- •1.1.1 Органикалық эволюция-обьективті процессті сипаттаңыз.
- •1.1.2 Микроэволюцияіліміне анықтама беріңіз.
- •1.1.3.Түр эволюция процесінің негізгі дәуіріне анықтама беріп
- •1.1.4.Түрдің пайда болуы себептеріне сипаттама беріңіз
- •Анатомиялық - морфологиялық немесе жай ғана морфологиялық өлшем
- •Физиологиялық-биохимиялық өлшем
- •Генетиқалық өлшем
- •Эволюциялық-географиялық өлшем
- •1.1.5.Филогенетикалық топтардың эволюциясына анықтама беріп, сипаттаңыз?
- •1.1.6. Онтогенез эволюциясына анықтама беріп, сипаттаныз?
- •1.1.7 Эволюциялық прогресске сипаттама беріңіз
- •2.1.4.Үй жануарлары тұқымдары мен мәдени өсімдіктер шығу тегі
- •2.1.6 Жануарлар эволюциясының өзара байланыстылығына сипаттама беріңіз
- •3,1,1Филогенетика ұғымы
- •3,3,2 Эволюциялық шежіреге анықтама беріңіз
- •3.1.5. Макроэвалюция ұғымына анықтама беріп сипаттаңыз.
- •3.1.6. Түрдің жалпы белгілеріне анықтама беріп ссипаттаңыз.
- •1.2.1 Эволюциялық идеялардың даму тарихы жөнінде мәлімет беріп , түсіндіріңіз
- •1.2.2 Антик дәуір философтардың еңбектеріндегі эволюциялық идеяларды баяндаңыз.
- •1.2.3 Ж.Б. Ламарктің эволюциялық концепциясын түсіндіріп беріңіз
- •1.2.4 Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясының қалыптасуындағы жалпы алғы шарттарды түсіндіріңіз
- •1.2.5 Ч. Дарвиннің өмірбаяны және еңбектері туралы мәлімет беріп, түсіндіріңіз?
- •1.2.6. «Түрлердің шығу тегі...» еңбегіндегі негізгі қағидаларды түсіндіріңіз?
- •1.2.7 Дарвиннің Өзгергіштік формалары,заңдылықтары,себептері
- •2.2.1Табиғаттағы түрлердің өзгергіштігінің дәлелі жөнінде мәлімет беріңіз
- •2.2.5 Тіршіліктің пайда болуы
- •2.2.6 Тіршіліктің негізгі қасиеттері және жер бетіндегі тіршіліктің геохимиялық ролі
- •2.2.7 Биохимиялық эволюцияның кезеңдеріне анықтама беріп түсіндіріңіз
- •3.2.3 Популяция – эволюцияның элементарлы құрылым
- •3.2.5. Антропогенездің негізгі дәуірлеріне сипаттама беріп түсіндіріңіз.
- •3.2.6 Биосфера эвалюциясына анықтама беріп түсіндіріңіз.
- •1.3.1 Табиғи сұрыпталудың эволюцияның басқа факторларының арасындағы орнына сипаттама беріп қарастырыңыз.
- •1.3.2 Популяциялардың арасындағы генетикалық айырмашылықтарды күшейтетін факторларға анықтама беріп ,қарастырыңыз.
- •1.3.3 Тұқым қуалайтын өзгергіштік – эволюцияның элементарлы материалы ретінде сипаттама беріп ,қарастырыңыз
- •1.3.4 Эволюция ілімінің табиғи популяциялары басқарудағы, табиғат ресурстарын қорғау жөнінде анықтама беріп, қолданыңыз.
- •1.3.5. Филогенездегі мүшелер жүйелерінің өзгеруіндегі өзара байланыстылығына сипаттама беріп, қарастырыңыз?
- •1.3.6. Онтогенез эволюциясы және онтогенездегі организмнің біртұтастығы ретінде қарастырыңыз.
- •2.3.1 Адамдардың пайда болған орталықтары жайлы жорамалдарға анықтама беріңіз
- •2.3.5. Эволюция ілімі,оның адамның практикалық әрекетіндегі ролі
- •2.3.6 Микроэволюция проблемаларын талдау қажеттілігі жөнінде анықтама беріңіз
- •2.3.7 Адамның жануарлар дүниесіндегі орны туралы мәлімет беріңіз
- •3.3.1 Антропогенездің биологиялық және әлеуметтік факторлары және олардың әсер ету ерекшеліктері
- •3.3.5.Адамның пайда болуы жайлы түсініктің дамуына анықтама беріп, қарастырыңыз.
- •3.3.6. Прогресс туралы түсінік және даму критерийлерін қарастырыңыз.
3.3.6. Прогресс туралы түсінік және даму критерийлерін қарастырыңыз.
Биологиялық прогресс- органикалық формадан тарихи процесі өзінің мазмұны жөнінен қайталанбайтын процесс. Бұрын өмір сүріп одан кейін жойылып кеткен формалары одан кейін болған филогенетикалық даму процесінде қайталанбайды. Эволюцияда ешқашан кері қозғалыс болмайды: кейде белгілі бір жайдайларда эволюцияның өткен кезеңімен ұқсас нәтиже болуы мүмкін. Бірақ мұны анықтай келіп қарағанда ол конвергенциялық ұқсастық болып шығады. Осылайша эволюцияның ілгері дамуы сипаты эволюцияның қаайталанбау заңы деп аталады. Бұл заңды қалыптастырған бельгиялық палентолог Л.Долло.
Алғашқы организмдер пайда болған кезден бастап органикалық дүниенің дамуы өрлеу жолымен –төменгі жоғарғы қарай қарапайымнан күрделіге қарай жүріп келеді,яғни прогресивтік жолмен дамуда. Бірақ бүгінгі геологиялық дәуірде жоғары сатыда ұйымдасқан организмдермен қатар , қарапайым формалар тіршілік етуде.
Бірақ бұдан, органикалық табиғаттың дамуы тек бір бағытта тура жоғары өрлеу жолымен ғана жүріп отырады деген мағына шықпайды. Шын мәнінде организмдердің филогенетикалық дамуы өте күрделі және алуан түрлі болып келеді.
1920 ж прогрессивті эволюция бағыты Северцев және оның мектебінің зерттеулеріне байланысты анықталады. «Прогрессивті эволюция» түсінігінің «тар» және «кең » мағынасы бар.
Тар мағынада – организмнің морфофизиологиялық деңгейі жетіліп, дараға жаңа тіршілік ортаға өтуге мүмкіншілік беріп, тіршілік аймағын кеңейтеді.
Кең мағынада прогрессивті эволюция – тірі табиғаттың, жерде тіршілік пайда болғаннан күрделі көп клеткалы ағзаларға дейінгі тарихи даму. Северцов бойынша органикалық дүниедегі прогрестің 2 түрі бар. 1)морфологиялық –физиологиялық процесс және. 2) биологиялық процесс. (түрдің гүлденуіне әкелетін өзгерістер; даралар санының көбеюі, ареалдың кеңеюі, түрдің түр тармақтарына, экологиялық және биологиялық рассаларға бөлінуі). Морфофизиологиялық прогрес биологиялық прогреске әкеледі.
Мұның бірінші жағдайында организмдердің тек қана құрылыстары мен функцияларындағы процессивтік өзгерістер жатады. Екіншісіне- түрдің өркендеуіне же ткізетін оның особьтарымен саны көбею ареалының кеңуі, сондай-ақ түр тармақтарының және басқа түр ішінде топтардың түзілулері сияқты өзгерістердің бәрі жатады.
Морфологиялық –физиологиялық процесс әрқашан биологиялық прогресске әкеп соғады, себебі құрылысы мен функциялары жөнінен жетік формада қоршап тұрған жағдайға бейімделген мүмкіншілік мол болады. Бірақ, ол биологиялық прогресске апаратын жалғыз жол бұл ған емес.
Северцовтың айтуынша биологиялық прогресстің кемінде төрт ортақ бағыты бар: 1)Араморфоз немесе морфологиялық –физиологиялық процесс
2) идиоадапциялық немесе жеке бейімділік,
3) морфологиялық физиологиялық регресс немесе жалпы дегенерация және
4) Ценогенез немесе эмброндық бейімділік.
Араморфоз универсалды сипаттағы өзгерістер мұның нәтижесінде жануарлармен өсімдіктердің құрылыстары жоғары сатыға көтеріліп одан әрі прогресті өзгеріс тууына мүмкіншілік жасайды. Ароморфоздар жек оргондардың жетілу жолымен ғана емес , бүкіл организімнің жетілу арқылы да жүзеге асады. Бұл процесте функциялық және құрылымдық терең өзгеріс болып соның нәтижесінде ортаның негізгі жағдайына сәйкес жаңа және өте көлемді жетік бейімділіктер пайда болады: Бұл организмен ортаның арасындағы байланысты көлемдендіреді ортаның оның одан әрі икемделуіне мүмкіндік береді.
Омыртқалардың тіршілік әрекетінің энергиясын арттырған жүрегінің эволюциялық ароморфоз жолымен филогениялық дамуға айқын болады. Балықтардың жүрегі екі камералы олардың венаны әуелі бөлінбейтін құлақшаға барады, одан кейін қарыншасына өтеді, қарыншадан қолқаға одан әрі желбезек қан тамырларына барып оттегіне байып барлық денеге тарайды. Амфибиялардың құлақшасы екі камераға бөлінген оның оң жақ жартысы веналық сол жағы артериялық болады. Бұлардың төменгі сатыдағы формаларында оң және сол құлақшасы екіге толып бөлінген.Құйрықсыз амфибиялардың құлақшаларының аралығында перде тақ бір тесік арқылы қарыншамен қатысты болады. Жүректің құрылысы осындай болуына байланысты оның қарыншасына барған вена және артерия қаны толық араласпайды.Қаның араласуына қарыншаның кабырғасындағы ет перденің күрделі системасы және қарыншаның күшті жиырыуы бөгет болады. Қарынша жиырлғанда қолқаға әуелі вена қаны енеді, одан өкпе артериясымен өкпеге барып оттегіне байиды. Қолқаға баратын қаның екінші бөлігі – аралас қан: бұл қолқаға доғасы арқылы вегетативтік органдарға тарайды. Ақырында қаның үшінші бөлімі –артериялық таза қан; бұл ұйқы артериясы арқылы басқа барады.
Сөйтіп омыртқалылардың жүрегінің зволюциялық белгі бағытта араморфоз жолымен жүріп отырады.
Өсімдіктер филогенезінде де араморфоз жолының үлкен маңызы болады. Тахтаджянша өткізуші система эпидермис және бұлармен корреклятивтік байланысты бейімділіктердің пайда болуы жоғары сатыдағы өсімдіктердің құрлықты иемденуіне болуы жоғары сатыдағы өсімдіктердің құрлықты икемденуіне мүмкіндік береді.Ал тозаң түтігінің түзілу ұрықтану процесіне су тамшыларына қажет етпейтін етті. Осы белгілердің бәрі нағыз араморфоз жолымен жүреді
Идиоадаптациясы немесе жеке бейімділік. Идиоадаптацияда араморфоздағыдай жалпы бейімделік емес, жеке бейімділік пайда болады. Мұнда құрылыс дәрежесі жоғары көтерілмейді және зат алмасу интенсентивтілігі де артпайды, көбіне организімнің екінші дәрежелі мүшелеріне ғана өзгеріс енеді. Алайда құрылыс дәрежесі жөнінен ата-тегіндей бола тұрса да, организм идиоадаптация нәтижесінде бейімделген болады
Морфофизиологиялық регресс (жалпы дегенерация ). Кейбір мүшелеп қарапайым күйге немесе редукцияға ұшырайды. Жануарлардың отырып тіршілік етуге көшуіне орай және паразитизмге байланысты (цепень). Бір мүшенің регресті өзгеруі, басқа мүшелердің мамандануына байланысты (аскарида, цепеньде репродуктивті жүйе, бекіну мүшелері)
Биологиялық регресс- даралар санының төмендеуі, ареалдың тарылуы немесе бөлшектенуі. Себебі сыртқы орта өзгерісінің жылдамдығынан түр эволюциясының қарқыны төмендейді. Даралар элиминацияға ұшырайды, түрдің құруына әкеледі.
Шмальгаузен эволюцияның 2 бағытын көрсетеді.
Теломорфоз- тар тіршілік ортасына көшуге байланысты ағзалардың мамандануы. Мүшелер редукцияға ұшырайды.
Гиперморфоз- сыртқы орта өзгерісіне байланысты мүшелердің шектен тыс дамуы. Мөлшері өседі (мамонт, динозавр) адаптацияға зиянды.
Түрдің өлуі; 1) эволюцияның икемділігі жойылады, яғни генетикалық өледі
2) генетико- экологиялық факторға (бәсекеге қабілеттілік төмендейді) байланысты түрдің өлуі (жыртқыштар, потогенді микроорганизмдер үстемдігі). 3) Антропогенді
