Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ШПОР ХИМ.docx
Скачиваний:
88
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
70.99 Кб
Скачать

1.Хим-ң нег-і тусін-і:атом, молекула, атомдық ж/е молеку/қ массалар, жәй ж/е күрделі зат, химия-қ эквивалент, моль.Хим бізді қоршағ орт-ғы зат-ң қасиетін, құрлысын, құрамын бір-бірімен әрекеттесіп түрленуін зерттейді. Химияның зерттеу объектілері: хим-қ элемент ж\е оның қосылыстары. Хим-ң мақсаты: белгілі қасиеттері бар з-ды алу, өк процестерді қарқындату, хим-қ түрлендірулердің энергиясын қолдану, қорш орт-ны қорғау. Массаыс мен көлемі б/н зат-ң бәрі дене д.а. Зат-массасы тыныштықта б-н материяның түрі. Жай заттар бір элементтің атомынан түзілледі. Ол белгілі бір тығыз/мен , ерігіш/мен балқу ж/е қайнау темпера/н ж/е т.б.сипат/ды. Күрделі зат/р молекулалары әр түрлі хим-қ элементтердің атомдарынан тұрады. Хим-қ элемент деп ядро зарядтары бірдей болып келетін атомдардың белгілі бір түрін айтады. Атом-хим-қ элемент-ң электрбейтарапты ең кіші бөлшегі,ол оң заряд-н атомдық ядродан ж/е теріс заряд-н электрон-н тұрады.Молекула-ол сол зат-ң химия-қ қасиеті бар,ең кіші бөлшегі. Атомдық масса-ол массаның атомдық бірлігімен өрнектелген,химиялық элемент массасының орташа мәні. Молекулалық масса-масса-ң атомдық бірлігінде өрнектелген молек-ң массасы,ол молекула құралған, барлық атом-р масса-ң қосындысына тең. Химиялық эквивалент- хим/қ реак/ғы сутек атом/ң 1моль/н қосылыса н/е сутек атом/ң сон/ма санын алмастыра алат/н ,оның сондай санын айтады.Заттың 1эквивалнетінің массасын эквиваленттік масса д.а.Берілген тотығу-тотықсыздану реакцияларында 1электронға,ал алмасу реакцияларында 1протонға сәйкес келетін нақтылы бөлшекті эквивлент д.а.Қышқыл/ң экв/т(металл атомымен орын алмаса алатын сутек атомының саны) Эқыш=Негіздің экв/ті(негіз түзетін гидроксид ионының санына н\е металл валенттілігі)Энегіз=Тұздың экв/ті(тұздың молярлық массасының металдың атом санымен металл валенттілігі көбейтіндісінің қатынасына тең): Энегіз=М\пВОксид/ң экв/ті(оттек ж\е онымен қосылған элемент эквиваленттерінің қосындысына тең)Эокс=Ээлем+ЭоттекМоль-массасы 12-ге тең көміртегі атом/ң 0,012кг қанша атом/р болатын б/са ,берілген заттың да сонша құрылымдық бөлшегі болатын зат мөлшері.

6.Атом құрылысының квант-механикалық моделі.

1933ж Нильс Бор Резерфордтың моделімен Планктың теориясын қолданып,атом моделінің құрылысын жасады.Атом құрылысы квант – механикалық теориясының ережелер:1.Электронның екі жақты табиғаты ( бөлшектік–корпускулалық және толқындық ) болады.Ол өзін бөлшек ретінде де , толқын ретінде де ұстай алады:бөлшек ретінде,электронның белгілі массасы мен заряды бар;мұнымен қатар қозғалыстағы электрон толқындық та қасиет көрсетеді,мәселен дифракцияға қабілеттілігімен сипатталады.2.Электрон үшін координат пен жылдамдықты бірден,бір сәтте дәл өлшеу мүмкін емес.Жылдамдықты неғұрлым дәл өлшенген сайын,соғұрлым координатта белгісіздік болады және керісінше.3.Атомдағы электрон белгілі траектория

бойынша қозғалмайды,ядро маңындағы кеңістіктің кез келген бөлігінде бола алады,алайда оның атом кеңістігінің әртүрлі бөлігінде болу ықтималдылығы бірдей емес.Ядро айналасындағы электронның болуының ықтималдығы ең жоғары кеңістік атомдық орбиталь д.а.

Электрондық бұлт туралы түсінік.Кванттық сандар

Электронда теріс заряд болатындықтан,оның орбиталі зарядтың белгілі бір таралуын электрондық бұлт д.а. Электрон бұлты─атомдағы электронның кванттық механика тұрғысынан қарағандағы моделі.Орбиталь электрондық бұлттың формасын сипаттайды.Ядроның маңайындағы электрон бұлтының тығыздығы әртүрлі болады.Электронның болу мүмкіндігі дәлірек болатын кеңістікте электрон бұлтының тығыздығы да жоғары болады.Электрон бұлттары бір-бірінен өздерінің энергия мөлшері,пішіндері және кеңістікте орналасу бағыты арқылы ажыратылады.Э.Шредингер теңдеуі арқылы электрон қозғалысының ең маңызды сипаттамаларының бірі-оның толқындық функциясы анықталады.Әр элементтің атомы ядро зарядымен және саны соған тең электрондармен сипатталады,ал бұл электрондар микробөлшектер болғандықтан,олардың күйін төрт квант саны өрнектейді:

Бас квант саны (n)-электронның энергиясы мен орбитальдың өлшемін анықтап,энергетикалық деңгейді сипаттайтын шама.n=1,2,3,4,5.Оның мәні жоғары болса,энергиясыда жоғары болады.Энергетикалық деңгей-бас квант санының бірдей мәні бар орбитальдардың жиынтығы.Орбитальдық квант саны (l)-энергетикалық деңгеидің деңгейшесінде орналасқан электронның энергиясын сипаттайтын ж\е электрондық бұлт пішінін анықтайтын шама.Энергетикалық деңгейше-бір энергетикалық деңгейде болатын ж\е бірдей формадағы орбитальдардың жиынтығы.l=0 шар тәрізді(s-деңгей),l=1гантель формалы(p-деңгей).Магнит квант саны (Ml)-сыртқы магнит өрісінің әсерінен орбитальдардың кеңістікте орналасуын және деңгейдегі орбиталдардың санын анықтайтын шама.-1,0,+1 бүтін сандар мәнін қабылдайды.Спин квант саны (Ms)-электронның өз өсінің айналасында айналуын сипаттап,тек қана екі мәнді қабылдай алатын шама.(+1/2және1/2)

2.Химиянын негізгі заңдары

Стехиометрия – ол әрекеттесуші заттардың массалық немесе көлемдік қатынастары туралы ілім. Массаның сақталу заңы: химиялық реакцияларға түскен заттардың массасы, реакция нәтижесінде түзілген заттардың массасына тең. Кез келген түрлену барысында массалар өзгеріске тап болып, энергия бөлінеді немесе сіңіріледі. Масса мен энергия арасындағы мұндай өзара байланысты А.Эйнштейн 1905 жылы көрсетті. Заттардың құрам тұрақтылық заңы: 1801 жылы француз химигі Ж.Пруст металдардың оксидтері мен сульфидтерін талдау нәтижесінің негізінде құрамның тұрақтылық заңын тұжырымдады: қандай жолмен алынған болса да, таза химиялық қосылыстардың сапалық және сандық құрамы әрдайым тұрақты болады. Қандай әдісен болса да құрамы сандық және сапалық тұрақтылықта болатын қосылыстарды дальтонидтер деп атайды. Алу әдістері мен оның алу жағдайына тәуелділікте болып, құрамы айнымалы келетін қосылыстарды бертоллидтер д.а. Көлемдік қатынастар заңы: -Шарль Гей-Люссак,1802 жылы реакцияласушы және реакциядан шығатын газ-р-ң көлем-рі-ң өзара қатынасы кішкене бүтін сандар қатынасындай болады. Еселі қатынас заңы: (Дальтон 1803ж) Екі элемент бірімен бірі бірнеше қосылыс түзетін болса, ол қосылыстарда сол элементтердің біреуінің бірдей етіп алынған салмақ бөлігіне екіншісінің сай келетін салмақ бөліктерінің өзара қатынасы кішкене бүтін сандар қатынасындай болады. Авогадро заңы: (1811ж) Бірдей жағдайда алынған әртүрлі газдардың бірдей көлем-ріндегі молекулалардың саны да бірдей болады. Авогадро заңының аса маңызды 3 салдар туындайды: 1) кез келген заттың 1 молінде молекулалар саны бірдей; 2) кез келген газдың 1 молі қалыпты жағдайда (р-760мм.с.б.б.-1атм. Қысым және Т-273,16К) 22,414л көлемде болады. Бұл көлемді молярлық көлем деп атайды. 22,414 л/моль; 3) бірдей көлемдегі әр түрлі газдар массаларының бір-біріне қатынасы олардың молекулалық массаларының қатынасына тең. Эквиваленттер заңы (Рихтер, 1792-1800жж.). Әрекеттесуші заттар массасы олардың эквиваленттік массасына пропорционалды. Эквивалент деп берілген тотығу-тотықсыздану реакцияларында бір электронға, ал алмасу реакцияларында бір протонға сәйкес келетін нақтылы н/е шартты бөлшек. Молекула н/е молекуланың бөлігі эквивалент болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]