Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ргр кукык.docx
Скачиваний:
19
Добавлен:
10.03.2016
Размер:
42.64 Кб
Скачать

1. Конституция түсінігі мен мәні

Конституция дегеніміз не? Конституция термині латын сөзінен алынған. Ол латынша – constitio, мағынасы – белгілеу, орналастыру. Ал қазіргі түсінік бойынша, Конституция – мемлекеттің Негізгі Заңы. Ғылыми, саяси, құқықтық тұрғыда Конституция материалдық, нысандық мағынада өзіндік мән-маңызға ие.

Конституция материалдық мағынада – ең бірінші, елдегі адамның, азаматтың жеке құқықтары мен бостандығын жариялайды, оған кепілдік береді, елдегі әлеуметтік құрылыстың негіздерін, басқару мен мемлекеттік құрылымның нысандарын, жергілікті, орталық билік органдарының негіздерін, құзіреті мен өзара қарым-қатынастарын, мемлекеттің рәміздерін, астанасын айқындайды, осылардың бәрі жөніндегі өкімдік акт, актілердің немесе конституциялық рәсімдердің жиынтығы болып саналады. Конституция нысандық мағынада – барлық басқа заңдарға қатысты жоғары заңи күшке ие заң немесе заңдар тобы болып есептеледі. Яғни, Конституция – елдің бірлігі, берекесі, тыныштығы, оны іс жүзінде жүзеге асыратын қуатты күш, ол – конституциялық құрылыстың құндылықтары мен институттары, нормалары, әлеуметтік байланыстар мен мемлекеттік биліктің қатынастарын мемлекеттік – құқықтық реттеу негіздері ресми түр де баянды етілетін ең жоғары құқықтық нысан, осы заманғы мемлекеттіліктің маңызды белгісі. Әрбір жеке тәуелсіз мемелекеттің ғасырлар бойы өз құнын жоғалтпай, мұра болып келе жатқан заңдар жинағы болады. Осындай Ата Заң біздің елімізде де, яғни Қазақстан Республикасында қабылданды. Бірақ, осыншама қысқа мерзімде өз Конституциямызды қабылдағанда, бізге таң қалған ел аз болған жоқ. Біз олардың ешбіреуіне мән бермей, өлшеулі уақыт, табанды талап, шығармашылық іс-әрекеттің арқасында алға қойған мақсатымызға жеттік. Сөйтіп, Қазақстан Республикасы өзін демократиялы, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемелекет екенін Конституциясымен бүкіл әлемге мойындатты. Қазақстан Республикасының Конституциясы тәуелсіз егемен мемелекеттің конституциялық дамуының жаңа кезеңіне жол ашқан акт болды. Конституцияның қабылдануы конституциялық құрылыстың құқықтық негізін қалады, мемлекеттік тетік және қоғамдық, саяси жүйенің негізгі принциптерін орнықтырды. Адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі.

Конституция Қазақстан Республикасы дербес мемелекет ретінде ұлтына қарамастан онда тұратын барлық адамдардың еркіне сәйкес құрылды. Конституцияның алғы сөзінде «Біз ортақ тарихы бар тағдыр біріктірген Қазақстан халқы...» деп жазылған сөйлемнің мағынасының тамыры өте тереңде екенін ұғуымыз керек. Бұл құр босқа жазыла салған сөз емес. Себебі, Қазақстан халқының тарихи тағдырының бірлігі Қазақстан аумағында көптеген ұлт өкілдерінің ондаған жылдар бойы бірге тұруы нәтижесінде қалыптасты. Олар әр кезеңде әр түрлі жолдармен қоныс аударды. Қазақ халқымен бірнеше ұрпақтардың өміріндегі Қазақстанда болған саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени оқиғалардың қатысушылары мен куәгерлері болды. Олар бірігіп, өздерінің тәуелсіздігін қорғай отырып, жеңіс үшін майданда бірге ерлік көрсетті.