Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ргр кукык.docx
Скачиваний:
19
Добавлен:
10.03.2016
Размер:
42.64 Кб
Скачать

Қазақстан респуликасының білім және ғылым министрлігі

Алматы энергетика және байланыс университеті

Электрэнергетика факультеті

«Әлеуметтік пәндер» кафедрасы

1 СЕМЕСТРЛІК ЖҰМЫС

Тақырыбы: ҚР – ның Конституциялық құқығының негіздері

Орындаған: ЭССк-12-1 тобының

студенті Молдагазы А.Е

Тексерген: аға оқытушы

Касиенова К.М.

Алматы, 2015

Мазмұны

Кіріспе..........................................................................................................................3

1. Конституция түсінігі мен мәні..........................................................................5

2. Қазақстанның конституцияының даму сатылары...........................................6

3. Қазақстан Республикасының конституциясының құрылыс негіздері..........8

Қорытынды..............................................................................................................16

Қолданылған әдебиеттер........................................................................................17

Кіріспе

Қазақстан Республикасының Конституциясы — демократиялық, өркениетті даму жолына түскен мемлекет пен қоғамның негізі, басты нормативтік актісі. Бұл нормативтік актіде бүкіл конституциялық заңдардың негізі болып табылатын құқықтық нормалар орнықтырылады. Басқаша айтқанда, Конституцяның құқықтық нормалары  конституциялық-құқықтық  қатынастарды  реттейтін  барлық  нормативтік  құқықтық актілерді  қалыптастыру  мен дамытудың негізі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының тек конституциялық құқытың ғана емес, сондай-ақ  құқықтың  басқа  да  салаларының  бастауы  ретіндегі  мәні  мынада, онда халықтың мемлекеттік еркі, олардың  құқықтық   демкратиялық  мемлекет  құру, дүниежүзілік  қауымдастыққа  оның тек  құқылы мүшесі  ретінде  қосылу жөніндегі табандылығы тікелей  көрініс  тапқан.

Конституция  конституциялық  құқықтың  басқа  бастауларынан  өзгерістер  мен  толықтырулар  қабылдаудың  ерекше тәртібін  белгілеумен  ерекешеленеді. Мұндай  тәртіп  Конституцияның  мемлекет пен  қоғамның  негізгі  заңы  ретіндегі  және  олардың тұрақтылығын  қамтамасыз  ету  қажетігінен  туындайтын  мәнінен  сипатталады.    Қазақстан  Республикасы  конституциялық  құқының  мемлекеттік мәні  бар құқытық нормаларды  белгілейтін қайнар көзінің қатарына  конституциялық  заңдар  жатады.

Қазақстан Республикасының Конституциясында, Президенттің Президент туралы, Парламент және оның депутаттары туралы, Республикалық референдум туралы Жарлықтарында Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге болатын актінің бір ғана түрі қарастырылған – ол шешім. Қаулы емес, жарлық емес, конституциялық және жай заң емес, шешім. Осындай шешім қабылданғаннан кейін Конституцияға    өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Әрине,  өзгерістер мен толықтыруларға қажеттілік Конституцияның сапасына, конституциялық қағидалардың мемлекет пен қоғамның болашақтағы стратегиялық мақсттары мен міндеттеріне  қаншалақты  сәйкес келетіндігіне, конституциялық  идеялардың  қазіргі  деңгейіне, сондай-ақ  халықаралық құқық  нормаларын  қаншалықты   бейнелей  алатындығына  байланысты  туындайды.

Егер  Қазақстан  Республикасының  Конституциясына  қатаң  талап  тұрғысынан  келсек, негізінен, ол  бұған  жауап  бере  алады. Қазақстандағы  саяси  тұрақтылық – бұл  көбіне  көп  Конституция  қызметінің нәтижесі. Мұны теріске шығаруға болмайды. Алайда, бұл Қазақстан Республикасының Конституциясы  жетілдірілмейді  деген  сөз емес. Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін. Сонымен  бірге  Конституцияның  тұрақтылығына  қамқорлық  жасап  та  отыру  қажет.

Конституциялық құқық мемлекеттегі ең негізгі құқық саласы б.т. Барлық құқық саласы одан бастау алады. Заң ғылымдарында «мемлекеттік құқық» термині «кон. құқық» орнына қолданылады. «Кон. құқық» деп атаған дұрысырақ. Себебі «ме.құқық» термині келесі себептерге сәйкес тиімсіз, тұрғындардың барлығы құқықты салаға бөлуді біле бермегендіктен, оны барлық ішкі мемлекеттік құқық ретінде түсінеді.

ҚР Конституцияылық құқығы – бұл ҚР конституциялық құрылысын ондағы адам мен азаматтардың құқықтық жағдайын мемлекеттік және жергілікті басқару органдарының мәртебесін белгілейтін конституциялық құқықтың нормаларының жиынтығы. Конституциялық құқық келесі  институттарды қарастырады: азаматтық, конституциялық құрылыс, Президент, Парламент, Үкмет, Сот, Конституциялық Кеңес, жергілікті басқару органдары.