Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дипломы-2 / ППУ / 1. Техникалық бөлім.docx
Скачиваний:
54
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
317.09 Кб
Скачать

1.1.3 Стационарлы бу генератор қондырғылары конструкциясы

Стационарлы бу генераторы қондырғылары түрлі салаларда одан әргі қолдану мақсатында қанныққан су буын алу үшін қажет.

Бұл қондырғылар басым көпшілігінде келесідей жұмыстар атқару үшін қолданылады:

- автотранспорт саласында көлік құралын тазалау және жылдың суық мезгілінде автоцистерналарды жылыту үшін;

- жол құрылысы саласында битум арнайы техникаларын тазалау, битум және асфальтті қыздыру үшін;

- сыйымды ыдыстарды және резервуарларды тазалау бойынша қондырғылар құрамында жуу ерітінділерін жылыту үшін;

- темір жол саласында темір жол көлігін тазалау және қыс мезгілінде сусымалы жүктерді жылыту үшін;

- құрылыс саласында бетонды жылыту және жылдың суық мезгілінде арнайы техниканы өңдеу үшін;

- коммуналдық шаруашылықта тұрғын үй ғимараттары, балабақша, мектеп, ауруқана, вахташылар, геологтар, мұнайшылар қыстақтарын жылыту қазандығы ретінде, сондай-ақ, жөндеу жұмыстары барысында жылыту жүйелерінің қатуының алдын алу үшін;

- мұнай-газ саласында түрлі құрал-жабдықтарды булау және жылыту, сорғылы-компрессорлық және бұрғылау құбырларын парафин қалдықтарынан тазарту үшін.

Стационарлы бу генераторлары бу құбыры, су құбыры, жылу құбыры жүйелерімен, бу түзуші элеватор және бойлер-аккумулятормен, қол сорғысы және бу түзуші инжектормен, жанармац багімен, бу камерасымен, қалаушы жәшікпен жабдықталған. Қол сорғысы қазанды сумен бастапқы толтыру және инжектор ақауы кезінде қазанды қоректендіруге арналған. Бу түзуші инжектор бу әсерінен ыдыстан немесе су көзінен сору арқылы жұмыс уақытында қазанды сумен қамтамасыз етуге арналған. Бу түзуші элеватор суық суды ыдыс немесе су көзінен сору үшін және оны бойлер-аккумулятор көмегімен бумен қызыру үшін, сондай-ақ, қыздырылған суды шаруашылық және өндірістік қажеттіліктер үшін су құбыры жүйесі арқылы айдап жіберу үшін арналған. Бойлер-аккумулятор суды қажет температураға дейін тез арада (2-3 минут ішінде) қыздыруға арналған. Сондай-ақ, бойлер-аккумулятор құрылғының әлдеқайда қауіпсіз және сенімді жұмысын қамтамасыз етеді, отынның кейбір көлемін жинақтайды, қазанды жылытылған сумен қоректендіруге мүмкіндік береді.

СБҚ-01 қондырғысы бу өнімділігі 400 кг/сағ дейінгі, будың шыға берістегі температурасы плюс 151°C , ал қысымы 0,5-4 кгс/см2 тең қаныққан бу алуға арналған. Сондай-ақ, мұнда қуаттылықты 40-тан 100 пайызға дейін реттеу мүмкіндігі бар. Қондырғының техникалық сипаттамалары 1.3-кестеде келтірілген. Аталған қондырғы жаз және қыс мезгілдерінде жұмыс жасауға бейімделген.

1.3-кесте-СБҚ-01 техникалық сипаттамалары

Параметр атауы

Параметр мәні

1

2

3

1

Будың жұмыс қысымы, кгс/см2

0,5-тен 4-ке дейін

2

Бу өнімділігі, кг/сағ

400

3

Қыздыру шегі, м2

5.5

4

Су цистернасы сыйымдылығы, м3

0,344

5

Отын багі сыйымдылығы, м3

0,164

6

Сұйық отын шығыны, кг/сағ

20-40

7

Орташа ылғалдықтағы ағаш шығыны, м3/сағ

0.1-0.2

8

Қуаттылықты реттеу, %

40-100

9

Салмағы, кг

1750

10

Ұзындығы, мм

4200

11

Ені, мм

2100

12

Биіктігі, мм

1980

СБҚ-2000/100 стационарлы бу генераторы қондырғысы (“Уральский Завод Спецтехники” ААҚ өнімі) 1.7-суретте бейнеленген. Ол өндіріс салаларында қаныққан буды пайдалана отырып түрлі жұмыстар жүргізуде пайдалануға арналған.

1.7-сурет-СБҚ-2000/100 шаналық нұсқасы

СБҚ-2000/100 қондырғысының күймесінде қосымша қызмет ретінде, қуаттылығы 3,5 КВт тең автономды жылытқыш (“Webasto Airtop”) немесе ұқсас құрылғы орнатылады. Автономды жылытқыш жылдың суық мезгілінде қазан, бекіткіш, құбыр арматураларының қатуын болдырмайды. Қондырғының техникалық сипаттамалары А қосымшасында берілген.

СБҚ-2000/100 қондырғысының СБҚ-1600/10 қондырғысынан артықшылықтары :

- бу өнімділігі 400 кг/сағатқа дейін айтарлықтай жоғарылатылды;

- су, отын және ауа жіберуді жеке-жеке реттеу жұмысты кез келген тәртіпте бу өнімділігін өзгертпестен жүргізуге, жүйе жұмысын тоқтатпастан максималды және минималды жұмыс тәртібіне бірқалыпты өтуге мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде қазанда құрым мен күл шығарусыз оңтайлы жануды қамтамасыз етеді, қондырғының экологиялық таза жұмысына кепілдік береді, сондай-ақ, үнемді отын шығынын қамтамасыз етеді;

- қазанның дизель отыны шығыны айтарлықтай азайтылды. (СБҚ-1600/100 үшін 80-100 л/сағ қарсы 40-60 л/сағ).

Соседние файлы в папке ППУ