Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РГР Информатика 2008_каз1.doc
Скачиваний:
10
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
1 Mб
Скачать

3.2 Есептік-графикалық жұмысты орындауға жалпы ұсыныстар

3.2.1 Негізгі алгоритмдік құрылымдар

Негізгі алгоритмдік құрылымдарды орындау үшін – тізбекті, тармақты және цикл-әзірше атты басқару операторлары жатады; таңдау операторы, цикл-дейін және қайталану саны белгілі цикл – қосымша операторларға жатады.

Қосымша құрылымдарды негізгі құрылымдар арқылы орындауға да болады. Осы алты оператор–«goto қолданбай программалау» негізінде жатыр.

3.2.2 Программалаудың белгілі әдістері

Негізгі белгілі әдістер (кесте 3.1):

- циклға дейін жинақтаушы шаманың бастапқы мәнін немесе іздейтін шаманың болжамды бастапқы мәнін береді;

- цикл ішінде жинақтау немесе іздеу орындалады.

Кесте 3.1–Программалаудың белгілі әдістері

Программалау әдістері

Циклға дейін орындалатын амалдар

Цикл ішінде орындалатын амалдар

Қосынды жинау

S = 0

S=S+элемент

Көбейту

P = 1

P=P*элемент

Санау

K = 0

K=K+1

Ең үлкен мәнін табу

max=болжау мәні

егер (кезекті мән>max), онда max= кезекті мән;

Ең кіші мәнін табу

min=болжау мәні

егер (кезекті мәні<min), онда min = кезекті мән;

Қосынды жинау, көбейту, санау, ең кіші және ең үлкен мәнін табу жолдарының мысалдары [20]-да келтірілген.

3.2.3 Орындаушы файлды құру

Программалау ортасына байланысты Compile менюінен Build немесе Build all бұйрығын таңдаса орындаушы файл автоматты түрде өзі кұрылады. Файл қолданушы көрсеткен орында сақталады. Егерде орындаушы файл дисктен табылмаса, онда программалау ортасында кейбір реттеулерді жүргізу керек.

Мысалы, Turbo Pascal ортасында келесі амалдарды орындау қажет:

- Options менюіндегі Link Buffer контейнерінен Linker опциясынан Disk дегенді белгілеу керек. Сонда орындаушы файлды жедел (оперативтік) жадыда сақтамай, сыртқы жадыда сақтау керек екенін көрсетесіз.

- Options менюіндегі Directories опциясындағы EXE & TPU directories өрісінде орындаушы файлдың дисктегі сақталатын орынын көрсету керек.

- Options менюінен Environment - Preferences опциясының Auto save контейнерінде Environment деген сөз белгіленгенін тексеру керек, яғни ортаның сәйкес көрсеткіштері өзгеретін болсада өзі сақталынады, және қосымшалармен бірге өздері жүктеледі.

- таңдалған көрсеткіштерді Options менюіндегі Save опциясы арқылы сақтау қажет.

3.3 Бақылау сұрақтары

3.3.1 Сызықты құрылымның түрі қандай болады?

3.3.2 Тармақты құрылым қандай жұмыс атқарады?

3.3.3 Цикл деген не?

3.3.4 Қандай алгоритм құрылымдары негізгі құрылымға жатады?

3.3.5 Қандай алгоритм құрылымдары қосымша құрылымға жатады?

3.3.6 Программалаудың белгілі әдістері деген не?

3.3.7 Қандай файлдарды орындаушы файлдар? Олар қалай құрылады?

4 Есептік-графикалық жұмыс № 3. Ms Access ортасында мәліметтер қорын құру

Жұмыстың мақсаты – MS Access ортасында мәліметтер қорын құру әдістерін оқу және оны практикада қолдануды үйрену.

4.1 Есептік-графикалық жұмысқа тапсырма

4.1.1 Берілген облыс үшін (Д.1 кестесі) MS Access ортасында мәліметтер қорын құру керек. Кестелер саны үштен кем болмасын. Мәліметтер сұлбасында (Схема данных) кестеаралық байланыстарды, қатынастар типін көрсетіңіз.

Тапсырмаларды орындауға ұсыныстар. Мәліметтер қоры үшін ақпаратты Internet ресурстарынан алса болады.

4.1.2 Мастер көмегімен кестелерге мәліметтер енгізу үшін қарапайым формалар құрыңыз. Осы формалар көмегімен әрбір кестеге 20 жазбадан кем енгізбеңіз.

4.1.3 Әртүрлі таңдау шарттарын қолданып конструктор көмегімен үш қарапайым, үш параметрлік және үш қорытынды сұраныс құрыңыз. Қорытынды сұраныс құрғанда Мастера запросов қолдануға болады.

4.1.4 Мастер форм көмегімен құрылған кестелер мен сұраныстарды қолданып күрделі форма құрыңыздар.

4.1.5 Сұраныстар нәтижесін қолданып Мастер отчетов және конструктор көмегімен отчет және қорытынды отчет құрыңыздар.

4.1.6 Негізгі батырмалы форма құрып, мәліметтер қорын жүктеудің көрсеткіштерін орнатыңыздар.