Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Методичка_Инфор_14_05.doc
Скачиваний:
162
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
15.75 Mб
Скачать

Абай Құнанбаев

Абай (Ибраһим) Құнанбаев Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.

Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.

Абай 10 тамыз 1845 ж. қазіргі Семей облысының Шыңғыс тауларында Қарқаралының аға сұлтаны Құнанбайдың төрт әйелінің бірі, екінші әйелі Ұлжаннан туған.

Абайдың еңбектері

  1. Бейне және әндер

  • Artemis – Көзімнің қарасы

  • Дара тобы "Желсіз түнде жарық ай"

  • Подарок Сталину Soundtrack және т.б.

  1. Поэмалар

  • ЕСКЕНДIР

  • МАСҒҰТ

  • ӘЗІМ ӘҢГІМЕСІжәне т.б.

  1. Қара сөздер

  • 1-45

  1. Аудармалар

  • Піл мен қанден (И. А. Крыловтан)

  • Шегірте мен құмырсқа (И.А.Крыловтан)

  • Қарасам қайғыртар жұрт бұл заманғы (М. Ю. Лермонтовтан)

  • Қарға мен түлкі (И.А.Крыловтан) және т.б.

V. Өлеңдер

  • Жаздыкүн шілде болғанда

  • Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат

  • Көзімнің, қарасы

  • Ғылым таппай мақтанбажәне т.б.

Бет параметрлері. Парақ параметрлерін белгілеу үшін Қою=>Бет нөмерлері (Вставка => Номера страницы) командаларын орындаймыз. Бет нөмірдерін қоюдың бірнеше нұсқалары беріледі. Мысалы: Беттің жоғары жағында, беттің төмендегі жағында және бет өрістерінде. Сонымен қатар, мұнда беттің нөмерін қоюды пішімдеуге болады. Ол үшін Бет нөмірін пішімдеуді таңдаймыз. Бет нөмірін пішімдеу (Формат номера страниц) сұқбат терезесі ашылады. Мұнда бет нөмірлерін ұай цифрдан басталатынын және т.б. таңдауға болады.

6 Зертханалық жұмыс

Жұмыстың тақырыбы: Microsoft Word мәтіндік редакторында кесте құру әдістері және ұяшықтарды біріктіру, бөлу; кестені пішімдеу

Жұмыстың мақсаты: Microsoft Word мәтіндік редакторында кесте құруды және ұяшықтарды біріктіру мен бөлуді, сонымен қатар оларды пішімдеуді үйрену.

Жұмыстың мазмұны:

MS Word мәтіндік редакторында мәтіндік редакторында кесте құрудың 3 әдісі бар:

1. Қою=>Кесте (Вставка=>Таблица) батырмасына басып керек бағаналар мен қатарлардың санан ерекшелейміз (6.1-сурет).

6.1-сурет. Кесте қою

2. Қою=>Кесте=>Кесте қою (Вставка=>Таблица=> Вставить таблицу) батырмасына басамыз. Экранда пайда болған Кесте қою (Вставка таблицы) сұқбат терезесінде бағаналар мен қатаралардың санын көрсетіп Ok батырмасына басамыз (6.2-сурет).

6.2-сурет. Кесте қою

3. Қою=>Кесте=>Кесте салу (Вставка=>Таблица=> Нарисовать таблицу) батырмасына басу арқылы кестені қарындаштың көмегімен саламыз (6.3-сурет).

6.3-сурет. Кестені қарындаштың көмегімен салу

Кестені пішімдеу үшін құжатқа кестені қойғаннан кейін пайда болатын Кестемен жұмыс=>Конструктор (Работа с таблицами=>Конструктор) лентасындағы батырмаларды пайдаланамыз. Мұнда кестенің стилін, сызықтың типін, түсін таңдаймыз (6.4-сурет).

6.4-сурет. Кестені пішімдеу

Ұяшықтарды біріктіру үшін керек ұяшықтарды ерекшелеп алып, Макет=>Ұяшықтарды біріктіру (Макет=>Объединить ячейки) батырмасына басамыз (6.5-сурет) немесе жанама мәзірден Ұяшықтарды біріктіру (6.6-сурет) командасын таңдаймыз.

6.5-сурет. Кестені пішімдеу

6.6-сурет. Кестені пішімдеу

Ұяшықты бірнеше ұяшыққа бөлу үшін ұяшықты ерекшелеп, Макет=>Ұяшықтарды бөлу (Макет=>Разбить ячейки) батырмасына басамыз (6.5-сурет) немесе жанама мәзірден Ұяшықтарды бөлу (6.7-сурет) командасын таңдаймыз.

6.7-сурет.

Ұяшықты немесе кестені өшіру үшін Макет=>Өшіру (6.8-сурет) батырмасына басамыз немесе жанама мәзірден Ұяшықтарды өшіру (6.9-сурет) командасын таңдаймыз.

6.8-сурет. Ұяшықты өшіру

6.9-сурет. Жанама мәзір арқылы ұяшықты өшіру

Кестеге ұяшық қою үшін Макет лентасынадағы батырмаларға басамыз немесе төмен жағына орналасқан стрелкаға басып, ашылғанҰяшықты қосу (6.10-сурет) сұқбат терезесіндегі керек команданы таңдаймыз.

6.10-сурет. Ұяшық қосу сұқбат терезесі