Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мамандыа кіріспе 2 блім. ЭЭ алу тсілдері.docx
Скачиваний:
205
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
500.56 Кб
Скачать

2.2 Электр тораптары жұмысының шарттарын ескеру

 Электрберіліс желілері және электрстанциялар мен қосалқы станциялар жабдығы олардың жұмыс кезінде әртүрлі әсерлердің, мысалы атмосфералық, себебінен зақымдалуы мүмкін. Нәтижесінде тұтынушылардың электрмен жабдықталуы бұзылады. Электрстанциялар қатарлас жұмысқа біріккенде осы желілермен жеткізілетін қуаттардың шектеулі мәндерін ескеру керек. Шектеулі мәндерден асып кеткен жағдайда электрстанциялардың қатарлас жұмысының орнықтылығы бұзылуы мүмкін, бұл да тұтынушылардың электрмен жабдықталуының бұзылуына алып келеді.

Осыған байланысты қосымша мәселелер пайда болады:

- электрқондырғылар жұмысының ағымдағы режимін бақылау;

- оларды зақымдардан қорғау;

- олардың жұмысының ең үлкен экономикалық тиімділігін қамтамасыз ету мақсатымен режимді ұстап тұру немесе реттеу.

Апатқа қарсы автоматиканың құрылғылары болу керек, олар параметрлердің – кернеулердің, токтардың және т.б. өзгерулері бойынша зақымдарды табады және зақымдарды шектейді, мысалы, зақымдалған айландарды ағытады. Қорғаныс және автоматиканың бұл құрылғыларына белгілі талаптар қойылады.  Режимді – электрэнергияның қажетті сапасын, электрстанциялар арасындағы жүктемелердің ең тиімді таралуын, электр тораптары жұмысының ең тиімді режимін, жүргізу үшін режимдік автоматиканың құрылғыларына да тиісті талаптар қойылады.

Сонымен, электр тораптары жұмысының шарттарымен электр жүйелеріне, оның ішінде электрстанцияларға, кіретін барлық нысандар жұмысының шарттары байланысты. Тораптар жұмысының шарттарымен қорғаныс және автоматиканың барлық құрылғыларына қойылатын талаптар және торап элементтерінің ағытылуы және қосылуында пайда болатын найзағайдан қорғаныс және асқын кернеулерден қорғаныс құрылғыларына қойылатын талаптар анықталады.

 

3 Лекция. Электр тораптары элементтерінің номиналды кернеулері

 

       Лекцияның мазмұны: электр тораптары элементтерінің номиналды кернеулері

.

        Лекцияның мақсаты: электр тораптары стандартты номиналды кернеулерінің шкаласын зерттеу.

 

          Әрбір электр торабы оның жабдығы есептелетін тораптың номиналды кернеуімен Uном сипатталады. Номиналды кернеу электртұтынушылардың (ЭТ) қалыпты жұмысын қамтамасыз етеді, ең үлкен экономикалық тиімділікті береді және жеткізетін активтік қуатпен және электрберіліс желісінің ұзындығымен анықталады.

            ГОСТ 21128–75 айнымалы токтың 1000 В дейінгі электр тораптарының және қабылдағыштарының номиналды фазааралық кернеулерінің шкаласын ендірді: 220, 380, 660 В.

           ГОСТ 721–77 айнымалы токтың 1000 В жоғары электр тораптары номиналды фазааралық кернеулерінің шкаласын ендірді:

                  0,38, 3, 6, 10, 20, 35, 110, 150, 220, 330, 500, 750, 1150.

           3.1 кестесінде электр тораптарының жіктелуі көрсетілген, мұнда тораптар төменгі кернеуге (ТК), орта кернеуге (ОК), жоғары кернеуге (ЖК), асқын жоғары кернеуге (АЖК) бөлінген.

 

  3.1 кестесі – Электр тораптарының жіктелуі

 

 

<1

3-35

110-220

        330-750

 

 

 

ТК

 ОК

      ЖК

           АЖК

     Аймақты қамту

     Арналымы

     Тұтынушылар сипаты

 

Жергілікті Аудандық      

Таратушы

Коммуналды - тұрмыстық

Өндірістік

Ауылшаруашылық

Аймақтық

Жүйе құраушы

                -

                -

                -

         

         Электртұтынушылардың (электрқабылдағыштардың) қалыпты жұмысы үшін шарт орындалу керек:

                                               

        ЭТ жүктемесі тұрақты емес, ал жұмыс режимі өзгеруінен тәуелді өзгереді (мысалы, өндірістің технологиялық процесінің жүру барысына сәйкес), сондықтан торап түйіндеріндегі кернеу номиналды мәнінен тұрақты ауытқиды, бұл электрэнергияның сапасын төмендетеді және шығындарды туындатады. Электрқабылдағыштардың көбісі үшін орнықты аймақ кернеу ауытқуларының δU = ±5% мәндерімен шектелгенін зерттеулер көрсетті.

          Әдетте, желінің басындағы кернеу соңындағыдан артық және кернеу шығындарының шамасына айырмашылығы бар 

                                                      

Тұтынушы кернеуін U1 электр торабының номиналды кернеуіне жуықтатып және сапалы энергиямен қамтамасыз ету үшін генераторлардың номиналды кернеулері   ГОСТпен тораптың номиналды кернеуінен 5 % жоғары қойылған                                                   

          Жоғарылатқыш трансформаторлардың біріншіреттік орамдары тікелей генераторлардың қысқыштарына қосылғасын, олардың номиналды кернеулері U1ном бірдей болу керек

                                                 

         Төмендеткіш   трансформаторлардың біріншіреттік орамдары олар қоректенетін тораптарға байланысты тұтынушы болады, сондықтан шарт орындалу керек                                                    

            Соңғы кезде өндіріс тораптың номиналды кернеуінен 5 % көп біріншіреттік орамның кернеуі бар кернеуі 110–220 кВ төмендеткіш трансформаторларды шығарады.                                                    

                                    3.1 суреті – Кернеу эпюрасы

          Төмендеткіш және жоғарылатқыш трансформаторлардың екіншіреттік орамдары олар қоректендіретін торап үшін көз болып табылады. Екіншіреттік орамдардың номиналды кернеулері U2ном осы тораптың номиналды кернеуінен 5–10 % артық болады 

                                           

         Бұл қоректенетін тораптағы кернеудің құлауын өтемдеу үшін жасалынады. 3.1 сур. жоғарыда айтылғанды сипаттайтын кернеудің эпюрасы берілген.

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]