- •1.1.1 Органикалық эволюция-обьективті процессті сипаттаңыз.
- •1.1.2 Микроэволюцияіліміне анықтама беріңіз.
- •1.1.3.Түр эволюция процесінің негізгі дәуіріне анықтама беріп
- •1.1.4.Түрдің пайда болуы себептеріне сипаттама беріңіз
- •Анатомиялық - морфологиялық немесе жай ғана морфологиялық өлшем
- •Физиологиялық-биохимиялық өлшем
- •Генетиқалық өлшем
- •Эволюциялық-географиялық өлшем
- •1.1.5.Филогенетикалық топтардың эволюциясына анықтама беріп, сипаттаңыз?
- •1.1.6. Онтогенез эволюциясына анықтама беріп, сипаттаныз?
- •1.1.7 Эволюциялық прогресске сипаттама беріңіз
- •2.1.4.Үй жануарлары тұқымдары мен мәдени өсімдіктер шығу тегі
- •2.1.6 Жануарлар эволюциясының өзара байланыстылығына сипаттама беріңіз
- •3,1,1Филогенетика ұғымы
- •3,3,2 Эволюциялық шежіреге анықтама беріңіз
- •3.1.5. Макроэвалюция ұғымына анықтама беріп сипаттаңыз.
- •3.1.6. Түрдің жалпы белгілеріне анықтама беріп ссипаттаңыз.
- •1.2.1 Эволюциялық идеялардың даму тарихы жөнінде мәлімет беріп , түсіндіріңіз
- •1.2.2 Антик дәуір философтардың еңбектеріндегі эволюциялық идеяларды баяндаңыз.
- •1.2.3 Ж.Б. Ламарктің эволюциялық концепциясын түсіндіріп беріңіз
- •1.2.4 Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясының қалыптасуындағы жалпы алғы шарттарды түсіндіріңіз
- •1.2.5 Ч. Дарвиннің өмірбаяны және еңбектері туралы мәлімет беріп, түсіндіріңіз?
- •1.2.6. «Түрлердің шығу тегі...» еңбегіндегі негізгі қағидаларды түсіндіріңіз?
- •1.2.7 Дарвиннің Өзгергіштік формалары,заңдылықтары,себептері
- •2.2.1Табиғаттағы түрлердің өзгергіштігінің дәлелі жөнінде мәлімет беріңіз
- •2.2.5 Тіршіліктің пайда болуы
- •2.2.6 Тіршіліктің негізгі қасиеттері және жер бетіндегі тіршіліктің геохимиялық ролі
- •2.2.7 Биохимиялық эволюцияның кезеңдеріне анықтама беріп түсіндіріңіз
- •3.2.3 Популяция – эволюцияның элементарлы құрылым
- •3.2.5. Антропогенездің негізгі дәуірлеріне сипаттама беріп түсіндіріңіз.
- •3.2.6 Биосфера эвалюциясына анықтама беріп түсіндіріңіз.
- •1.3.1 Табиғи сұрыпталудың эволюцияның басқа факторларының арасындағы орнына сипаттама беріп қарастырыңыз.
- •1.3.2 Популяциялардың арасындағы генетикалық айырмашылықтарды күшейтетін факторларға анықтама беріп ,қарастырыңыз.
- •1.3.3 Тұқым қуалайтын өзгергіштік – эволюцияның элементарлы материалы ретінде сипаттама беріп ,қарастырыңыз
- •1.3.4 Эволюция ілімінің табиғи популяциялары басқарудағы, табиғат ресурстарын қорғау жөнінде анықтама беріп, қолданыңыз.
- •1.3.5. Филогенездегі мүшелер жүйелерінің өзгеруіндегі өзара байланыстылығына сипаттама беріп, қарастырыңыз?
- •1.3.6. Онтогенез эволюциясы және онтогенездегі организмнің біртұтастығы ретінде қарастырыңыз.
- •2.3.1 Адамдардың пайда болған орталықтары жайлы жорамалдарға анықтама беріңіз
- •2.3.5. Эволюция ілімі,оның адамның практикалық әрекетіндегі ролі
- •2.3.6 Микроэволюция проблемаларын талдау қажеттілігі жөнінде анықтама беріңіз
- •2.3.7 Адамның жануарлар дүниесіндегі орны туралы мәлімет беріңіз
- •3.3.1 Антропогенездің биологиялық және әлеуметтік факторлары және олардың әсер ету ерекшеліктері
- •3.3.5.Адамның пайда болуы жайлы түсініктің дамуына анықтама беріп, қарастырыңыз.
- •3.3.6. Прогресс туралы түсінік және даму критерийлерін қарастырыңыз.
2.3.5. Эволюция ілімі,оның адамның практикалық әрекетіндегі ролі
Адам баласының мүддесі және оның практикалық іс-әрекеттері биология ғылымының барлық салаларымен тығыз байланысты екенің Дарвинизм курсы таныстырады. Дарвинизм жұмысынан бастап биологиядан ашылдған заңдар, тірі организмдермен тікелей байланысты шаруашгылық салаларындағы практикалық жұмыстарға пайдаланып келеді.Қазіргі кезде өте күрделі үнемді аппаратуралардың конструкциясын жасау үшін биологиялық структуралар мен ондағы болып жатқан процестерге инженерллер көңіл бөле бастады.Осыған байланысты ерекше–ғылым бионика шықты.Сөйтіп қазіргі биология техникада қолданыла бастады.Осы тұрғыдан қарағанда организмдердің эволюциялық процесте пайда болатын бейімділік қасиеттерін зерттеудің ерекше практикалық мәні бар.
Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы, адамның шығу тегі, тірі ағзалардың сан алуандығы мен олардың мекен ортасына таңғаларлықтай бейім болуы – адам баласын сандаған ғасырлар бойы толғандырған мәселелер еді.
Табиғат жайындағы жаратылыстану ілімі осыдан 300 жыл бұрын діни көзқарастардың тұтқынында болды. «Метафизикалық» дәуір деп аталған сол кезеңдердегі жаратылыс зерттеушілерінің ақыл-ойын өзінше бір дүние тану қөзқарасы шарпыды. Олар «Жер және онда тіршілік еткен тірі табиғат құдайдың құдыретімен жаралған, содан бері олар өзгермей келеді» деген ұғымда болды.
XVII ғасырдың ортасында кейбір озат ғалымдар, жануарлар мен өсімдіктер сыртқы ортаның жаңа жағдайларына келгенде өзгеріске ұшырайды деген көзқарас танытты. Бірақ, көптеген діни көзқарастарды жақтаушылардың басым болуы, бұл жаңа бағыттың жеңуіне үлкен қиыншылық келтірді. Органикалық дүниенің өзгеретіні жайындағы жаңа идеяның қалыптасуына ғылыми дәлелдемелердің аздығы да бөгеу болды.
Тірі табиғат эволюциясының ғылыми концепциясын жүз сексен жыл бұрын ағылшын биологы Чарльз Дарвин құрды. 1859 ж. Дарвиннің «Табиғи сұрыпталу жолымен түрлердің шығу тегі немесе тіршілік үшін күресте қолайлы тұқымдардың сақталуы» деген негізгі кітабы жарыққа шығуымен ең алғаш эволюциялық идея тиянақты ғылыми негізге ие болды. Бұл теория атақты ғалымның атымен «дарвинизм» деп аталды. Қазіргі уақытта «дарвинизм» деген сөз, «эволюциялық теория», «ілім» деген атаумен ауыстырылды.
«Эволюция» (лат. evolutio-даму) деген терминді XVIII ғасырдың ортасында биология саласына швед ғалымы Шарль Боннэ енгізді. Алғашқы кезде бұл термин тек қана эмбриональды дамумен ғана байланысты болды. Қазіргі кезде «эволюция» термині тек биологияда ғана емес, ғылымның басқа салаларында да кеңінен қолданылады.
Эволюцияның жеке дамудан (онтогенезден) айырмашылығы, ол алдын ала жоспарланып қойылмаған. Даму процесі дегеніміз – бір жағдайдан екінші жағдайға өту, тек қана жаңа қасиеттеріне ғана байланысты емес, сонымен қатар ежелгі тірі ағзаларды ерекшеліктерінің сақталуымен сипатталады. Тірі ағзалардың және түрлердің эволюциялық қайта құрылымдары күрделенуге бағытталған, бұл әрекет ата - тектен жаңа ағзаға тұқым қуалауға негізделе отырып жүреді. Эволюцияны, материяның ерекше даму формасы деп қарастырғанда оның үш қасиетін атауға болады:
Биологиялық эволюция – қайтымсыз әрекет;
Эволюция дегеніміз – биологиялық пайдалы белгілердің пайда болуы;
Эволюция ұрпақтар жалғастығына негізделген, яғни жаңа пайдалы
белгілердің бұрынғы ағзаға үйлесімді енуі.
Эволюциялық ілім – тірі материяның тарихи даму теориясын оқытатын пән. Эволюциялық ілім басқа биология пәндерімен тығыз байланыста оқытылады.
Эволюциялық ілім – жеке биологиялық пән. Эволюциялық ілім басқа жаратылыстану салаларымен, әлеуметтік ғылымдармен, диалектикалық материализм филасофиясымен тығыз байланысты. Органикалық эволюция биологияның – палентология, морфология, эмбриология, биохимия, генетика, экология және басқа барлық салаларына сүйенеді. Түрлердің қайсы бірі болмасын ,бүкіл биоценоз болсын эволюцияланушы жүйе болып табылады. Олардың өзіндік құрылымдары бар. Тірі ағзалар молекулалардан, жасушалардан, ұлпалардан, жекеленген мүшелерден, мүшелер жүйесінен тұрады.Тіршілік деңгейлерінің әрқайсысын әр түрлі ғылымдар саласы зерттейді
Тіршіліктің әр түрлі формаларын зерттеп, эволюцияның себептерін және қорытындысында не болатынын қарастырғанда, эволюциялық теория әр түрлі ғылымдардың да себеп- салдарын қарастырады (молекулалық генетика, биохимия, цитология, гистология, анатомия, физиология).Миллиондаған жылдар бойы жүрген эволюция да өз жағынан қазіргі бірқатар бионикалық – техникалық проблемаларды шешуге де үлесін қосты.
