Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Практика - Айдана.docx
Скачиваний:
40
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
118.66 Кб
Скачать

Химия және химиялық технология факультеті физикалық химия, катализ және мұнайхимиясы кафедрасы

Химия мамандығының ІІ курс магистранты

Ерденбекова Айдананың

Педагогикалық тәжірибе бойынша күнделігі

Алматы 2014 ж

Тәжірибенің басталу мерзімі: «1» қыркүйек 2014 ж.

Тәжірибенің аяқталу мерзімі: «13» желтоқсан 2014 ж.

Тәжірибе өтетін орын: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Химия және химиялық технология факультеті

Мекен-жайы: Алматы қ., әл-Фараби даңғылы,71.

- «Жалпы және этникалық педагогика»

кафедрасының оқытушысы: п.ғ.к., доцент Оналбеков Е.С

.

- «Жалпы және этникалық психология»

кафедрасының оқытушысы: п.ғ.д., профессор Ташимова Ф.С.

Магистрант-практиканттың күнделігінің мазмұны

Қызмет түрі

Өткізілген күні

Жұмыстың нәтижелері

Педагогикалық практиканы жүргізу ережелерімен танысу

1.09.14- 6.09.14

  • Жоғары мектеп педагогикалық практикасын жүргізу үшін жетекші таңдадым.

  • Жетекшімнің сабақ кестесімен, сабақ беретін топтарын қарап таныстым.

  • Жетекшіммен ақылдасып ХТНВ-201р тобына физикалық химия пәнінен педагогикалық практиканы жүргізуді шештік.

  • Педагогикалық практиканы жүргізудің университет бойынша бекітілген ережелерімен таныстым.

  • Сабаққа қатысып практика жүргізетін топтың студенттерімен таныстым.

Педагогикалық практикада өтетін сабақтардың жоспарын құрастыру

8.09.14- 13.09.14

  • ХТНВ-201р тобының силлабусын жетекшімнен алдым.

  • Силлабусқа сараптама жүргізіп, дәрістермен, семинар сабақтармен, зертханалық жұмыстармен таныстым.

  • Жетекшіммен кеңесіп өзіме міндетті семинар, дәріс және зертханалық жұмыстарды таңдап алдым.

  • 1 семестрде өтетін сабақтардың жоспарын құрдым.

  • Жетекшімнің алғашқы дәрісін тыңдап, дәріс беру әдіс-тәсілін бақыладым.

Кафедра мұғалімінің сабағына қатысу

15.09.14-20.09.14

  • Физикалық химия пәніне байланысты кітаптар, материалдар іздедім.

  • Зертханалық жұмыстармен таныстым, әдістемелік кітаптар жинақтадым.

  • Физикалық химия пәніне байланысты есептер жинағын іздедім, интернеттен электрондық кітаптар жүктедім.

  • Физикалық химия кафедрасының мұғалімдерінен дәріс, семинар жүргізуге байланысты ақыл-кеңес сұрадым.

  • Жетекшімнің дәрісіне қатысып, дәріс беру шеберлігіне назар аудардым.

Зертханалық сабақты жүргізу

22.09.14-27.09.14

  • Определение энтальпии нейтрализации зертханалық жұмысының теориясын оқып, түсініксіз сұрақтарды іздедім.

  • Зертханалық жұмыстың есебін шығарып, жетекшіме алып барып, тексерттім.

  • Зертханалық жұмысқа байланысты басқа әдебиеттерді қарастырып, оқыдым және студенттерге қойылатын сұрақтарды дайындадым.

  • Алдыңғы аптадағы лекция бойынша мини бақылау сұрақтарын дайындап жетекшім тексерттім.

  • Студенттерден зертханалық жұмыстың теориясын жұмыс барысын сұрап жұмыс жасауға жібердім.

Семинар сабағын жүргізу

29.09.14-4.10.14

  • Термодинамиканың ІІ заңын әр түрлі әдебиеттерден салыстырмалы оқып, конспект жасадым.

  • Термодинамиканың ІІ заңына, энтропияға, энтропияның температураға тәуелділігіне Кудряшов есептер жинағы бойынша есептер шығардым.

  • Шығарған есептерді жетекшіме тексерттім, түзетулер мен толықтырулар енгіздім.

  • Алдыңғы сабақта жазған мини бақылауды тексеріп, балын қойып, жетекшіме айттым.

  • Сабақта Термодинамиканың ІІ заңына байланысты есептерді шығарып, шығарылу жолын талқыладық.

Физикалық химия пәніне байланысты әдебиеттер қарастырдым

6.10.14-11.10.14

  • Алдыңғы аптадағы химиялық потенциал тақырыбы бойынша ғылыми әдебиеттерді оқып, қарастырдым.

  • Химиялық потенциал тақырыбы бойынша мини бақылау сұрақтарын жасап, жетекшіме тексерттім.

  • Кафедра мұғалімдерінің физикалық химиядан сабақтарына қатысып, тыңдадым.

  • Интернеттен осы аптадағы лекцияға байланысты материалдар жинақтадым.

  • Студенттерден мини бақылау жұмысын алдым, определение энтальпии нейтрализации жұмысының есептелуін қабылдадым.

Зертханалық сабақты жүргізу

13.10.14-18.10.14

  • Алдыңғы аптада жазған мини бақылауды тексеріп балл қойдым.

  • Дәріс тақырыбына байланысты біраз әдебиеттерді оқып, керек жерін жазып алып отырдым.

  • Изучение взаимной растворимости жидкостей в двойных и тройных системах зертханалық жұмысын оқып жұмысқа байланысты әдебиеттерді оқыдым.

  • Зертханалық жұмыстың есебін шығарып, жетекшіме тексертіп, толықтырулар енгіздім.

  • Студенттерден зертханалық жұмыс теориясын қабылдап, жұмыс жасауға жібердім.

Жұмыстың есебін қабылдау

20.10.14-25.10.14

  • Тепе-теңдік константасына байланысты бірнеше әдебиеттерді қарап оқыдым, конспект жасадым.

  • Интернеттен тепе-теңдік константасына байланысты қосымша ақпарат іздеп, толықтырулар жасадым.

  • Тепе-теңдік константасына байланысты мини бақылау сұрақтарын жасадым.

  • Кафедра мұғалімдерінің физикалық химиядан сабақтарына қатысып, тыңдадым.

  • Студенттерден изучение взаимной растворимости жидкостей в двойных и тройных системах зертханалық жұмысының есебін қабылдадым, мини бақылау жаздырдым.

Дәріс оқу

27.10.14-1.11.14

  • Гиббстің фазалар ережесі, еркіндік дәрежесі, Клайперон-Клаузиус теңдеуі, 1-ші және 2-ші текті ауысулар тақырыбын әр түрлі әдебиеттерден оқып, конспект жасадым.

  • Біркомпонентті жүйелердің диаграммасын, судың диаграммасын әдебиеттерден оқып, конспект жасадым.

  • Дәріс бойынша жалпы конспектті жетекшіме тексертіп, түзетулер мен толықтырулар енгіздім.

  • Гиббстің фазалар ережесі бойынша презентация жасадым.

  • Гиббстің фазалар ережесі бойынша алғашқы дәрісімді оқыдым.

Дәріске байланысты мини бақылау сұрақтарын жасау

3.11.14-8.11.14

  • Дәріс материалдарын қайта қарап шығып, жіберген қателіктеріме анализ жасадым.

  • Гиббстің фазалар ережесі бойынша мини бақылау сұрақтарын құрастырдым.

  • Кафедра оқытушыларының дәрістерін тыңдап, қорытындылар жасадым.

  • Интернеттен дәріс тақырыбы бойынша қосымша ақпарат іздедім.

  • Студенттермен біркомпонентті жүйелерді зерттеп, еркіндік дәреже санын есептедік, мини бақылау алдым.

Зертханалық сабақ жүргізу

10.11.14-15.11.14

  • Екі компонентті жүйелердің балқу диаграммасын, Рычаг ережесін әдебиеттерден оқып, зерттедім.

  • Комплексті марганец оксалатының ыдырау жылдамдығын спектрофотометрлік өлшеу зертханалық жұмысымен толығырақ таныстым.

  • Комплексті марганец оксалаты жұмысының есептелуін жүргіздім.

  • Екі компонентті жүйелер бойынша мини бақылау сұрақтарын құрастырдым.

  • Студенттерден комплексті марганец оксалатының ыдырау жылдамдығын өлшеу жұмысының теориясын сұрап, жұмысқа жібердім.

Семинар сабағын өткізу

17.11.14-22.11.14

  • Алдыңғы сабақтағы мини бақылау сұрақтарын тексеріп, балл қойдым.

  • Екі компонентті жүйелердің балқу диаграммалары бойынша семинар сабақтарына дайындалдым.

  • Балқу диаграммаларының түрлері туралы интернеттен қосымша ақпарат іздестірдім.

  • Ерітінділер, Рауль заңы тақырыптары бойынша мини бақылау сұрақтарын жасадым.

  • Студенттерден мини бақылау алдым, зертханалық жұмыстың есебі мен қорытындысын қабылдадым.

Дәріс оқу, тәрбие сағатын өткізу

24.11.14-29.11.14

  • Химиялық кинетика, реакция механизмі, реакция жылдамдығы тақырыбы бойынша әдебиеттерден материалдар жинап, дәріске дайындалдым.

  • Жасаған конспектімді жетекшіме тексертіп, түзетулер енгіздім.

  • Химиялық кинетика тақырыбы бойынша презентация жасадым.

  • Тәрбиесіз алған білім-адамзаттың қас жауы тақырыбында ашық тәрбие сағатын ұйымдастырып, факультет мұғалімдері мен студенттерін шақырдық.

  • Химиялық кинетика, химиялық реакцияның механизмі, жылдамдығы, химиялық кинетиканың негізгі постулаты тақырыбында ашық дәріс өткіздім.

Дәріс оқу, семинар сабағын жүргізу

1.12.14-6.12.14

  • Химиялық кинетика тақырыбы бойынша мини бақылау сұрақтарын дайындадым.

  • Химиялық реакцияның жылдамдық константасы, 0,1,2,3 және n-ші ретті қарапайым бірбағытты реакциялардың кинетикалық теңдеулерін әдебиеттерден оқыдым.

  • Химиялық кинетика тарауы бойынша есептер шығарып, жетекшіме тексерттім.

  • Химиялық реакцияның жылдамдық константасы дәрісіне презентация жасадым.

  • Студенттерге дәріс оқыдым, мини бақылау жұмысын алдым.

Қорытынды шығару

8.12.14-13.12.14

  • Химиялық кинетиканың жылдамдығы, кинетиканың негізгі постулаты тақырыбында мини бақылауды тексеріп, балл қойдым.

  • Студенттердің соңғы өзіндік жұмыстарын тексердім.

  • Бақылау жұмыстарын тексердім.

  • Соңғы Темкин-Шварцман әдісімен есептелетін есеп түріндегі зертханалық жұмыстарын тексердім.

  • Жетекшіммен бірге барлық жинаған балдарын қосып қорытынды шығардық.