- •1.2. Курсты оқып - үйренудің пәні мен әдістері.
- •1.3. Электр қондырғыларын орынды пайдаланудың міндеттері мен шарттары.
- •1.1. Кесте. Пайдалану мақсаттары мен тапсырмаларын жіктеу.
- •1.4. Электр қондырғыларының пайдаланушылық қасиеттері.
- •1.1. Сурет. Электр жабдықтарының пайдаланушылық қасиеттерінің топтамасы.
- •1.2. Сурет. Қозғалтқыштардың пәк-нің сипаттамалары.
- •Техникалық пайдаланудың негіздері.
- •1.6. Өндірістік өнеркәсіптердің энергошаруашылықтарының жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу жүйесі.
- •Электр энергиясының көрсеткіштері мен сапасының межелері.
- •1.7.1. Жиіліктің ауытқуы.
- •1.7.2. Кернеудің ауытқуы.
- •Кернеу өзгерісінің қарқыны.
- •1.7.4. Кернеудің синусоидасыздығы.
- •1.2. Кесте. Синусоидалықтың бұрмалану коэффициентінің мәндері.
- •1.7.5. Кернеудің симметриясыздығы.
- •Бақылау сұрақтары.
- •2 Тарау. Сенімділік теориясының элементтері.
- •2.1. Сенімділік теориясының негізгі түсініктері мен анықтамалары.
- •2.1. Кесте. Электрлік бұйымдардың құрылымдық сенімділігінің көрсеткіштері.
- •2.2. Электротехникалық құрылғылардың сенімділік көрсеткіштері.
- •Торт ═ ∑ ti / n0 (2.3)
- •Тоқтап қалудың пайда болуының себептері мен заңдылықтары.
- •Тоқтап қалу себептері
- •2.1. Сурет. Тоқтап қалулардың себептерінің жіктеуі.
- •2.2. Сурет. Электротехникалық құрылғының жұмыс кезеңіндегі тоқтап қалулардың қарқындылығының қисығы.
- •Пайдалану шарттарының сенімділікке әсері.
- •2.4.1. Қорщаған орта жағдайының электр құрылғыларының жұмысына әсері.
- •2.4.2. Электр қондырғыларын қолдану шарттарының оның жұмысына әсері.
- •2.2. Кесте. Қоршаған орта жағдайының электр қондырғылардың, материалдар мен кабель бұйымдарының сақталуына әсері.
- •2.4.3. Энергияның сапа көрсеткішінің (эск) электр қондырғысының жұмысына әсері.
- •2.4.4. Электр жабдықтарына қызмет көрсету жағдайларының электр қондырғыларының сенімді жұмысына әсері.
- •Бақылау сұрақтары
- •3 Тарау Электр жабдықтарының техникалық алдын – ала анықтаулары.
- •3.1. Негізгі түсініктер мен анықтамалар.
- •3.2. Сынау түрлері.
- •3.3. Оқшаулағыштарды зерттеу арқылы анықтау.
- •3.1. Сурет. Оқшаулағышты алмастыру сұлбасы (а) және ол арқылы өтетін токтардың диаграммасы (б).
- •3.2. Сурет. Құрғақ және ылғал оқшаулағыштардың толық тогы мен кедергісінің өзгеру графигі.
- •3.3. Сурет. Сυ / с20 қатынасының температураға тәуелділігі.
- •1 Және 2 - құрғақ және ылғал оқшаулағыш
- •3.4. Сурет. Құрғақ және ылғал оқшаулағыштардың сиымдылықтарының өзгеру графигі.
- •3.5. Сурет. Ішығ. Шығын тогының берілген кернеуге тәуелділігі (электр қозғалтқыш 6 кВ кернеуге есептелген) 1 және 2 ылғал және құрғақ оқшаулағыштар үшін.
- •3.6.Сурет. Кернеу әсеріндегі диэлектриктегі электр токтарының векторлық диаграммасы.
- •3.4. Профилактикалық сынаулар.
- •3.1 Кесте. Электр қондырғыларының оқшаулағыштарының кедергілеріне профилактика-лық өлшеулер жүргізудің мерзімдері мен межелері.
- •3.5. Оқшаулағыштың кедергісін өлшеу кезінде температураны есепке алу.
- •3.2 Кесте.
- •3.6. Түйіспелерді алдын – ала анықтау.
- •3.7. Оқшаулағыштың кедергісін өлшеу нәтижелері бойынша жабдықтардың техникалық жай-күйіне болжау жасау.
- •3.3. Кесте. Оқшаулағыш кедергісін өлшеудің нәтижелері
- •Бақылау сұрақтары
- •4 Тарау Электр қондырғыларын орынды таңдау мен қолдану негіздері.
- •4.1. Жалпы мағлұматтар.
- •4.2. Техникалық сипаттамалары бойынша таңдау.
- •4.3. Экономикалық белгілері бойынша таңдау.
- •4.4. Қорғаныс құрылғыларын таңдау.
- •4.1. Сурет. Электр қозғалтқыштардың апаттық режим кезіндегі негізгі қызметтік байланыстары.
- •4.1 Кесте.
- •4.5. Электр қондырғыларының жұмыс режимдерін оңтайландыру.
- •4.6. Электр қондырғыларының жүктелу қабілеті.
- •Бақылау сұрақтары
- •5.1. Cурет. Желінің аспалы оқшаулағыштары бар тіреулердегі аралығы.
- •5.1.1. Аспалы желілердің өткізгіштері.
- •Өткізгіштерді белгілеу үшін түрінің жанында қалыпты көлденең қимасының ау-
- •5.1.2. Аспалы желілердің оқшаулағыштары.
- •5.2. Cурет. Аспалы оқшаулағыштардың гирляндалары: 1 – оқшаулағыш, 2 - өткізгішті
- •5.1.3. Аспалы желілердің тіреулері.
- •5.3. Cурет. Аспалы желілердің сұлбасы.
- •5.4. Cурет. Екі тізбекті желіге арналған аралық металл тіреу.
- •5.5. Cурет. Тіреулердегі өткігіштер мен арқансымдардың орналасулары:
- •5.6. Cурет. Өткізгіштерді транспозициялау сұлбасы: а, b,с – тораптың үш фазасы.
- •5.2. Аспалы желілерге қойылатын жалпы талаптар.
- •5.3. Аспалы желілерді пайдалануға қабылдау.
- •5.4. Аспалы электр беру желілеріне қызмет көрсету бойынша пайдалану іс – шаралары.
- •5.4.1. Аспалы электр берудің токтық жүктеме режимдерін сақтау.
- •5.4.2. Аспалы желілерді қарау.
- •5.4.3. Аспалы желілердегі өлшеулерді алдын – ала сынау.
- •5.1. Кесте. Пайдалану кезіндегі тіреулердің қауіпті қималарының рұқсат етілген беріктік қоры және тозу коэффициенті
- •5.2 . Кесте.
- •0,38 КВ аж-дің тіреулерінің негізгі детальдары үшін рұқсат етілген есепті және ең кіші диаметрлері.
- •5.6. Аспалы желілерде жұмыс істеген кездегі техника қауіпсіздігі.
- •Бақылау сұрақтары.
- •Кабельді желілерді пайдалану және жөндеу.
- •6.1. Жалпы мағлұматтар.
- •6.1.1. Кабельдердің конструкциялары.
- •6.1.2. Кернеуі 6 – 10 кВ – тық кабельдерді төсеу тәсілдері.
- •6.1. Кесте. Кернеуі 10 кВ-қа дейінгі кабельдер төселетін траншеялардың өлшемдері.
- •6.2. Кесте. Кабельдердің иілуінің ішкі қисықтығының рұқсат етілетін ең төменгі радиустары.
- •6.3. Кесте. Кабельді желінің әр 1 км-індегі жалғағыш муфталардың рұқсат етілген саны.
- •6.3. Сурет. Кабельдерді арналарға төсеу.
- •6.5. Сурет. Темірбетон панельдерден жасалған блоктар:
- •6.6. Сурет. Кабельдік эстакадалар: а). Жеке тіреуге оратылған біржақты өтпелі; б). Екі жақты; 1 – жылжымайтын күннен қорғағыш панельдер; 2 – алынбалы күннен қорғағыш панельдер; 3 – кабель сөрелері.
- •6 А 2 .7. Сурет. Кабельдік галерея: а). Біржақты; б). Екіжақты; 1 – кабель сөрелері; 2 – күн-нен қорғағыш панельдер.
- •6.4. Кесте. Пайдалану барысында механикалық әсерлер мен керуші жүктемелердің жоқ ке-зіндегі қағаз, пластмасса және резина оқшаулағышы бар күштік кабельдердің қолданылу аумағы.
- •6.2. Кабельді желіні пайдалануға қабылдау.
- •6.5. Кесте. Кабельді желіні пайдалануға өткізу кезіндегі берілетін құжаттардың тізімі мен мазмұны.
- •6.3. Кабельді желілерге қызмет көрсету бойынша пайдаланудың іс – шаралары.
- •6.3.1. Токтық және жылулық режимдерді сақтау.
- •6.6. Кесте. Жердің температурасын есепке алу үшін қолданылатын түзету коэффициенттері.
- •6.7. Кесте. Ауаның температурасын есепке алу үшін қолданылатын түзету коэффициенттері.
- •6.8. Кесте. Жерде құбырдың ішінде және құбырсыз қатар жатқан кабельдер үшін түзету коэффициенттері.
- •6.9. Кесте. Орташа тәуліктік температураға есептегендегі түзету коэффициенті.
- •6.10. Кесте. Кернеуі 10 кВ – қа дейінгі кабельдердің рұқсат етілген асыра жүктелулері.
- •6.3.2. Кабельді желілерді қарау.
- •6.3.3. Адасқан токтар, оларды өлшеу және кабельдерді коррозиядан қорғау.
- •6.3.4. Алдын – ала сынаулар.
- •6.4. Кабельді желілердің зақымданған жерлерін анықтау.
- •2 Мксек
- •6.12. Сурет. Кабельдің зақымданған орнын ілмекті тәсілмен анықтаудың сұлбасы.
- •6.13. Сурет. Біртекті желідегі зарядталған кабельді тесіп өткен кездегі тербелмелі процесстің кернеуі.
- •6.14 Сурет. Өткізгіші үзілген кабельдердің зақымдану түрлері:
- •6.5. Кабель оқшаулағышының зақымданған орнын күйдіру.
- •6.11. Кесте. Кабельдерді кұйдірудің кезеңдері.
- •6.6. Кабельді желілерді жөндеу.
- •Бақылау сұрақтары.
- •Күш беретін трансформаторларды пайдалану.
- •Жалпы мағлұматтар.
- •7.1 Кесте. Трансформаторларды салқындату түрлерінің шартты белгілері.
- •7.2 Күш беретін трансформаторларды пайдаланудың жалпы талаптары.
- •7.3 Трансформаторларды пайдалануға қабылдау.
- •Трансформаторларды құрғатпай пайдалану үшін қосу шарттары.
- •7.2 Кесте. Диэлектрлік tgδ шығындардың рұқсат етілген мәндері.
- •7.3 Кесте. Сиымдылықтардың с2 / с 50 қатынасының рұқсат етілген мәндері.
- •Кесте. Май ішіндегі орамдардың оқшаулағыштарының бірминуттық r60 кедергілерінің рұқсат етілген ең төменгі мәндері.
- •7.5 Трансформаторларды құрғату.
- •7.5 Кесте. Коэффициентті анықтау.
- •7.2. Cурет. Трансформаторды нольдік реттегі токпен құрғату сұлбасы.
- •7.3. Cурет. Трансформаторды бірфазалы қысқа тұйықтаумен құрғату.
- •7.6 Трансформаторлардың жүктелу қабілеті.
- •7.6 Кесте. Трансформаторлардың рұқсат етілген апаттық асыра жүктелулері.
- •7.7 Трансформаторларға техникалық қызмет көрсету.
- •Пайдалану ережелері ( тпе ), басшылыққа алынатын техникалық материалдар,
- •7.8 Трансформатор майы.
- •7.8.1 Трансформатор майының сипаттамалары.
- •7.8.2 Трансформатор майын пайдалану.
- •7.8.3. Майды тазалау, құрғату және қалпына келтіру.
- •7.9. Күш беретін трансформаторларды сынақтан өткізу және жөндеу жұмыстарын орындау кезіндегі техника қауіпсіздігі
- •Бақылау сұрақтары.
- •Кернеуі 1000 в – тан жоғары тарату құрылғыларын пайдалану және жөндеу.
- •8.1. Жалпы мағлұматтар.
- •8.2. Негізгі электр қондырғыларын пайдалану.
- •Тарату құрылғыларын қарау.
- •8.4. Техникалық қызмет көрсету.
- •8.5. Тарату құрылғыларының жабдықтарын ағымдық жөндеу.
- •8.6. Жабдықтарды алдын – ала сынау.
- •8.1 Кесте. Сынау кернеулерінің межелері
- •8.7. Тарату құрылғыларын пайдалану және жөндеу кезіндегі техника қауіпсіздігі.
- •Бақылау сұрақтары.
- •4. Ток жүретін бөліктер мен түйіспелі қосылыстарды күтіп, қадағалаудың ерекшеліктері
- •Электроқозғалтқыштарды пайдалану.
- •9.1. Жалпы мағлұматтар.
- •Қозғалтқыш типтерін белгілеудің мысалдары:
- •9.1 Кесте. Электр машиналарының орамдарының шықпаларының белгіленулері.
- •9.2. Электр қозғалтқыштарын пайдалануға қабылдау.
- •9.3. Электр қозғалтқыштардың пайдалану сенімділігін қамтамасыз ету.
- •9.4. Электр қозғалтқыштарға техникалық қызмет көрсету.
- •9.5. Ағымдық жөндеу.
- •9.6. Электр машиналарының оқшаулағыштарын құрғату тәсілдері.
- •9.7. Электр машиналарын пайдалану кезіндегі техника қауіпсіздігі.
- •Электр қозғалтқыштары.
- •Бақылау сұрақтары.
- •Әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
- •І бөлім. Электр қондырғыларын пайдалану теориясының негіздері
- •Іі бөлім. Электр қондырғыларын техникалық пайдалану
2.2. Кесте. Қоршаған орта жағдайының электр қондырғылардың, материалдар мен кабель бұйымдарының сақталуына әсері.
Қоршаған ортаның жағдайлары |
Тигізетін әсерлері |
Ауаның жоғары температурасы |
Оқшаулағыш материалдардың үдемелі ескіруі, оқшаулағыш және майлағыш майлар мен кейбір толықтырғыш майлардың тұтқырлықтарының төмендеуі |
Температураның оқыс тербелістері |
Диэлектриктердің электрлік қасиеттерінің төмендеуі (әсіресе конденсаторларда). Электр жабдықтарының жекелеген бөліктеріндегі қауіпті механикалық зақымданулар (фарфор оқшаулағыштардағы сызаттар). |
27.
Жоғары температура және ауаның аз ылғалдылығы |
Кейбір оқшаулағыш материалдардың құғап кетуі, себебі олар-дан жасалған бұйымдардың көлемі өзгереді және деформацияға ұшырайды (мысалы, электр қозғалтқыштардың арналарының сыналары). |
Ауаның жоғары ылғалдылығы |
Металлдардың коррозиясы, оқшаулағыш материалдардың элек-трлік және механикалық, сонымен қатар оқшаулағыш лактар-дың химиялық қасиеттерінің және электр оқшаулағыш майлар-дың электрлік беріктігінің нашарлауы. |
Ауа құрамындағы теңіз тұзы(теңіз маңы аудандары) |
Жабдықтардың үйкелетін және айналатын бөліктерінің жылдам тозуы. |
Өнеркәсіптік аудандардың атмосферасындағы көмір мен темір тотығының тозаң тәрізді бөлшектері |
Беткі жағына гигроскопиялық шаң түріндегі бөлшектердің оты-руы нәтижесінде оқшаулағыш материалдардың қасиеттерінің нашарлауы. |
Күн радиациясы (ең алдымен УКС) |
Өткізгіштер мен кабельдердің резеңке оқшаулағыштарының қызмет ету мерзімінің қысқаруы, ток шығынына қарсы қолда-нылатын эпоксидті шайырдың тұрақтылығының азаюы, пласт-массалық материалдардың морт сынғыштығы. |
Микроорганизмдер және жәндіктер тобының зиянкестері |
Өңездердің, бактериялардың, сонымен қатар жәндіктер тобы-ның зиянкестерінің әсерінен материалдардың бұзылуы (ыстық және ылғалды климаттық аймақтар). |
2.4.3. Энергияның сапа көрсеткішінің (эск) электр қондырғысының жұмысына әсері.
Әрбір электр энергиясын қабылдағыш қалыпты кернеумен жұмыс істеуге лайық-талып жобаланған және қалыпты кернеуден МЕМСТ тағайындаған шамаларға ауыт-қулар кезінде қалыпты жұмысты қамтамасыз етуі тиіс. Кернеу осы жұмыс ауқымының шегінде өзгерген кезде электр энергиясын қабылдағыштың шықпа параметрлерінің мәндері өзгеруі мүмкін, мысалы, электротермиялық қондырғының температурасы, элек-трмен жарықтандыру қондырғысының жарықталынуы, электр қозғалтқышының білігіндегі пайдалы қуат және т.б.
Асинхронды қозғалтқыштар. Егер толық жүктемемен жұмыс істеп тұрған электр қозғалтқыштың қысқыштарында кернеудің мәні елеулі төмендейтін болса, онда меха-низмнің кедергі моменті электр қозғалтқыштың айналу моментінің максимал мәнінен көп болуы мүмкін. Бұл жағдайда қозғалтқыштың «аударылып түсуі» орын алады. Қозғалтқыш жанып кетпеуі үшін ол желіден ажыратылуы керек.
Кернеудің төмендеуі қозғалтқышты қосу шартын нашарлатады. Бұл жағдайды пайда-лану кезінде ескеру керек, себебі кейбір машиналардың қосу кезіндегі инерция және ке-дергі моменттері үлкен болады.
Кернеудің ауытқуы асинхронды қозғалтқыштардың басқа да сипаттамаларына әсе-рін тигізеді. Кернеу төмендеген және механизмнің кедергісінің тұрақты моменті кезінде электр қозғалтқышы тұтынатын ток артады, ал ол орамды қыздыруға жұмсалатын токтың шығынын арттырады. Сонымен қатар, кернеу артқан кезде оның реактивті құраушысы есебінен темірдің қанығуына байланысты электр қозғалтқыштың тұтынатын тогы да артады. Бұл дегеніміз өз кезегінде, орамдар мен темірді қыздыруға жұмсалатын энергия шығынын арттырады. Бұдан басқа электр қозғалтқыштың cosφ қуат коэф-фициентін бірден төмендетеді. Егер қозғалтқыш төмендетілген кернеу кезінде ұзақ уақыт жұмыс істейтін болса, онда орамдардың оқшаулағыштарының үдемелі тозуы әсерінен қозғалтқыштың жұмыс істеу мерзімі қысқарады.
Кернеудің өзгерісіне, әсіресе, жарықтандыру қондырғылары өте сезімтал келеді. Кернеу төмендеген кезде жарық ағыны елеулі төмендейді, бұл дегеніміз жұмыс орын-дарының жарықталынуына әсерін тигізеді, ал ол өз кезегінде еңбек өнімділігіне, жұмыс-шылардың шаршағандығына және технологиялық операцияларды орындау кезіндегі қауіпсіздік шарттарының нашарлауына әсер етеді. Төмендетілген кернеу кезінде қалып-ты жарықтандыру үшін қыздыру шамдарының санын немесе қуатын арттыру қажет
28.
болады, ал ол электр энергиясының артық шығындалуына жол береді.
Қалыпты мәннен жоғарылаған кернеу кезінде шамдардың жұмыс істеу мерзімі бірден қысқарады. Бұл жағдайда электр энергиясының артық шығынына жол беріледі.
Люминесцентті шамдар кернеу өзгерісіне аз сезімтал келеді, бірақ кернеу қалыпты мәнінен 93 – 94 %-ға төмендеген кезде жанбай қалуы мүмкін. Кернеу 6 - 7%-ға артқан кезде көмекші аппаратура қызып кетеді. Берілетін кернеудің артуына байланысты люминесцентті шамдардың реактивті қуатты тұтынуы артады, ал ол энергияны қосымша шығындайды және cosφ – дің мәнін нашарлатады. Қыздыру шамдарына қарағанда, люминесцентті шамдардың жұмыс істеу мерзімі тек кернеу артқанда ғана емес, сонымен қатар төмендеген жағдайда да қысқарады. Кернеудің ауытқу мәні ± 10% аралығында болған кезде люминесцентті шамдардың жұмыс істеу мерзімі орта есеппен 20 – 25 %-ға төмендейді.
Электр қыздырғыш және термиялық қондырғылар кернеудің ауытқуына өте сезім-тал келеді. Электр қыздырғыш қондырғылардың барлық түрлері үшін тұтынатын қуат-тың (активті) берілген кернеудің квадратына тәуелділігі ортақ болып саналады. Сондық-тан кернеу төмендеген кезде электр қыздырғыш қондырғылардың өнімділігі кернеу квадратына пропорционал төмендейді, яғни қондырғының жұмыс уақытын арттыруды талап етеді, және бірлік өнімге шаққанда энергия шығыны артады. Кернеуді жоғарылатқан кезде электр қыздырғыш қондырғының тұтынатын қуаты артады және қыздырғыш элементтердің жұмыс істеу мерзімі бірден қысқарады. Сондықтан электр қыздырғыш қондырғылар үшін кернеудің төмендегені сияқты, оның артқаны да мейлінше қажет емес.
Вентильді түрлендіргіштер фазалық басқару арқылы тұрақты токты автоматты рет-теу жүйесі бар қондырғылар. Желідегі кернеуді арттырған кезде реттеу бұрышы авто-матты түрде артады, яғни түрлендіргіштің қуатты тұтынуы ұлғаяды.
Айнымалы токтың доғалы және түйіспелі дәнекерлеуші электр дәнекерлегіш қон-дырғылары қуат коэффициенті төмен бір фазалы бірқалыпсыз және синусоидасыз жүк-темеден тұрады, яғни 0,3 – доғалы дәнекерлегіш үшін және 0,7 – түйіспелі дәнекерлегіш үшін. Кернеуді 0,9 Uқал.- ге дейін төмендеткенде дәнекерлеу уақыты 20%-ға дейін ұза-рады, ал ол шектен асып кетсе (0,9 – 1,1) Uқал., онда дәнекерлеу жіктері жарамсыз болып қалады.
Электрохимиялық және электролизді қондырғылар үш фазалы айнымалы токты түзететін, түрлендіргіш қосалқы станциялардан алынатын тұрақты токпен жұмыс істей-ді. Қондырғылардың қуат коэффициенттері 0,8 – 0,9 аралығында.Электролизді қондыр-ғылар төмендетілген кернеумен жұмыс істеген кезде өнімділігінің төмендеуіне, ал кер-неу жоғарылағанда – электролизер ыдысының аса қатты қызып кетуіне әкеліп соқтыра-ды.
Конденсаторлар. Кез келген тұрақты кедергілердікі сияқты, конденсаторлардың ре-активті қуаттары кернеу квадратына пропорционал. Бұл дегеніміз, желідегі кернеу тө-мендеген кезде конденсаторлардың қуаты кернеу квадратына пропорционал төмендейді.
Қоректендіруші кернеудің симметриясыздығы да үш фазалы және бір фазалы қа-былдағыштардың жұмыс режимін нашарлатады. Симметриясыз кернеу түзу, кері және нольдік реттерге әкеліп соқтырады, ал ол үш фазалы сияқты, бір фазалы электр қабыл-дағыштардың да жұмыс режимін нашарлатады.
Кері реттегі кернеу, әсіресе, айналатын электр машиналарының жұмысына қолайсыз әсер етеді.
Асинхронды қозғалтқыштарда кернеудің симметриясыздығы қосымша қызу, соны-мен қатар кері әсер етуші айналдырушы момент тудырады. Асинхронды қозғалтқыштар-дың кері реттегі кедергісі түзу реттегі кедергілерден 5 – 7 есе төмен болғандықтан, онда кері реттегі құраушының аз ғана мәні болған кездің өзінде елеулі ток пайда болады. Бұл ток түзу реттегі токқа жинақталады және қозғалтқыштың қызып кетуін тудырады, ал нә-тижесінде оның тиісті қуаты азаяды. Оқшаулағыш және т.б. тез тозады. Симметрия-сыздық коэффициенті 4% болғанда толық жүктемемен жұмыс істеп тұрған қозғалт-қыштың қызмет ету мерзімі екі есе төмендейді.
Үш фазалы желіде нольдік реттегі кернеу пайда болған кезде бір фазалы қабылдағыш-
29.
тар үшін кернеу режимдері нашарлайды. Нольдік реттегі токтар жерсіндіргіштер арқылы тұрақты ағып отырады және жерсіндіргіш құрылғылардың кедергілерін арттыра отырып, топырақты елеулі түрде құрғатып жібереді.
Кернеудің симметриясыздығы көп фазалы вентильді түзеткіштердің жұмыс режимін елеулі түрде нашарлатады. Фазалар бойынша кернеудің айырмашылығы нәтижесінде тү-зетілген кернеудің өтіп тұруы артады. Кернеудің симметриясыздығы тиристорлы түр-лендіргіштердің импульсты – фазалы басқару жүйесіне елеулі түрде кері әсерін тигізеді.
Кернеудің симметриясыздығы кезінде конденсаторлы қондырғылар фазалар бойынша реактивті қуатпен бірқалыпты жүктелмейді, ал ол тағайындалған қуатты толық қолда-нуға мүмкіндік бермейді. Бұдан басқа, мұндай жағдайда конденсаторлы қондырғылар болып тұрған симметриясыздықты одан әрі күшейтеді, себебі, төмен кернеудегі фазада реактивті қуаттың берілісі басқа фазаларға қарағанда (кернеу квадратына пропорционал) аз болады.
Кернеудің симметриясыздығы бір фазалы тұтынушыларға да елеулі әсер етеді. Егер фазалық кернеулер бірдей болмаса, онда, мысалы, жоғары кернеудегі фазаға қосылған қыздыру шамдарының жарық ағыны көп болады, бірақ кернеуі төмен фазаға қосылған шамдарға қарағанда қызмет ету мерзімі қысқа болады.
Симметриясыздық релелі қорғағыштардың жұмысын қиындатады, электр энергиясын есептегіштердің жұмысы кезінде қателіктерге әкеліп соқтырады.
Өндірісте және тұрмыста сызықты емес вольт-амперлі сипаттағы электр қабылда-ғыштар кең тараған: тиристорлы түрлендіргіштер, электр дәнекерлеу қондырғылары, газразрядты шамдар, феррорезонансты стабилизаторлар және т.б. Олар желіден си-нусоидасыз, кейде периодты емес токты тұтынады. Нәтижесінде қоректендіруші кернеу-дің қисығының сызықты емес бұрмалануы пайда болады, ал олар релелік қорғаныс жүйесінің, автоматиканың, радиоэлектронды аппаратураның және күш беретін электр жабдықтарының жұмыстарына қолайсыздық тудырады.
Үлкен реттік номерлі гармоникалық токтар пайда болған кезде, беттік эффект туын-дайды (токты өткізгіштің бетіне ығыстырып шығару), ал ол жылудың қосымша шығын-дарына, электр жабдықтарының қызуына және оның жұмыс істеу мерзімінің төмен-деуіне әкеліп соқтырады.
Тұтастай алғанда, синусоидасыз режимдерде симметриясыздардағы сияқты кемші-ліктер болады. Бірақ та синусоидасыз токтар айналатын машиналарда үлкен қосымша
қызу тудырады және конденсаторларда, кабельдерде диэлектрлік шығндардың артуына жол береді.
Желіге жоғары гармониктердің еніп кетуі телемеханика, автоматика, релелік қорға-ныс жұмыстарының нашарлауын тудырады. Желінің жоғары гармониктерінде резонанс-тық режимдердің пайда болуы мүмкін, ал бұл жағдайда желінің жекелеген участокта-рында ток пен кернеу бірден артып кетеді.
