Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дипломы-2 / ППУ / 1. Техникалық бөлім.docx
Скачиваний:
54
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
317.09 Кб
Скачать

1 Техникалық бөлім

1.1. Жылжымалы және стационарлы бу генераторлары

Бу генераторы қондырғысы – бұл жылу энергиясын қолдана отырып, берілген параметрлерге сай су буын алу үшін қызмет атқаратын агрегаттар мен түйіндер жиынтығы.

Бу генераторы қондырғысының үш түрі өндіріледі:

  • жылжымалы (ЖБҚ – жылжымалы бу генераторы қондырғылары, автокөлік негізінде);

  • трейлер базасында (тіркемелерде);

  • стационарлы (СБҚ – стационарлы бу генераторы қондырғысы).

Бу генераторы қондырғыларының аталған үш түріне мысал ретінде келесідей үлгілер схемаларын көрсетуге болады.

1.1.1 Бу генераторы қондырғыларының конструкциялары

Көп атқарымдық жылжымалы кәсіптік бу қондырғысы ЖБҚА (1.1-сурет).

1 - Платформа; 2 - Қыздырғыш; 3 – Мұнай құбырлары; 4 - Электржабдықтар КИП и А; 5 - Трансмиссиясы; 6 – Инерттік газды енгізу ; 7 – Отын жұйесі ; 8 - ДЗК; 9 – Қоршау және баспалдақ; 10 – Қосымша құбырлар ; 11 - ауақұбырлары;12 - Выхлоп жұйесі; 13 - Автомобиль шассіы; 14 – Ағу-тамуларды жинау жұйесі ; 15 - Насос ПТ-50 және 3ПН-32; 16 - ЗЗУ.

1.1-сурет- АДПМ ның схемасы

Мұнай ұңғымаларын, жер үсті және жер асты жабдықтарын жоғары қысымды (100 кгс/см2-ге дейін) қаныққан бумен депарафиндеуге, сондай-ақ, макроклиматтық аймақтардың суық және қоңыржай жағдайында төмен қысымды (6 кгс/см2-ге дейін дейін ) бумен жылыту, жуу және т.б. жұмыстар бойынша операцияларды жүргізуге арналған. Ол далалық жағдайларда бу шығаруға арналған автономды қазандық болып табылады. Урал, КАМАЗ, КрАЗ автокөліктері шассиінде орнатылады.Жұмысты басқару жүргізуші кабинкасынан дистанциялық байланыс арқылы жүзеге асырылады. Дистанциялық байланыс келесілерден: жұмыс туралы ақпарат көрсетілетін аспаптар қалқанынан, бу қазанының оттығына берілетін отын көлемін басқару вентилі және реттеуші бу вентилі тұтқасынан тұрады, сондай-ақ, осы жерде желдеткіш жапқышын басқару тұтқышы орнатылған.

1 - автомобильдың КДОМы; 2 –карданды біліқ ; 3 - редуктор; 4 -карданды біліқ; 5 - насос ПТ-50; 6 –отын насосы; 7 - вентилятор.

1.2-сурет- АДПМ ның кинематикалық сұлбасының көрінісі

ЖБҚА қондырғысында қазанның бу жасаушы бөлігіне су жіберуге арналған жоғары қысымды сорғы орнатылған. Стандартты комплектация құрамына қондырғы жұмысына үнемі бақылау жасауды және оны қызып кетуден сақтауды жүзеге асыратын заманауи аспаптар кіреді.

ЖБҚА-да орнатылған негізгі жабдық жетегі кардан білігі және клино белбеулі беріліс арқылы қуатты қосымша іріктеу жәшігінен жүзеге асырылады. Монтажды жақтаудың алдыңғы жағында жоғары қысым желдеткіші, бу қазаны, қазанға су айдауға арналған қоректендіргіш сорғы орнатылған. Монтажды жабдықтың қалған бөлігі жабдықты реттеу және мониториг жасауға арналған тетікпен жабдықталған, сонымен қатар, мұнда қоректендіруші суға арналған цистерна және бу қазанының жанармай багі орналасқан. Барлық жабдықтар құбырлар, электр сымдары және арматура арқылы бір технологиялық желіге нық байланысқан. ЖБҚА қондырғысы мұнай-газ өнеркәсібінде қарастырылған қауіпсіздік ережелеріне сәйкес әзірленген.

АДПМ қондырғысының редукторы КамАЗ автокөлігі шассиіндегі құрылымдық орындалуының нұсқасы 1.3-суретте көрсетілген (“Челябинский Завод Спецтехники” ААҚ өнімі).

1 - дөңгелек; 2 –жетектегі білік; 3,4 -жартылаймуфта; 5 - фланец; 6,7 –аралық білік; 8,9,10 -шестнрнялар; 11 –жетекті білік; 12 -шкив; 13 -щуп.

1.3-сурет- АДПМ қондырғысының редукторы

Аталған қондырғы ұңғыманың забойлы зонасын, мұнай өнеркәсібі жабдықтарын жоғары қысымды 10МПа (100 кгс/см2) қаныққан бумен депарафинизациялауға, сондай-ақ, төмен қысымды (6 кгс/см2-ге дейін дейін ) бумен жылыту, жуу және т.б. жұмыстар бойынша операцияларды жүргізуге арналған.

Қондырғының КамАЗ автокөлігі шассиінде орнатылған кейбір конструкциялық орындалуында оператор кабинасының жабдықталуы қарастырылған. Ол қондырғыны және автокөлік жүйесін басқару аспаптары және құралдарымен жасақталған. Бақылау құралдарының, автокөлік қозғалтқышын іске қосу және тоқтату жүйелерінің, ажыратудың, оператор кабинасынан қуаттылықты таңдау жәшігін басқарудың қосарлануы жұмысты айтарлықтай тиімді және қолайлы түрде жүргізуге мүмкіндік береді. Оператор кабинасы жылыту және желдету жүйелерімен жабдықталған.

Қондырғы бу температурасы мен қысымының белгіленген шамадан асып кетуі, қазанның оттығындағы алаудың өшіп қалуы, ауа өткізгіштегі ауа күшінің төмендеуі, цистернадағы су деңгейінің тиісті мөлшерден төмен түсуі, қоректендіргіш су шығынының төмендеуі кезіндерінде апатты жағдайлардан сақтандыратын қауіпсіздік автоматикасымен жабдықталған.

Қондырғының техникалық сипаттамалары 1.1-кестеде келтірілген.

1.1-кесте-ЖБҚА-1600/100 қондырғысының техникалық сипаттамалары

Сипаттамалар атауы

Көрсеткіштер

1

2

3

4

1

1- жұмыс тәртібі

2- жұмыс тәртібі

2

Қыздырылатын орта

Су

Су

3

Бу бойынша өнімділік, кг/сағ

1600 +/- 10%

1600 +/- 10%

4

Бу қысымы, МПа

9,81

0,78

5

Бу температурасы, °C

310

175

6

Жылуөнімділік кДж/сағ

3929200

1178760

6.1

(есептік), Ккал/сағ

(940000)

(282000)

7

Қоректендіргіш су қаттылығы мкг-экв/кг, артық емес

10

10

8

Бу қазандығының жанармай шығыны кг/сағ, артық емес

110

35

9

Қондырғы жұмысы үшін қолданылатын жанармай

Дизельді

Дизельді

10

Жүйедегі жанармай қысымы, МПа, артық емес

1,47

0,59

11

Қондырғыны іске қосу сәтінен бастап, бу алуға қажетті уақыт, мин, артық емес

20

20

12

Қондырғының барлық механизмдерінің жетегі

Автокөліктің тарту қозғалтқышынан

Автокөліктің тарту қозғалтқышынан

13

Қондырғыны басқару

Оператор кабинасынан

Оператор кабинасынан

14

Қондырғының толық салмақтағы ең жоғарғы қозғалу жылдамдығы, км/сағ

50

50

15

Өнімділік 1600 +/- 10%.кг/сағ, айн/мин тең болған кездегі тахометр көрсеткіштері, КАМАЗ 43118 шассиінде

1400

1150

16

Қондырғының жұмысы кезіндегі жүргізуші кабинасындағы дыбыс деңгейі, ДБа, артық емес

80

80

Урал автокөлігі («ТамбовПолимерМаш» ЖАҚ өнімі) шассиіндегі ЖБҚ-1600/100 жылжымалы бу генераторы қондырғысы мұнай ұңғымаларын парафинизациялауға, құбырларды, сұйыққоймаларды және өзге мұнай өнеркәсібі жабдықтарын жоғары қысымды қаныққан бумен өңдеуге, сондай-ақ, макроклиматтық аймақтардың суық және қоңыржай жағдайында төмен қысымды қаныққан бумен жылыту, жуу және т.б. жұмыстар бойынша операцияларды жүргізуге арналған.

Қондырғыны негізгі тұтынушылар – мұнай-газ өндіру кәсіпорындары, коммуналдық қызметтер.

Бұл қондырғы:

- түрлі жабдықтарды, коммунникация және материалдарды қысқы уақытта тиімді қыздыруға мүмкіндік береді.

1 – ручкасы 2 – ұшақсөндырғыш 3 – аралық 4 – бекітпе 5 – қақпақ 6 – тіреу құрылғысы 7 – пластина 8 – спиралды жұланша 9 – өткізгішкұбыр 10 – клапан 11 – қорғау қапшығы 12. сақина 14 – ішкі змеевик 15 – сыртқы змеевик 16 – патрубок 18 – негізі 19 – отқақарсы майлау 20 – қыздырғыш ГЖ-1,3 21 – бекітушіа 22 – патрубок 23 – тесік 24 – тесік 25 – патрубок 26. – патрубок

Рисунок 1.4 АДПМ қондырғысының қыздырғышы

Қондырғының техникалық сипаттамасы.

Жетілдірілген ЖБҚ моделі ("Торговый дом Нефтемаш" ЖАҚ өнімі) ПКУ-1,6/4,0-Ранко мұнай және газ өнеркәсібінде түрлі технологиялық операциялар барысында пайдаланылатын ауаны қыздыру және қанныққан буды генерациялау үшін қолданылады. Аталған қондырғының техникалық сипаттамасы төменде келтірілген.

ПКУ-1,6/4,0 “Ранко” қондырғысының сериялы ЖБҚА-1600/100 қондырғысынан артықшылықтары:

- қазанның жұмыс жасау көлемі 25%-ға арттырылған, жоғарылатылған ТӘК (3-5%-ға) және бу жасау шарттары жақсартылған жетілдірілген конструкциясы;

- жұмыс жасау тәртібін реттеу, жану үрдісін оңтайландыру және жанармай шығынын төмендету мүмкіндіктері;

- тәуелсіз жылыту жүйесімен жабдықталған жылу өткізбейтін кузов, соның ішінде қондырғыны тасымалдау барысында да;

- қондырғы агрегаттарын орталықтандырылған жүйеден немесе сыртқы ток көзінен электрмен қамтамасыз ету мүмкіндігі;

- су жоғалтусыз бу айналымының жабық жүйесіне ие ыстық ауа генерациясы блогын қолдану барасында ауаны қыздыру тәртібін еңгізу есебінен қондырғының функционалдық мүмкіндіктерін кеңейту;

- дайындалған суды тиімді пайдалану мақсатында будың құрғақтық дәрежесін арттыру үшін қондырғы сепаратормен жасақталған;

- сыртқы көздерден су және жанармайды автономды түрде құю мүмкіндігі;

- экологиялық параметрлерді арттыру (шығарылатын газ температурасының 220°С-тан аспауы), бұл атмосфераға зиянды қалдықтар шығару көлемін азайтады;

- дайындалған суды тиімді пайдалану, бір толтыру барысында су багі жұмыс уақытын 20-25%-ға арттыру.

Соседние файлы в папке ППУ