Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭО и ремонт пястол.каз..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Mб
Скачать

6.1.2. Кернеуі 6 – 10 кВ – тық кабельдерді төсеу тәсілдері.

Кабельдік төсемдер аспалы желілерге қарағанда аз ауданды қамтиды және кез келген табиғи және атмосфералық жағдайларда қолданыла береді.

Кабельді желі дегеніміз жалғағыш, бекітіп ұстағыш пен шеткі муфтадан (бекітпе-ден) және бекіткіш детальдардан құралған жекелеген немесе бірнеше параллель кабель-дерден тұратын, ал май толтырылған желілер үшін, бұдан басқа, қоректендіруші аппа-раттар мен май қысымы жайлы белгі беретін жүйеден тұратын, электр энергиясын жет-кізуші желі.

Кабельді желілерді жобалау және құру, тораптардың дамуы ескерілген техника – эко-номикалық есептеулердің, желінің жауапкершілігі мен мақсаттылығының, трассаның си-

паттамасының, төселу тәсілінің, кабельдер конструкцияларының және т.б. негізінде жа-

салады.

Кабельмен төсеу бірнеше тәсілдермен жүзеге асырылады : траншеяларда, арналарда,

туннельдерде, блоктарда, эстакадаларда. Кабельдік құрылымдар мен өндірістік ғима-раттардың ішінде кабельдерді төсеу үшін түрлі орындалымдардағы конструкциялық бо-

77.

латтар қарастырылған. (6.1 сурет).

200

Кабельді желінің трассасы дегеніміз оның жердегі, судағы немесе жерасты құры-лымдарының және өндірістік ғимараттардағы конструкцияларындағы ұйымдастырылған орны. Трассаны таңдап алудың бастапқы дерегі кабельді желінің аяққы орны болып та-былады.

Кабельдердің түрлері, олар жұмыс істеуі тиіс ортаға байланысты бірегей техника-лық нұсқаларға, трассаның күрделілігіне және төселу тәсіліне сәйкес таңдап алынады. Төсеу жұмыстарының тағайындалған ережелерін қатаң сақтаған жағдайда, кабельді желінің се-німділігіне кепіл беріледі.

Желінің трассасын, кабель шығыны аз кететіндей етіп белгілейді. Ауылдық жерлерде кабельді үнемді тәсілмен, яғни мүмкін болғанша топырақ қабатының жарамсыз жерле-рін айналып өту арқылы төсейді. Кабельді тереңдігі 0,7 м-ден, ал көшелердің қиылыс-тарында – 1 м-ден кем емес тереңдіктегі траншеяларға төсейді. Бір траншеяға параллель бірнеше кабель төселетін болса, онда олардың горизонталь бойынша араларының қа-шықтығы 100 мм-ден кем болмауы тиіс. Кернеуі 10 кВ-қа дейінгі кабельдер төселетін траншеялардың өлшемдері 6.1 кестеде келтірілген, ал қорғағыш аралықтардың төселу реті 6.2. суретте көрсетілген.

Кабельдердің жоғарғы қабықшаларының зақымдануын болдырмау үшін, траншеяның түбінде құмнан қалыңдығы 100 мм-ге дейінгі жұмсақ төсеніш жасайды,ал үстіңгі жағын құрамында тасы және құрылыс қалдықтары жоқ майда топырақ немесе құм қабатымен

жабады. Механикалық зақымданулар болуы мүмкін жерлерде (мысалы, қазба жұмыста-

ры жиі жүргізілетін жерлер) кабельдерді 6.2. суретте көрсетілгендей, бір қатарға кірпіш

78.

қалау арқылы қорғайды.

Топырақтың ығысуы және деформация болуы мүмкін жағдайларда төсеу кезінде ка-бельді жыланша иіріп, ұзындығының 1 – 3 % -ындай болатын артық қорымен төсейді. Оқшаулағыштарының зақымдануын болдырмау үшін, иілу қисығының ішкі радиустары кабельдің сыртқы диаметріне қатысты белгілі бір шамада (ЭҚЕ және СН и П – да көрсе-тілгеннен кем емес, 6.2. кесте ) болуы тиіс.