Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭВОЛЮЦИЯ жауаптар-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
182.22 Кб
Скачать

3.3.5.Адамның пайда болуы жайлы түсініктің дамуына анықтама беріп, қарастырыңыз.

Антропологияның негізгі мәселесі адамның шығуы мен қалыптасуы болып табылады. Антропологияның адамның шығу тегін зерттейтін саласы антропогенез (грек. аntropos – адам, genesis – шығуы) деп аталады. Қазіргі кезде адамның пайда болған адамы (ең көне адамдар, палеонтроптар), қазіргі заманғы адам типтес (неоантроптар)

Жер бетінде адамаға ұқсас тіршілік осыдан 2,5-3 млн. жыл бұрын Африка мен Азияда өмір сүрген. Тарих ғылымында оны гоминид деп атайды. Бұл «адам» деген мағынаны білдіреді. Дене құрлымы жағынан адамға ұқсас болғанымен олардың қоныстарынан еңбек құралдар табылған жоқ. Ал 1974 жылы американ археологтары Шығыс Африкадан осыдан 2,5 млн. жыл бұрын өмір сүрген адам қанқаларын тапты, оны «австралопитек» деп атады. Латынша «австрало»- оңтүстік, питек — маймыл, адам: Австралопитектің бойы кәдімгі шимпанземен бірдей, екі аяғымен жүрді. Гоминидтерден айырмашылығы австралопитектердің қолдары дамыған, бас бармағы мықты болған, және оның жанынан тас құралдар табылған. Олар қолға ұстауға келетін тастың бір жағын өткірлеп қару шебінде пайдаланған. Тарих ғылымында бұл көне дәуірдің тас құралдарын «олдувай индустриясы» деп атаған. Ғалымдар бұл адамдардың дене тұрпаты мен тас құралдарына қарап, оларды «хомо хабилис» епті адам деп атады.

Ең көне адамдар, басқаша архантропт алғашқы қауымдық тобырда өмір сүрді.

Австралопитектермен салыстырғанда архантроптар анағұрлым дамыған болды. Олардың миы 750-800см3, тіпті 1300-1400см3 дейін жетті. Еңбетің негізінде алғашқы қауымдық қоғамда дыбыстық тіл біртіндеп қалыптасты. Бұл дыбыстық тіл қарапайым, әрі жабайы болды. Еңбек пен сөз бас миының дамуына үлкен әсер етті. Бұл екеуі (еңбек және сөз) жануарлардың әлеуметтік еңбек етуші тіршілік иесі — адамға айналуындағы басты себептер болды. Адамға табиғат пен қоғамның ықпалын зерттей отырып, Ф.Энгельс, Ч.Дарвиннің эволюциалық теориясы мен Ламарктің ілімдері негізінде өз жұмысында «генезисті» (шығу тегін) құрастырды. Оның негізінде адамды қалыптастырған еңбек деген терең ой жатты.

Адамның өзі еңбектің арқасында пайда болды деп айтуға болады. 1927ж Пекинге таяу жерде ежелгі адамдардың тас құралдарымен бірге табылуы, ғалымдар үшін жаңалықтың ашылуына негіз болды. Ғалымдар осыдан кейін адам эволюциясының даму барысында бұл қаңқаны синантроп деп атап, адамның арғы тегі деп келісті. Олардың бас сүйегі ірі маймылдарға қарағанда үлкенірек, бірақ ежелгі адамдарға қарағанда кішірек болды: оның көлемі 915-1225см куб. Синатроптар отты пайдалануды білді.

Көне адамдарға немесе палеонтроптарға неандертальдықтар жатады. Адамның ең жақын туысы 1856 жылы Дюссельдорф маңындағы неандерталь үнгірінде табылды. Бұндай сүйектер сондай-ақ Англияның солтүстігінде, Өзбекстанның шығысында және Израильдің оңтүстігінде табылды. Неандертальдық адам қарапайым еңбек құралдарды жасап, діни жерлеу ғұрыптары болды.

Бұл адамдар орта бойлы, бірақ сүйектері ірі, күшті болды. Бас сүйектері маймылдың бас сүйегіне әлі де ұқсас.

Палеонтроптар жаңа тас индустриясын құрды, және қырғыштар, тескіш сияқты мәдениет құрды, отты пайдаланды ірі аңдарды шебер аулады.

Жануарға ұқсас сипатты белгілеріне қарамастан палеонтроптар қалай тірі қалуды ойлап қана қойған жоқ. Олар енді жақын туыстарының зираттарын тау ешкісінің мүйізімен, тіпті гүлмен безендіру арқылы жерледі. Оларда үңгірлік аюға табынушылық болды: Европаның көптеген үңгірлерінде тастардан жасалған «жәшіктерге» салынған жүздеген аюдың бас сүйектер мен ұзын сүйектер табылды.

Палеонтроптарды қазіргі заманғы адам типтес – неонтроптар ығыстырды. 38-48 мыңжыл бұрын саналы адам пайда болды. Кейде қазіргі заманғы адам типтесті «хомо сапиенс» деп те атайды.

Алғашқы қоғам баяу дамыды. Соған қарамастан алғашқы адамдар біртіндеп ойлау қабілеті, дене бітімі жағынан қазіргі адамдар қалпына келді. Саналы адамның қалыптасып бітуі кейінгі палеолит кезеңінде болды деп есептейміз. Саналы адам өкілі ғылымда кроманьондық адам деп аталған. Оның қалдықтары Францияның Кро-Маньон үңгірінен табылғандықтан солай аталған.

Ғалымдар осы саналы адамның пайда болуымен адамның қалыптасу процесі аяқталды деп есептейді. Антропогенездің басты факторы ең үздік еңбек құралдар қызметіне деген табиғи сұрыпталу болып есептеледі.

Адам жер бетінде тарихи-эволюциялық даму үрдісінің нәтижесінде пайда болды және жануарлар әлемімен тығыз байланысты. Адам ағзасы сүткоректілерден ағзасының тұрпатымен ұқсастықтары көп. Адам әсіресе приматтармен ағзасы бірдей. Зоологиялық жүйелеудің критерийлері бойынша «саналы адамның» түрі жануарлар патшалығына, сүткоректілер классына, приматтар отрядына, яғни гоминидтердің ерекше жанұясына жатқызылады.

ХІХ ғ. 70 жж. Дарвиннің эволюциялық теориясы пайда болған кезде, антропологтар қазіргі заманғы адам және адам тәріздес маймылдардың түп-тамыры, ата-тегі ортақ екеніне сенімді болды. Дарвин антропогенез теориясының симиальді («симиа» лат. – маймыл) теориясын қалыптастырды, яғни: эволюция кезеңінде табиғи сұрыпталу принципі бойынша адам ежелгі адам тәріздес маймылдан шықты, содан соң адам эволюциясына жыныстың сұрыпталу да әсер етті. Бұл теорияны молекулярлық генетика да дәлелдеді..

Қазіргі уақытта антропогенездің механизм үрдістері туралы ұғымды ең алдымен ұлы ағылшын биологі Ч. Дарвиннің есімімен тығыз байланысты. Оның басты антропологиялық еңбегі «Адамның пайда болуы және жыныстық сұрыпталу» (1971ж.) деп аталады.

Ч. Дарвиннің антропогенетикалық көзқарастарының қалыптасуында әсер еткен А. Уолмстің түрлердің қалыптасу үрдісінің табиғи сұрыпталу теорияларын негіздеген еңбектері болды. Дарвин соған қарап эволюция формасын ашты.