Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭО и ремонт пястол.каз..doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Бақылау сұрақтары.

1. Аспалы желілердің құрылысы туралы айтып беріңіз.

2. Аспалы желілерге қойылатын жалпы талаптар қандай?

3. Аспалы желілерге қызмет көрсету бойынша пайдалану іс-шараларын атап шығыңыз.

4. Аспалы желілерді пайдалануға қабылдау қалай жүзеге асырылады?

5. Электр беру желілеріндегі өткізгіштерді жалғаудың қандай тәсілдері бар?

6. Ағаш және темірбетон тіреулерге қойылатын талаптар қандай?

7. Өткізгіштердің ұзақ мерзімді рұқсат етілген жүктелулерін қалай анықтайды?

8. Қарап шығудың түрлері, олардың мақсаттары және кезеңділігі туралы не айтуға бола-ды.

9. Желіні қарап шығу кезінде неге көңіл аудару керек?

10. Ағаштың сау бөлігінің эквивалентті диаметрін және шіру дәрежесін қалай анықтай-ды?

11. Нольдік өткізгішті қайта жерсіндіруді қай жерде орындайды және не үшін?

12. Жерсіндіргіш құрылғыларды қалай тексереді?

13. Темірбетон тіреулердің және олардың қосымшаларының жай – күйін тексерудің мәні неде?

14. Аспалы желілердің шектік көлемін қалай өлшейді?

15. Желілерді күзету туралы не білесіз?

16. Биікте орындалатын жұмыстарға кімдер жіберіледі?

17. Аспалы желілердегі жұмыстардың қауіптілігі неде?

18. Аспалы желілердегі жұмыстар қауіптілік дәрежесіне қарай қандай санаттарға бөліне-ді?

75.

6 – тарау.

Кабельді желілерді пайдалану және жөндеу.

6.1. Жалпы мағлұматтар.

6.1.1. Кабельдердің конструкциялары.

Кабель - сауытымен механикалық зақымданулардан қорғана алатын, тығыз қымтал-ған қорғағыш қабықшаға жинақталған, оқшауланған ток жүретін өткізгіштерден тұра-тын, дайын завод бұйымы.

Күштік кабельдер, қоса есептегенде, 500 кВ–қа дейінгі кернеуге арналып шығарыла-ды.

35 кВ кернеуге дейінгі күштік кабельдер, көлденең қимасы 1 – 2000 мм 2 аралығын-дағы төрт өткізгіштен тұратын мыс немесе алюминийден жасалады.

Көлденең қимасы 16 мм 2 - қа дейінгі өткізгіштер – бір сымды, ал одан жоғарылары – көпсымды. Бірөткізгішті кабельдердің өткізгіштерінің көлденең қимасының пішіні дөң-гелек, ал көпөткізгіштікі – буынтықты немесе секторлы. Көбінесе алюминий өткізгішті кабельдер қолданылады. Мыс өткізгішті кабельдер сирек қолданылады – олар жылжы-малы механизмдерде, жарылысқа қауіпті бөлмелерде қолданылады.

Өткізгіштердің оқшаулағыштары майлы-шайырлы құраммен сіңдірілген кабель қаға-зынан, резинадан, поливинилхлоридтен және полиэтиленнен жасалады. Вертикаль және тік көлбеулі трассалар үшін арналған қағаз оқшаулағышты кабельдер нашарлау сіңдіріл-ген. Кабельдің қорғағыш саңылаусыз қабықшасы оқшаулағышты ылғалдың, газдың, қышқылдың және механикалық зақымдалулардың жағымсыз әсерлерінен қорғайды. Қа-бықша қорғасыннан, алюминийден, резинадан және поливинилхлоридтен жасалады.

1 кВ-тан жоғары кабельдерде оқшауланған өткізгіштер мен қабықшаның арасына оқшаулағыш белдеудің қабаты төселеді.

Кабельдердің сауыттары болат таспадан немесе мырышталған болат сымнан жасала-ды. Сауыттың беткі жағын битуммен сіңдірілген немесе борлы құраммен жамылған иі-рілген кабельді жіппен (джут) орайды. Кабельді бөлме ішіне, арналар мен туннельдерге төсеген кезде, мүмкін болатын өртті болдырмау үшін, иірілген кабельді жіпті алып тас-тайды.

110 кВ және одан жоғары кернеулерге арналған кабельдер, жерге төсеу және ауа ар-қылы жүргізу үшін, болат сауытпен немесе асфальтты жамылғымен қапталып, газ не-месе маймен толтырып, бір өткізгішті етіп жасалады. Кабельдегі май қысым әсерінде болады.

Кабельдердің түрлерінің белгіленулері олардың конструкциялық құрылымдарына сәй-кес келеді.

Кабельдердің әріптермен белгіленулерінің мағынасын ашу төменде көрсетілген

- А – алюминийлі өткізгіш;

- АС - қорғасын қабықшалы алюминий өткізгіш;

- АА – алюминий қабықшалы алюминий өткізгіш;

- Б - коррозияға қарсы қоғағыш жамылғысы бар екі болат таспалы сауыт;

- Бн – тура сол, бірақ жанбайтын қорғағыш жамылғылы (жануды қолдамайды);

- Г - сауыттың немесе қабықшаның сыртында қорғағыш жамылғысы жоқ;

- Л (2Л) - сауыттың астындағы жастықшада пластмассалық таспадан жасалған қабат бар (екі қабат);

- В (Н) - сауыттың астындағы жастықшада поливинилхлоридтен (полиэтиленнен) сы-ғымдалып жасалған құбыршек бар;

- Шв (Шн) – поливинилхлоридтен (полиэтиленнен) сығымдалып жасалған құбыршек түріндегі қорғағыш жамылғысы бар;

- К – беткі қабатына қорғағыш жамылғы жабылған, мырышталған дөңгелек болат сым-нан жасалған сауыты бар;

- Н – қорғағыш жамылғысы жануды қолдамайтын;

76.

- М - маймен толтырылған;

- П - беткі қабатына қорғағыш жамылғы жабылған, мырышталған жалпақ сымнан жа-салған сауыты бар;

- С - қорғасын қабықшалы;

- О - әрбір фазаның беткі қабатында жекелеген қабықшасы бар;

- В ( белгінің соңында сызықша арқылы ) - нашар сіңдірілген қағаз оқшаулағышы бар;

- Ц - құрамында цезерин бар, ағып кетпейтін құраммен сіңдірілген, қағаз оқшаулағышы бар;

- НР - жануды қолдамайтын, резиналы оқшаулағышы және резинадан жасалған қабық-шасы бар;

- В - оқшаулағышы немесе қабықшасы поливинилхлоридтен жасалған;

- П - оқшаулағышы немесе қабықшасы термопластикалық полиэтиленнен жасалған;

- Нс - оқшаулағышы немесе қабықшасы өздігінен сөнетін полиэтиленненжасалған (жа-нуды қолдамайды);

- Бб - қалыпқа келтірілген болат таспалы сауыты бар.

Белгілеулерде мыс өткізгіштердің бар екендігі көрсетілмейді. Кабельдердің белгіленулерінің мысалдары; ААБв - алюминийлі өткізгішті, алюминий қабықшамен,сы-

ғымдалған поливинилхлоридті қорғағыш қабықшасы бар болат таспалы сауытпен қап-талған кабель; СБ – сіңдірілген қағаз оқшаулағышы бар мыс өткізгішті, қорғасын қа-бықшадағы (С), болат таспалы сауыты бар (Б), битум сіңдірілген, иірілген кабельді жіп-тен жасалған қорғағыш жамылғысы бар кабель; АСБ – бұл да сол СБ сияқты,бірақ алю-миний өткізгішті, ААБ – бұл да сол АСБ сияқты, бірақ алюминий қабықшасы бар.

Бақылау кабельдерінің белгіленулері К әріпінен басталады.

Кабельдің белгіленуінде әріптен кейін оның қалыпты кернеуі (кВ), өткізгіштер саны мен бір өткізгішінің көлденең қимасының ауданы (мм 2) көрсетіледі. Мысалы, АВПБГ – 1 – 3*50 + 1*25 - әрқайсысы 50 мм2 үш алюминий өткізгішті және төртіншісі – 1 кВ кернеуге есептелген полиэтилен қабықшадағы көлденең қимасы - 25 мм 2 болатын, по-лихлорвинил қабықшалы, коррозияға қарсы сыртқы жамылғысы жоқ болат таспамен сауытталған кабель.

Кернеуі 1 кВ-қа дейінгі кабельдердің жекелеген кесінділері шойын муфталармен, ал 1 кВ кернеуден жоғарылары – арнайы құраммен толтырылған, қорғасын муфталармен жалғастырылады.

Кабельдердің ұштары өңделеді, ал тарату құрылғыларының шиналарымен жақсы түйі-

су үшін өткізгіштердің ұштарына ұштықтар дәнекерленеді немесе балқытылып жапсы-рылады. Кабельге, оның оқшаулағышын нашарлататын ылғалдың, қышқылдардың және басқа да қоспалардың түсуін болдырмау үшін, оның ұштарын саңылау қалдырмай бекі-теді. Кабельдердің ұштарын бекіту үшін эпоксидті компаундтан дайындалған бекітпе-лерді жиі қолданады. Сонымен қатар, поливинилхлоридті жабысқақ таспа мен лактан жасалған шеттік құрғақ бекітпелерді қолданады.