Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
азастан тарихы пнінен Мемлекеттік емтихан 2.docx
Скачиваний:
179
Добавлен:
12.03.2016
Размер:
95.95 Кб
Скачать

Қазақстан тарихы пәнінен Мемлекеттік емтихан

тапсыруға арналған тест сұрақтары

2014-2015 оқу жылы

1 Қазақстан территориясындағы ежелгі адам іздері қай дәуірге жатады?

А).Ерте тас дәуірі

2 Кейінгі палеолит дәуірінің хронологиясын ата

А).Б.з.б 40 мың-12 мың жыл

3 Жебелі садақ пен бумеранг қай дәуірде пайда болды?

А).Мезалит дәуірі

4 Кейінгі палеолит дәуірінде ежелгі адамның қайсысы қалыптасты?

А).Кроманьондық

5 Еңбек құралдарын жасаудың нуклеустік әдісі қай дәуірде кең тарады?

А)Мустьер дәуірі

6 Ерте палеолит дәуірінде тас құралдар жасау тәсілі қалай аталады?

А)Жарып түсіру техникасы

7 Орта палеолит дәуірінің ең көне тұрағын ата?

А)Обалысай тұрағы

8 Қай кезеңде шаруашылық еңбек қалыптасып өнім өндіру шықты?

А)Неолит

9 Рулық қауым кезінде меншіктің қай түрі қалыптасқан?

А)Ортақ меншік

10 «Қытай адамы» қалай аталады?

А)Синантроп

11 Алғашқы адамның даму эволюциясы қайсы тарихи кезеңде жетіліп бітті?

А)Тобырда

12 Қай тайпаның жылжуы ұлы қоныс аударуға бастама болды?

А).Ғұндардың

13 Халықтардың тұрмыс салты мен әдет-ғұрпын зерттейтін ғылым

А).Этнография

14 Сақтардың билеушісін көрсетіңіз

А).Томирис

15 Беғазы-Дәндібай археологиялық мәдениеті қай аймақта? А).Орталық Қазақстанда

16 Үйсіндердің жоғарғы билеушісінің титулы

А).Гуньмо

17 Үйсіндер мекендеген территория қай жерде орналасқан?

А).Жетісу

18 Синантроп қайдан табылды?

А).Қытайдан

19 Питекантроп қайдан табылды?

А).Ява аралынан

20 Сақтарға қарсы соғыста жеңіліп, өлтірілген парсы патшасы?

А).Кир

19 Қаңлылардың астанасы жазба деректерде қалай аталған?

А).Битянь

20 Кімдерді шошақ бөріктілер деп атаған?

А).Тиграхауда сақтарын

21 Ежелгі адамдардың ұйымы – аналық ру қай кезеңде қалыптасты?

А).Неолитте

22 Қазақстан аумағындағы ең алғашқы тайпалық одақтар қалай аталды?

А ) Сақтар

23 Қола дәуірі мәдениеті неше кезеңге бөлінді?

А).3

24 Парсы жазба деректері бойынша сақ тайпалары нешеге бөлінді

А)3

25 Парсы патшасы Кир сақтарға қарсы жорықты қай кезеңде ұйымдастырды? А)Б.з.д. ҮІ ғ

26 Қоланың мысқа қарағанда қанша тиімді жағы бар?

А)3

27 Сақтарды Азиялық скифтер деп атаған кім?

А)Геродот

28 Қытай жазба деректерінде қаңлылар қалай аталды?

А)Кангюй

29 Үйсіндер қандай дәрежеде өмір сүрды?

А )Мемлекеттік

30 Кроманьон адамы қайдан табылған?

А)Франциядан

31 Сақ тайпаларының жоғарғы билеушісін атаңыз

А)Патша

32Үйсіндер жайлы деректерді қай ежелгі тарихшы жазды?

А)Сыма Цянь

33 Ғұндар державасы қай жылы Солтүстік және Оңтүстік болып екіге бөлінді?

А)Б.з.б 55 ж

34 Патриархалдық рулық қатынастары күшті болған ғұндар неше руға бөлінді?

А).24

35 Ғұн тайпаларын кім басқарды?

А).Шаньюй

36 Ежелгі қалалардың ең ескі тұрағын көрсетіңіз

А).Арқайым

37 Ең алғаш адамдар Қазақстанның қай жерінде мекендеді?

А)Қаратау жотасы

38 Қола дәуірінің мәдениетін атаңыз

А).Беғазы Дәндібай

39 Б.з.д. ҮІ ғ Сақ тайпасы кімдермен соғысты?

А).Парсылармен

40 Қазақстанда ең алғаш өмір сүрген тайпаны атаңыз?

А).Сақтар

41 Сақтар туралы алғаш жазған қай тарихшы?

А).Геродот

42 Бөріқазған-Тәңірқазған тұрағы қай дәуірге жатады?

А).Ерте палеолитке

43 Б.з.д. ҮІІ ғ өнерде пайда болған стиль

А).Аң стилі

44 Персепольдегі Ксеркс сарайының қабырғаларында қай сақ тайпаларының суреті кездеседі?

А )Шошақ бөрікті сақтардың

45 1958 ж. Оңтүстік Қазақстанда тас ғасыры адамының тұрақтарын тапқан археолог

А).Алпысбаев Ә

46 Ғұн тайпаларының б.з.б ІҮ ғ – ІІІ ғ мекен еткен аумағы

А )Байкалдан Ордысқа дейін

47Ұлы Қытай қорғанының салынуының себебі неде?

А).Ғұндардың шабуылынан қорғану үшін

48 Алексеевка тұрағы қай дәуірге жатады?

А).Қола дәуіріне

49 Жетісудағы сақ жерлеріне б.з.б ІІ ғ Орталық Азиядан қандай тайпалар келіп қоныстанды?

А).Үйсіндер

50 Неолит дәуірінің басты ерекшелігі

А).өнімді еңбектің пайда болуы

51 Адамдар мыс пен қалайыны қорытып, қола өндіру ісін меңгерген кезең

А).Б.з.д. 2 мың жылдық

52 Сақтардың патшалары мен көсемдері қандай қоғамдық топтан шықты?

А).Жауынгерлерден

53 Парсы патшасы І Дарий қай жылы Орта Азияға басқыншылық жорықтар жасады?

А).Б.з.б 519-518 жж

54 Қаңлы тайпалары б.з.д. ІІІ ғ қай жерлерді мекендеді?

А).Сырдария алқабы мен Қаратау жотасы

55Тиграхауда сақтары қай жерлерді мекендеді?

А)Жетісу жерін

56 Хаомаварга сақтарының мекен еткен аумағы

А).Мұрғаб

57 Парадарайя сақтары қай жерлерде орналасты?

А).Арал теңізі және Сырдарияның арғы беті

58 «Алтын обаның құпиясы» деп аталған археологиялық үлкен жаңалық қай жерден табылды?

А).Шілікті ойпаты

59 Хаомаварга сақтары жазба деректерде қалай аталады?

А )Массагеттер

60 Үйсіндердің астанасы Қызыл аңғар орналасқан жерді атаңыз

А).Ыстық көл маңы

61Қаңлылардың материалдық мәдениеті жер атауымен қандай атқа ие болды?

А).Қауыншы, Жетіасар, Отырар-Қаратау

62 Б.з.д. ҮІІІ-ІІІ ғғ Қазақстан мен Орта Азия қандай тайпалар үстемдік құрды?

А).Сақтар мен савраматтар

63 Есік қорғанынан табылған «Есік жазуы» неше таңбадан тұрды?

А).26

64 Еуропа тарихшыларынан ғұндар жайлы алғашқы жазған кім болды?

А) Марцелиан

65 Орыс тарихшылары ішінен ғұндар жайлы аса құнды деректер жазған кім?

А). Н.Бичурин

66 Ғұндардың алтынмен зерлеп жасаған әсем киім – кешектерінің қолөнер бұйымдарының ең бай табылған жері

А ) Алтай төңірегі, Пазырық, Қотанды, Шибэ

67 Ұлы Жібек жолы арқылы алғаш рет император У-Дидің тапсыруымен кім жүріп өткен?

А).Чжан Цянь

68 Қанай тұрағы қай дәуірге жатады?

А).Қола дәуіріне

69 542 жылы «Түрік» этнонимі бірінші рет қандай деректерде қолданылды?

А )Қытай

70 ҮІІІ-ХІІ ғғ Қазақстан территориясындағы қай мемлекетте ислам діні ресми дін болып жарияланды?

А).Қарахандар мемлекетінде

71 ІХ ғасырда қай қала оғыз мемлекетінің астанасы болды?

А). Янгикент

72 Батыс Түрік қағанатын түріктің қай тайпасынан шыққан ақсүйектер биледі?

А) Ашина тайпасынан

73 Түркеш қағанаты не себептен ыдырады?

А) Араб-Қытай шапқыншылықтары

74 723 ж Түркештер қандай тайпамен бірігіп, арабтарға қарсы соққы берді?

А) Қарлұқтармен

75 V ғасырда жазылған деректерде қарлұқтарды қалай атаған?

А) Бұлақ

76 Қарлұқтарда бірлестіктің билеушісін қалай атаған?

А) Елтебер

77 Қарлұқтар құрамында 9 тайпа болғандығын дәлелдеген географ кім?

А) Әл-Маруази

78 Оғыз мемлекеті қай ғасырда өмір сүрді?

А) IX-XI ғғ

79 Қимақ қағанатының құрамына қанша тайпа кірді?

А) 7

80 Қимақтардың туыстас тайпасы кімдер болған?

А) Қыпшақтар

81 Қимақтар қай ғасырда Алтайдың солтүстігінен Ертіс бойына қоныс аударды?

А) VIIғ

82 Қарахан мемлекеті қашан екіге бөлінді?

А) XI ғ. 30 ж.

83 1089 ж Қарахандар кімдердің вассалдық тәуелділігіне түсті?

А) Селжұқтер

84 Шығыс және Батыс Қыпышақ бірлестіктері аралығын не бөліп тұрды?

А) Еділ

85 Батыс Түрік қағанатының халқының көпшілігін кімдер құрады?

А) Қара бұдындар

86 Қарақытайлар тарихында қай тайпаның орны ерекше болды?

А) Қидан

87 Қарахан хандығында 960 жылы қандай басты оқиға болды?

А) Ислам мемлекеттік дін болды

88 Қарақытай мемлекетінің орталығы

А) Баласағұн

89 Найман хандығы қашан құлады?

А)1218ж

90 Қыпшақ мемлекеті араб деректерінде қалай аталған?

А) Сахра әл-кыфчак

91 Найман одағында қанша тайпа болған?

А) 8

92Керейттер туралы мәліметті қай деректен білеміз?

А) «Монғолдың құпия шежіресі »

93 Наймандардың салық жинаушысы қалай аталды?

А) Герби

94Қыпшақтардың Мысырға құл ретінде сатылып, әскери жасақ құрғандары қалай аталды?

А) Мамлюк

95Керей мемлекеті қашан құлады?

А)1203ж

96 Қыпшақтардың оң қанатының орталығы қалай аталды?

А) Сарайшық

97 Қарлұқтардың Шу мен Талас бойындағы қалалары:

А) Құлан, Мерке

98 Қыпшақ қауымдастығының 1-кезенің бөліп көрсетіңіз

А) VII-VIIIғ

99 Горхан деп кімді атаған?

А) Билеуші

100 Қарлұқтар тайпасын атаңыз:

А) Барысхан, тухси

101Оғыз жабғуының орынбасары қалай ааталған?

А) Сюбашы

102Найман мен керейлердің діні қандай болған?

А) Несториандық бағыттағы христиан

103 IX-X ғғ халықаралық валюта ретінде қандай ақша қолданылды?

А) Алтын динарлар

104 Орта ғасырдағы «саудагерлер қаласы» :

А) Тараз

105Қаланың шахристан бөлігінде кімдер тұрды?

А) Бай-шонжарлар, дін қызметкерлері

106 Оңтүстік Қазақстанда орналасқан Яксарт өзеніне қай ғасырда Сыр аты берілді?

А) XVI ғ

107 Қазіргі Сайрам қаласы бұрынғы қандай қаланың орны?

А) Исфиджаб

108Яланшах қай ортағасырлық қаланың билеушісінің атауы? А) Науакент

109 Ташнау деген не?

А) Лас суды ағызуға арналған құрал

110 Ұлы Жібек жолымен алғашқы сауда байланысы қашан жасалған?

А)Б.з.б III-II ғғ

111 Нефрит жолы:

А) Жаркентдаря –Шығыс Түркістан

112Буддизмді таратуда қай тайпа басты рөл атқарды?

А) Соғды

113Жібек жолымен соғдылықтар қандай дінді таратты?

А)Буддизм

114 Зороастризм Қазақстанға қай елден тарады?

А)Иран

115X ғасырға жататын Бабаджа хатун кесенесі қай қалада салынған?

А)Тараз