
- •2. Қылмыстық заңның міндеттері, жүйесі
- •5. Қылмыстық құқықтық нормалардың түрлері және олардың сипаттамасы.
- •6. Қылмыстық құқықтық нормалардың құрылысы, диспозиция және санкциялардың түрлері.
- •7. Қылмыстық жауаптылықтың түсінігі және жауаптылықтың негізі
- •8. Қылмыстық жауаптылықтың сатылары, олардың сипаттамасы
- •9. Қылмыстық жауаптылықтың өзге құқықтық жауаптылық түрлерімен ара қатынасы.
- •10. Қр қылмыстық құқығы бойынша қылмыстың түсінігі мен белгілері.
- •11. Қылмыстың теріс қылықтан айырмашылығы.
- •12.Қылмыстық құрамының түсінігі және «қылмыс» ұғымымен арақатынасы
- •14. Қылмыстық құрамының міндетті және қосымша белгілері және олардың құқықтық сипатамасы.
- •19. Қылмыстың объективтік жағының міндетті белгілері және олардың сипаттамасы.
- •31.Қылмыскердің жеке басы және қылмыс субъектісі ұғымдарының ара қатынасы.
- •33. Аяқталмаған қылмысты әрекеттердің түсінігі және түрлері.
- •34. Қылмысқа дайындалудың белгілері және оның құқықтық салдары
- •35. Қылмысқа оқталу және оның түрлері.
- •36.Қылмыс жасаудан өз еркімен бас тарту және оның салдары.
- •37. Шын жүректен өкіну, оның белгілері, салдары.
- •38. Бірге қатысушылардың түсінігі, түрлері.
- •43. Іске аспаған қылмысқа қатысушылық үшін жауаптылық.
- •45. Қылмысқа қатысушының қылмыстан бас тартуы және оның салдары
- •46. Қылмысқа қатысушының шектен шығушылығы (эксцесс)
- •51.Қылмыстардың жиынтығының түсінігі және түрлері, және квалификациялау тәртібі.
- •52. Қылмыстың қайталануының (рецидив) түсінігі, түрлері және квалификациялау тәртібі.
- •62. Қосымша жазалар және олардың сипаттамасы
- •63. Аралас жазалар және олардың сипаттамасы
- •65. Қоғамдық жұмыстарға тарту жазасының сипаттамасы
- •67. Асановтың әрекеті Қылмыстық кодекстің 9-бабының 2-бөлімінде көрсетілген ережеге сай келе ме?
- •69.Есеп.
- •72. Кәмелеттік жасқа толған Сәлімов пәтер ұрлау үшін топ құрды. Топтың құрамына 12 жасар Шөкеев, 15 жасар Асқаров кірді. Осы топ бірнеше ұрлық жасады және тағы да бөтен пәтерге кіру кезінде ұсталды
- •1. Қылмыстың субъектісі кім болып табылады?
- •2. Аталған адамдар арасында қылмысқа қатысушылықтың белгілері бар ма?
- •76. Төлеев көршісі Ивановты өлтіруді көздеп, күртешесінің астына балта тығып, Ивановтың үйіне кетіп бара жатырғанда полицияның учаскелік инспекторына ұсталды.
- •1. Төлеевтің әрекеттері қылмыс жасаудың қай сатысында тоқтатылды?
- •77.Ауыл дүкенінен Дрыгин және Моисеев бағалы заттар ұрлау үшін Носовпен уәделесті. Бірақ кейін Носов өзінің уәдесін орындай алмайтындығын айтып бас тартты.
- •78. Кобиков Семеновтың пәтеріне балкон арқылы кіріп, магитафонды алып кетті. Біраз уақыттан кейін ол ұрлық жасау мақсатымен сол пәтерге қайтып кірді, бірақ пәтер иесіне ұсталып қалды.
- •79. Ғалым дәрігерлер Гусев және Малошенко мүгедіктікке .....
33. Аяқталмаған қылмысты әрекеттердің түсінігі және түрлері.
Кез келген қылмыс белгілі бір кезеңдерден немесе сатылардан өтеді. Көп жағдайда адам қылмыс жасауға даындалып барып, өз ниетін іске асырады. Ниет жүзеге асса, толыққанды аяқталған қылмыс, жасаушыға қатыссыз себептермен жүзеге аспай қалса, не өзі бас тартса, аяқталмаған қылмыс болып табылады.
Аяқталмаған кылмыс әрекеттері дегеніміз – қасақана кылмыс бойынша
тікелей қасақана қылмыс бойынша тікелей қасақаналықпен жасалатын қылмысты жасауға бағытталған әрекеттермен кінәлінің еркінен тыс себептермен аяғына дейін жеткізілмеуі болып табылады.
Аяқталмаған қылмыстардың қатарына қылмыстық құқық қылмысқа даярлану мен оқталуды жатқызады. Қылмыстық заңның Ерекше бөліміндегі баптардың диспозицияларында тек аяқталған қылмыстардың белгілері келтірілген . Аяқталмаған қылмыстардың ерекшелігін білдіретін белгілердің қатарына мыналар жатады:
1. Аяқталмаған қылмыстар тек қасақана, оның ішінде тікелей қасақана әрекеттермен жасалады. Жанама қасақаналықпен қылмысқа оқталу немесе даярлану әрекеттері адамның қылмыстың орындалуын білдіретін немесе зардапқа деген психикалық қатынасында кездеспейді.
2. Аяқталмаған қылмыстарды кінәнің рекіне тәуелсіз себептерге байланысты қылмыстың аяғына дейін жеткізілмеуі адамның қылмысты әрекеттік жасауын өз еркімен түпкілікті тоқтатуына немесе туындауы мүмкін зардапты дер кезінде өзінің алдын-алуына байланысты болса, онда қылмысты аяғынадейін жеткізуден бас тарту ретінде бағаланады және өзге әрекеттерінде басқа қылмыстың белгілері болмаса қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
3. Аяқталмаған қылмысты құрайтын әрекеттер қоғамға қауіпті деп бағаланады, себебі қылмысқа дайындалу немесе оқталу әрекеттерінде адамды қауіпті ой-ниет орын алады және ол аяғына дейін жеткізілуі мақсатын көздейді, сонымен қатар заңмен қорғалатын мақсатқа жету үшін осындай мүдделерге қарсы бағытталған әрекеттердің алғашқы сатысы көрініс алады.
Аяқталған қылмыстармен аяқталмаған қылмыстардың басты айырмашылығы , ол аяқталмаған қылмысты әрекеттерде қылмыстық құқықта бейнеленген қылмыс құрамы белгілерінің толық болмауы болып табылады. Аяқталмаған қылмыстардың ерекшелігінің бірі, ол әдетте заңмен қорғалатын обьектілерге зардап келмеуі немее зардап келген де кінәлінің ойындағыдай емес, одан төмен деңгейде болып табылады. Мұндай зардаптар келгенде немесе қорғалуға жататын обьектілерге нұқсан келтірілгенде іс-әрекеттің аяқталмаған қылмыс ретінде бағалану себебі ,ол қылмысты квалификациялау ережесінде кінәнің қасақаналығының бағыты қолданылатынына байланысты.
Аяқталмаған қылмыстық әрекеттерде қылмыстың құрамы барма деген сұрақ туындайды.Аяқталмаған әрекеттерде аяқталмаған қылмыстық құрамы бар деп есептеледі.
34. Қылмысқа дайындалудың белгілері және оның құқықтық салдары
Тікелей ниетпен қылмыс құралдарын немесе қаруларын іздестіру, әзірлеу немесе бейімдеп жасау, қылмысқа қатысушыларды іздестіру, қылмыс жасауға сөз байласу не қылмыс жасау ушін өзге де қасақана жағдайларды жасау, егер бұл орайда қылмыс адамның еркіне байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейін жеткізілмесе, қылмысқа дайындалу деп танылады.
Қылмысқа дайындалудың белгілері ;
дайындық іс-әрекеттердін жасау ;
Қылмыс құралдарын іздестіру
қылмыс құралдарын жасау
қылмысқа қатысушыларды іздестіру
қылмысжасауды жеңілдететін өзге әрекеттер жасау
қылмыс жасауға топты құру – Апенов бойынша
Сонымен, қылмыс істеуге дайындалу мынадай белгілермен сипатталады: 1) дайындық іс-әрекеттерін жасау; 2) қылмысты тек тікелей қасақаналықпен істеу; 3) оның қылмыс құрамын толық орындауға дейін үзіліп қалуы 4) қылмыс адамның еркінен тыс жағдайларға байланысты істелмеуі.- кітап бойынша
Еркінен тыс себептермен қылмысты аяғына дейін жеткңзе алмаудың себептері;
құқық қорғау орг біліп қоюы
Қылмыс құралдарының жарамсыз болуы
Азғырған адамдардың кенеттен бас тартуы немесе келіспеуі
Ауыр және аса ауыр қылмыстарға дайындалғаны үшін жауапкершілік туындайды.
Дайындалудың алдында адамда қасақаналық туындайды.
Қылмыс жасауға дайындалғаны үшін қылмыстық жауаптылық ҚК-тің аяқталган қылмысқа арналған бабы бойынша 24 баптың тиісті бөлігіне сілтеме жасай отырып басталады.
Субъективті жағынан дайындық әрекеттерін әр уақытта да тікелей қасақаналыөпен істеледі.