Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭВОЛЮЦИЯ жауаптар-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
182.22 Кб
Скачать

1.1.6. Онтогенез эволюциясына анықтама беріп, сипаттаныз?

Онтогенез ұғымы. Әртүрлі топтардағы онтогенез ерекшеліктері. Онтогенез – филогенез негізі. Рекапитуляция жайлы ілім  немесе биогенетикалық заңдылық.

 Онтогенез – зигота түзілу сәтінен оның өмірлік циклінің табиғи аяқталуына дейінгі даралардың дамуы болып табылады. Онтогенез – біздің ғаламшарымыздағы өмірдің негізгі құбылыстарының (феномендерінің) бірі. Онтогенез – ұрықтық жасушаға салынған ұрпақтың ақпараттық жүзеге асу әрекеті. Онтогенездің туындауынсыз өмір эволюциясы мәнсіз болып, бір сатыда тоқтап қалар еді. Эволюциялық өзгеріс тек түрлердің түзілуі және өлуімен, мүшелердің пайда болуымен ғана емес, сондай-ақ онтогенездік дамудың қайта құрылыуымен де байланысты. Онтогенез – кез-келген даралардың  жүйелік орнына тәуелсіз, сол дараның өзіне тән қасиеті. Әр түрлі түр дараларының онтогенезі жіктелу ұзақтығы мен қарқыны және сипаты бойынша әрқилы. Негізінен оны проэмбриондық, эмбриондық және постэмбриондық кезеңдерге бөледі. Жануарларда негізінен жіктелуге эмбриондық кез, ал өсімдіктерде – постэмбриондық кез бай болады.

Онтогенездің әрбір кезеңдері ары қарай сапалы сатыларға жіктелуі мүмкін. Онтогенез метомарфоз жолымен дамуы немесе тікелей дамуы мүмкін.

Әртүрлі топтардағы онтогенез ерекшеліктеріТірі табиғатта өзіндік дамудың көрініс түрлері бірдей емес, алуан түрлі, мысалы, қарапайымдылардың, саңырауқұлақтардың, өсімдіктер мен жануарлардың әр түрлі өкілдерінде онтогенез әрекеті де әр түрлі болады.

Ағзалардың көпжасушалы түрге айналуымен қатар,  онтогенез формасы да күрделеніп, тіршілік уақыты ұзарады. Онтогенездің эволюциялық әрекетінде ұрпақтағы тұқымқуалау ақпаратын нақтылай жүзеге асыру  негізінде дамудың толық және қарапайымдану түрлері байқалады. Эволюция барысында жануарлар мен өсімдіктерде әрбір сатысы белгілі бір орта жағдайларына машықтанған дамудың күрделі циклі туындайды. Кейде эволюция әрекетіндегі тіршілік айналымында қайта қарпайымдану да кездесіп отырады.

Тіршілік айналымының қарапайымдануымен онтогенездік дамудың бүкіл кезеңі сапалы түрде ауысады. Тіршіліктің қарапайымдану салдарының бірі дамудың гаплоидты фазасынан диплоидты фазасына өту мен метаморфоздық дамудан (мысалы, қосмекенділерде) тікелей дамуға (бауырмен жорғалаушылармен жоғары сатыдағы омыртқалыларда) өту болып табылады. Тікелей даму кезінде жаңадан туылған жануар тек мөлшерімен ғана ерекшеленіп, ересек даралардың қасиеттеріне ие болады. Метаморфозбен даму дернәсілдік сатылар қатары арқылы өтеді: жұмыртқадан шыққан дернәсіл күрделі түрлену жолымен ересек жануар белгілеріне ие болады.

Метаморфоздан тікелей дамуға өту – жердегі тіршілік эволюциясының соңғы сатыларының маңызды жиынтығының бірі.

Онтогенез – филогенез негізі. Филогенез - өзара генетикалық байланыстағы онтогенездер ағынының тарихи дамуы. Филогенез онтогенездегі жекелеген даралардың өзгеруінсіз мәнсіз болады Жекелеген даралардың онтогенезі барысындағы тұрақты өзгерістен тұрады (филэмбриогенез деп атау қабылданған). Филэмбриогенез – онтогенез барысындағы эволюциялық өзгерістер. Онтогенез – тек қана филогенез нәтижесі емес, оның қажетті сілтемесі. Эволюциялық ілімді түсіндіру үшін онто – және филогенез қатынасының негізгі  зерттелген дәлелдемелері беріледі.

Онтогенездегі эволюциялық өзгерістер дамудың ерте, орта және кеш сатыларында жүруі мүмкін. Олардың ішінен өзгеріс типі архалаксис (гр. – басы, өзгеріс) девиация (ерте- латыншадан - ауытқу) және анаболия (гр. – көтерілу) бөлінеді.

Анаболия – дамудың  кеш  сатысындағы  түртүзілудің  эволюциялық  өзгерісі.

Мұндай өзгерулер онтогенезде кеңінен таралып, қандай да бір мүше немесе құрылымның дамуының ұзаруына алып барады. Әрбір жаңа анаболиямен дамудың бұрынғы соңғы сатысы онтогенез тереңіне қарай қозғалады. Мысалы, омырқалылар қаңқасының құрылысындағы өзгеріс (мүшелер) бұлшықеттер жіктелуімен қантамырларының таралуындағы өзгерістер дамудың кеш сатысындағы қойылмалармен байланысты. Сонда,  теңіз қоразындағы (Trigla) көкірек жүзбе қанаттары алғашында дамып, содан соң алдыңғы үш сәуле өсіп, саусақ тәрізді қосымшалар секілді қылтиып – анаболия жүзеге асады.

Анаболия өсімдіктерде де кездеседі. Мысалы, көптеген өсімдіктердің тұқымдарындағы қанаттектес өсінділер анаболиямен түзілген деп ұйғарылады. Саңырауқұлақтардың жемісті денесі споралардың ұтымды таралуы үшін даму қоймасы ретінде көрініс береді.

Анаболия онтогенездің соңғы сатысындағы жаңа эволюциялық жіктеулердің  туындауына алып келеді.

Девиация – мүшелердің дамып, қалыптасуының орта сатысындағы эволюциялық ауытқу. Девиация мысалы ретінде акулалар мен бауырмен жорғалаушыдағы қабыршықтардың дамуын алуға болады. Екеуіндегі қабыршықтардың кірігуі эпидермистің төменгі қабатының тығыздалу орны мен оның астына байланыстырғыш ұлпалардың жинақталуымен басталады.

Архаллаксис – түртүзілу әрекетінің бастапқы сатысындағы эволюциялық өзгеріс. Бұл кезде мүше дамуындағы түбірлік қайта құрылу, басынан бастап ұрпақтар дамуындағы ауытқулар байқалады. Мысалы, жыландардағы омырқалар санының артуы, кейбір балық түрлеріндегі жүзбе сәулелері мен тісті киттердегі тістер санының ұлғаюы – дамудың бастапқы сатысындағы белгілер санының өзгерісінің нәттижесі. Өсімдіктерде архилаксис жолымен, мысалы, қосжақтаулы ұрықтың біржақтаулыға айналуы жүреді. Осы себеп бойынша олар эмбриондық өзгерістердің басқа әдістеріне қарағанда, филогенезде сирек кезедеседі.