Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дипломы-2 / ППУ / 1. Техникалық бөлім.docx
Скачиваний:
54
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
317.09 Кб
Скачать

1.1.2 Бір білікті және екі білікті автотіркемедегі жбқ

Бу өнімділігі сағатына 400 килограмм буға дейінгі жылжымалы бу генераторларын бір білікті және екі білікті автотіркемелерде қолдану аясы айтарлықтай кең. Олар тіпті ең ауыр далалық жағдайларда тез арада қанныққан бу алуға мүмкіндік береді және мұнай-газ кеніштерінде, қалалық коммуналдық шаруашылықта, құрылыс алаңдарында, сондай-ақ, кәсіпорын өндірісінде темір-бетонды бұйымдарды, шлакоблокты, пенополистиролбетонды және т.б. бұйымдарды буландыруда пайдаланылады. Сонымен қатар, ол полистирол өндірісінде түрлі мақсаттағы булау және кептіру камераларының жабдықтары үшін де қолданылады. Аталған бу генераторы қондырғылары айтарлықтай артықшылықтарға ие:

- құрамдастырылған жанармай түрі, аз жабысқақ – дизель жанармайы, солярка майы, қайта өңделген жанар-жағармай, қатты-ағаш, торф, көмір;

- қолданудың уақыт сынынан өткен қарапайымдылығы және сенімділігі;

- жөндеуге жарамдылық;

- жұмыс істеу үшін электр көзін қажет етпейді;

- пайдаланылатын су мен жанармай сапасын талғамауы;

- мобильділік, автономдылық.

Ұшфорсункалы қыздырғыштың горелкасы (1.5-сурет) («Комплект» ААҚ өнімі) 0,4-4 кгс/см2 қысымда және 151°С температурадағы қаныққан бу алуға арналған. Қондырғының бу өнімділігі – сағатына 200 кг бу, сондай-ақ, ол келесілерді жағуға арналған: аз жабысқақ, сұйық отын (дизель оты, солярка майы, мазут, қалдықтар және т.б); қатты отын (ағаш, торф және көмір брикеті, көмір және т.б.). ИАПЗ-738 автотіркемеде ашылатын есікшесі бар металл кузовқа орнатылады . Аталған қондырғының техникалық сипаттары 1.2-кестеде берілген.

1 - корпусы; 2 -стабилизаторы; 3 -форсункасы; 4 -спираль; 5 -болт; 6 -шыны; 7 -құбырөткізгіш; 8 -негізі; 9 - жинақталғанэлектрод.

1.5-сурет-Ұшфорсункалы қыздырғыштың горелкасы

1.2-кесте-ИАПЗ-738 техникалық сипаттамасы

Параметр атауы

Параметр мәні

1

2

3

1

Будың жұмыс қысымы, кгс/см2

0,5-тен 4-ке дейін

2

Бу өнімділігі, кг/сағ

200

3

Қыздыру шегі, м2

5.5

4

Суға арналған цистерна сыйымдылығы, м3

0,172

5

Жанармай багі сыйымдылығы, м3

0,082

6

Сұйық отын шығыны, кг/сағ

20

7

Орташа ылғалдықтағы ағаш шығыны, м3/сағ

0.1

8

Қуаттылықты реттеу, %

40-100

9

Салмағы, кг

2300

10

Ұзындығы, мм

3975

11

Ені, мм

2070

12

Биіктігі, мм

2363

13

Бағасы, тенге

1000000

ИАПЗ-738 бір білікті автотіркемесіндегі ЖБҚ айтарлықтай артықшылықтарға ие: отынның құрамдастырылған түрі, қолданудың уақыт сынынан өткен қарапайымдылығы және сенімділігі, толымдаушы және қосалқы бөлшектердің болуы, жұмыс үшін электр көзін қажет етпеуі, пайдаланатын су сапасын талғамауы, ал бұл өз кезегінде тіпті ең ауыр жағдайларда тез арада бу алуға мүмкіндік береді.

«Уником» МӨЖЗ өнімі бу өнімділігі сағатына 400 кг буды құрайтын екі білікті автотіркемедегі ПГУ-01 бу генераторы қондырғысы (1.6-сурет) шыға берістік және көмекші жабдықтарды булауда, сорғылы-компрессорлық және бұрғылау құбырларын булауда, превенторлерді, технологиялық сыйымды ыдыстарды және өзге жабдықтарды қыздыруда, жер асты ұңғымаларына күрделі жөндеу жүргізу барысында пайдаланылатын бу өнімін шығаруға арналған.

Қондырғының аталған моделі жақында ғана әзірленіп, өндіріске жіберілді (2009 жылдың 20 қарашасы). 1.6-суретте ПГУ-01 бу генераторының бекіткіші суреттелген.

«Уником» МӨЖЗ өндірген бу генераторы қондырғысының өзге өндірушілердің ұқсас бұйымдарымен салыстырғандағы басты артықшылықтары келесілер болып табылады:

- шағындық;

- ұтқырлық;

1.6-сурет-Екі білікті автотіркемедегі ПГУ-01

-жұмысшы қызметкердің үнемі қатысуын қажет етпейтін, автоматтандырылған тәртіптегі жұмыс;

- өзге технологиялық жабдықпен құрамдастырылу мүмкіндігі;

- құнының төмендігі.

Соседние файлы в папке ППУ