Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпора_казяз_тексты.docx
Скачиваний:
17
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
33.6 Кб
Скачать

Алматы энергетика және байланыс университеті

Алматы энергетика институты 1975 жылы политехникалық институттың (қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) құрамынан бөлініп шықты. Сол кездегі 15 одақтас республика (қазіргі ТМД елдері) ішінде бұл энергетика саласындағы үшінші (Москва, Иваново) жоғары оқу орны еді. 1997 жылдың 3 мамырында институт Алматы энергетика және байланыс институты (АЭжБИ) болып қайта құрылды. 2010 жылдың 1 шілдесінен бастап Алматы энергетика және байланыс институты PhD магистрлері мен докторларын дайындау құқығы бар университет – Алматы энергетика және байланыс университеті мәртебесін алды. АЭжБУ - Орта Азиядағы энергетика және телекоммуникация бойынша мамандандырылған жалғыз жоғары оқу орны. Бүгінгі АЭжБУ дегеніміз: Институттың алты факультеті: 1) Электр энергетика факультеті. 2) Жылу энергетика факультеті. 3) Радиотехника және байланыс факультеті. 4) Институтқа дейінгі даярлық факультеті. 5) Сырттай оқу және мамандарды қайта даярлау факультеті. 6) Ақпараттық технологиялар факультеті. - 5000-нан астам студент, магистранттар мен аспиранттар; - 340 оқытушы, оның 40 пайызы ғылым докторлары мен кандидаттары; - 22 кафедра, оның ішінде Саутгемптон университетімен (Ұлыбритания) бірігіп құрылған Би Джи Ғылыми табиғатпайдалану методологиясы кафедрасы; - 8 ғылыми-зерттеу зертханасы; - оқу корпустары; - компьютер сыныптарымен және оқу залдарымен жарақтандырылған 3 студенттер жатақханасы, - кітапхана, оқу залдары; - «Энтельчик» студент жастар орталығы; - ғылыми зертханалар корпусы; - бірегей ғылыми және оқу жабдықтары; - интернет желісіне қосылған заманауи дербес компьютерлер, оқу теледидары. Күндізгі бөлімнің студенттеріне энергетика және байланыс кәсіпорындары үшін екінші жоғары экономикалық білім алу мүмкіндігі жасалған. Біздің студенттер бос уақыттарын көркемөнерпаздар үйірмелеріне, спорт секцияларына, интеллектуалдық ойындарға қатысып, көңілді өткізеді.  

Мамандығым – ақпараттық жүйелер

Ақпараттық жүйелер мамандығы - әртүрлі бағдарламалар жасау саласында инженерлер дайындауды көздейді. Бұл мамандық бойынша заманауи ақпараттық жүйені пайдаланатын өндіріс орындарында, ғылым мен білім саласында, мәдениет, денсаулық, мемлекеттік басқару, ұлттық қауіпсіздік комитетінде, бизнестік құрылымдар мен әкімшілік-басқару мекемелерінде, әр түрлі жеке кәсіпорындар және ауыл шаруашылығында ақпаратық жүйе саласының техникалық құрылғыларымен байланысты қызметтер атқарады. Ақпараттық жүйелер маманы қазіргі программалау тілдерін жақсы біліп, есептеу техникасын кеңінен пайдалана отырып, бағдарлама жасау дағдыларын игеріп, оларды құрастырып, өндірісте кеңінен пайдалана білуі керек. Қазақстан үшін ақпараттық жүйенің дамуының зор маңызы бар. Ақпараттық жүйелер мамандығы - өте қызықты, кең ауқымды мамандық. Ол әлденеше сыбайлас мамандықтар түрлерін қамтиды. Олар: теледидар, радиохабар, аппаратура жасау және өндіру, пайдалану, арнаулы техниканы баптау. Ақпараттық жүйе маманы техникалық сауатты және ұқыпты болуы керек. Ол ақпараттың негізін құрайтын физиканың, химияның, математиканың негізгі заңдарын білуі керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]