Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
27-01-2013_10-52-07 / ОСЭТТ гос БАЯН.doc
Скачиваний:
78
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
150.53 Кб
Скачать
  1. Жинау-жуу және тазалау жұмыстарына арналған жабдықтар

Тазалау- жуу жұмыстарының көлемі мен құрамы автомобильдің ластануымен анықталады. Ластану деңгейі тасымалдаулар қандай жолдармен жүргеніне ( қатты, шаң жолдар), құрғақ және ылғалды ауа-райында , қандай климаттық аумақта орналасқанына, жұмыстың жазда немесе қыста орындалғанына байланысты да анықталады. Автомобильдің барлық сыртқы беттері ( жоғары, бүйірлік, төменгі беттері), сонымен қатар мотор маңы, капот асты кеңістігі, кузовтың іші, автобус салоны периодты түрде жуып- тазалап тұруды қажет етеді. Жуу жұмыстары тазалау жұмыстарына қарағанда механизациялауға көбірек келеді. Тазалап –жуу жұмыстарын жүргізу технологиясы мынадай: автомобильдің кабинасын, салонын немесе кузовын тазалайды, автомобильді сыртынан жуады, автомобильді құрғатады немесе терезелерін сүртеді. Бұл жұмыстарды автомобильді сыттай жуу аймағында ұйымдастырылады.

Автомобильді жуу тәсілдері орындалу тәсіліне қарай бөлінеді:

  • Қолмен жуу

  • Механикаландырылған жуу

  • Комбинацияланған жуу.

Қолмен жуған кезде су ағымының төменгі қысымы 0,2-0,4МПа, ал жоғарғы қысымы 1,0-2,5 МПа.

Механикаландырылған жуу арнайы қондырғылармен жүргізіледі, құрылысы мен пайдалану жағдайына байланысты былай бөлінеді:

  • Жұмыс органының конструкциясына байланысты: ағынды, щеткалы, ағынды щеткалы.

  • Автомобиль мен қондырғының жұмыс органының салыстырмалы жылжуына байланысты: өтпелі және қозғалмалы.

  • Пайдалану жағдайына қарай: тұрақты және жылжымалы.

  • Басқару тәсіліне қарай: қолмен басқарылатын және автоматты.

Тазалау- жуу жұмыстарына арналған жабдықтар былай бөлінеді:

  • Тазалау жұмыстары мен автомобильдің кузовын санитарлық өңдеуге арналған жабдықтар;

  • Автомобильді жууға арналған жабдықтар;

  • Жуып болған соң автомобильді үрлеу мен құрғатуға арналған жабдықтар;

  • Өндіріс жағдайында регенерацияланған суды пайдалануға арналған қосымша жабдықтар.

Қазіргі кезде ең көп тараған М-130 маркалы ағынды щеткалы жуу қондырғысы. Оның техникалық сипаттамасы:

1)типі: тұрақты, автоматты

2) өнімділігі: автомобиль (сағат 50-70)

3) су шығыны: литр ( автомобиль 600-1200)

4) су қысымы: 3,8 МПа

5) электр қозғалтқыштардың жалпы қуаты : 45кВт

6) габариттік өлшемдері: 7500х5500х40000 мм

7) массасы: 1200 кг

  1. Байқау және көтеру-тасымалдау жабдықтары

Автомобильге техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын орындау кезінде жұмыстың көбісі (40-45%) көліктің астыңғы жағында орындалады. Сондықтан да автокөлік мекемесі КТ және КТЖ-мен қамтамасыз етілуі қажет.

Байқау және КТЖ –на ТҚ көрсету және ТЖ кезінде автомобильдің бүйірі мен астыңғы бөлігінде орналасқан механизмдер мен детальдарға, агрегаттарға еркін қол жеткізуді қамтамасыз ететін жабдықтар жатады. Бұл жұмыстар автомобильді жартылай немесе түгелімен көтеріп қойып кейде көтермей-ақ орындалады.

Байқау жабдығына канавалар мен эстакадалар жатады. Автомобильдің канаваға шығып- түсу тәсіліне байланысты тұйық және түзу өтпелі болып бөлінеді. Канавалар ені бойынша тар (колея аралық ) және кең, ал құрылысы бойынша колея аралық және бүйірлік , көпірі бар және дөңгелектерді көтеріп қоятын, трансшеялы және оқшауланған болып бөлінеді. Канава ұзындығы автомобиль ұзындығынан кем болмауы керек, бірақ одан 0,8 масып кетпеу керек. Тереңдігі ( жол просветін есептегенде ) жеңіл автомобильдер үшін 1,4-1,5 м, ал автобустар мен жүк автомобильдері үшін 1,2-1,3 м. Тар колея аралық канавалардың ені 1,1 метрден аспауы тиіс. Канаваларды электрлік жабдықтарымен вентиляциямен және жылумен жабдықтайды.

Байқау канаваларының кемшіліктері : қызмет ету персонал деңгейінде автомобильдің барлық агрегаттарына жетудің шектеулігі, тек 1- этаждарда салынады.

Эстакадалар автомобильдің шығу- түсу , рампа бағыттарының еңіс бұрыштары 20-25 болатын жерден 0,7-1,4 м биіктікте орналасатын берік көпір. Тұйық және түзу өтпелі, тұрақты және жылжымалы, материалына байланысты темір- бетонды немесе металдық болып бөлінеді.

Соседние файлы в папке 27-01-2013_10-52-07