Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Ауыл шаруашылыын мемлекеттік реттеу жне басару

.doc
Скачиваний:
33
Добавлен:
12.03.2016
Размер:
62.46 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министірлігі

М.Ауезов атындагы Оңтустік Қазақстан

Мемлекеттік университеті

Реферат

Тақырыбы: Ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеу және басқару.

Орындаған: Әблашимов С

Тобы:ЮМ-13-1к6

Қабылдаған:_____________

2015

Ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеу және басқару.

1.Ауыл шаруашылығын мемлекеттік басқарудың түсінігі, мәні, қағидалары.

2.Ауыл шаруашылығын мемлекеттік басқарудың және реттеудің мақсаты және міндеттері.

3. Мемлекеттік реттеу мен басқарудың қызметі, әдістері және нысаны.

4.Ауыл шаруашылығын мемлекеттік басқаруды жүзеге асырушы органдардың жүйесі және құқықтық мәртебесі.

5.ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің, облыстық және аудандық ауыл

шаруашылығы басқармаларының қызметі және міндеттері.

Агроөнеркәсіптік өндірісті дамытуды мемлекеттік реттеу дегеніміз

мемлекеттің ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, өңдеу және таратуға,

агроөнеркәсіптік өндірісті өндірістік-техникалық қамтамасыз етуге және

материалдық-техникалық қамтамасыз етуге, Агроөнеркәсіптік кешендегі

кәсіпорындардың шаруашылық қызметін ұйымдастыруға нормативтік

актілер шығару жолымен әсер етy, мемлекеттік билік органдарының

ұйымдасқан қызметін жүзеге асыру және экономикалық әдіс арқылы реттеуді

жүзеге асыратын ауыл шаруашылық органдардың жалпы құзыретін басқару.

Ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеудің бір кӛрінісі ауыл

шаруашылығы өндірісін басқару. Ауыл шаруашылығы өндірісін басқару

дегеніміз ауыл шаруашылығы тауар өндірушілігінің және барлық ауыл тұрғындарының қолайлылығына қол жеткізу үшін мемлекеттің аграрлық

саясатын жүзеге асыруға бағытталған және мемлекетпен жүргізілетін

шаралар кешені.

Мемлекеттің белгілі бір мақсатқа жетуі үшін ішкі бірлігін, құрылымын,

мәнін анықтайтын бастаушы идеялар мемлекеттік басқарудың қағидалары

деп аталады.

Ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеу қағидалары:

-мемлекет ішінде сыртқы экономикалық және сала аралық

қатынастарды ауыл шаруашылығына белгілі жеңілдіктер бекітетін аграрлық

протекционизм қағидасы;

-реттеудің индикативті әдістерін пайдалану;

-әр түрлі деңгейде қабылданатын мақсатты бағдарламалардың

орындалуына бақылаудың негізінде бағдарламалық реттеу қағидасы;

-ауыл шаруашылығы өндірісін және агроөнеркәсіптік кешенді

толығымен басым дамыту;

-ауыл шаруашылығы мен басқа экономиканың салалары арасындағы

экономикалық сәйкестікті қолдау, ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің,

өнеркәсіп еңбеккерлерінің табыс деңгейін жақындастыру;

-ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының қызметіне мемлекеттік және

басқа да шаруашылық құрылымдардың тікелей араласуына жол бермеу;

-ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының өндірістік - шарушылық

қызметті өз бетінше жүзеге асыруына кепілдік беру; т.б.

Мемлекеттік реттеудің объектілері болып өндірістік-шаруашылық,

әлеуметтік және олармен байланысты басқа да ауыл шаруашылығы қызметі

саласындағы аграрлық қатынастар. Мемлекет нарық қатынастарының даму

деңгейіне қарай алдына әр түрлі мақсаттар қояды.

Ауыл шаруашылығын мемлекеттік басқарудың және реттеудің мақсаты

және міндеттері.

Экономиканың аграрлық секторын мемлекеттік реттеу, басқару ҚР-сы

Президентінің 2002 жылғы 5 маусымдағы қабылданған «ҚР- ның 2003-2005

жылдарға мемлекеттік ауыл шаруашылық азық түлік бағдарламасында»

анықталған мақсаттар мен міндеттерге тікелей байланысты. Бағдарламадағы

міндеттерге жету үшін мемлекет келесідей міндеттерді орындау керек:

- елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

- агробизнестің ұтымды жүйесін құру;

- ауыл шаруашылығы өнімін сату мөлшерін арттыру және оның ішкі

және сыртқы нарықта өңделуін арттыру;

-ауыл шаруашылығы өндірісін мемлекеттік қолдау шараларын арттыру.

Ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеу әкімшілік және

экономикалық әдістердің негізінде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік реттеу мен басқарудың қызметі, әдістері және нысаны.

Әкімшілік әдісте мемлекеттің еркі нақты көрсетілген және белгілі бір

тыйым салулар ескерілмеген жағдайда мемлекет тарапынан күштеу

шарасының қолданылатындығын көрсетеді. Бұл әдіс тараптардың заң алдындағы теңсіздігін көрсетеді, құқықтық байланыс билік бағыну

қағидасына негізделген. Бұл әдіс негізінен ауыл шаруашылық

өндірушілердің заңдылықты және тәртіпті сақтауына бақылауды жүзеге

асыруда қолданылады.

Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік басқаруда маңызды орынға

экономикалық әдістер ие. Экономикалық реттеу әдісі ауыл шаруашылық

кәсіпорындарының өндірістік шаруашылық қызметтерінің өз бетіншелігін

қамтамасыз етеді, яғни аграрлық қызметті жүзеге асырушы тараптардың

экономикалық мүдделі болуына негізделеді.Экономикалық механизм өзіне

барлық ынталандыру әдістерін кіргізеді, мысалы, жоспарлау, қаржыландыру,

несие беру, салық салу, материалдық ынталандыру.

Мемлекеттік басқарудың нысандары үш негізде жүзеге асырылады:

1)құқық шығармашылық - мемлекеттік органдардың басқару

қатынастарын реттеуге бағытталған нормативтік актілер жасауы және

қабылдауы;

2)құқық қолданушылық - нақты әрекеттерді жүзеге асыру жолымен

басқарушық нормативтік актілерін қолдануға бағытталған мемлекеттің

қызметі;

3)құқық қорғаушы - мемлекеттік нормативтік актілерде көрсетілген

талаптарды бүзған немесе орындамаған тұлғаларға жазалайтын шаралар

бойынша мемлекеттің қызметі.

Ауыл шаруашылығын мемлекеттік басқаруды жүзеге асырушы органдардың

жүйесі және құқықтық мәртебесі.

ҚР-да ауыл шаруашылығын реттеу және басқару органдары құзыретіне

байланысты төмендегідей бөлінеді:

-Жалпы құзыретті реттеу және басқару органдары.

Оларға ҚР-ның Президент аппараты, ҚР-ның Парламенті, Үкіметі,

жергілікті атқарушы және өкілді органдар жатады.Бұл органдардың ауыл

шаруашылығын реттеу және басқару ерекшелігі, олардың осы қызметті өз

құзыретіне қатысты басқа да міндеттермен, яғни экономиканы дамыту,

әлеуметтік саланы, денсаулық сақтау, білім беру, т.б. дамытуды басқару және

т.б. қызметтермен қатар атқаруында болып тұр.

-Арнайы құзыретті басқару органдары.

Олар Ауыл шаруашылығы министрлігі, оның құрылымдық

бөлімшелері, ауыл шаруашылығын басқарудың аумақтық органдары,

мемлекеттік ауыл шаруашылық инспекциялары,т.б. Ауыл шаруашылығы

министрлігінің құзыреті ҚР - сы Үкіметінің 2002 жылғы 7 қазандағы

Қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы

министрлігі туралы» ережеде анықталған.Оған сәйкес министрлік елдің

ауыл, орман, балық, аңшылық шаруашылықтарын, ерекшк қорғалатын

табиғи аумақтар, су ресурстарын, өсімдік, жануарлар әлемін басқару,

ауылдық аумақтарды, ауыл шаруашылық машина жасау, ветеренария,

фитосанитария, асыл тұқымды мал шаруашылығында, суландыру, ирригация, дренаж салаларын басқарудың, мемлекеттік саясатты ұйымдастыру мен

жүзеге асыруды заң шегінде салааралық үйлестіреді.

-Функционалды құзыреті бар органдар.

Оларға ҚР-ның Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі,

Кеден комитеті, ҚР-ның Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, ҚРның Қаржы

министрлігі ҚР-ның Жер ресурстарын басқару агенттігі кіреді. Ауыл

шаруашылығын функционалды басқару органдарының ішінде Жер

ресурстарын басқару агенттігі ерекше орын алады.ҚР-ның Үкіметімен 1999

жылғы 23 қарашада бекітілген «ҚРның Жер ресурстарын басқару бойынша

агенттігі туралы» ережеге сәйкес Агенттіктің негізгі міндеттері мыналар

болып табылады:

-жер ресурстарын басқару, жер қатынастарын реттеу, геодезия және

картография саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу;

-жер ресурстарын басқару жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, жүзеге

асыру, жерге орналастыру, геодезия және картография саласында іс

шараларды әзірлеу, іске асыру;

-мемлекеттік геодезиялық қадағалауды жүзеге асыру және тиісті

ақпаратты қорғау болып табылады.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің, облыстық және аудандық ауыл

шаруашылығы басқармаларының қызметі және міндеттері.

Министрлік заңмен бекіткен тәртіп бойынша келесі қызметтерді жүзеге

асырады:

- мемлекеттің жер, орман, балық, аңшылық, су шаруашылығы, тамақ

өнімдерін өндіру, соның ішінде сусындар, темекі, тері бұйымдары, мақта

талшықтары және жүн өңдеу, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен

ауылшаруашылық ғылымы, ауыл халқын ұтымды орналастыру мәселелері

бойынша аграрлық және аймақтақ саясатты, стратегиялық жоспарларды,

басым және басқа да мемлекеттік бағдарламаларды жасап, жүзеге асыруға

және үйлестіруге қатысады;

- ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруде және алғашқы өңдеуде

тұрақтандыру мен арттыру, ауылшаруашылығы машиналарынжасауды

дамыту жөніндегі шаралардың кешенін және астық рыногын реттеуді

жүзеге асырады;

- ауылшаруашылығы секторы үшін қаржы несие, салық саясатын

қалыптастыруға қатысады;

- облыстарды, Астана мен Алматы қалаларын әлеуметтік экономикалық

дамыту жоспарларын өз құзыреті шегінде келіседі;

- бюджет қаражаты, мемлекет және мемлекет кепілдік берген қарыздар

есебінен қаржыландырылатын агроөнеркәсіп кешені саласындағы

инвестициялық жобаларға қорытынды береді;

- аймақтық саясатты жүзеге асыруда мемлекеттік органдарға көмек

көрсетеді;- ауылшаруашылығы машиналарын жасау, ауылшаруашылығы шикізаттары

мен өнімдерін алнғашқы өңдеу саласында мемлекеттік саясатты іске

асыруға қатысады;

- өз құзыреті шегінде мемлекеттік астық ресурстарын басқаруды жүзеге

асырады;

- астық рыногының мониторингін жүргізеді;

- астық қолхаттарының нысанын, оларды беру, олардың айналымы және

оларды жою ережесін бекітеді;

- республикалық бюджетті әзірлеуге және атқаруға қатысады;

- заңдарға сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Министрліктің негізгі міндеттері мыналар:

- ауыл шаруашылығы өндірісінде, астық өндіруде, элитарлық тұқым

шаруашылығында, фитосанитария, ауыл шаруашылығы машиналарын

жасау, ауыл шаруашылық шикізаттары мен өнімдерін алғашқы өңдеу

салаларында өз құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты әзірлеу, іске асыру

және үйлестіру;

- маркетингтік қызметтерді дамытуға және агроөнеркәсіптік кешенді

ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыруға жәрдем көрсету;

- ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілерді техникалық және

энергетикалық қамтамасыз ету, химияландыру және ауыл шаруашылығын

сумен жабдықтау, мелиорация, сервистік қызмет көрсету саласында

мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

- ішкі және сыртқы азық түлік рыноктарындағы жағдайды зерделеу және

оны ауыл шарушылығы тауар өндірушілердің назарына жеткізу.

Министрліктің негізгі міңдеттерін іске асыру және өзіне жүктелген

функцияларды жүзеге асыру үшін заңдарда белгіленген тәртіппен:

- өз құзыреті шегінде атқару үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді

қабылдауға;

- мемлекеттік кәсіпорындардың құрылтайшысы болуға, олардың

жарғыларын бекітуге;

- министрлікке жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін мемлекеттік

органдар мен өзге де ұйымдардан қажетті ақпараттарды сұратып алуға;

- заңдарда белгіленген жағдайларды лицензиялауды және сертификаттар

беруді жүзеге асыруға;

- өз құзыреті шегінде өзге де әрекеттерді жүзеге асыруға құқығы бар.

Әдебиеттер тізімі:

1. С.Т. Күлтелеев, А.М. Жарасбаева, Е.Ш. Рахметов, А.А. Өрісбаева ҚР

аграрлық құқығы, Алматы, 2005.

2. Жетписбаев Б. Аграрное право РК. Особенная часть, Алматы: Данекер,

2002.

3. Боголюбов С.А., Минина E.Л. Аграрное право. М.,2000.