- •1.1.1 Органикалық эволюция-обьективті процессті сипаттаңыз.
- •1.1.2 Микроэволюцияіліміне анықтама беріңіз.
- •1.1.3.Түр эволюция процесінің негізгі дәуіріне анықтама беріп
- •1.1.4.Түрдің пайда болуы себептеріне сипаттама беріңіз
- •Анатомиялық - морфологиялық немесе жай ғана морфологиялық өлшем
- •Физиологиялық-биохимиялық өлшем
- •Генетиқалық өлшем
- •Эволюциялық-географиялық өлшем
- •1.1.5.Филогенетикалық топтардың эволюциясына анықтама беріп, сипаттаңыз?
- •1.1.6. Онтогенез эволюциясына анықтама беріп, сипаттаныз?
- •1.1.7 Эволюциялық прогресске сипаттама беріңіз
- •2.1.4.Үй жануарлары тұқымдары мен мәдени өсімдіктер шығу тегі
- •2.1.6 Жануарлар эволюциясының өзара байланыстылығына сипаттама беріңіз
- •3,1,1Филогенетика ұғымы
- •3,3,2 Эволюциялық шежіреге анықтама беріңіз
- •3.1.5. Макроэвалюция ұғымына анықтама беріп сипаттаңыз.
- •3.1.6. Түрдің жалпы белгілеріне анықтама беріп ссипаттаңыз.
- •1.2.1 Эволюциялық идеялардың даму тарихы жөнінде мәлімет беріп , түсіндіріңіз
- •1.2.2 Антик дәуір философтардың еңбектеріндегі эволюциялық идеяларды баяндаңыз.
- •1.2.3 Ж.Б. Ламарктің эволюциялық концепциясын түсіндіріп беріңіз
- •1.2.4 Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясының қалыптасуындағы жалпы алғы шарттарды түсіндіріңіз
- •1.2.5 Ч. Дарвиннің өмірбаяны және еңбектері туралы мәлімет беріп, түсіндіріңіз?
- •1.2.6. «Түрлердің шығу тегі...» еңбегіндегі негізгі қағидаларды түсіндіріңіз?
- •1.2.7 Дарвиннің Өзгергіштік формалары,заңдылықтары,себептері
- •2.2.1Табиғаттағы түрлердің өзгергіштігінің дәлелі жөнінде мәлімет беріңіз
- •2.2.5 Тіршіліктің пайда болуы
- •2.2.6 Тіршіліктің негізгі қасиеттері және жер бетіндегі тіршіліктің геохимиялық ролі
- •2.2.7 Биохимиялық эволюцияның кезеңдеріне анықтама беріп түсіндіріңіз
- •3.2.3 Популяция – эволюцияның элементарлы құрылым
- •3.2.5. Антропогенездің негізгі дәуірлеріне сипаттама беріп түсіндіріңіз.
- •3.2.6 Биосфера эвалюциясына анықтама беріп түсіндіріңіз.
- •1.3.1 Табиғи сұрыпталудың эволюцияның басқа факторларының арасындағы орнына сипаттама беріп қарастырыңыз.
- •1.3.2 Популяциялардың арасындағы генетикалық айырмашылықтарды күшейтетін факторларға анықтама беріп ,қарастырыңыз.
- •1.3.3 Тұқым қуалайтын өзгергіштік – эволюцияның элементарлы материалы ретінде сипаттама беріп ,қарастырыңыз
- •1.3.4 Эволюция ілімінің табиғи популяциялары басқарудағы, табиғат ресурстарын қорғау жөнінде анықтама беріп, қолданыңыз.
- •1.3.5. Филогенездегі мүшелер жүйелерінің өзгеруіндегі өзара байланыстылығына сипаттама беріп, қарастырыңыз?
- •1.3.6. Онтогенез эволюциясы және онтогенездегі организмнің біртұтастығы ретінде қарастырыңыз.
- •2.3.1 Адамдардың пайда болған орталықтары жайлы жорамалдарға анықтама беріңіз
- •2.3.5. Эволюция ілімі,оның адамның практикалық әрекетіндегі ролі
- •2.3.6 Микроэволюция проблемаларын талдау қажеттілігі жөнінде анықтама беріңіз
- •2.3.7 Адамның жануарлар дүниесіндегі орны туралы мәлімет беріңіз
- •3.3.1 Антропогенездің биологиялық және әлеуметтік факторлары және олардың әсер ету ерекшеліктері
- •3.3.5.Адамның пайда болуы жайлы түсініктің дамуына анықтама беріп, қарастырыңыз.
- •3.3.6. Прогресс туралы түсінік және даму критерийлерін қарастырыңыз.
1.2.6. «Түрлердің шығу тегі...» еңбегіндегі негізгі қағидаларды түсіндіріңіз?
Дарвинизмнің дамуы және эволюциялық биологияның қалыптасуы. Чарлз Дарвиннің эволюциялық теориясының дүниеге келуі мен одан әрі дамуы биология ғылымының барлық салаларындағы келесі табыстарды қамтамасыз ететін заңды құбылыс болып табылады. Дарвиннің эволюциялық теориясы дүниеге келгеннен кейін эволюциялық ұстаным биологияға берік енді. Сол кезден бастап барлық табиғи құбылыстар эволюциялық заңдылықтарды есепке алып зерттелетін болды. Ч. Дарвиннің орасан зор еңбегі оның көбінесе «факторлар», «тетіктер» немесе «қозғаушы күш» деп аталатын эволюция себептерін ұсынып, дәлелдеуінде. Дарвиннің пікірі бойынша тіршілік үшін күрес, өзгергіштік және табиғи сұрыпталу эволюцияның негізгі факторлары болып табылады. Сондықтан Дарвиннің теориясын «табиғи сұрыпталу теориясы» деп жиі атайды. 1859 жылғы эволюциялық теория өзгеріссіз калды деп ойламау керек. Ол келесі ұрпақ ғалымдарының еңбектері нәтижесінде өте көп толықтыруларды бастан кешті. Бірак соған карамастан, оны бұрынғысынша Дарвиннің теориясы немесе «дарвинизм» деп атайды.
«Бигель» кемесімен саяхаттан Англияға қайтып оралғаннан кейін Дарвин түрлердің шығу тегі мәселесін түсінуге дәлел болатындай үй жануарлары мен мәдени өсімдіктердің, сондай-ақ табиғи жағдайдағы өсімдіктер мен жануарлардың өзгерістеріне қатысы бар деректерді жинай береді. Түрлердің шығу тегі жайындағы теориясын қүрудағы еңбегін тэжірибелі бағбандармен және мал шаруашылығындағы адамдармен сөйлесе жүріп, мәдени өсімдіктер мен үй жануарларының өзгергіштігі жайлы көптеген материалдармен толықтыра түсті. Қолдан сұрыптау тәжірибесін талдай келе, органикалық түрлердің шын мэнінде өзгеріп отыратынын көрсетіп, оны « адамның пайдалы тұқымдарды шығаруы - табыстың көзі» деп түсіндіреді. Қолдан сұрыптауды баяндау арқылы органикалық дүниенің эволюциясын түсіндіруді алдына мақсат етіп қоя білді.
Мәдени түрлердің шығу тегі. Дарвин заманында үй жануарлары мен өсімдіктер жабайы түрден шыққаны белгілі болатын. Себебі, жабайы және үй жануарлары арасындағы ұқсастық адамдарды таң қалдырмайтын. Дарвин жабайы жануарлардың қолға үйретілуін, жабайы өсімдіктердің қолда егіле бастауын терең зерттей отырып, доместикация ілімінің негізін қалады. Доместикация немесе жануарларды қолға үйрету кезінде жабайы түрлер тек қолға үйретіліп қана қоймай адамзат қалауымен көптеген өзгерістерге де ұшырайды. Дарвин ол өзгерістер ішіндегі екі ерекшелікке тоқталады. Біріншіден, үй тауықтары, сиырлар немесе бір бақшада өсірілген орамжапырақ, қарбыз болсын бәрі біркелкі болмайды. Олардың ішінен көзге көрінетін де, байқала бермейтін де өзгерістері бар дараларды кездестіруге болады. ХІХ ғасырдың ортасында қара малдың бір-екі түрінен шыққан бірнеше жүз тұқымы, иттердің бірнеше түрден шыққан жүзден астам тұқымы болды. Екіншіден, бір тұқымға жататын жануарлардың өзі бір-бірінен де, тегінен де өзгешіліктері көп болады.
Қолдан сұрыптау ілімі. Қазіргі үй жануарларының барлық тұқымдары және мәдени өсімдіктердің барлық іріктемелері адам баласының творчестволық іс-әрекеттерімен, қолдан сұрыптау әдісін қолдануының нәтижесінде пайда болды. Дарвин өз еңбегінде қолдан сұрыптаудың екі түрін көрсетеді. 1. Санасыз сұрыптау – алдына мақсат қоймай, еш жоспарсыз тек жануарлардың етті немесе сүтті, өсімдіктердің жақсы өсіп, мол өнім беретін дараларын сақтап қалу мақсатында адамзат тарихында мыңдаған жылдардан бері жүргізіліп келе жатқан әрекеті. 2.Әдістемелік сұрыптау – сұрыптаушы алдына пайдалы бегілері мен қасиеттері бар тұқым және іріктеме шығаруды мақсат етіп қойып, сұрыптауға тиімді әдістерді қолдана отырып, көздеген нәтижеге жетуі. Мұнда ол бір тұқымдардың ұнаған пайдалы белгілерін жетілдіретін болса, сол түрге жататын басқа тұқымдарға басқа талап қояды. Нәтижесінде белгілердің дивергенциясына әкеліп соғады.
Өзгергіштік және оның түрлері. Мәдени формалар эволюциясының факторлары. Дарвин теориясының негізгі қағидасы – адамның мәдени түрге айналдырған өсімдіктері мен жануарларының елеулі өзгеріске ұшырады деп тануы еді. Мұны жер шарының әр жерінде шығарған үй жануарлары мен құстардың көптеген тұқымдарымен, өсімдік іріктемелерінен көруге болатын еді. Жануарлар мен өсімдіктердің қай түрін алсақ та әрбір дара бір – біріне ұқсамайды. Жануарлар мен өсімдіктердің өзгергіштіктері жайындағы нақтылы материалдарын талдай келіп, Дарвин тіршілік жағдайындағы өзгерістердің қандайы болса да ағзада өзгеріс туғызады, және де әсер етуші факторлар әр түрлі ағзаға түрліше әсер етеді деген қортындыға келді. Бұл өзгерістер кейде көмескі түрде болады, кейде айқын көрінетіндей болады. Осыған орай өзгергіштікті: айқын (топтық) және айқын емес (жеке) деп екіге бөлді. Айқын немесе топтық өзгергіштікте белгілі жануар тұқымының немесе өсімдік іріктемелерінің даралары белгілі бір себептің әсерімен біркелкі өзгереді
Коррелятивтік немесе арақатынастық өзгергіштік дегеніміз – белгілі бір мүшенің өзгеруімен байланысты басқа мүшелердің өзгеруі.
Компенсациялық өзгергіштік дегеніміз – бір мүшелердің және олардың қызметтерінің дамуы басқа бір мүшелердің дамуы мен қызметін тежеп, олардың жетілмей қалуына немесе редукциялануына себеп болады
Табиғаттағы түрлердің өзгергіштігі. Үй жануарлары мен мәдени өсімдіктердегідей анық көріністі болмаса да , табиғи жағдайларда тіршілік ететін ағзаларда да елеулі өзгергіштік белгілері болатыны белгілі. Тірі ағзалардың кез келген ұрпағындағы дарасында басқа дараларынан біраз айырмасы болады. Осы жеке айырмашылықтардың өте үлкен мәні бар, өйткені олар көбіне тұқым қуалайды және бұл келесі ұрпақтарда бірте-бірте жинақталып қорлана түседі. Екінші жағынан, түр көлемінде ағзалардың әр түрлі морфологиялық оқшау топтары жиі пайда болып отырады. Дарвин ондай топтардағы даралардың жиынтығын «түршелер» деп атады. Ағзалардың табиғаттағы өзгергіштігі түрдің таралу көлеміне байланысты, кең таралған түрлерде түршелер де мол болады. Түрлердің әр түрлі физикалық және биологиялық жағдайларда мекендеуіне байланысты, олардағы топ аралық өзгергіштігі де айқындала түседі. Бұндай әрекеттер ұзақ уақыт аралығында жүретіндіктен, өзгерген белгілер тұқым қуалайтын болады. Яғни, сыртқы орта жағдайына бейімделе отырып қалыптасқан белгілер міндетті түрде тұқым қуалаудың нәтижесінде ұрпақтан ұрпаққа беріледі.
Тұқым қуалаушылық теориясы. Дарвин мәдени түрлер мен табиғи түрлер пайда болу әрекеттерінің тарихи даму нәтижесі екендігіне көзі жеткен соң, ол әрекеттің бір екендігін дәлелдеуге кіріседі. Үй жануарларының тұқымдарын зерттеу, оларды қолда асырай бастағаннан бері едәуір ірілене бастағанын және бұл өзгерістер ұзақ уақыт бойы тұқым қуалай алатындығын көрсетті. Егер тіршілік жағдайлары сол қалпында сақталып отырса, бірнеше ұрпақтар бойы тұқым қуалап келе жатқан өзгерістер, олардың келешек ұрпақтарына шексіз беріле беретіндігі Дарвин жұмыстарынан белгілі болды. Қолға үйретудегі әрекеттер табиғи жағдайда да өздігінен сыртқы орта жағдайының әсерінен жүріп отыратынын ғалым негізгі еңбегінде көрсеткен болатын. Тұқым қуалаушылық, ағзаның өзгергіштік қабілеті сияқты, барлық ағзаға тән қасиет. Бұл, ата-тегінің белгілері ұрпақтан ұрпаққа берілу және сақталу қасиеті болып табылады. Тұқым қуалаушылық жынысты және вегетативтік көбеюде де жүреді. Дарвин тұқым қуалауды басқарып тұрған қандай заңдылық екендігіне аса назар аударып, «пангенезис» (шығу тегінің жалпыға бірдейлігі) теориясын жете тексерді. Ол теория бойынша ағзаның тұқым қуалайтын белгілерінің әрқайсысы белгілі заттық ең кіші бөлшекке – «геммулаға» сәйкес келеді. Ағза жасушалары жеке даму барысында қайтадан иелене алатын геммулалар бөліп шығарады. Бұрынғылары сияқты қайтадан иеленген бұл геммулалар ұрықтық жасушаларға беріледі де, олар бөлінген кезде еншілес жасушаларға беріледі, деп дұрыс түсндіре алмады. Дарвин өзінің осы жорамалының дұрыс еместігін көрсете отырып, тұқымқуалаушылық пен өзгергіштікті терең зерттеу қажеттілігін өз еңбектерінде бірнеше рет айтады.
Тіршілік үшін күрес. Ағзалардың мақсатқа сәйкес бейімділіктері қалай пайда болатынын түсіндіру Дарвин теориясында жақсы айтылған. Тірі ағзалардың геометриялық прогрессия бойынша көбейіп отыратыны белгілі еді. Бұл заңдылық бойынша әрбір түрде даралар санын шексіз көбейтіп отыру мүмкіндігі бар. Бірақ, табиғатта бір түрдің өте көп көбеуі байқалмайды. Бұлардың шексіз көбейюіне «тіршілік үшін күрес» бөгеу болады. Тіршілік үшін күреске ағзалардың жеке қоршаған ортасының өлі және тірі табиғатымен қарым–қатынасын жатқызады. Ағзалар арасындағы қатынасты түр ішілік және түр аралық деп бөлді. Себебі ағзалардың көп ұрпақ қалдыруынан, табиғаттағы тіршілік ресурстары жеткіліксіз болады. Тіршілік үшін күрес сұрыпталу әрекетіндегі өзгеріс туғызатын негізгі фактор болып табылады.
Бейімділік пен табиғи сұрыпталу. Тірі ағза өкілдерінің қасиеттері әртүрлі болғандықтан қоршаған ортаға тәуелділігі де әртүрлі. Көптеген ағзалардың қоршаған ортаға бейім ерекшеліктері болады. Яғни, ағзалардың тіршілік қабілеттері де әртүрлі. Тіршілікке бейімділігі бар ағзалар тіршілік үшін күресте аман қалып, арттарынан ұрпақ қалдырып отырады. Сыртқы орта жағдайына және тіршілік үшін күресте бейімделе алмаған ағзалар азайып, біртіндеп жойылып кетеді. Ағзалардың тіршілік үшін күресін табиғи сұрыпталу деп атайды. Сұрыпталу әрекеті кезінде органикалық ағзалар жеке даму сатысында жетіле түседі. Сұрыпталу кезеңінде пайда болған бейімділік белгілері тірі ағза үшін белгілі жағдайларда ғана тиімді, қалған уақытта бейімделу табиғатта салыстырмалы сипатта болады. Дарвин ағзалардың белгілі жағдайда пайда болған бейімділігінің кенеттен жағдай өзгерген кезде маңызын жоғалтатынын айта келіп, оны органикалық тиімділіктің салыстырмалығы деп көрсетеді. Түр түзілу. Түр дараларының сұрыпталу әрекеті нәтижесінде сыртқы орта жағдайларына бейімделу негізінде өзгеретінін дәлелдей отырып, Ч.Дарвин өзінің монофилия және дивергенция принциптерін жазды. Монофилия дегеніміз түрлердің бәріне ортақ бір тектен пайда болуы. Бір форманың екі не одан да көп жаңа формаларға ажырауы. Дивергенция арқылы түрлер түзілуін Дарвин туыстас түрлердің бірдей қорек және бірдей тіршілік ортасына бәселекестік арқылы түсіндірді. Жаңа пайда болған түрлердің арасы аралық формалардың тіршілік үшін күресте жеңіліске ұшырап жойылып кетуіне байланысты алшақтай түседі. Монофилия мен дидергенция принципін эволюция идеясымен біріктіре отырып, филогенетикалық шежіре жасауға негіз қалады.
