Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
айгерім.doc
Скачиваний:
33
Добавлен:
15.02.2015
Размер:
90.11 Кб
Скачать

Мектеп табалдырығын аттаған әрбір жас өскінді алғашқы қоңырау сыңғырымен бірге күлімдеп алғашқы ұстазы қарсы алады.Алғашқы ұстаздың мейірімді немесе қатқылдау жүзі бала қиялында өмір бойы сақталып қалады.Нақ осы тұңғыш ұстаз шәкірттің ең бірінші сынып жетекшісі.Бұдан әрі жас баланың мінез-құлқының дұрыс қалыптасып,таным-түсінігінің кеңеюі осы алғашқы сынып жетекшісіне тікелей байланысты.Жас шыбықты қисық отырғызсаң-қисық,түзу отырғызсаң-түзу өсетіні сияқты,сынып жетекшісінің қызметі де бау өсіретін бағбанның еңбегімен пара-пар.«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы»,«Шәкіртіне қарап ұстазын таны»деген асыл сөздер тап осы сынып жетекшісіне арналып айтылған десек қателеспейміз.Яғни,бала тәрбиесіндегі,әсіресе әрбір сынып оқушысын жан-жақты білімділікке дағдыландырудағы басты тұлға-сынып жетекшісі.

Сонымен,сынып жетекшісін бала тәрбиесіндегі рухани сәулеткер,бағбан ретінде бағаласақ,оны отбасы,ошақ қасынан кейінгі екінші ата-ана деуге де болады.Өйткені әрбір сыныптағы әр оқушы сынып жетекшісі үшін өзінше бір ашылмаған құпия.Өз сыныбындағы әр оқушының мінез-құлқындағы ерекшелікті,жан-дүниесін,жанұядағы тәрбиені зерттеп,білмейтін сынып жетекшісі-ол құпияның кілтін таба алмайды.Әр шәкіртінің тілін тауып,оның ішкі балалық жан-дүниесін ұғынбаған сынып жетекшісін оқушы тез ұмытады.Бастауышта білім негізі дұрыс қаланса,онда оқушының сынып жетекшісінің жақсы болғаны.

Бала жоғары сыныптарға өткен кезде оның сынып жетекшісі де ауысып отырады.Осы кезде өте жақсы оқып клген оқушының мінез-құлқы да,сабаққа зейіні де өзгереді.Өйткені сынып жетекшісі,сабақ беретін ұстазы да өзгеріп,оқушы мен мұғалім арасындағы жаңа қарым-қатынас қалыптасады.Жаңа сынып жетекшісі өз оқушысының қыр-сырын нақ осы кезеңде жетік білуі керек.Өкінішке орай,кейбір сынып жетекшілерінің немқұрайлылығынан,яғни өз шәкіртінің мінез-құлқындағы ерекшеліктер мен оның зейін-қабілетін зерттеуге мән бермеуінен бала тәрбиесінде үлкен олқылықтар орын алады.Оған әрбір пән мұғалімдерінің салғырттығы қосылып,оқушының сабаққа ынтасы мен зейінін нашарлатады да,«тәрбиесі қиын оқушылар»қатары көбейеді.

Ал «қиын» оқушының тәрбиесіне ең алдымен сынып жетекшісі жауапты.Себебі әрбір сыныптағы жоспарлы тәрбие жұмысын жүргізетін тек сынып жетекшісі.Сынып жетекшісін мектеп директоры педагогтар арасынан бұйрықпен белгілейді.Сонымен,сынып жетекшісі пән мұғалімдері және ата-аналармен,оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдарымен тығыз байланыста жқмыс істейді.

Оқушылардың сабақ үлгерімін,тәртібін,мінез-құлқындағы өзгерістерді үнемі зерттеп,біліп,шәкірті қиналып жүрген сәтте оның жанынан табылып,көмектесіп,үнемі ақыл-кеңес беріп,оған ізгілікті қасиеттерді үйретуден жалықпаған сынып жетекшісін ғана нағыз бала жанының бағбаны деуге болады.Шәкірт сүйіспеншілігіне бөленіп,оның жүрегінен орын тапқан сынып жетекшісін оқушы есейіп,азамат болған шағында да ұмытпай,«менің сынып жетекшім»деп құрмет тұтады.Шәкіртін өнер-білімге баулып,адамгершілік ізгі қасиеттерді сіңіре білген сынып жетекшісі оның өмір бойғы ақылшы досына,сенімді сырласына айналады.Есейіп кетсе де,өмірдің қиын-қиын қырларынан асарда сынып жетекшісіне келіп,ақыл-кеңес алады,ұмытпайды.Ұстаз еңбегінің ұлылығы да осында жатса керек.

Жақсы тәрбиешіден тәрбие алған оқушы да,шәкірті жақсы сынып жетекшісі де бақытты.Ұстаз бақыты да осындай еңбекпен өлшенеді.Тәлімі мен тағылымы мол сынып жетекшісі тәрбиелеген шәкірттер өздері ата-ана болғанда «шіркін-ай,сендердің ұстаздарың менің сынып жетекшім сияқты болса ғой»деп үлгі тұтады.Бұл ұстаз еңбегінің жанғаны,жемісті еңбектің жемісі.Сонымен бала,тәрбиесінің сәулеткер бағбандары - сынып жетекшілері.Тәрбие барысында 1-сыныптан бастап бала өміріне өзіндік таным,тәлім,өмір тәжірибесімен сынып жетекшісі енеді. Деңгейі биік, бар жағынан сынып жетекшісі балаларды дөңгелете жөнелер, бар айтқанын істетер, саналарына ақыл-парасат,өміршеңдік, мақсаткерлік сый етер.Ол апай, ағайды шәкірттер де бұл өмірде ұмытпас.

Керемет сынып жетекшісі қандай болмақ?

Сауалға осы заман талабы деңгейінен қарап көреміз.

1.Ақылмен басқару.(Табандылық,тапқырлық,оңаша тілдесу,баланы аяламау,бақыра бермеу,жай сөйлеу,қол ала жүгірмеу,қызғаншақ болмау).

2.Шығармашылықпен еңбектену(тың шешім,өз талантын үлгі ету,шығармашылыққа баулу),өлең,ән шығару,сурет салу т.б.

3.Өз пәнін жақсы білу(кәсіби жоғары деңгейге қол жеткізу,шебер жеткізу әдісін игеру).

4.Педагогиканы,алдымен ұлттық педагогиканы жақсы білу,соның талаптарын санаға құю.

5.Еңбеккер екеніңді көрсету.Маған қара ,маған теңел,менен оз.

6.Ұжымшыл болу.«Көппен көрген ұлы той».Оқшауланып қалмау,дана болсаң да көпшіл болу.

7.Жүйелі түрде іс істеу жақсы істің қалыптасуына жол ашады.

8.Спортшыны балалар тез қабылдайды,қызыға түседі,жатсем деп әлектенеді.

9.Саяси сауаттылық.Ел,халық тіршілігі,әлем тынысы ечкерусіз қалмайды.

10.Іш,шек(амал жоқ болса),бірақ баланың көзіне түспе,ол қызығатындй болмасын.

11.Компьютер,ағылшын тілін білу.

Сынып жетекшінің басты міндеті - баланы ұжымдық тіршілікке бейімдеу,білім алуға тиімді жол табу арқылы қоғамдық өмірге даярлау болмақ.Бір қынжылдыратыны,тәуір сынып жетекшінің сыныбынан да кейде бір қарын майды бүлдіруші табылады,әр деңгейде балалар шығады.Оның мынандай себептері бар деп ойлаймыз.

  1. Ақыл деңгейі әрқалай,біреудің ерте,біреудің кеш жетілетіні тағы бар.

  2. Қабілет,үй тәрбиесіне орай білім деңгейі түрліше.

  3. Өмірге бейімділігі әртүрлі.

  4. Ізденіс орбитасы басқа-басқа.

  5. Тәрбиелену мезгілі сақталмаған.

Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет мәртебесіне ие болуы,қазақ тілінің мемлекеттік тіл дәрежесіне көтерілуі,білім беру және мемлекеттік жастар саясаты туралы заңдардың қабылдануы жастар тәрбиесі мәселесін жаңаша оймен қарауды талап етеді.Сондықтан оқушы жастарға жан-жақты,бүгінгі күн талабына сай тәрбие беру әр мұғалімнің міндеті.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Елімізді 2030 жылы барысқа айналдыратын күш бүгінгі мектеп партасында отырған оқушылар мен 15-20 жас аралығындағы жастар» деген болатын.Демек,бар күшіміз бен бойға жинақталған білімімізді бала тәрбиесіне арнауға тиістіміз.Қазіргі ұрпақты тәрбиелеу арқылы еліміздің ертеңін,халқымыздың болашағын қалыптастырамыз.

Тәрбие сағаттарын өткізуде ұстанған ең негізгі міндет-осы істерге оқушылардың жоғары деңгейде дайын болып,қалыс қалмауын қадағалау.Ол үшін оқушылардың өздерін қатыстыра отырып,оларға белгілі бір бағытта нақты тапсырма беріп,олармен ақылдасып,кеңесіп отыру керек.Топпен алдын-ала атқарылатын тәрбиелік шаралар төңірегінде әңгімелесіп,олардың қорытындысын барлық оқушылармен бірге тұжырымдап,әрқайсысына жеке-дара немесе топтап тапсырма беру керек.Сонда ғана ол қызықты әрі табысты өтеді.

Сынып сағатын өткізгенде дайындық жұмыстарының маңызы зор.Онда оқушылардың жауапкершілігі мен ынтасы артады,оқушылардың сезімін тәрбиелеуге ықпалын тигізеді.Сынып сағатын дайындап және оны өткізгеннен кейін қалыптастыру бойынша бірыңғай тәрбиелік міндеттерді атқару керек.Барлық кезең тәрбиенің негізгі құралы болып табылады.Себебі сынып сағатын дайындау барысында оқушылар оның материалдарын өз беттерінше іздеп-тауып,оған қатысты альбомдар,қабырға газеттерін шығарып,сыныпты безендіруге атсалысады.Кейбір жекелеген топ оның мазмұны мен өткізу бағдарламасын жасайды.Мұндай тапсырмалар оқушыларды іскерлікке,тапқырлыққа шыңдап,дағдыларын қалыптастыра отырып білім дәрежелерін арттыруына оң ықпалын тигізетіні хақ.

Оқушылармен ертегі,пікірталас,сұрақ-жауап,ойын-сауық кештері,қоғамдық-саяси үйірмелер мен мектеп театрлары,туристік жорықтар,тағы басқа бағыттағы жұмыстарды ұйымдастыру керек.Тіпті болмаса,оларға анкета сұрақтарын таратып,олардан мысалы:«Өз жолдастарыңа қандай сынып сағаттарын дайындап өткізгенді қалар едің?»,-деп бастама көтерсең және оларға сенім артсаң,онда сынып сағаттарының маңызы артып,өз нәтижесін беретін болады.Сынып сағатын дайындау барысында оның өту мерзімі мен уақытын белгілеп,сол кезде нақтылы іс-шараларды ұйымдастыру,оқушылар арасында берік сенім мен тәртіпті қалыптастырады.Егер де дәлділік болмаса,онда тәртіп те,жауапкершілік те болмайды.Мұндай әрекет негізінде тәрбие сағатының маңызы төмендеп,оның мақсатына жету оңайға түспейді.

Бұдан шығатын қорытынды - оқушыларды тәрбиелеу.