Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭО и ремонт пястол.каз..doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

1.6. Өндірістік өнеркәсіптердің энергошаруашылықтарының жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу жүйесі.

Электр жабдықтарын пайдалануды ұйымдастыруды реттеуші негізгі мөлшерленген құжат ретінде өндірістік өнеркәсіптердің энергошаруашылықтарының техникалық қыз-мет көрсету жүйесі болып табылады ( ЭЖ ТҚКЖ - ТОР ЭО жүйесі). Берілген жүйе мөл-шерлердің сабақтастығы мен жөндеулерді ескертудің салалық жүйесінің мөлшерлерін сақтап қалды (ЖЕЖ - ППР).

Шаруашылықтың барлық негізгі салаларында ЖЕЖ –нің салалық жүйелері бар (су шаруашылығы министрлігі, металлургия өнеркәсібі, авиация, орман шаруашылығы, ауылшаруашылығы және т.б.).

ЭЖ ТҚКЖ жүйесінде мөлшер мен мөлшерлемелер көптеген өзгерістерге ұшырады, көбінесе салалардың мөлшерлері мен мөлшерлемелерінің тізімдемесі сақталып қалмады.

14.

Бұл мөлшерлемелік құжатта техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді ұйымдастыру және жоспарлау бойынша, мерзімділік, жұмыстың типтік құрамы, жұмыс ауқымдылығы мен материалдар шығыны туралы ұсынымдар бар, электр жабдықтарының негізгі түр-лері үшін ТҚК және ТЖ –лердің құрылымы мен циклдарының ұзақтығы көрсетілген.

Алдын-алу жұмыстарын орындау ТҚК мен ТЖ-дің кестесін (жылдық, айлық, апта-лық) құруды қарастырады.

Электр жабдықтарын пайдалану мен жөндеу бойынша жұмыс ауқымын анықтау негі-зінде жөндеуге, лездік-жөндеу мен техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуші пайда-ланушы тұлғаларға қатысты қажеттілікті анықтау әдістері қарастырылады.

Нысандарға, жабдықтарға, желілерге лездік қызмет көрсету, құрастыру жұмыстарын орындау, стандарт емес жабдықтарды дайындау техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстарын орындауға тікелей қатысты емес. Лездік тұлғалар үшін сандық құрам ны-санның ерекшеліктерін көрсететін электр жабдықтарының түрлерінің сәйкес келетін техникалық пайдалану ережелерімен, техника қауіпсіздігі талаптары және жергілікті нұсқамалармен регламенттеледі. Жөндеу - ескерту жұмыстарының (ЖЕЖ) қолданыста-ғы жүйесін тұрақты және өзгермейді деп есептеуге болмайды. Оларды әрдайым жетілді-ріп отыру керек, себебі жабдықтардың, диагностикалық аспаптардың, жүйелердің жетіл-дірілген түрлері жасалып шығарылуда, технологиялар жетілдірілуде, электр жабдықта-рын пайдаладың білімдері мен тәжірибелері жинақталуда.

    1. Электр энергиясының көрсеткіштері мен сапасының межелері.

Электрлендірудің оңды әсері тұтынушыларды сапалы энергиямен қамтамасыз еткен жағдайда білінуі мүмкін. Ол төмендеген кезде электр энергиясын қолданатын тек электр жабдықтары мен энергетикалық қондырғылардың ғана емес, сонымен қатар электрлен-дірілген өндіріске де айтарлықтай нұқсан келтіріледі.

Біздің елімізде электр энергиясына деген талаптар «Электр энергиясы. Жалпы мақсаттағы электр желілеріндегі электр энергиясының сапасына қойылатын талаптар.» 13109 – 99 МЕМСТ-бойынша регламенттелген. Стандарт төмендегілерден басқа, жалпы мақсаттағы жиілгі 50 Гц-тік үш және бір фазалы айнымалы токтың электр желілеріндегі электр энергиясының сапасына қойылатын талаптарды тағайындайды: арнайы мақсаттағы электр желілері (түйіспелі, тартпалы байланыстар); жылжымалы қондырғы-лардың желісін электрмен жабдықтаудың дербес жүйелері (поездар, ұшақтар); уақытша мақсаттағы желілер; жылжымалы қоректендіру көздеріне жалғанған желілер.

МЕМСТ бойынша электр энергиясының сапа көрсеткіштері (ЭСК) екі топқа бөлінген:

- негізгі ЭСК;

-қосымша ЭСК.

Негізгі ЭСК оның сапасын сипаттайтын, электр энергиясының қасиеттерін анықтай-ды. Кернеуге байланысты көрсеткіштер желінің ұзақтығы мен трансформациялаудың санына байланысты екендігін ескеру қажет. Кернеудің сыныбы неғұрлым жоғары болса, электр энергиясының сапасының межелеріне деген талаптар да қатал болады. Желінің жиілігі сапаның жалпы жүйелік параметрі болып саналады және барлық сыныпты кер-неулер үшін бірдей.

МЕМСТ бойынша ЭСК-ның 11 түрі тағайындалған:

- жиіліктің ауытқуы, δƒ;

- кернеудің орныққан ауытқуы, δUорн.;

- кернеу өзгерісінің қарқыны, δU1;

- фликер мөлшері (жыпылықтау немесе тербеліс), Р1 ;

- кернеу қисықтығының синусойдалығының бұрмалануының коэффициенті, Ku;

- кернеудің п-інші гармоникалық құраушысының коэффициенті, Ku(п);

- кернеудің кері реттіліктегі симметриясыздығының коэффициенті, К2u;

- кернеудің нольдік реттіліктегі симметриясыздығының коэффициенті, K0u ;

- кернеудің құлауының тереңдігі мен ұзақтылығы, δUқ ,Δtқ ;

- импульстық кернеу, Uимп. ;

- уақытша асқын кернеудің коэффициенті, K асқын u.

Электр энергиясының сапасының кейбір көрсеткіштерінің мәнін анықтау кезінде элек-

15.

тр энергиясының келесі көмекші параметрлерін қолданады:

- кернеу өзгерісінің қайталану жиілігін, Ғδ/1 ;

- кернеу өзгерістерінің арасындағы аралығын, ΔtU+1 ;

- кернеудің құлау тереңдігін, δUқ ;

- кернеудің құлауының пайда болу жиілігін, Ғқ ;

- оның амплитудасының 0,5 деңгейі бойынша импульстің ұзақтығын, Δtимп 0,5 ;

- уақытша асқын кернеуліктің ұзақтығын, ΔtасқынU .

ЭСК-ның межесінің екі түрі тағайындалған: қалыпты рұқсат етілген (қалыпты) және шектеулі рұқсат етілген (шекті).

Электр энергиясының сапа көрсеткішінің ең көп қолданылатын негізгілерін қарасты-райық.