Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Практика - Айдана.docx
Скачиваний:
40
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
118.66 Кб
Скачать

Химия және химиялық технология факультетінің

«Физикалық химия, катализ және мұнайхимиясы» кафедрасының

2 курс магистранты Ерденбекова Айдана Несипбековнаның

Жоғары мектеп педагогикалық практикасына

Хаттама

Сынақ сабақтарын талдау:

Негізгі мәліметтер:

Өткізу уақыты: 6.12.2014. 1135 – 1510

Өткізу орны: ҚазҰУ, Химия және химиялық технология факультеті

Сабақтың формасы: семинар

Аудитория,курс,топ: 414 ауд, 2 курс, ХТНВ – 201Р

Сабақтың тақырыбы: «Скорость химической реакции, влияние различных факторов на скорость гомогенных и гетерогенных реакций в замкнутой системе. Основной постулат химической кинетики. Константа скорости химической реакции, ее физический смысл, размерность. Кинетические уравнения формально простых гомогенных односторонних реакций 0, 1, 2, 3, n-го порядков в закрытых системах».

1. Магистранттың есеп беруі

Магистранттың есеп беруінің қысқаша мазмұны: сабақтың барысы теориялық білімді практикалық есептерде қолдану тұрғысында өтті. Тақырыпқа байланысты анықтамалар беріліп, осы анықтамаларға байланысты мысалдар келтірілді. Семинардың материалы жеткілікті деңгейде, логикалық түрде және бірізділікпен мазмұндалған.

2. Комиссияның бағалауы

А) Жағымды жақтарын бекіту: Ерденбекова Айдана семинар сабағын тиісті деңгейде өткізді, сабағының мақсаты толығымен қамтылды. Магистрант өзінің ісіне деген қабілеттігін, жауапкершілігін жақсы жағымен көрсете білді. Түсіндірген материалдарын жақсы меңгерген. Тақырып өте жақсы мазмұндалып, семинардың барлық сұрақтары толығымен ашылды.

Б) Негізгі ескертпелер

  1. Мақсатқа сүйену, жоспар, мативация: Өткізілген сабақтың алдыңғы дәрістермен тығыз байланыста екенін атап өту қажет.

  2. Негізгі мазмұны: Мұнда семинардың жүйелігі, логикалығы сабақты түсіндіру барысында ерекшеленді, ал мақсаты мен жоспары сабақтың барысында айтылды.

  3. Семинар жургізудің техникасы (жургізуі, мәтінге байланыстылығы, танымдық іс-әрекеттерге белсенділігі, аудиторияның қызығушылығы және т.б.): Мұнда жалпы сабақтың ашық түсіндіру түрінде жеткізілгендігі ескерілді.

  4. Студенттердің іс-әрекеттері (белсенділігі, кері байланыс және т.б.): Негізінен студенттермен байланыс сабақтың басында орын алуы тиіс. Сонымен қатар, олардың қойған сұрақтары да басты мәселе болып табылды. Осындай сұрақтарға нақты, іргелі, тиянақты және түсінікті тілде жауап беру өте маңызды.

3. Комиссия қорытындысы: Семинар сабағы жақсы деңгейде өткізілді. Магистрант-практикант өзінің білімділігін жақсы жағынан көрсете білді. Дәріс сабағын студенттерге тиімді, логикалық және оңай тілмен түсіндіре алды. Осыған байланысты, оның жұмысын ____________бағалауға болады.

Ғылыми жетекші: х.ғ.к., доц.

Сыздыкова Л.И.

Педагогикалық х.ғ.д., проф.

тәжірибе кураторы: Оспанова А.К.

Педагог: п.ғ.к., доцент

Оналбеков Е.С.

Психолог: п.ғ.д., профессор

Ташимова Ф.С.

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті