Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Методичка_Инфор_14_05.doc
Скачиваний:
163
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
15.75 Mб
Скачать

Ана туралы

Ананың сүті — бал,

Баланың тілі — бал.

***** Ананың ізін қыз басар, Атаның ізін ұл басар. ***** Анаңа ауыр сөз айтпа, Атыңа ауыр жүк артпа. ***** Анаңды Меккеге үш арқалап апарсаң да қарызынан құтыла алмайсың. ***** Ана сүті бой өсіреді, Ата тілі ой өсіреді. ***** Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды. ***** Анасыз өмір — сөнген көмір. ***** Анасын көріп қызын ал, Аяғын көріп асын іш.

Ақыл туралы

Адамның жүзі ақылдың айнасы. ***** Айғайлы жерде ақыл аз. ***** Айла алтау, ақыл жетеу — айлаға ақыл қосылса, алдырмайтын екеу. ***** Айлалы түлкі алдырмас. ***** Айласыз батыр алдырар. ***** Айтысып сөзге келгенше ақылмен жөнге кел. ***** Ақыл адам көрігі, ақылдың сабыр серігі.

Осы тапсырманы теріп, жұмыс столына «Тапсырмалар» бумасын құрып WordPad тапсырмасы атауымен сақтау қажет.

6-тапсырма. Paint графикалық редакторында келесі тапсырманы орындаңыздар:

Нұсқау: Жұмыс үстелінің көшірмесін Paint бағдарламасына қою қажет, ол үшін жұмыс үстелін ашып тұрып PrtScr батырмасын 2 рет басып Paint бағдарламасын ашып, Правка-Вставить әмірін орындау қажет.

3.5-сурет. Жұмыс үстеліп Paint графикалық редакторына көшіру

7-тапсырма. Келесі суреттерді Paint графикалық редакторында салыңыздар:

Өзіндік жұмыстар:

1. «Операциялық жүйенің даму тарихы» тақырыбына реферат.

2. «Internet Explorer» тақырыбына реферат.

3. «Операциялық жүйе түрлері» тақырыбына реферат.

4. «Желілік операциялық жүйе» тақырыбына реферат.

5. «Linux операциялық жүйесі» тақырыбына реферат.

6. «MS DOS операциялық жүйесі» тақырыбына реферат.

7. «Операциялық жүйе ядросы» тақырыбына реферат.

8. «Windows XP» операциялық жүйесін орнатуға байланысты әдістемелік нұсқау жазу.

9. «NetWare — желілік операциялық жүйесі» тақырыбына реферат.

10. «Sun Microsystems» тақырыбына реферат.

11. «Java Desktop System» тақырыбына реферат.

12. «BSD (Berkeley Software Distribution)» тақырыбына реферат.

13. «Android операциялық жүйесі» тақырыбына реферат.

14. «Windows Mobile  операциялық жүйесі» тақырыбына реферат.

15. «Slackware Linux» тақырыбына реферат.

16. «UNIX – операциялық жүйелерді стандарттау» тақырыбына реферат.

17. «Операциялық жүйелердің көпесептілігі» тақырыбына реферат.

18. «Жүйелік бағдарламалық қамсыздандыру» тақырыбына реферат.

19. «Утилиталар» тақырыбына реферат.

20. «Ашық операциялық жүйелер» тақырыбына реферат.

4 Зертханалық жұмыс

Жұмыстың тақырыбы: Microsoft Word мәтіндік редакторы туралы жалпы мағлұмат

Жұмыстың мақсаты: Microsoft Word мәтіндік редакторында мәтін енгізу, оны редактрлеу мен пішімдеуді және символдармен жұмыс істеуді үйрену.

Жұмыстың мазмұны:

Microsoft Word мәтіндік редакторы құжаттарды дайындауға, редактрлеуге және қағазға басып шығаруға арналған қолданбалы программа. Ол — мәтіндік және графикалық ақпараттарды өңдеу барысында жүзден аса операцияларды орындай алатын ең кең тараған мәтін редакторларының бірі.

Программаны іске қосу үшін төмендегідей әрекеттерді орындаңыз: Бастау => Бағдарламалар => Microsoft Office => Microsoft Word (Пуск => Все программы => Microsoft Office => Microsoft Word).

Бағдарламаны іске қосқаннан кейін төмендігей терезе пайда болады:

4.1- сурет. MS Word 2007 мәтіндік редакторының терезесі

MS Word 2007 мәтіндік редакторының интерфейсі алдыңғы нұсқаларына қарағанда айтарлықтай өзгешелігі бар. MS Word 2007 мәтіндік редакторы терезесінің сипаттамасы:

1. Терезенің сол бұрышында “Office” түймешесі орналасқан. Бұл түймешеде жаңа құжат құру, құжатты ашу, сақтау, баспаға жіберу және т.с.с командалар бар (4.2-сурет).

4.2-сурет.Office” түймешесі

2. Терезенің келесі қатарында мәзір лентасы орналасқан. Әрбір мәзірде қызметіне қарай топтастырылған батырмалар бар. Оның қандай да бір пунктін таңдау арқылы біз таңбаша түрінде берілген қажетті құралдарды аламыз (4.3-сурет).

4.3-сурет. Мәзір лентасы

3. MS Office 2007-нің барлық қосымшаларында бас менюдің лентасы мен астарлы бетінен басқа жылдам қызмет панелі бар. Ол лентаның жоғарғы жағында "Office" түймешесінің жанында орналасқан. Онда жиі орындалатын операциялар бар (4.4-сурет).

4.4-сурет.

4. Одан кейін көлденең және тік сызғыштар орналасқан. Сонымен қатар, жұмыс алаңы және қалып күй қатары орналасқан (4.5-сурет).

4.5-сурет. Қалып –күй қатары

Мәтінді пішімдеу

Мәтінді пішімдеу үшін керек фрагменті ерекшелеп алып, Басты (Главный) бетіндегі пішімдеуге керек құралды пайдаланамыз (4.6-сурет) немесе Басты=>Шрифт (Главная=>Шрифт) жанындағы стрелкаға басып, Шрифт сұқбат терезесін ашамыз (4.7-сурет).

4.6-сурет. Мәтінді пішімдеуге арналған құралдар

4.7-сурет. Мәтінді пішімдеуге арналған Шрифт сұқбат терезесі

Мәтіннің шекарасынан шегініс

Белгілі ендегі мәтінді теру үшін абзацтағы мәтіннің шегінісін белгілеу қажет. Ол үшін көлденең сызғышты (4.8-сурет) пайдалануға болады немесе Басты=>Абзац (Главная=>Абзац) жанындағы стрелкаға басып, Абзац сұқбат терезесін ашамыз (4.9-сурет). Көлденең сызғыштың жоғары маркерін жылжыту арқылы керек абзацты белгілеуге болады.

4.8-сурет. Көлденең сызғыш

4.9-сурет. Абзац сұқбат терезесі

Жол аралағының интервалын белгілеу үшін Абзац сұқбат терезесін ашамыз (4.9-сурет) немесе Басты (Главная) бетіндегі Жол аралагының интервалы (Межстрочный интервал) батырмасына басып керек интервалды таңдаймыз (4.10-сурет).

4.10-сурет. Жол аралығының интервалын таңдау

1- тапсырма. Астана қаласы туралы мәтінді теріп, оны пішімдеңіз.

АСТАНА

Астана — Қазақстан Республикасының елордасы. Астанада 697 257 адам тұрады (1 қаңтар 2011). Қазір қаланың аумағы 200 км2 алып жатыр. Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында,Есілөзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан.Қаланың атауы қазақ тілінен алынған. Қазақша ол сөз елдің бас қаласы дегенді білдіреді. Астана сөзі қазақ тіліне парсы тілінен ауысқан. Онда ол "киелі орын", "босаға" деген мағыналарға ие. Астанада Сарыарқа ауданы,Алматы ауданыжәнеЕсіл ауданыбар.

АСТАНА 1830Ж.ЕСІЛӨЗЕНІНІҢ ЖАҒАСЫНДАҚАЗАҚ-ОРЫСТАРӘСКЕРЛЕРІ НЕГІЗІН ҚАЛАҒАН БЕКІНІСТЕН БАСТАУ АЛАДЫ.

  • 1862ж. Ақмола қала мәртебесін алды.

  • 1962 ж. қалаға Целиноград атауы берілді.

  • 1997ж. егемен Қазақстанның Президенті Н. Назарбаев Жарлығымен елорданы АлматыданАқмолағакөшіру туралы шешім қабылдады.

  • 1998 ж. 6 мамыр жаңа елорданың атау Астана болып өзгертілді.

  • 1998ж.10 шілдеҚазақстанныңжаңа елордасы — Астананың халықаралық тұсауы кесілді.

  • 1998ж. ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды. Бұл атақ қысқа мерзім ішінде әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуда неғұрлым әсерлі әрі қуатты өсуге, тұрақты этникааралық қатынасты орнықтыруға қол жеткізе алған ғаламшардың жас қалаларына беріледі.Бразилиядаөткізілген бұл конкурста Астана барлық өлшемдер бойынша әлемнің әр түрлі елдерінің он екі қаласын басып озды.

Шекара және бояуы. Мәтінді бояу және жақтауға алу үшін мәтінде ерекшелеп алып, Разметка страницы=>беттің жиектері (Разметка страницы=>Границы страниц) батырмасына басамыз. Жиектер бетін таңдап, жиектің типін жән түсін таңдаймыз (3.11-сурет).

4.11-сурет. Мәтінге жиек қою

2- тапсырма. Шақыру билетін төменде берілгендей етіп пішімдеңіз.

ШАҚЫРУ

Құрметті әріптестер!!!