Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ргр кукык.docx
Скачиваний:
19
Добавлен:
10.03.2016
Размер:
42.64 Кб
Скачать

Қорытынды

Қортындылай келе Конституция тек мемлекеттің ғана емес, қоғамның да Ата заңы болып табылады. Осы идеяның меншікке, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, қоғамдық бірлестіктерге, отбасына және тағы басқаларға қатысы бар екендігін ұмытпауымыз керек. Конституцияны қабылдай отырып, Қазақстан халқы мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі-өзінің егемен құқығын іске асырды. Сөйтіп, біз Конституцияда қаланған құқықтық мемлекетті және азаматтық қоғамды қалыптастыру жолын таңдап алдық. Әрине, Қазақстан халқының егемен құқығы тек Конституция қабылдаумен тиянақталып қалмайды. Ол мемлекеттің аса маңызды мәселелерін шешу үшін халықтың бойындағы барлық конституциялық- құқықтық мүмкіндіктерді де жинақтайды. Мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін талқылау және шешу кезінде әрбір құқықтық санасы жоғары азамат Конституцияда бейнеленген жауапкершілікті сезінуі қажет. Қоғамның бүгіні мен болашағы үшін, жалпы алғанда өз Конституциямызды құрметтеп, қорғап және маңыздылығын жоғалтпай сақтауымыз біздің, яғни әрбір Қазақстан Респулбликасындағы азаматтың міндеті мен парызы. Себебі, бұл Конституция - Қазақстан Республикасының Ата Заңы.

Қолданылған әдебиеттер

1. Сапарғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы. Алматы: Жеті жарғы, 2008.-536 бет.

2. Баққұлов С. Құқық негіздері. Алматы, 2004.-248 бет.

3. Оспанов Қ. Құқық негіздері. Алматы: Жеті жарғы, 2006.-296 бет.

4. Баянов Е. Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері. Алматы, 2003.-692 бет.

5. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Елорда, 2008.-56 бет.