Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
айгерім.doc
Скачиваний:
33
Добавлен:
15.02.2015
Размер:
90.11 Кб
Скачать

Бала тәрбиелеудегі белсенділікті арттыру

Оқыту ісі мен тәрбие ісінде мектеп пен ата-ананың,тәрбиешілер,сынып жетекшілерінің ролі өте үлкен.Еліміз келешекте әлем кеңістігіндегі бәсекеге қабілетті елдердің алдыңғы қатарында болудымақсат етіп отыр.Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында білім мен ғылымды дамыту,жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу мәселелері көтерілді.Сондықтан білім берудің мазмұны жаңарып,жаңа көзқарас,басқаша қарым-қатынас,өзгеше менталитет пайда болып,мектеп,отбасы,қоршаған әлеуметтік ортаның бала тәрбиесіндегі бірлігіне ұмтылыс жасалуда.

Бала тәрбиесінде басты рөл атқаратын әке мен ана болғандықтан,өз тәжірибемізде ата-аналармен жұмысты жоспарлап,олардың мектеппен тығыз байланыс жасауына ықпал ету керек.Ата-аналар жиналысын алдын-ала жоспарлап,түрлендіре өткізуге тырысу керек.Жиналыстың өзін түрлендіре өткізу ата-аналардың жиналысқа қатысу белсенділігін көтеріп,қызығуын арттырады.

Тәрбие жұмысында ата-аналармен төмендегідей жұмыстар жүргізіп жүргізіп,жетістіктерге жетуге болады:

  1. Жиналыста ата-аналармен танысу барысында психологиялық жағдай туғызып,түрлі ойын түрлерін қолдану.

  2. Ата-аналарды оқушылардың үлгерімімен таныстырып отыру.

  3. Ата-аналардың білім деңгейлері мен әлеуметтік жағдайларын зерттеп,ьала тәрбиесіндегі белсенділіктерін анықтау,соның қорытындысы бойынша жұмыстар жүргізу.

  4. Бала тәрбиесіндегі өзіндік рөлін анықтаумақсатында психологиялық тест алып,нәтижесімен таныстыру.

  5. Ата-аналардың педагогикалық білімдерін көтеру мақсатында түрлі баяндамалар оқып,талдау жасау.

  6. Үйдегі оқу-мектептегі оқудың жалғасы екенін түсіндіре отырып,«Баланы сабаққа қалай дайындау керек?», т.б тақырыптарда хабарлама жасап,өз пікірлерін ортаға салуға жағдай жасау.

  7. Ашық есік күнін белгілеп,сабақтарға қатыстыру,мерекелік шараларға шақыру.

  8. «Әкем,анам,мен»,«Мен қандай ата-анамын?» тақырыптарында сайыстар өткізіп,«Өнерлі ата-ана»,«Үздік ата-ана»,«Мейірімді ата-ана» т.с.с. номинациялар тағайындап,жеңімпаздарды анықтау.

  9. Үшінші,төртінші сыныптарда «Егер мен ата-ана болсам...» тақырыбына әңгіме жаздырып,оны ата-анасына таныстыру.

  10. Жазғы демалысты тиімді өткізуге (көркем әдебиет оқу,табиғат аясына саяхат жасау,мұражайларға,мәдени орындарға ертіп бару,жазғы демалыс орындарына жіберу) бағыт-бағдар беру.

Осындай мазмұнда жүргізілген жұмыстар ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттырып,оқу тәрбие ісінде жетістіктерге жетуге ықпал етеді.

Сынып жетекші жоспарының мазмұнына өзінше төмендегідей талаптар қойылады:

-мектеп түлегінің бейнесін жүзеге асыруға бағыттылық;

- жоспардың шынайылығы,осы сынып оқушыларының тәрбиелігіне сәйкестігі;

-оқушылардың жетекші қызығушылықтары мен жас ерекшеліктерін есепке алу;

-сынып өмірін ұжымдық шығармашылық негізінде құру;

-жұмысты балалардың өмірлік және жеке мәселелерімен сәйкестендіріп жоспарлау;

-сыныпта тәрбие жұмысының балалар үшін өзекті мазмұны мен формаларын еркін таңдау.

Тәрбие жұмысының жоспары,құрылымы мен мазмұны бойынша бір-бірінен ерешеленеді:

-түйінді істер бойынша жоспарлау(В.А.Караковский);

-күнтізбелікті жоспарлау;

-кесте-жоспар;

-әрекеттер түрі бойынша жоспарлау(Н.Е.Щуркова);

-тұлғаның базалық мәдениеті бойынша жоспарлау(О.С.Гас.)

Тәрбие жұмысы жоспарының моделі:

  1. Мектептегі(сыныптағы) жағдайды мәселелік-бағдарлық талдау.

  2. Осы сатыдағы түлек бейнесімен байланысты негізгі тәрбиелік міндеттер.

  3. Тәрбие жұмысының нәтижесінің болжамы(осы сатыдағы түлек моделіне жақындық дәрежесі).

  4. Сыныптың өмірлік әрекеті.

  5. Ата-аналармен жұмыс.

Тәрбие жұмысының моделі.

  1. Өткен оқу жылындағы тәрбие жұмысының нәтижесін қысқаша талдау.

  2. Тәрбие жұмысының мақсаттары мен міндеттері.

  3. Тәрбиенің болжаған нәтижелері.

4.Мақсат,міндеттерге жету бойынша істердің кешені.

Кез-келген білім мекемесінің өмірін оның перспективалық және күнтізбелік жұмысының,мектеп шараларын даярлау және өткізудің,мекеме басшысының,оның орынбасарларының ата-аналармен,оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының,сыныптағы тәрбие жұмысының жоспарларынсыз көз алдымызға елестету ойын.Тәрбие үрдісінің бұлай жоспарлау педагогикалық жағдаяттар өрбуінің күңгірттігін біршама азайтып қана қоймайды,ол бүгінгі және ертеңгі күнгі жұмыстың сабақтастығын,оқушылардың оқу және тәрбие үрдісін реттеп жүйеліжүргізуді қамтамасыз етеді.

Тәрбие жұмысын дұрыс жоспарлау дегеніміз- тәрбие жұмысының тиімділігін арттырудың маңызды алғышарттарының бірі,өйткені жоспар мектептің тәрбиелік жүйесін жетілдіру мен дамыту жолдарын,стратегиясын сауатты түрде анықтауға көмектеседі.

Практикалық әрекет үшін жоспар күнделікті ағымдық шаралардың жүйелі өтуіне көмектесуімен де маңызды болып табылады.Күнделікті ағымдағы істер мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастырушының шамадан тыс жұмыс басты болуының бір себебі екені де белгілі.Мақсатты бағытталған,әрі нақты жоспарланған кезде ғана тәрбие жұмысы тиімді нәтиже бермек.