Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ШМТ.doc
Скачиваний:
73
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.44 Mб
Скачать

Қазақ гуманитарлық-заң университеті

Пән: Шет елдердің мемлекет және құқық тарихы Кредит саны:___3________

Дәріс № _17_ Соның ішінде сабақ түріне байланысты_

Дәріс тақырыбы Жаңа кезеңдегі және қазіргі кездегі

АҚШ мемлекеті мен құқығы Факультет ұлттық құқық жоғары мектебі

Оқытушы Спанов А.Қ. ____________ Академиялық жыл___2013-2014________

Курс ___1______________________ Семестр__1_______

Дәрістің мақсаты: АҚШ мемлекет және құқықтық дамуына шолу жасап, ерекшеліктерін айқындап, қазіргі кездегі даму тенденциясына баға беру.

Жоспары:

1. АҚШ мемлекетінің құрылысы.

2. АҚШ мемлекетінің құқығы.

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Тақырып 17. Жаңа кезеңдегі және қазіргі кездегі АҚШ мемлекеті мен құқығы

ХҮІІ ғасырдың басында атлант жағалаунда орналасқан Солтүстік Америка ағылшынның алғашқы отары. Сонына келе (ХҮІІ-ХҮІІІ ғ.ғ.), осы жағалаудан Солтүстік Америкаға қарай ұзыннан созылған 12 отар мемлекеттілік пайда болды.

Отар мемлекеттердің басқарылуы біртекті болған жоқ. Олардың кейбіреуі (Пенсильвания, Мэриленд) жеке меншік иелік ретінде саналды. Конниктут, Род-Айленд сияқты отар мемлекеттіліктер «халық басқармасында» болса, қалғандарының басқаруы метрополия үкіметі тағайындаған губернатор басқаратын, «король отары» басқару нысанында ұйымдастырылған. Отар мемлекеттіліктер өздерін ағылшын патшалығының толыққанды бодандары ретінде санаған, оларға метрополия құқығы кеңінен тараған : Ұлы еркіндік хартиясы, құқық туралы Билль, «жалпы құқық», «әділеттілік құқығы» және т.б. Бірақ та, патша үкіметі отар мемлекеттіліктерге метрополияның шикі зат қоры және ағылшын тауарларын өткізетін нарық ретінде қарады және отар мемлекеттіліктерді тонау саясатын жүргізе отырып, олардың өндірістік дамуын кешеуілдетті. Осылай, ХҮІІІ ғасырдың орта шеңінде метрополия мен отар американдықтардың арасында шиеленіс үдей түсті.

1774 жылы Филадельфия қаласында 55 делегаттан тұратын отар мемлекет өкілдерінің бірінші континентальды конгресі өтті. Конгресс метрополияның кеден және салық саясатына қарсы наразылығын бейнелеген құқық Декларациясын бекітті.

1775 жылы мамыр айында Екінші континентальды конгресс мәжілісі шақырылды. Конгресс Ағылшын мен отар мемлекеттер соғысы жағдайын дәйектей келе, американ армиясын құру туралы шешім қабылдады. Армия бас қолбасшысы ретінде Дж. Вашингтон тағайындалды. Тәуелсіздік үшін соғыс басталып кетті. Әрбір колония өзін тәуелсіз республика-штат деп жариялады. Д. Адамстың, Т. Джефферсонның, А. Гамильтонның және басқада ұлттық-азаттық күрес жетекшілердің арқасында тәуелсіздік соғыстың идеялық-теориялық тұғырнаманың бастапқы қағидалары қалыптасты. Осы идеялар америка төңкерісінің маңызды бағдарламалық құжаттарында көрініс тапқан. Атап айтқанда, 1776 жылы 4 шілдеде жаңадан шақырылған, Континентальды конгрессте қабылданған Вирджиния штатының құқық Декларациясы, демек жалпы мемлекет үшін тәуелсіздік Декларациясы.

1776 жылы 4 шілде айында Вирджиния штатында қабылданған құқық декларациясы барлық елге ортақ тәуелсіздік декларациясымен сәйкес келеді. Осы құжатта мемлекет тәуелсіздігінің метрополия тәуелділігінен біржола құтылуы және тәуелсіз Америка Құрама Штатының құрылуы жарияланған. Тәуелсіздік декларациясы, осы дәуірдің демократиялық рух негізінде жазылған танымалы прогрессивті құжат.

Тәуелсіздік Декларациясы штаттарда заң шығару үрдісін ынталандырды, Декларациядан кіріспе бөлімі құрылатын Республикалық Конституцияны немесе азаматтардың құқығы мен бостандығы туралы Билль құжаттарын қабылдағанын айта кеткен жөн. Осы кезге дейін штаттардың бірігу қажеттілігі, яғни тұрақты тұтанып тұрған соғыс, тұрақсыз табыс және америка күштерін біріктіру процессі айқын көрініс тапты. Бірақ та бұл үрдіс әрқашанда біркелкі болған жоқ, себебі, кейбір штаттар жаулап алған тәуелсіздігін шектегісі келмеді. Келіспеушіліктер болғанмен де штат одағы жобасын құруға және 1781 жылы өкілдер штаты конгрессінде бекітілген, алғашқы конституциялық құжат «Конфедерация бабтары» қабылдауға әсер етті. Штаттар «мәңгі одақ»-конфедрация деп аталатын Америка Құрама Штатын құрды.

1787 жылғы АҚШ конституциясы бойынша үкімет органдарының жүйесі. 1787 жылы Филодельфииде 12штат (Род-Айленд штатынан басқа) 55 делегаттардан құралған Конституциялық конвент мәжілісіне шақырылды.

СӨЖ тапсырмасы:

№1 СӨЖ:. Жаңа және қазіргі кездегі АҚШ құқығы

№2 СӨЖ: Глоссарий

Бұл жұмысты орындау үшін оқу курсының басынан бастап, ұсынылған тақырыптармен жұмыс істеп, терминдер сөздігін жасау қажет. Яғни, сіз үшін таныс емес, жаңа сөздердің (терминдердің) барлығын жазып алып, оларға анықтама бересіз.

СӨЖ тапсырмасын бағалау критерийлері

Мәтінді заңда негізделген нысан бойынша толтыру

Казустарды тақырыпқа сай ұйымдастыру

1. Рәсімдеу сапасы

2. Сауатты талқылау

СОӨЖ тапсырмасы: Жаңа және қазіргі кездегі АҚШ құқығы

бойынша баяндама жасау;

Тақырып бойынша туындайтын сұрақтарды оқып келіп оқытушымен пікір алмасу.

Үй тапсырмасы:

Дәрістің қарастырылатын сұрақтарына байланысты кесте сызасыз.

Тақырып бойынша әдебиеттер тізімі:

1. Мұхтарова А.К. Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы. Алматы, 1999.

2. Булгакова Д.А., Истаев А.Ж., Всеобщая история государства и права. Алматы, 1999.

3. Галанза П.Н. История государства и права зарубежных стран (рабовладельческое и феодальное государства и право) Москва,1980.

4. Батыр К.И. Всеобщая история государства и права. Москва, 1994