырмалы-құқықтық анализді жүргізу бойынша тәжірибе мен біліктілігінің дамуы.

3. Құқықтық мемлекеттің және демократиялық қоғамның құндылығына бағытталған адами өркениеттің дамуы бойынша студенттердің теориялық материалдарын меңгеруі;

4.Шет елдердің мемлекет және құқық тарихы саласындағы өзіндік білімді жетілдіру мотивациясы мен креативті ойлау қабілетінің қалыптасуы;

5. Құқық бастамасы анализінің қоғамның нақты-тарихи шарттарымен байланыста өткізілуі, оқытылатын елдердің мемлекеттік-құқықтық эволюциясының жалпы және ерекше белгілерін айқындау біліктілігін машықтандыру.

6. Қазіргі мемлекеттік-құқықтық ақиқат пен тарихи оқиғалар арасындағы паралелдерді анықтауға машықтандыру.

Шет елдердің мемлекет және құқық тарихы заң білім жүйесінде маңызды роль атқарады, өйткені қазіргі мемлекеттік құқықтық құбылыстар мен процесстердің маңыздылығын тануға, олардың дамуын болжауға, өткен мемлекеттер мен құқықтық жүйесіне ретроспективті анализіне сүйене отырып, негізделуге болады.

Мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес студенттен Ежелгі Шығыс елдеріндегі (ежелгі шығыс өркениеттері) мемлекет және құқық тарихы пәнін білуі талап етіледі. Мысырдың, Вавилонның, Үндінің, Қытайдың; антикалық өркениеттер мен антикалық мемлекеттер: Ежелгі Грекия мен Ежелгі Рим; рим құқығының тарихы; Батыс пен Шығыс ортағасыр өркениеттерінің екібағытты дамуы; Еуропа елдеріндегі феодалдық мемлекет пен құқық (Англия, Франция, Германия, Ресей т.б); Шығыс елдерінің ортағасырлық мемлекеттері: ислам әлемі мен Араб халифаты, Үнді, Жапон, Қытай; мұсылмандық құқық; буржуазиялық мемлекет пен құқықтың пайда болуы мен дамуы (Англия, АҚШ, Франция, Германия; Ресей т.б); анго-саксондық және континеталдық құқық жүйелерінің пайда болуы; Ең жаңа уақыттағы мемлекеті мен құқығы. (Ұлыбритания, Франция, Ресей, Германия, т.б). Еуропа, Америка, Африка, Азия елдеріндегі мемлекет және құқық; ХХ ғасырдағы шет елдердің мемлекет және құқық негізгі тенденциясының дамуы.

Шет елдердің мемлекет және құқық тарихын оқуда студент жалпы тарих, философия, политология сияқты жалпы гуманитарлы пәндерді білуі қажет. Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы нақты материалдарға сүйене отырып, мемлекет және құқық теориясымен байланысты, сонымен бірге мемлекет және құқық теориясымен өңделген ұғымдар мен методологиялық келіске негізделеді.

«Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы» пәні «Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы» пәніне ұқсас болып, хронологиялық кезектілікте нақты елдің ерекшеліктері мен құқықтық мемлекет заңдылықтарын оқытады, сонымен бірге, әртүрлі тарихи кезеңдегі мемлекет және құқық теориясының эволюциясы бойынша білім беретін «саяси және құқықтық ілімдер тарихы» пәніне жақын болып келеді.