Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дипломы-2 / ППУ / 1. Техникалық бөлім.docx
Скачиваний:
54
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
317.09 Кб
Скачать

1.2.1 Қондырғының жұмыс жасау тәртібі

1-ші жұмыс тәртібі – ыдыста қазандық суының тепературасын белгіленген 35-50°С диапазонында автономды жұмыс тәртібінде сақтауға мүмкіндік береді.

Ыстық су бойынша өнімділік – 2438 кг/сағ.

Қыс мезгілінде уақытша үй-жайларды жылытуға арналған тұйық цикл бойынша су жылыту қазаны ретінде қолданыла алады.

2-ші жұмыс тәртібі – tорт=150°C, Рорт=4-5 кг/см2-ге тең қаныққан бу өндіруге арналған. Бу өнімділігі - 2438 кг/сағ. Металл және өзге де беттерден мұнай және шлам қалдықтарын кетіру үшін қолданылады.

3-ші жұмыс тәртібі - tорт=210°C, Рорт=35-40 кг/см2-ге тең қаныққан бу өндіруге арналған. Бу өнімділігі - 1900 кг/сағ. Ұңғымаларды күрделі жөндеуден өткізу және өзге де жөндеу жұмыстары барысында сорғылы-компрессорлық құбырлардан парафин қалдықтарын алу үшін қолданылады.

4-ші жұмыс тәртібі - tорт=310°C, Рорт=100 кг/см2-ге тең қаныққан бу өндіруге арналған. Бу өнімділігі - 1900 кг/сағ.

5-ші жұмыс тәртібі – іске қосу алдындағы жану бөлігі элементтерін баяу жылытуға арналған.

6-шы жұмыс тәртібі - автономды, КУНГ-дағы температураны ұстап тұру үшін.

Қондырғы жабдығы КамАЗ автокөлігінің өтімділігі жоғары шассиіндегі жабық герметикалық кузовта орналастырылған. (сыртқы температура минус 30°С болғанда, температураның төмендеуі тәулігіне 1-2°С аспайды).

Жұмыс үрдісін басқару және қондырғы жұмысын бақылау автокөлік кабинасынан немесе оператор кабинасынан жүзеге асырылады.

1.2.2 Түпнұсқа конструкциясын талдау

Жаңа заман ЖБҚ-сының жаңа моделін әзірлеудің алғышарттары: біріншіден, мұнай-газ өнеркәсібінің күннен-күнге артып келе жатқан талаптарын, яғни мұнай өндірудің жаңа технологиялары және қолда бар ұңғымалар қыртысының, соның ішінде гидротермоирозионды бұрғылаудың мұнайқайтарымдылығын арттыру, мұнай құбырларындағы парафиндік және өзге де қалдықтарды өңдеу және жоюды қанағаттандыруға қабілетті қондырғы моделін жасап шығару қажеттігі; екіншіден, қыртыстың сулануының артуына байланысты мұнай өндіруге кететін экономикалық шығындардың өсуі болды.

Ромашкинский кен орнында мұнай құбырларын булау, ұңғымаларды және айнала орнатылған колонналарды жылыту, мұнайлы және сулы қабаттарға жылу жіберу бойынша жүргізілген тәжірибелік жұмыстар, сондай-ақ, отандық және шет елдік мұнай өндіруші компаниялардың мұнай және газ өндірудің жаңа озық әдістерін дамыту бойынша жүргізген тәжірибе және талдау жұмыстары нәтижесінде барлық талаптарға сай қондырғы жасап шығаруды қамтамасыз ету үшін бір қатар есептеулер жүргізілді.

Экономикалық және тактико-техникалық шешімдердің үйлесімі басты міндет ретінде қойылды. Қондырғы барынша автоматтандырылған, оңтайлы, салыстырмалы түрде арзан, пайдалануда қарапайым, сенімді және бір қатар жүктемелік сипатқа ие болуы тиіс.

Ескі бу генераторының параметрлерін есептеу барысында, оның орнына өндіріске орнатып қою мезетінде барлық техникалық және экономикалық талаптарға сай жаңа оттық құрылғы және қауіпсіздік аспабы үйлесімін қамтитын комплексті пайдалану әлдеқайда орынды деген қорытынды шығады.

Аталған қондырғыны өндірушілер нарығына маркетингтік зерттеу жүргізу нәтижесінде тұтынушы үшін баға мен сапаның толық сәйкессіздігі анықталды.

Қондырғыны жетілдіру шарттары негізінде қоректендіруші сорғыға есептеулер жүргізілді: қуаттылық және жүктемелік сипаттамалар айтарлықтай шектеулі және габаритті өлшемдер тым үлкен.

Үш плунжерлі сорғының әр түрлі түрлерін пайдалану бойынша басты талап өнімділік, габариттер, сапа және баға үйлесімі болып табылған бір қатар зерттеулер мен тәжірибелік жұмыстар жүргізілді.

Осылайша, бірінші міндет жану құрылғысы мен аспап комплексін дайындау және жасау болды, сонымен қатар, екінші міндет, тұтас қондырғыға қойылатын өндірістік қауіпсіздік талаптары нормасын арттыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Оңтайлы қоректендіргіш сорғыны іздеу және шешімін табу.

Жүргізілген есептеу және тәжірибелік зерттеу жұмыстары нәтижесінде жаңа қондырғыда бірқатар конструктивті шешімдер қолданыс тапты:

  • құйын тәрізді оттық құрылғы «құйын» табиғи құбылысын үлгілейді және ол отынның неғұрлым толық жанып кетуін және жұмыстың неғұрлым жоғары температурада өтуін қамтамасыз етеді. Ал бұл өз кезегінде аз отын көлемін қолдануға мүмкіндік береді. Модельді қатар қуаттылығы – 300 кВт-тан 1 мВ дейін;

  • тұтату жүйесі электронды, жоғары вольтті және автокөліктің борттық торабынан келеді;

  • «Рубин» аспабы басқару жүйесінің тұтастығын қамтамасыз етуді, оттың жану үрдісін, будың берілген жұмыс тәртібі жағдайын, отын шығынын, қазан ТӘК-ін, қалыпты қорларды, мотто сағаттардың атқарымын, ЖҚ жүзеге асырылуын бақылауды қамтамасыз етеді. Ақпараттар жүйесі ЖҚ жүргізілу уақыты туралы, тапсырыс беруші ұйым диспетчерлігіне және бухгалтериясына электронды нысанда атқарылған жұмыс туралы есептілікті беруді қамтитын бақылау параметрлері жайында хабарландыруды қамтамасыз етеді. Барлық модельдік қатарға бейімделген. Аспап ЖБҚА-1600/100 М және ЖМДА бу генераторы қондырғыларының өндірістік үрдісін басқару, реттеу, бақылауға, сонымен қатар автоматты және автоматтандырылған өлшеу жүйелерін құруға арналған автоматтандыру құралы (ГСП) болып табылады;

  • жиналмалы басқыш қондырғыны пайдалану және тасымалдау барысында қолайлылықты қамтамасыз етеді;

  • ойық шатырында орнатылған терезе КУНГ кеңістігінің жақсы жарықтануын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді;

  • қоректендіруші құбырлар шахтада цистерна мен бу генераторы арасындағы пайольді кеңістік астына қойылған, құбырларға арналған өтпелі табалдырықтар алынып тасталынды;

  • магистральді құбырлар көледенең ретпен орнатылған, бұл бу генераторын пайдалану және үрлеу барысында қолайлылық тудырады;

  • кішігірім габаритті бола отырып, 600-ден 2500 м3-ке дейін өнімділік бойынша қондырығының модельді қатарын кеңейтуге мүмкіндік беретін жаңа қоректендіруші сорғы орнатылған, клапан конструкциясы пайдаланып болған соң сорғыны және қоректендіруші құбырларды фильтрден төгетін құбырға дейін кептіруге мүмкіндік береді;

  • сымдар жүйесі кабельдерге жинақталған және кунг шатыры бойымен трассаларға жинап қойылған.

Қондырғы көп атқарымды, оның төрт негізгі және екі қосымша жұмыс тәртібі бар. Олар келесілерге арналған:

    • жалпы техникалық қажеттіліктерге, қышқалдар мен сілтілерді араластыру моншасына қажетті ыстық су өндіру үшін;

    • төмен қысымды бу өндіру және құбырларды, тербелме білдектерді, сорғыларды, резервуарларды және өзге де жер үсті құрылғыларын булау үшін, булиттер ішіндегі сұйықтықты жылыту үшін;

    • орташа қысымды бу өндіру және мұнай құбырлары ішіндегі парафиндік және басқа да қалдықтарды тазалау бойынша жұмыстарды қамтамасыз ету, үлкен көлемді булиттерді булау және гидро бұрғылау барасында абразивтерді қыздыру және араластыру бойынша жұмыстарды қамтамасыз ету үшін;

    • жоғары қысымды бу өндіру және 800 метр тереңдікке және гидротермоэрозионды бұрғылауға бу жіберуді қамтамасыз ету үшін;

    • қондырғыны күйге келтіруге арналған қосымша жұмыс тәртібі;

    • қосымша жұмыс тәртібі қондырғыны күзгі-қысқы мезгілде немесе қиыр солтүстік жағдайында пайдалану барысында қазанның ішкі кеңістігін және оттық элементтерін баяу қыздыруға арналған.

Жүргізілген зерттемелер және жаңа конструкторлық шешімдер негізінде, қондырғыны «ЛУКОЙЛ», «Славнефть», «Татнефть» және «Сургутнефтегаз» объектілерінде өндірістік сынақтардан өткізу туралы шешім қабылданды. «Татнефть» ұйымында он күн бойы «Нальчинского машиностроительного завод» өндірген ЖБҚА қондырғыларының, «Первомайскхиммаштың» ескі ЖБҚА 1600/100 қондырғысының, Татниинефтемаш әзірлеген қондырғының, Свердловск қондырғысының және жаңа заман ЖБҚ-ның салыстырмалы сынақтары жүргізілді.

Жаңа ЖБҚА-1600/100 қондырғысы келесідей параметрлері бойынша таңдаулы деп танылды:

  • конструкторлық шешімдер қатары және үйлестірілу тәртібі бойынша;

  • экономикалық көрсеткіштер бойынша (жанар-жағармай шығыны);

  • экологиялық көрсеткіштер бойынша, Еуро-2 стандартына сай болуы;

  • жаңа оттық құрылғысы бойынша;

  • «Рубин» қауіпсіздік және басқару жүйесі бойынша.

«Ижнефтемаш» ЖБҚ-1600/100 жылжымалы бу генераторы қондырғысы далалық жағдайларда бу және ыстық су өндіруге арналған автономды қазандық болып табылады.

Су бу генераторы иректүтігіне цистернадан сорғы көмегімен құбырлар бойынша беріледі. Бу өндіру бу генераторының жағу бөлігінде жанармайдың жану химиялық реакциясы және жылудың бу генераторы иректүтігінің қабырғалары арқылы суға берілуі нәтижесінде судың булану үрдісі барысында жүзеге асады.

Ауа тотықтандырғыш ретінде желдеткіш көмегімен тангенциалды түрде осерадиалды шүмекті аппарат арқылы, бұл аппаратта ауа ішінара жылынады, одан әрі жану құрылғысының аксиалды күректі құйындатқышқа, одан әрі бу генераторының жағу бөлігіне жіберіледі

Жануға қажетті жанармай бактан оттық құрылғыға (ОҚ) сорғы арқылы беріледі. ОҚ бу генераторының құйын тәрізді жағу бөлігінде қоспа жасау және жанармай қоспасын жағу үшін қызмет етеді, ол «құйын» табиғи құбылысын үлгілейді және мұнда ауыр салмақ есебінен жанармай бөліктері перифирияларға шашылады. Жана отырып және температура жоғарылай отырып, көтеру күші жылдамдығы және перифирияға түсетін қысым артады, ал орталық бөлікте төмен қысым аймағы пайда болады, соның есебінен отынның ауыр салмақты, толық жанбай қалған бөліктері араластыру бөлігіне қайта келеді.

Құйынды ағындар үш негізгі бөлікке бөлінеді:

  • араластыру бөлігі – тотықтандырғыш (ауа), отын және пайдаланылған газдарды араластыруға арналған;

  • жану бөлігі – құйынды ағын перифириясында жанармай қоспасын максималды жану температурасымен жағуға арналған;

  • пайдаланылған газдар бөлігі – толық жанбай қалған өнімдер құйынды ағынның орталық бөлігіндегі үлкен өлшеген салмақ және ажырау (төмен қысым аймағы) есебінен бастапқы бөлікке қайта келеді, ал ыстық пайдаланылған газдар өзінің денесін екінші иректүтікке бере отырып, атмосфераға шығарылады.

Қондырғы өндірген бу ұңғыма немесе булау объектісіне магистральді құбырлар жиынтығы, бұрылу иіні, тиек түйіні немесе шланг көмегімен жіберіледі.

Дұрыс таңдалынып алынған температуралық жұмыс тәртібі қондырғының үнемді жұмыс жасауына әсер ететіндігін ескеру қажет. Қондырғы ыстық су мен қаныққан бу өндіруге арналған.

«Рубин» аспабы Эйлер бойынша салынған бу энтальпиясы бөліктері бойынша таңдалынып алынған жұмыс тәртібіне байланысты қаныққан бу өндірісін автоматты түрде реттеп отырады.

Соседние файлы в папке ППУ