- •1.1.1 Органикалық эволюция-обьективті процессті сипаттаңыз.
- •1.1.2 Микроэволюцияіліміне анықтама беріңіз.
- •1.1.3.Түр эволюция процесінің негізгі дәуіріне анықтама беріп
- •1.1.4.Түрдің пайда болуы себептеріне сипаттама беріңіз
- •Анатомиялық - морфологиялық немесе жай ғана морфологиялық өлшем
- •Физиологиялық-биохимиялық өлшем
- •Генетиқалық өлшем
- •Эволюциялық-географиялық өлшем
- •1.1.5.Филогенетикалық топтардың эволюциясына анықтама беріп, сипаттаңыз?
- •1.1.6. Онтогенез эволюциясына анықтама беріп, сипаттаныз?
- •1.1.7 Эволюциялық прогресске сипаттама беріңіз
- •2.1.4.Үй жануарлары тұқымдары мен мәдени өсімдіктер шығу тегі
- •2.1.6 Жануарлар эволюциясының өзара байланыстылығына сипаттама беріңіз
- •3,1,1Филогенетика ұғымы
- •3,3,2 Эволюциялық шежіреге анықтама беріңіз
- •3.1.5. Макроэвалюция ұғымына анықтама беріп сипаттаңыз.
- •3.1.6. Түрдің жалпы белгілеріне анықтама беріп ссипаттаңыз.
- •1.2.1 Эволюциялық идеялардың даму тарихы жөнінде мәлімет беріп , түсіндіріңіз
- •1.2.2 Антик дәуір философтардың еңбектеріндегі эволюциялық идеяларды баяндаңыз.
- •1.2.3 Ж.Б. Ламарктің эволюциялық концепциясын түсіндіріп беріңіз
- •1.2.4 Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясының қалыптасуындағы жалпы алғы шарттарды түсіндіріңіз
- •1.2.5 Ч. Дарвиннің өмірбаяны және еңбектері туралы мәлімет беріп, түсіндіріңіз?
- •1.2.6. «Түрлердің шығу тегі...» еңбегіндегі негізгі қағидаларды түсіндіріңіз?
- •1.2.7 Дарвиннің Өзгергіштік формалары,заңдылықтары,себептері
- •2.2.1Табиғаттағы түрлердің өзгергіштігінің дәлелі жөнінде мәлімет беріңіз
- •2.2.5 Тіршіліктің пайда болуы
- •2.2.6 Тіршіліктің негізгі қасиеттері және жер бетіндегі тіршіліктің геохимиялық ролі
- •2.2.7 Биохимиялық эволюцияның кезеңдеріне анықтама беріп түсіндіріңіз
- •3.2.3 Популяция – эволюцияның элементарлы құрылым
- •3.2.5. Антропогенездің негізгі дәуірлеріне сипаттама беріп түсіндіріңіз.
- •3.2.6 Биосфера эвалюциясына анықтама беріп түсіндіріңіз.
- •1.3.1 Табиғи сұрыпталудың эволюцияның басқа факторларының арасындағы орнына сипаттама беріп қарастырыңыз.
- •1.3.2 Популяциялардың арасындағы генетикалық айырмашылықтарды күшейтетін факторларға анықтама беріп ,қарастырыңыз.
- •1.3.3 Тұқым қуалайтын өзгергіштік – эволюцияның элементарлы материалы ретінде сипаттама беріп ,қарастырыңыз
- •1.3.4 Эволюция ілімінің табиғи популяциялары басқарудағы, табиғат ресурстарын қорғау жөнінде анықтама беріп, қолданыңыз.
- •1.3.5. Филогенездегі мүшелер жүйелерінің өзгеруіндегі өзара байланыстылығына сипаттама беріп, қарастырыңыз?
- •1.3.6. Онтогенез эволюциясы және онтогенездегі организмнің біртұтастығы ретінде қарастырыңыз.
- •2.3.1 Адамдардың пайда болған орталықтары жайлы жорамалдарға анықтама беріңіз
- •2.3.5. Эволюция ілімі,оның адамның практикалық әрекетіндегі ролі
- •2.3.6 Микроэволюция проблемаларын талдау қажеттілігі жөнінде анықтама беріңіз
- •2.3.7 Адамның жануарлар дүниесіндегі орны туралы мәлімет беріңіз
- •3.3.1 Антропогенездің биологиялық және әлеуметтік факторлары және олардың әсер ету ерекшеліктері
- •3.3.5.Адамның пайда болуы жайлы түсініктің дамуына анықтама беріп, қарастырыңыз.
- •3.3.6. Прогресс туралы түсінік және даму критерийлерін қарастырыңыз.
Эволюциялық-географиялық өлшем
Мұнда түрдің таралуы,оның таралу аймағы және дәл сол ағза мүдделігіндегі табиғи жағдайлар жиынтығы қамтылады. Түрлердің барлығы өзінің таралу сапасы бойынша 2 үлкен топка бөлінеді. Түрлердід бірі үлкен таралу аймағында орналасады және сонымен катар бұлар аумаққа біркелкі топтармен таралады. Сондай-ақ өзге түрлер таралу аймағы бірінен-бірі жеке оқшаулап, аумаққа бытыраңқы орналасады. Бұл нақтылы түрдің қалай пайда болып орнығуына тәуелді жайт. Бірақ тірі ағзалар аумаққа зерзаттар бойынша біркелкі таралады деп салыстыруға бол- майды. Кез келген түр табиғатта популяция - оқшауланған дарақтар тобы түрінде өмір сүреді.
1.1.5.Филогенетикалық топтардың эволюциясына анықтама беріп, сипаттаңыз?
Филогенез түрлері. Эволюциялық дәлелдемелер. Филогенетикалық топтардың түзілу ережелері.
Берілген жүйелеулер, палентологиялар, биогеографиялар, салыстырмалы анотомиялар мен басқа да биологиялық пәндер үлкен нақтылықпен жоғарыдағы түрлердің кез-келген деңгейіндегі эволюциялық процесс барысын қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Әртүрлі биотикалық және абиотикалық қоршаудағы, сыртқы ортаның әркелкі жағдайы кезінде әртүрлі топтардағы эволюциялық процестер барысын салыстыру тарихи даму ерекшеліктерінің көптеген топтары үшін ортақ сипатты бөліп алуға мүмкіндік береді.
Филогенез түрлері. Эволюциялық дәлелдемелер. Филогенез формаларының ішінде негізінен кез-келген токсондар өзгерісі мен екіншілік – параллелизм мен конвергенция жатқан біріншілік – филетикалық эволюция мен дивергенцияны бөліп көрсетуге болады.
Филетикалық эволюция – бұл бір филогенетикалық діңде (барлық уақытта мүмкін болатын дивергенттік бұтақталу есебінсіз) жүзеге асатын өзгеріс. Мұндай өзгерістерсіз ешқандай эволюциялық процестер жүре алмайтындықтан, филеткалық эволюцияны эволюцияның элементарлы формаларының бірі деп есептеуге болады.
Түзу сызықпен жылқы тегінің дамуы: фенокодус – эогиппус – миогиппус – парагиппус – плиогипус – қазіргі заманғы жылқы – филетикалық эволюция мысалы. Филетикалық эволюцияны «таза» күйде (дивергенциясыз эволюция ретінде) эволюциялық процестің салыстырмалы қысқа периоды түрінде сипаттауға болады. Бірақ ол эволюция процесінің тоқтамайтындығын көрсетеді.
Дивергенция – таксондар эволюциясының басқа біріншілік формасы. Әртүрлі жағдайдағы сұрыптау бағытының өзгерісі нәтижесінде ағаштың діңінен өмір бұтағы тәрізді, бірегей тектердің дивергенция әрекеті жүріп отырады. Дивергенцияның бастапқы сатысын түрлік қоныстанудың жекелеген бөліктеріндегі қандай да бір белгілері бойынша ерекшеліктердің туындауы мысалында тіршілік деңгейден байқауға болады. Популяция дивергенциясы түртүзілуге алып келуі мүмкін. Формалар дивергенциясының тамаша мысалы – Байкал жағалауындағы көптеген түрлермен Галапагосс аралдарындағы азғана тектік түрлердің морфофизиологиялық ерекшеліктері бойынша саналуандылықтың туындауы.
Түрге қарағанда (макроэволюциялық деңгейге) өте ірі топтар мен түр ішіндегі (микроэволюциялық деңгей) дивергенция процестерінің принциптік ұқсастықтарына қарамастан олардың арасында микроэволюциялық деңгейдегі дивергенция процесінің қайтымды болатындығының маңызды ерекшелігі бар, екі айырылған популяция эволюцияның келесі сәтіндегі шағылысу жолымен бірігіп, бірегей популяция ретінде қайта тіршілік ете алады. Макроэволюциядағы дивергенция процестері қайтымсыз: бір рет туындалған түр ата-аналық пен қосылыса алмайды (филетикалық эволюция барысында сол және басқа түрлер өзгеретін болады).
Дивергенция мен филетикалық эволюция – филетикалық түрдің барлық өзгерістерінің негізгі және табиғаттағы кез-келген көлемдегі әрекеттің жүруінің біріншілік формасы.
Конвергенция – бұл екі немесе бірнеше топтар дараларының ұқсас фенотиптік келбеттерінің қалыптасу процесі. Конвергенция (конвергенттік даму) – Жердегі тіршілік дамуындағы анық құбылыстардың (феномендердің) бірі.
Конвергенттік ұқсастық дивергенттікен барлық уақытта жай ғана ерекшеленбейді. Мысалы, ХХ ғасыр ортасына дейін нағыз кеміргіштермен (Rodenia) қоянтәрізділердің (Lagomorha) туыстығы ортақ тектердің топтар дивергенциясына негізделген. Тек арнайы зерттеулер ғана қояндарды, үй қояндарын, сенімділікпен нағыз кеміргіштерге емес, шығу тегі бойынша тұяқтыларға жақын ерекше жақын отрядқа жатқызуға мүмкіндік берді. Қазір қоянтәрізділердің кеміргіштермен ұқсастығы дивергентті емес, конвергентті екендігі анықталған.
Конвергенция топтар эволюциясының формасы секілді кез-келген деңгейдегі эволюциялық процесс үшін тән болып саналады: әртүрлі тұқымдас, отряд, соңында, әртүрлі класс (акулалар, ихтиозаврлар мен дельфиндер денелерінің формасы бойынша ұқсастық) түрлерінің конвергенциясын табуға болады. Бір класс ішіндегі конвергенттік даму мысалы болып «қасқырлардың», «аюлардың», «көртышқандар» мен т.с.с қалталы және қағанақты сүтқоректілердің арасындағы бірдей биологиялық формалардың туындауы табылады. Тасманиялық қалталы қасқыр (Thylacinus cynocephalus) мен кәдімгі қасқырдың туындауы бүтін қауымдастықтың эволюциялық процесінің ұқсас бағыттарымен анықталады. Отряд ішіндегі конвергенция мысалы ретінде ашық кеңістіктегі «секіргіштің» биологиялық типінің тәуелсіз туындауын есептеуге болады.
Конвергенттік дамудың өзіндік формасы параллелизм түрінде – біріншілік дивергирленуші және генетикалық жақын топтардың ұқсас фенотиптік қалыптасуы қарастырылуы мүмкін. Параллель дамудың классикалық мысалы болы тұяқты сүтқоректілер: Оңтүстік Америкадағы литоптерн (Litopterna) Арктогестегі жұптұятылар (Perissodactyla)екі тобының филогениясы саналады.
Филогенетикалық топтардың түзілу ережелері. Табиғатта эволюцияның негізгі екі бағыты бар: арогенез жолымен топтардың дамуы мен аллогенез жолымен топтар дамуы. Бұл жолдар тығыз байланысты болып, тұрақты түрде кезектесе отырып, бірінен-біріне өтеді.
Эволюцияның басқа бағыттарын (мамандану мен реуипсс) жаратылысы бойынша, арогенез бен аллогенездің жекелеген жағдайлары ретінде қарастыруға болады.
Ароморфоздар (топтың арогенезін анықтаушы) мен алломорфоздарды (топтың аллогенезін анықтаушы) ретінде барлық уақытта нақты кәдімгі тіршілік ортасында туындайтындығын атап өткен жөн..
1. Аллогенез – бірдей масштабтағы адаптациялармен ерекшеленетін жаңа түрлердің туындауымен бір адаптивті аймақ, ішіндегі топтар дамуы.
2.Арогенез - адаптивтік аймақтың кеңейуінің болуымен және бұрындары болмаған қандай-да бір ірі бейімделушілікті топтың иеленуі нтижесінде басқа табиғи аймаққа шығушы топтар дамуы.
