Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шкин Шапы Шоылы.docx
Скачиваний:
11
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
36.07 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрілігі

Алматы энергетика және байланыс университеті

Орыс және қазақ тілдері кафедрасы

Қазақ тілі – 2 пәнінен № 1 СӨЖ

Тақырыбы : Қазақстан техника ғылымына үлес қосқан тұлғалар

(Шөкин Шапық Шөкыұлы)

орындаған: БЭ-13-12 тобының

студенті Адильканова Е.

тексерген: доц. Шарибжанова Ғ.Ғ.

2014 ж

Мазмұны:

Шапық Шөкиннің өмірі - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - 3-4 бет

Ер есімі  –  ел есінде - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - 5 бет

Шапық Шокиннің еңбектері мен наградалары - - - - - - - - - - 6 бет

Шапық Шокиннің еңбектеріне шолу жасау - - - - - - - - - - - - - 7 бет

Шөкин Шапық Шоқыұлы (1912-2003 ж)

Шөкин Шапық Шоқыұлы - 1912 жылы 1 қазанда Павлодар облысы Баянауыл ауданында көп балалы отбасында дүниеге келген. Шөкин Шапық - көрнекті қазақ энергетигі, Қазақстан Республикасы ғылым академиясының академигі, техника ғылымының докторы, профессор, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері. 1937 жылы Омбы ауылшаруашылық институтының гидротехнология факультетін бітірген. Шапық Шөкин 1937 – 1943 жылдары ҚазКСР-і Егіншілік халық комитетінде инженерлік қызметте болған. 1943 жылы Шөкинді Қ. Сәтбаев өзіне қонаққа шақырып, энергетика секторына басшысы болуға ұсыныс береді, Шөкин үшін бұл ұсыныс инженерлік кәсіпті тастап, ғылым саласына берілуі. Көп жалтақтамай Шапық Сәтбаевтің ұсынысына келісім берді. Омірдің төрт мезгілі кітабында ол жазған: «Қаныш Имантайұлы мен үшін – ғылымға түгел берілуінің үлгісі. Оның көмегімен мен ғылымға берілдім». 1944 – 1988 жылдары аралығында КСРО Энергетика және электрлендіру мининстрлігі Қазақ энергетика ғылыми – зерттеу институтын құрып, оның директорлығы қызметін ұзақ жылдар бойы абыроймен атқарған. Ол 1944-50 жылдары  Ӏле өзенінің суы мен энергетика қорын комплексті түрде пайдалану мәселесін шама тұрғыдан зерттеді, сөйтіп, Қапшағай бөгені мен Қапшағай су электр станциясын салу ісіне үлкен үлес қосты. 1949-58 жылдары Орталық Қазақстанды сумен қамтамасыз ету мәселесімен Ертіс өзенін бұру негізінде шешуге болатындығын дәлелдеді. Мұның өзі Ертіс-Қарағанды каналының салынуына себеп болды. Ш.Шөкин — Сібір өзендерін  Қазақстан мен Орта Азияғa бұру мәселесін ғылыми тұрғыда қарастырған алғашқы ғалымдардың бірі. Оның басшылығымен осы мәселені шешудің тиімді жолдары мен жобалары айқындалды. Шапық Шөкин өзінің ғылымдағы қол жеткізген үлкен жетістіктерімен, сол кездегі ғылыми ортаны кәсіби ше­берлігімен мойындатып, 1964 жылы, академик Сәтбаев қайтыс болғаннан кейін, Шапық Шөкин Қазақстанның ғылым Академиясының Президенті болып тағайындалды. Академияның басшысы қызметін алып, Шапық алғашқы президенттің, негіздеушінің дәстүрін жалғастырды.

Ол Белград (1957ж), Бангкок (1961ж), Будапешт (1965ж),  Мәскеу (1968ж) және Парижде (1971) өткен халықаралық конференциялар мен симпозиумдарға қатысып, онда Қазақстанның энергетикасы мен су шаруашылығының дамуының бүгінгісі мен келешегі туралы баяндамалар жасады.

Шапық Шөкин Г.М.Кржижановскийдің шәкірті. Ш.Шөкин — 170-тен астам ғылыми еңбектің авторы. Негізгі еңбектері энергетика және су шаруашылығының болашақ дамуы мен отындық энергетиканың, баланс проблемасына т. б. арналған. 1988 жылы Шапық Шоқыұлының ұзақ жылдар бойғы еңбегі ескеріліп, Энергетика ғылыми - зерттеу институтының құрметті директоры болып тағайындалды. Шапық Шөкиннің негізгі ғылыми еңбектері энергетика мәселелерін зерттеуге арналған. Ғалым Қазақстанда және оның жеке аймақтарында энергетиканы жан-жақты өркендету жөнінде ғылыми – техникалық болжамдар жасап, энергиялық қуаттардың ауқымы мен құрылымын, оларды орналастыру жұмыстарын бағалау әдістерін тауып, кеңінен өндіріске енгізген. Жалпы халық шаруашылығының энергия тұтынуы, энергиямен қамтамасыз етілуі  жөнінде іргелі зерттеулер жүргізді.Шапық Шөкин республикалық деңгейдегі қызметтерді де беделді атқарды. Осы үлкен жауапкершілік жүгін абыроймен атқарып, еліміздің бірнеше буын ғалымдарына үлгі-өнеге, тәлім-тәрбие беретін ақылшы ұстаз бола білді. Қазақстанның дамуы жолында еңбек етіп, еліміздің өркен деуіне үлес қосып жүрген үлкен ұлттық мамандар шоғы­рын тәрбиелеп, қалып­тастырды. Ел алдында­ғы адал еңбегі жоғары бағаланып, бірнеше дүркін Кеңес Одағының және егемен еліміздің жоғары наградаларымен марапатталды. Республикалық энергетика және электротехника ғылыми қоғамы председателінің орынбасары Қаз КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1972) сайланған, КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты,  Қазақстан Компартиясының ХІІ-съезінде Қазақстан КП ОК мүшесі болып сайланды. Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған. Кітап көрмесінде Шапық Шөкіұлының өмірі, еңбек жолы туралы материалдар, ғылыми еңбектері: «Расчетная обеспеченность работы гидроэлектростанции» (1958),  «Қазақстан жаппай электрлендіру жолында» (1961), «Основы развития энергетики Казахстана»(1971), «Энергетика и водное хозяйство Казахстана» (1975), «Методика расчёта регулирования стока» (1977), «Ғұмырнамалық  деректі хикаят» (2004) және т.б. әдебиеттер ұсынылған.

91 жасында қайтыс болды Шапық Шөкин 2003 жылы 4-шілдеде дүниеден қайтты. Қоштасу салтанаты Ұлттық ғылым Академиясының ғимаратында өткізілді. Академик өз ұстазының қасына жерленген.

Ер есімі  –  ел есінде

1993 жылы Шөкин Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының құрметті мүшесі болып сайланды.

1996 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен  «Ғылым мен энергетиканының дамуына сіңірген ерен еңбегі, жоғары білікті ғылыми мамандар дайындаудағы қомақты үлесі үшін» «Халық Қаһарманы» атағы, жоғары дәрежедегі белгі – Алтын жұлдыз белгісі берілді.

2002 жылы 90 жылдығында «Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Ш.Шөкин есімін халық жадында мәңгі қалдыру мақсатында: Павлодар қаласында көше аты берілген; Қазақстан Ұлттық ғы­лым академиясы президиумының және  Қазақстан Ұлттық инженерлік акаде­мия­сынының энергетика саласындағы сый­лықтары, С.Торайғыров атындағы Пав­лодар мемлекеттік университетінде Ш.Шөкин атындағы стипендия (шәкіртақы) та­ғайын­далған; Баянауылдағы Құрмет аллеясында  академикке бюст орнатылған; ҚазЭҒЗИ-де академик Шапық Шөкиннің мемориалдық мұражайы жұмыс істейді. Туған халқының шексіз сүйіспеншілігінің арқасында бұндай шаралар жалғасуда: Алматы қаласы әкімшілігінің қалада Шөкинге бюст қою жөнінде,  қаланың бір көшесіне  оның есімін беру туралы қаулылары бар; Қазақстан инженер-энергетиктер одағының Қапшағай СЭС- на академик Шөкиннің есімін беру жөнінде ұсынысы да бар. Облысымыздың Бұқар жырау ауданында халқымыздың екі батырына – Нияз бен Олжабайға және үш ғұлама ғалымымыз – Қ.Сәтбаев, Ә.Марғұлан,  Ш.Шөкинге скульп­туралық композиция ашылғандығы жайлы осы газет қуана хабарлады. 

Академик Шапық Шөкиннің есімімен аталады:

- Қазақ ғылыми-зерттеу энергетика институты;

- Павлодар қаласындағы көше;

- Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының президиумының энергетика саласындағы сыйлығы;

- Тәуелсіз Қазақстанның өндірісіне көрнекті инженерлік өңдеулер мен прогрессивті технологияларды енгізіп, өнеркәсібінің дамуына үлкен үлес қосқаны  үшін Қазақстан Республикасының ұлттық инженерлік академиясының сыйлығы;

- С. Торайғыров атындағы ПМУ-да Ш. Шөкиннің атаулы стипендиясы;

- Баянауылда Даңқ аллеясында академик Шөкиннің бюсты;

- Энергетика ҚазҒЗИ  Шапық Шөкиннің атындағы мемориалдық мұражай ашылды;

- Қапшағай ГЭС-не академик Шөкиннің атағын беру.

Наградалары:

1945 ж. - Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қажырлы еңбегі үшін медальмен наградталды 1941-1945 жж. 

1945 ж. СССР Ғылым академиясы құрылғанына 220 жыл толуына байланысты Құрмет грамотасы берілді.

1961 ж. - Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері.

1966 ж. - Энергетика және электрендіру үздігі.

1970 ж. - «Қажырлы еңбегі үшін В. И. Лениннің туғанына 100 жыл толуы құрметіне» медальмен наградталды.

1970 ж. - «ГОЭЛРО жоспарына 50 жыл» мерекелік белгісімен наградталды.

1971 ж. – «Еңбек Қызыл Ту» орденімен наградталды.

1972 ж. - ҚазССР мемлекеттік сыйлығының лауреаты 

1975 ж. – «Ұлы Отан соғысының жеңісіне 30 жыл» медалімен наградталды 

1982 ж. - «Октябрь революциясы» орденімен наградталды.

1982 ж. - СССР-дің «Құрметті энергетика» атағы берілді.

1991 ж. - Академик Қ. И. Сатпаев атындағы сыйлықтың лауреаты.

1996 ж. - «Халық қаһарманы» атағы берілді. 

2002 ж. – Алматы қаласының «Құрметті азаматы». 

Шапық Шөкіұлы Шөкиннің еңбектері

Академик Ш. Чокин: «Время сотрет все лишнее...»

Чокин Ш. Ч. Основы развития энергетики Казахстана .

Чокин Ш. Ч. Параметры и режимы гидроэлектростанций .

Чокин Ш. Ч. Энергетика и электрификация Северного и Центрального Казахстана.

Чокин Ш. Ч. Энергетика и электрификация Южного Казахстана .

Чокин Ш. Четыре времени жизни: Воспоминания и размышления. – Алматы: Бiлiм.

Чокин Ш.Ч. Президент: [К 90-летию К. И. Сатпаева]: очерк

Чокин Ш. Ч. Путь национальной академии наук: воспоминания и размышления. – Алматы: Ғылым, 1996. –

Чокин Ш. Ч. Сегодня бал правит невежество и чувство.

Чокин Ш. Ч. Управление нагрузкой электроэнергосистем (технико-экономические вопросы). – Алматы: Наука, 1985.

Шөкіұлы Ш. Еңбектер жинағы: [электрондық ресурстар]

Шөкіұлы Ш. Өмірдің төрт мезгілі: Естеліктер мен толғаныстар.

Шапық Шокиннің еңбектеріне шолу жасау

«Қазақстанның энергетика және энергия ондірістің прогрессі»

Аңдатпа.

Бұл жоба Қазақстан Республикасының энергетика саласында техникалық прогрессті зерттеуге арналған. Жылуэнергетиканың ең маңызды мәселелерінің бірі ол - турбинаның буының суыстығы және онымен жылы электростанциясының тоқулы сумен қамтамасыз ету болып табылады. Өнеркәсіп жылуэнергетикада екі бағыт қарастырылады: бір жағынан – жаңа аса тиімді үрдістерді құру, екінші жағынан – осы үрдістерді технологиялық және энергетикалық мақсаттарына қолдану.

Қазіргі жағдайда суға деген талаптар (сапасына мен санына) өседі, Қазақстан жағдайда Іле өзені энергетикалық және суландыру рөлдерді атқарады. Энергожүйеде СЭС-тің қолдануы элетроэнергияны өндіруге әсер етеді.

Жобаның негізгі мақсаты:

Атомды электростанцияларың кемшіліктерін жойып, электроэнергияның өндіріслігін көбейту, Жылу және электроэнергияның өндірісін шоғырлануы, электр мен жылу энергияның тарату сияқты теплоэнергетика саласының маңызды үрдістердің дамуы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]