Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дипломы-2 / ППУ / 1. Техникалық бөлім.docx
Скачиваний:
54
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
317.09 Кб
Скачать

1.3 Таңдалынып алынған түпнұсқаны жаңа әдістерді арқылы құрастыру

ОАО «Ижнефтемаш» қолданыстағы ЖБҚА-1600/100 М қондырғылар паркін жетілдіре алады. Жетілдіру мақсаты жану құрылғысын, бақылау және қауіпсіздік жүйелерін алмастыру, қозғалтқышты, сондай-ақ, автономды палубалы дизель қозғалтқышы қондырғысын жетілдіру болып табылады. .

Қондырғы отын шығыны, бу күйі, орташа температура мен қысым, қазан ТӘК-і туралы мәліметтер жинауды қамтитын ақпарат жинау және тарату жүйесімен жабдықталады. Ақпараттарды тарату диспечерлік кәсіпорынның ЖК-інің кіріктірме флэш-жадына радиомодем көмегімен жазу арқылы жүзеге асырылады.

ТО-1, ТО-2, ППО және автокөліктің километрдегі жүрісі туралы ППР атқарымын бақылау және есепке алу жүйесі қосымша орнатылады. Бұл жүйе эксплуатация қызметін жоғарғы құрылғыдағы жүргізіліп жатқан жұмыстар регламенті, сондай-ақ автокөлік ІЖҚ-ның жай-күйі туралы алдын ала хабарландырады. қалу уақыты айтарлықтай қысқарады және оның мобильділігі артады.

Іске қосу жағдайларына, құбырларды өңдеу, тампонажды жұмыстар өндірісі немесе өзге мақсаттарға сүйене отырып, жұмыс тәртібін дұрыс таңдау арқылы жанар-жағармай материалдарын 40%-ға дейін үнемдеуге қол жеткізіледі.

1.3.1 Бу қазаны

ТУ 3112-947Э9587-2007 бойынша өндірілетін, ЖБҚ-1600/100 қондырғылары құрамына кіретін бу қазаны мұнай ұңғымаларын, жер үсті құбырларын, ыдыстарды, арматураларды және өзге мұнай өнеркәсіп жабдықтарын булау үшін жоғары қысымды (100 кг/см2 дейін) бу өндіруге арналған. Бу қазанының техникалық сипаттамалары 1.5-кестеде берілген.

Қазанның жалпы мәліметтері:

- типі (моделі)- тура ағынды;

- есептелген қызмет ету мерзімі - 7 жыл;

- есептелген ресурс- 6000 сағ.;

- есептелген іске қосулар саны -1500.

1.5-кесте-ЖБҚ бу қазанының техникалық сипаттамасы

Параметр атауы

Параметр мәні 1

Параметр мәні 2

1

Жұмыс тәртібі

I

II

2

Бу өнімділігі т/сағ, (кг/cек)

максималды  

1.9 (0.528)

1.9 (0.528)

3

Бу температурасы °C, артық емес 

164

310

4

Бу қысымы МПа (кгс/см2)

0.4(4)

10(100)

5

Жылу өнімділік, МДж/сағ. (ккал/сағ)

1178.760(282000)

3929.2(940000)

6

Қазанда пайдаланылатын отын  

дизелді МЕСТ 305-82

дизелді МЕСТ 305-82

7

Отын шығыны, кг/сағ, артық емес

40

40

8

Қоректендіруші су қаттылығы, мкг.экв/кг, артық емес

10

10

Экологиялық таза отынға өту қажеттігін ескере отырып, сондай-ақ, отын үнемдеу мақсатымен бұл ЖБҚ түпнұсқасында Еуро-2 стандартына толығымен сәйкес орындалған ЯМЗ-236НЕ2 қозғалтқышы орнатылған.

Қозғалтқыш типі: дизельді, 6 цилиндрлі, қысу арқылы тұтанатын төрт ретті, цилиндрлер V пішінінде орналасқан, турбоүрлеуішті, жанармайды тікелей бүрку және сұйықтықты салқындатуы бар, үрлеуші ауаны аралық салқындатуы бар. Қозғалтқыштың техникалық сипаттамалары 1.5-кестеде көрсетілген.

ДС-25 палубалы дизельді қозғалтқышы құрылғының автономды жетегі ретінде пайдаланылады, сондай-ақ кернеуі 220В, қуаттылығы 1,7 кВт-қа тең электр тогімен қамтамасыз етеді.

Автономды жетекті пайдалану жұмыс үрдістерін жүзеге асыру барысында автокөлік қозғалтқышы ресурсын 2 есе арттырады, ал жанармай шығынын 30-35%-ға кемітеді, қондырғы қозғалысы барысында технологиялық операциялар жүргізуге мүмкіндік береді.

Бөлім бойынша қорытынды:

Су бу генераторы иректүтігіне цистернадан сорғы көмегімен құбырлар бойынша беріледі. Бу өндіру бу генераторының жағу бөлігінде жанармайдың жану химиялық реакциясы және жылудың бу генераторы иректүтігінің қабырғалары арқылы суға берілуі нәтижесінде судың булану үрдісі барысында жүзеге асады.

Ауа тотықтандырғыш ретінде желдеткіш көмегімен тангенциалды түрде осерадиалды шүмекті аппарат арқылы, бұл аппаратта ауа ішінара жылынады, одан әрі жану құрылғысының аксиалды күректі құйындатқышқа, одан әрі бу генераторының жағу бөлігіне жіберіледі

Жануға қажетті жанармай бактан оттық құрылғыға (ОҚ) сорғы арқылы беріледі. ОҚ бу генераторының құйын тәрізді жағу бөлігінде қоспа жасау және жанармай қоспасын жағу үшін қызмет етеді, ол «құйын» табиғи құбылысын үлгілейді және мұнда ауыр салмақ есебінен жанармай бөліктері перифирияларға шашылады. Жана отырып және температура жоғарылай отырып, көтеру күші жылдамдығы және перифирияға түсетін қысым артады, ал орталық бөлікте төмен қысым аймағы пайда болады, соның есебінен отынның ауыр салмақты, толық жанбай қалған бөліктері араластыру бөлігіне қайта келеді.

28

Соседние файлы в папке ППУ