- •1.1.1 Органикалық эволюция-обьективті процессті сипаттаңыз.
- •1.1.2 Микроэволюцияіліміне анықтама беріңіз.
- •1.1.3.Түр эволюция процесінің негізгі дәуіріне анықтама беріп
- •1.1.4.Түрдің пайда болуы себептеріне сипаттама беріңіз
- •Анатомиялық - морфологиялық немесе жай ғана морфологиялық өлшем
- •Физиологиялық-биохимиялық өлшем
- •Генетиқалық өлшем
- •Эволюциялық-географиялық өлшем
- •1.1.5.Филогенетикалық топтардың эволюциясына анықтама беріп, сипаттаңыз?
- •1.1.6. Онтогенез эволюциясына анықтама беріп, сипаттаныз?
- •1.1.7 Эволюциялық прогресске сипаттама беріңіз
- •2.1.4.Үй жануарлары тұқымдары мен мәдени өсімдіктер шығу тегі
- •2.1.6 Жануарлар эволюциясының өзара байланыстылығына сипаттама беріңіз
- •3,1,1Филогенетика ұғымы
- •3,3,2 Эволюциялық шежіреге анықтама беріңіз
- •3.1.5. Макроэвалюция ұғымына анықтама беріп сипаттаңыз.
- •3.1.6. Түрдің жалпы белгілеріне анықтама беріп ссипаттаңыз.
- •1.2.1 Эволюциялық идеялардың даму тарихы жөнінде мәлімет беріп , түсіндіріңіз
- •1.2.2 Антик дәуір философтардың еңбектеріндегі эволюциялық идеяларды баяндаңыз.
- •1.2.3 Ж.Б. Ламарктің эволюциялық концепциясын түсіндіріп беріңіз
- •1.2.4 Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясының қалыптасуындағы жалпы алғы шарттарды түсіндіріңіз
- •1.2.5 Ч. Дарвиннің өмірбаяны және еңбектері туралы мәлімет беріп, түсіндіріңіз?
- •1.2.6. «Түрлердің шығу тегі...» еңбегіндегі негізгі қағидаларды түсіндіріңіз?
- •1.2.7 Дарвиннің Өзгергіштік формалары,заңдылықтары,себептері
- •2.2.1Табиғаттағы түрлердің өзгергіштігінің дәлелі жөнінде мәлімет беріңіз
- •2.2.5 Тіршіліктің пайда болуы
- •2.2.6 Тіршіліктің негізгі қасиеттері және жер бетіндегі тіршіліктің геохимиялық ролі
- •2.2.7 Биохимиялық эволюцияның кезеңдеріне анықтама беріп түсіндіріңіз
- •3.2.3 Популяция – эволюцияның элементарлы құрылым
- •3.2.5. Антропогенездің негізгі дәуірлеріне сипаттама беріп түсіндіріңіз.
- •3.2.6 Биосфера эвалюциясына анықтама беріп түсіндіріңіз.
- •1.3.1 Табиғи сұрыпталудың эволюцияның басқа факторларының арасындағы орнына сипаттама беріп қарастырыңыз.
- •1.3.2 Популяциялардың арасындағы генетикалық айырмашылықтарды күшейтетін факторларға анықтама беріп ,қарастырыңыз.
- •1.3.3 Тұқым қуалайтын өзгергіштік – эволюцияның элементарлы материалы ретінде сипаттама беріп ,қарастырыңыз
- •1.3.4 Эволюция ілімінің табиғи популяциялары басқарудағы, табиғат ресурстарын қорғау жөнінде анықтама беріп, қолданыңыз.
- •1.3.5. Филогенездегі мүшелер жүйелерінің өзгеруіндегі өзара байланыстылығына сипаттама беріп, қарастырыңыз?
- •1.3.6. Онтогенез эволюциясы және онтогенездегі организмнің біртұтастығы ретінде қарастырыңыз.
- •2.3.1 Адамдардың пайда болған орталықтары жайлы жорамалдарға анықтама беріңіз
- •2.3.5. Эволюция ілімі,оның адамның практикалық әрекетіндегі ролі
- •2.3.6 Микроэволюция проблемаларын талдау қажеттілігі жөнінде анықтама беріңіз
- •2.3.7 Адамның жануарлар дүниесіндегі орны туралы мәлімет беріңіз
- •3.3.1 Антропогенездің биологиялық және әлеуметтік факторлары және олардың әсер ету ерекшеліктері
- •3.3.5.Адамның пайда болуы жайлы түсініктің дамуына анықтама беріп, қарастырыңыз.
- •3.3.6. Прогресс туралы түсінік және даму критерийлерін қарастырыңыз.
2.3.7 Адамның жануарлар дүниесіндегі орны туралы мәлімет беріңіз
Антропология — адамның шығу тегін, дамуын, дене құрылысын, нәсілдік ерекшеліктерін зерттейтін жалпы биология ғылымының қоғамдық ғылымдармен тығыз байланысы бар саласы. Антропология (грекше arthropos – адам, logos – ілім) терминін алғаш рет Аристотель енгізді.
Антропология (грекше antropos - адам) – адам туралы ғылым. Ол адамның шыққан тегін және оның барлық кезеңде бірдей даму типін зерттейді. Әрине, адам денесінің құрылысын анатомия зерттейді. Бұл ғылымдардың бір-бірінен айырмашылығы неде? Антропологтар анатомдарға қарағанда басқа тұрғыдан қарайды. Қалыпты анатомия адамды жинақтап, «орталық» тип деңгейінде абстракты үлгі есебінде зерттейді. Антропологияда адамды салыстырмалы кең көлемде, әрбір адамның жеке әрекеттерін зерттейді: жыныстық, жастық, конституциялық, қызметтік, этникалық және нәсілдік. Бір қатар сұрақтар бойынша антропология, этнография және археологиямен де тығыз байланысты. Антропология адам тарихымен байланысты, жер қоймасынан табылған заттарды зерттейді. Этнография халықтың тұрмысы мен мәдениет ерекшеліктерін, олардың шығу тегін, таралу жолдарын және мәдени тарихи қарым-қатынастарын да зерттейді. Антропология – табиғаттануға жатады. Бірақта биологиялық пәндер ішінде алатын орыны де ерекше, себебі, адам екі қоғамның өкілі – биологиялық және әлеуметтік. Адам – қоғам мүшесі. Адамның, адам болып қалыптасуы жіне оның өмірі қоғамдық ұйымда өтеді. Еңбек пен қоғам – адамның тіршілігі мен жағдайының негізі, оған әлеуметтік тарихи жағдайлар әсер етеді. Антропология ғылымы бірнеше бөлімнен тұрады.
Антропогенез – жануарлар дүниесіндегі адамның алатын орны мен адамның адам болып қалыптасуын зерттейді.
Морфология - әрбір адам типінің өзгерісін жасқа байланысты өзгеруін, жынысқы байланыстыөзгеруі, жынысқа байланысты белгілерін және тұрмыс жағдайын зерттейді.
Этникалық антропология - өткен дәуірден және қазіргі жер шарындағы халықтың антропологиялық құрамын, нәсілдік қалыптасуын, көшіп қону тарихын зерттейді. *Физикалық антрополгия – адамның физиологиялық және биохимиялық ерекшеліктерімен олардың әртүрлі өзгерістерін зерттейді.
Адамның шығу тегі туралы алғашқы көзқарастар р/с Ғалымдардың аты-жөні Пікірлері мен көзқарастары 1. Аристотель (б.з.д.384-322 ж.ж.) Антропология терминін алғаш ғылымға енгізді 2. К.Линней (1735) Адамдарды сүтқоректілер класына, приматтар отрядына, саналы адам түріне жатқызды. «Табиғат жүйесі» атты еңбек жазды. 3. Ж.Б.Ламарк (1810) Адам адамтектес маймылдардан шыққан, адам мен маймыл арасында өтпелі форма болуы мүмкін деген. 4. Ч.Дарвин (1871) Адамның дамуындағы әлеуметтік фактордың рөлі, “Адамның шығу тегі және жыныстық сұрыпталу” аттыеңбекті жазды 5. Ф.Энгельс (1896) “Маймылдың адамға айналу барысындағы еңбектің рөлі”, “адамды адам еткен еңбек” түсінігін тұжырымдады
Саналы адамға тән белгілер -Ұрықтың жатырда дамуы -Сөйлеу қабілеті бар -Қолдары аяқтарынан қысқа -Шығармашылық еңбекке бейім -Тік жүреді -Омыртқа жотасы S тәрізді -Миының көлемі 1800см3 -Зат алмасу жоғарғы сатыда жүреді. -Табандары ойыс -Дене температурасы тұрақты
Адамның жануарлар дүниесін жүйелеудегі орны. Хордалылар (Желілер) типі. Омыртқалылар тип тармағы. Сүтқоректілер класы. Ұрықжолдастылар (қағанақтылар) класс тармағы. Маймылдар (приматтар) отряды. Адамтектес маймылдар отряд тармағы (Понгидтер) Адамдар тұқымдасы. (гоминидтер) Адамдар туысы. Саналы адам түрі. Адамның жануарлар дүниесінің өкілі екендігін дәлелдейтін рудименттік және атавизмдік белгілер бар
Рудименттік (қалдықтар) белгілер Рудименттік деп ататегінен қалған, бірақ қызмет атқармайтын қалдық белгілерді айтады. Мысалы: Соқырішек * құстың көз жабыны Құлақ айналасындағы бұлшықеттер Терідегі түктер Құйымшақ Үшінші қабақ
Арғы тектік (Атавизм) белгілер Атавизм деп арғы ата тектің белгілерінің қайталануын айтады. Мысалы: Құйрықты нәрестенің туылуы Денені қалың түк басуы Көп емшекті
|
3.3.4 Табиғи сұрыптау – эволюцияның қозғаушы және бағыттаушы факторларын қарастырыңыз. Дайте объяснение на естественный отбор – движущий и направляющий фактор эволюции. |
В.И.Власовтың айтуынша табиғи сұрыптау онтогенездің барлық кезеңінде гаметадан есейген организге дейін жүреді. Популяцияның генетикасын білу түрлі генотиптердің селекциялық бағал ығын анықтауға мүмкіндік береді. Салыстырмалы топтардың бейімділік айырмашылығы
С.М.Гершиновтың ұсынысы бойынша сұрыптау коффиценті деп аталады Мыс:
рецесивті ген бойынша гомозиготалы болатын өкілдер гендері доминтаты
организмдер беретін әрбір 100 ұрпақтың орнына 99 ұрпақ береді
делік.Доминтаты гендері бар организмдердің селекциялық бағалығын 100 деп
алсақ, онда рецесивті гомозиготалығы 0,99 болады, осы шамаларының
айырмашылығы сұрыптаудың коффеценттің S көрсетеді. Айтылып отырған жағдайда
S=1.00-0.99=0.01 тең зоотехникалық және ветерникалық генетикада сұрыптаудың
маңызы зиянды мутацияларды үт майлығы жоғары басқа, тұқыммен шалыстыру
керек. Бұл жұмыс зоотехникті көп ойландырып рецесивті түрлерін құртуда өте
жоғары. Талдауға қарағанда рецесивтік мутантты геннің жилігін сұрыптау
арқылы жылдам төмендетуге болады. Мыс:метальды генің шоғырлану 0,3 тең 0,2
–ге дейін төмендету үшін екі ұрпақтын өмірі ғана керек. Әртүрлі
популяциялардың мутациялардың таралуы миграция арқылы жүру мүмкін. Мал
шаруашылығында бұл басқа жерлерден мемлекеттерден мал әкелу әсіресе аталық
малдың немесе олардың спермаларын әкеліп пайдалану мен байланысты. Түр
популяциядан қүұралады. Егер бір популяциялардың өкілдері басқа
популяйияның өкілдерімен мүлде немесе ішінар шағылыспайтын болса, онда
мұндай популция оқшаулану процесіне душар болады. Егер оқшаулану ұрпақтар
тізбегінің көп қатарында жүрсе сұрыптау факторлары әртүрлі популяцияларда
неше түрлі бағыта құызмет етіп популяциялардың жіктеуі болады. Кейінен
мұндай популяциялар жаңа түрлердің бастамас ын бюекру мүмкін.Түр ішінде
популяциялардың оқшаулануы географиялық, экологиялық және биологиялық
факторлардың әсеінен болады. Шағылысу еркіндігін бұзатын биологиялық
факторлар қатарына генетикалық және физологиялық факторлар жатады.
Оқшауланудың генетикалық факторлары көбінесе миграцияның қалыпты өтуін
бұзады.Ол өсімталдығы жоғары болатын,ұрпақ алуына кедергі кетіреді.Оның
себептері ониплойда хромосомалық қайта құрулар, ядро, цитоплазмалық сәйкес
келу болады. Бұлардың әрқайсыс өкілдердің еркін шағылусын шектеуге және
будандардың бедеу болып қалуына, гендердің еркін комбилациялауын тежеуге,
яғни өз ішінде зсімталдығы жоғары болатын ұрпақ бере алатын формалардың
генетикалық оқшауландыруына әкеліп соғады.
2. Сұрыптудың нәтижелігіне ортаның әсері.
Табиғи және қолдан сұрыптаулар тек қан фенотиппен жүргізіледі.Малдың
генотипін тұқымға ауытқалу үшін бағалағанда зоотехник фенотиппен жұмыс
істейді. 1-ден ата-бабаларынның,2-нен ұрпақұтарының фенотипімен . Қандай
организм болмасын фенотип генотиппен организмнің дамуында оған әсер ететін
ортаның ықпалымен құрылады.Организм фенотипінің түгелдей ерекшеліктері
ортаның әсеріне ұшыра бермейді мысалы: адамның және малдың қан топтары
белгілі қызмет атқаратын белок құрылысы гемоглабин, трансферон,
серулаплазмин т.с.генмен анықталады. Бұл ерекшеліктер өмір бойы өзгерісіз
болады. Малдың түсіне , жүнінің өзгеруі қоршаған ортаның әсері шшамалы.
Түрге тән ерекшеліктерқалыпты жағдайда тек қана генотипттік бақылау мен
жүргізіледі. Дегенмен белгілердің басым көпшілігі оның ішінде мал тұқымын
асылдандыратын зоотехниктер үшін қажеттер мысалы: сүт мөлшері майлығы
тауықтың жұмыртқасы, қойдың жүн өнімдері малдың т.с.с күрделі тұқым қуу
қасиеті барлар көбіне қоршаған ортаның ықпалына бағынышты. Генотип
организмнің қоршаған ортаның әсер ережесін анықтайды осының нәтижесінде
әртүрлі генотипті малдар бір-бірімен әжептәуір аайырмашылығы болуы мүмкін
яғни модификациялық өзгергіштік пайда болады.Оның әсерінен фенотипіне қарап
малдың тұқымдық бағасын анықтау кейде қиынға соғады бірақ мұндай қиындықтар
ортаның жағдайы нәсілдік қасиеттің ықтималдығын бүркеп қарама-қарсы
келгенде ғана туады. Мысалы: сүтті тұқымнан тараған сиырларды азықтандыру
нашар болса, онда олардың өнімі жабайы тұқымдарының сиырларындай ғана
онанда төмен болады. Себебі олардың өнім дәрежесі бұл жағдайда берілген
азыққа байланысты. Егер сол сиырлардан мол азықпен жақсы күтімге қойса,
онда тұқымнан алынған сиырлар өнімді әлде қайда артық береді. Сондықтан мал
тұқымын асылдандыру үшін оған өте жақсы жағдай жасау ең басты жұмыс болып
есептеледі.
