- •1.1. Фотометриялық шамалар, олардың энергетикалық шамалармен байланысы.
- •1.2.Дисперсияның электрондық теориясының негіздері
- •2.1.Геометриялық Оптика Негізізгі Заңдылықтары
- •2.1.Жарықтың жұтылуы. Бургер заңы
- •3.1. Ферма принципі және оның қолданылуы.
- •4.1. Жарықтың фазалық және топтық жылдамдығы. Релей формуласы
- •4.2.Жарықтың эллипстік поляризациялануы
- •1.Дисперсия түрлері бақылау әдістері
- •2.Микроскоптың ажырату қабілеті
- •6.1. Фраунгофер дифракциясы. Дифракциялық тор және оның спектрлік сипаттамасы.
- •6.2. Электромагнит толқындардың поляризация түрлері
- •7.1. Ақ жарықты қарапайым түстерге жіктейтін физикалық құбылыстар.
- •7.2. Фотоэлементтер және фотокөбейткіштер
- •1. Жарықтың шашырауы. Релей заңы
- •2.Фотоэффект құбылысы, Эйнштейн теңдеуі
- •1.Спектр түрлері және олардың пайда болу табиғаты
- •1.4. Электромагниттік толқындар спектрі
- •9.2.Линзалардағы және оптикалық құралдардағы сәулелердің жолдары. Жұқа линзаның формуласы.
- •1.Тербелістің когеренттілігі. Когеренттіліктің ұзындығы мен уақыты.
- •2.Анизотроп кристаллдардың түрлері.
- •11.1. Кескінді голографиялық жазудың физикалық әдістерінің негіздері.
- •11.2. Поляризация жазықтығы айналуының теориясы
- •1.Фотондар қатысқан процестердегі энергияның және импульстің сақталу заңдары. Комптон эффектісі
- •2.Жарық рефракциясы туралы түсінік. Лоренц - Лорентц формуласы.
- •13.1. Толық ішкі шағылу. Жарық жетекшілер.
- •13.1.Дифракциялық тордың сипаттамалары
- •14.1. Жасанды анизотропия. Электр өрісінің кристалдардағы жеке деформация тудыру
- •14.2. Қосарланып сыну құбылысы. Поляроидтар
- •15.1. Жарықтың электромагниттік табиғаты.Электромагниттік толқындардың шкаласы
- •16.1. Жарықтың электромагниттік табиғаты
- •19.1. Интерференция құбылысының техникада қолданылуы
- •19.2. Қалыпты және «аномаль» дисперсия. Оны бақылау әдістері.
- •20.1.Төрттен бір, жарты, бір толқын ұзындығына тең қалыңдықтағы пластина.
- •20. 2.Френельдің аумақ әдісі. Амплитуданы график арқылы анықтау.
- •21.1.Екі диэлектрик шекарасына түскен электромагниттік толқындар. Френель формуласы
- •21.2.Брюстер заңы.Шағылған және сынған толқындар үшін электр өрісінің кернеулік векторының е бағыты.
- •22.1.Бірдей қалыңдықтардағы жолақтар.Ньютон сақиналары.
- •22.2. Жарықтың электромагниттік табиғаты.Электромагнит толқындардың шкаласы.
- •2) Ортаның оптикалық тығыздығы, Оның ортаның қасиетімен байланысы
- •1 Сурет.
- •Материалдың сыну коэффициенті ( 20°с, түсі жасыл сәулелер үшін)
- •24 Билет
- •2) Оптикада қолданылатын шамалардың өлшемдіктері
- •25.1. Диэлектриктер үшін Максвелл теңдеулері.
- •25.2. Геометриялық оптика негізіне алынған заңдар
- •26.1. Пуассон дағы және оның қалыптасуы
- •26.2. Оптикалық жүйелердің аберрациялары (кемістіктері)
- •18.2. Адам көзіндегі кескіннің қалыптасуы.
4.1. Жарықтың фазалық және топтық жылдамдығы. Релей формуласы
Толқындық
пакет.
Қатаң (идеал)
монохроматты
толқын-бұл идеализация. Мұндай толқындар
табиғатта жоқ. Кезкелген реал толқынды,
Фурье теоремасына сәйкес, амплитудалары
мен қайсыбір
аралықтағы жиіліктері әр түрлі
монохроматты толқындардың суперпозициясы
ретінде қарастыруға болады. Бір-бірінен
жиіліктері бойынша айырмашылығы аз (
)
толқындардың суперпозициясынтолқындық
пакет
немесе толқындар
тобы
деп атайды. Толқындық пакеттің қайсыбір
уақыт мезетіндегі түрі 1-суретте
көрсетілген. Толқындық пакеттің аумағында
монохроматты құраушылар бірін-бірі
күшейтеді, ал пакеттен тыс іс жүзінде
бірін-бірі өшіреді.
Вакуумда пакетті құрап тұратын барлық монохроматты толқындар
(1)
бірдей
фазалық жылдамдықпен
таралады, мұндағы
- толқындық сан. Осындай жылдамдықпен
толқындық пакеттің өзі вакуумда өзінің
пішінін өзгертпей таралады.
Топтық жылдамдық. Дисперсиялаушы ортада толқындық пакет жайылады, өйткені оның монохроматты құраушыларының жылдамдықтары бір-бірінен өзгеше болады да, осындай толқынның жылдамдығы ұғымын айқындап алу қажет.
Егер
дисперсия болмашы аз болса, онда толқындық
пакеттің жайылуы өте тез болмайды. Осы
жағдайда толқындық пакетке оның «ауырлық
центрің орын ауыстыратын
жылдамдықты таңуға болады. Бұл топтық
жылдамдық деп аталатын жылдамдық. Топтық
жылдамдықтың
(2)
өрнегімен анықталатындығын тиісті есептеу жүргізіп көз жеткізуге болады.
Осы формуланы амплитудалары бірдей бір-бірінен толқын ұзындықтарында (жиіліктерінде) біршама айырмашылық бар екі толқынның суперпозициясы мысалында түсіндірейік. 2а-суретте бұлардың қайсыбір уақыт мезетіндегі салыстырмалы орналасуы,
ал
2б-суретте
бұлардың суперпозиция нәтижесі
көрсетілген. Бізге керегі пакеттің
амплитудасы максимум болатын нүктесінің
орын ауыстыру жылдамдығы – бұл толқындық
пакеттің жылдамдығы топтың жылдамдық
болады. Оның шамасын анықтаймыз.
Осы екі монохроматты толқындардың теңдеулері:
,
.
Бұлардың қабаттасуы нәтижесінде қосынды толқын пайда болады:
(3)
Осы өрнекті амплитудасы мына заң бойынша өзгеретін

монохроматты толқынның теңдеуі ретінде қарастыруға болады.
Осыдан, мысалы, амплитуданың максимумына сәйкес келетін нүктелер мына заң бойынша

қозғалатындығы
келіп шығады, бұдан
.
Жақша ішіндегі шама топтық жылдамдық
(2) болады.
Топтық
жылдамдық үшін өрнекті басқаша түрге
келтіруге болады. (1)-ге сәйкес
-ны
арқылы алмастырып, мына өрнекті аламыз:
. (4)
және
болатындықтан, (4) өрнегін былай жазуға
болады.
. (5)
Бұл
Рэлей
формуласы
деп аталатын формула. Қалыпты дисперсия
аймағында
топтық жылдамдық
фазалық жылдамдықтан кіші болады.
дисперсия жоқта топтық жылдамдық фазалық
жылдамдықпен бірдей болады.
қисығы
бойынша топтық жылдамдықты табудың
қарапайым амалы бар. Ол 3-суретте
көрсетілген. Толқындар тобы
жағдайында
қисығының
жіңішке аумағындағы кішкене бөлігінің
ғана ролі болады.
қисығына А нүктесі арқылы жүргізілген
жанаманың ордината осінен қиятын кесінді
-ға
тең, яғни берілген
толқын ұзындығы үшін топтық жылдамдыққа
тең болады.
Мысал
ретінде сыну көрсеткішінің электромагниттік
толқынның жиілігінен
тәуелділігі белгілі ортадағы топтық
жылдамдық үшін өрнекті табайық.
Топтық
жылдамдықтың анықтамасына – (2) формулаға
сүйенеміз. Фазалық жылдамдық
болатынын ескеріп, мынаны аламыз
.
Енді
туындыны алайық:
.
Осы
жанаманың кері мәнін, яғни
-ны
(2) формулаға қойғанда іздеп отырған
нәтиже шығады
.
Жоғарыда келтірілген формулалармен есептелген топтық жылдамдық кейбір жағдайларда вакуумдағы жарық жылдамдығынан үлкен болып шығады. Мысалы, аномаль дисперсия аймағында осылай болады. Бұл салыстырмалық теориясына қайшы келмейді, өйткені толқындық импульс таралу процесінде өзінің пішінін іс жүзінде өзгертпейтін жағдайда ғана топтық жылдамдық сигналдың жылдамдығы болады. Аномаль дисперсия аймағында импульс күшті деформацияға ұшырайды; осындай жағдайларда топтық жылдамдық белгілі физикалық мазмұнын жоғалтады.
Топтық жылдамдық және энергияның тасымалдануы. Электромагниттік толқынмен тасымалданатын энергияның таралу жылдамдығы жайындағы мәселені қарастырайық. Бәрінен бұрын атап өтетін нәрсе, ол монохроматты толқынның фазалық жылдамдығы энергияның тасымалдану жылдамдығына ешқандай қатысы жоқ. Фазалық жылдамдық кеңістіктің әртүрлі нүктелеріндегі тербелістердің фазалары арасындағы байланысты ғана анықтайды.
Қатаң монохроматты толқын сигнал беру үшін жарамайды, өйткені ол уақыт бойынша және кеңістікте басталуы да, аяқталуы да болмайтын шектеусіз синусоида. Сондықтан сигналдың таралуы амплитуда өзгерістерінің орын ауыстыруымен байланысты болады. Топтық жылдамдық мағынаға ие болатын жағдайларда, яғни электромагниттік импульс жайылмай (пішінін өгертпей) таралатын жағдайларда, ол энергияның тасымалдану жылдамдығына дәл келеді.
Сонымен күшті жұтылу аймағынан алыс аймақта толқындар тобындағы энергияның тасымалдану жылдамдығы топтық жылдамдықпен дәл келеді. Жарық жылдамдығын тікелей өлшеулер белгілі уақыт аралығында жарық сигналы (импульсы) жүріп өтетін қашықтықты өлшеуге саяды. Осы әдіс топтық жылдамдықты береді. Жарық жылдамдығын өлшеудің жанама әдістерінде де топтық жылдамдық алынады. Ал фазалық жылдамдықты (дәлірек айтқанда екі әртүрлі орталардағы фазалық жылдамдықтардың қатынасы) сыну көрсеткіштерінің қатынасы бойынша немесе сыну заңын пайдаланып анықтауға болады.
