Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
айгерім.doc
Скачиваний:
33
Добавлен:
15.02.2015
Размер:
90.11 Кб
Скачать

Тәрбие мәселелерінің ұстанымдары:

-тәрбие ісінің өмірмен тығыз байланыстылығы;

-тәрбие мен білім берудің сабақтастығы;

-тәрбие ісінің үздіксіз жүргізілетін процесс екендігі;

-әр адамның жеке-дара қабілетін ашуға мүмкіндік туғызуы;

-әр адамның жеке басты ерекшелігін дамыта отырып,ұлттық менталитетінің жоғары болуын қадағалау;

-гуманистік көзқарасты қалыптастыру;

-тәрбие ісінің мәдени қарым-қатынас арқылы іске асырылатынын еске ала отырып,тәрбие түрлерін бір-бірімен кіріктіре,кешенді түрде іске асыру.

Педагогтың білгір психолог болуы,бала жанын жазбай тани білуі керек.Сонда баланың өз бойындағы іскерлік қасиеттеріне деген сенім туғызады.Жас ұрпақты мақсаткерлікпен жұмыс істеп,өмір сүруге жетелейді.

Оқыту мен тәрбие ісін туыстастырып жақындататын фактор осы екі процестің бірлестігі болып табылады.Оқыту ісіндегі сияқты тәрбие жұмысында да түсіндіру,әңгіме,сұрақ-жауап (тест арқылы),сендіру,жаттықтыру(әдеттендіру),бақылау, жазалау,мадақтау т.б әдістері қолданылады.

Жоғарыда көрсетілген әдістер оқыту мен тәрбиелеу істерінің бірлігін дәлелдеп қана қоймайды,сонымен бірге ол қарым-қатынасты қалыптастырудың логикалық,әдістемелік тұтастығын да айқындай түседі.

Сендіру-тәрбиенің ең маңызды әдісі.

Сендіру тәрбиенің көпшіліктен ерекше қолдау тапқан негізгі,басты әдістерінің бірі болып саналады.

Бұл әдістің психологиялық негізі - баланың іске асырғысы келетін іс-әрекеттің ой-санасынан ерекше орын алуында жатыр. Сендіру әдісі арқылы оқушылармен тәрбие сағаттарын кешенді түрде жүргізу керек. Жеке тұлғаны эстетикалық жағынан адамгершілік, имандылық тұрғысынан тәрбиелеп, қалыптастырудың қажеттілігін ашып көрсету, олардың өз мінез-құлқын осы заман талабына сәйкес жетілдіруге сенімін арттыру керек.Оны іске асырудың маңызды құралы ретінде-әңгіме, кештер мен конференциялар, саяси хабарлар, айтыстарды қолдануға болады.

Осы шығармашылық жұмыста тәрбие әдісінің үш жолы бар.Олар:

Тәрбие жұмысының мазмұны.

-Жеке басының ғылыми дүниетанымын қалыптастыру(қоғамда әр адам еңбек етуге міндетті.Алайда еңбекке әр түрлі көзқарастың қалыптасуы мүмкін.Баланың еңбекке ынталы түрде қатынасуы немесе қалай болса солай,нем кетеді деген пиғылды қарауы мүмкін).

-Оқушыны адамгершілік тұрғыда тәрбиелеу(жеке бастың қасиеті-мінез-құлықта қалыптасып,тұрақты орын алған іс-әрекет).

-Оқушының эстетикалық талғамын қалыптастыру

Осы процесті қалыптастыру үшін:

1) баланың бойында сол қасиетке деген қажеттілік сезімді туғызу;

2) бала бойындағы қасиеттерден тегін тануға деген құмарлықты арттыру;

3) жақсы қасиеттерді игерудің іс-тәжірибелік жағын,яғни білім;білік дағдыларын жаттықтыру арқылы меңгерту;

4) осы қасиеттерді меңгертіп бойға сіңіру үстінде кездесетін кедергілерді жеңе білуге баланың еркін,күш-қайратын шыңдау;

Тәрбие өзінің шынайы міндетіне жауап беру үшін балаларда жас кезінен бастап,ең маңызды адамдық қасиеттерді:адамгершілік,аяушылық,төзімділік,имандылық, әдептілік,мейірбандық,шыншылдық,т.б дамыту керек.

Қазіргі жағдайларда бұл талаптарды жүзеге асырудың мынадай мүмкіндіктері бар:

1. Рухани-адамгершілік құндылықтарды кез-келген пәнді оқытудың мазмұнына енгізу.

2. Сыныптан тыс сабақтарды баланың адамдық асыл қасиеттерді игеруіне ықпал ететіндей бағытта ұйымдастыру.

3. Жеке пән ретінде жүргізілетін тәрбие сабақтардың бағдарламасына енгізу.