Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭО и ремонт пястол.каз..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Mб
Скачать

КӘСІПТІК

БІЛІМ

И. Пястолова

ЭЛЕКТР ҚОНДЫРҒЫЛАРЫН

ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ЖӨНДЕУ

Оқу құралы

Техникалық және кәсіптік білім беруді ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі ұсынған

«Фолиант» баспасы

Астана - 2008

ББК 32. 26 я 73

П 99

Пястолова И.А.

П 99

Электр қондырғыларын пайдалану және жөндеу:

Оқу құралы. – Астана: Фолиант, 2008. – 288 с.

ISBN 9965 -35 -544 -4

Оқу құралында пайдалану, сенімділік теорияларының негізгі түсініктері, электр энергиясының сапа көрсеткіштері мен межелері және олардың электр қондырғысының жұмысына әсерлері қарастырылған. Жұмыста техникалық алдын-ала анықтау сұрақтары және электр жабдықтарын ұтымды таңдау мен қолдану негіздері көрініс тапқан.

Оқу құралы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары мен оқушыларына арналған.

ББК 32. 26 я 73

С

ПястоловаИ.А., 2008

С

I SBN 9965 -35 -544 -4 «Фолиант» баспасы, 2008

4.

Алғы сөз

Қазіргі заманғы өндірістік мекеме электрлік, жылу техникалық, газ, желдеткіштік, са-нитарлық және арнаулы жабдықтардың күрделі кешенін құрайды.

Өндірісті үздіксіз дамыту және жетілдіру, соның негізінде жаңа технологияларды жа-ңарту электр жабдықтарының сенімді және үздіксіз жұмысына, сонымен қатар мақсатқа жету үшін шығындарға жоғары талаптар қоюда.

Электр қондырғыларының талап етілетін сенімділігін және үздіксіздігін қалыпта ұс-тап отыру, техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын ұйымдастырусыз мүм-кін емес. Техникалық бұйымның өмірлік кезеңінде пайдаланудың үлкен маңыздылы-ғына байланысты, энергетика саласында мамандар даярлаудың басты бағыттарының бірі болып олардың пайдаланушылық әрекеттері саналады. Болашақ маман энергоқорларды қолдануды ұйымдастырудағы пайдаланудың маңыздылығын айқын түсінуі керек:

- пайдалану теориясының негізгі жағдайларын, сенімділік теориясының негіздерін, жиынтықтаудың тәсілдерін және электр қондырғыларына алдын-ала анықтаулар жасау-ды;

- қазіргі заманғы энергия үнемдеу технологияларын;

- электр жабдықтарын пайдалану саласындағы ғылым мен техника жетістіктерін білу.

Бұл оқулық электр қондырғыларын пайдалану саласына мамандандырылған орта оқу орындарында жоғары білікті мамандар дайындауға арналған.

Мамандар дайындау үшін оқу орындарының оқу процесін әдістемелік қамтамасыз-дандыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізу қажет.

Оқулық профессорлар Пястолова А.А., Ерошенко Г.П., Ермолаева С.А. пайдалану мектебінің дәстүрінде жазылған, анықтамалық мәліметтер соңғы жылдары жарық көрген анықтамалықтар негізінде құрастырылған, ол туралы оқулықта тиісті сілтемелер келті-рілген.

Берілген оқулық ҚР, ТМД елдерінің жетекші жоғары оқу орындарында жинақталған әдістемелік материалдар мен авторлардың педагогикалық тәжірибелері негізінде жазыл-ған.

Оқулықта негізгі энергетикалық электр қондырғыларын пайдалану мәселелері қарас-тырылған.

Жеке бөлімдер болып қарастырылатындары:

- пайдаланудың теориялық негіздері;

- электр қондырғыларын техникалық пайдалану.

Оқулықтың мақсаты: болашақ мамандарды негізгі электр қондырғыларын ұтымды қолдануға және олардың жоғары сенімділігін қалыпта ұстауға үйрету.

5.

І БӨЛІМ

Электр қондырғыларын пайдаланудың теориялық негіздері

1 тарау.

Пайдалану теориясының негізгі түсініктері мен анықтамалары.

1.1. Оқып білу нысаны.

Қазіргі заманғы кезеңде кез келген өндірістің техникалық базасы өңдеудің, техника-лық құралдарды дайындаудың, сонымен қатар оларды пайдаланудың талаптарының мүмкіндіктерін кешенді есепке алу негізінде құрылады және жұмыс істейді. Тек қана осындай кешенді жақындау кезінде ғана техниканы пайдаланудың тиімділігі қамтамасыз етіледі.

Электр қондырғыларын пайдалану – бұл дайындалған сәттен бастап олардың қолда-нылуының барлық фазасының жиынтығы: орнатылатын орынға дейігі тасымалы, құрас-тыру және қосуға дайындау, мақсаты бойынша жұмысы, техникалық қызмет көрсету, тұ-рып қалу кезеңіндегі сақтау, күрделі жөндеу және жетілдіру. Пайдаланудың аяқталуы бұйымның шектік жай-күйімен анықталады, яғни қауіпсіздік талаптарының жойылмай-тын бұзылымдары немесе параметрлердің белгіленген шегінен жойылмайтын ауытқула-ры немесе пайдаланудың тиімділігінің жойылмайтын төмендеуі пайда болғанда.

Электр қондырғыларын нақты жұмыс істеу үшін қолданады. Халықшаруашылығы тұрғысынан қарағанда, пайдаланудың маңызы электр жабдықтарының тұтынушылық қа- сиеттерін жүзеге асыруда болып табылады. Мұндай жағдайда пайдаланудың екі түрі ерекшеленеді: өндірістік және техникалық.

Өндірістік пайдалану – бұл нәтижесінде электр энергиясын энергияның басқа түріне түрлендіретін, мақсаты бойынша электр қондырғыларын пайдаланатын процесс. Бұл процесске тек қана электротехникалық тұлғалар ғана емес, сонымен қатар техникалық нысандарға қызмет көрсететін тұлғалар да қатысады (станокта – жұмысшы, сорғы стан-циясында - кезекші). Пайдаланылған процесстің нәтижесі ретінде технологиялық нысан-ға түрлендірілген және берілген энергия болып саналады.

Техникалық пайдалану – бұл пайдалану және сақтау кезінде жоғалтқан қасиеттерін қалпына келтіруді тұжырымдайтын электр қондырғыларының талап етілетін жай-күйін қамтамасыз ету және қалыпта ұстау процессі. Техникалық пайдалануды мекеменің неме-се өндірістік бірлестіктің энергетикалық қызметінің мамандары жүзеге асырады.

Электр жабдықтарының ұзақ және сенімді жұмыс істеуіне пайдалану шарттары елеу-лі әсер етеді.

Пайдаланудың мақсаты. Электр жабдықтары әрқашан кейбір жұмыстарды орындау-ға немесе өнім шығаруға арналған қайсібір қондырғының бөлігі болып табылады.

Өндірістік жүйенің мақсаты - өнім өндіруді ұлғайту, оның сапасын арттыру және өзіндік құнын төмендету есебінен қоғамның артып келе жатқан сұранысын қанағаттан-дыру. Бұл үшін барлық элементтердің жұмысының жиынтығы, соның ішінде электр қон-дырғыларының, өндірістік жүйеге бағынуы тиіс. Сондықтан, пайдаланудың мақсаты талап етілетін сенімділікті қолдау және электр жабдықтарын ұтымды пайдалану есебі-нен электрлендірілген технологиялық нысандардың тиімді жұмысын қамтамасыз етуде болып табылады.

Оқып білу нысанын электр қондырғыларының мысалы ретінде қарастырамыз. Элек-тр қондырғыларын пайдаланудың талап етілетін сапасына жетуге негізгі әсер ететіндер:

электр энергиясының сапасын анықтайтын электрмен жабдықтау көзі; оның пайдалану-ға жарамдылығын сипаттайтын, қолданыстағы электр жабдықтарының пайдаланушылық қасиеттері; қолдану ережелерін және қоршаған ортаның жағдайын анықтайтын техноло-гиялық нысан; электр жабдықтарының сенімділігін қамтамасыз ететін қызмет көрсету, жөндеу және басқа да жұмыстардың сапасына тәуелді пайдалану қызметі. Аталған эле-менттердің жүйесі электр жабдықтарын пайдаланудың теориясын оқып үйренудің жал-пылама нысанын құрайды.

6.

Пайдалану шарттары – бұл электр қондырғысын пайдаланудың тиімділігіне тәуел-ді болатын барлық сыртқы факторлардың жиынтығы. Оларға келесі шарттар жатады:

қоршаған ортаны пайдалану, электрмен жабдықтау және қызмет көрсету шарттары.

Қолдану шарттары технологиялық нысанның ерекшеліктеріне тәуелді болады. Оларды электр қондырғылары тоқтап қалғанда пайда болатын технологиялық шығын-дардың өлшемімен сипатталатын жұмыс тәртібімен, жүктеменің сипаты және дең-гейімен, тәулік, ай және жыл бойы жұмыс істеуімен, сонымен қатар нысанның жауап-кершілігімен анықтайды.

Қоршаған орта шарттары жұмыс істеп тұрған және тоқтап қалған кезеңдерде электр жабдықтарына тигізетін кері әсерлерді сипаттайды. Бұл топқа электр қондырғыларының қасиеттерін нашарлатуға септігін тигізетін климаттық шарттар, орналастырылу орны, газдану, ылғалдану, діріл деңгейі және басқа да әсерлер кіреді.

Электрмен жабдықтау шарттары электр энергиясы көзінің электр қондырғылары-ның сенімділігі мен жұмыс процесіне әсерін бағалайды. Олар қалыптасқан және қосу режиміндегі кернеудің сапасымен, энергияны жеткізу және тарату жүйесіндегі энергия шығындарымен, сонымен қатар электр энергиясына жұмсалатын меншікті шығындар-мен сипатталады.

Қызмет көрсету шарттары техникалық қызмет көрсетудің, ағымдық және күрделі жөндеулердің сапасы бойынша, бұзылымдарды жоюдың лезділігі және барлық пайдала-ну жұмыстарының ресурстық шығындары жөнінде мәлімет береді.

Пайдаланудың тиімділігі. Жалпы жағдайда тиімділіктің мағынасы алдыға қойған тапсырманың табысты орындалуы немесе белгілі бір мақсатқа жету деп түсіну керек. Тиімділікті өлшеу үшін оқып үйренетін жүйенің кейбір сипаттамаларын тиімділіктің белгісі ретінде қабылдау қажет. Бұл жағдайда олардың дұрыс таңдап алынуы халықша-руашылығы үшін ерекше маңызды екендігі ескерілуі тиіс, себебі дұрыс таңдап алынба-ған белгі орындаушы ұжымның жұмыс нәтижесінің бағасын бұрмалайды және олардың ісін теріс жаққа бағыттайды.

Таңдап алынған белгі мүмкіндіктің ең аз шешімнің нұсқасы үшін аса тиімді деп есептеледі. Өндірістік процесстің энергияға деген сұранысы жұмсалатын меншікті аз шығындармен қанағаттандырылатын болса, онда электр қондырғыларын пайдалану меншікті шығындар бойынша тиімді деп аталады.

1.2. Курсты оқып - үйренудің пәні мен әдістері.

«Электр қондырғыларын пайдалану» курсын оқып-үйренудің пәні ретінде электр жабдықтарын таңдап алудың (жиынтықталуы) заңдылықтары, ережелері мен тәсілдері, қолданылуы, техникалық қымет көрсету мен жөндеу, сонымен қатар пайдалану мүмкін-діктерін шешу әдістері болып саналады. Теориялық сұрақтар «нысан», «бұйым», «жаб-дық» түсініктері жиі қолданылатын жалпыландырылған үлгі мысалдары негізінде оқы-лады. Олар энергетикалық жабдықтардың кез келген нақты түрлерін алмастыра алады.

Курсты оқып-үйрену барысында түрліше танымдық әдістер қолданылады: тәжірибе, салыстыру, сараптама, ұқсастық, синтез, жүйелі көзқарас және т.б. Ғылыми танымдық әдіс ретінде, тәжірибе – ең ежелгі, әрі кең тараған әдістердің бірі. Көрнекіліктің және кө-ңілге қонымдылықтың арқасында оның танымдылық мәні өте жоғары. Тәжірибе жасау әдісі жемісті дамып келеді. Соңғы жылдары тәжірибені белсенді жоспарлау әдісі кең қолдау табуда. Электр жабдықтарын пайдалануды оқып-үйрену кезінде көптеген тәуел-діліктер тек тәжірибелердің нәтижесінде ғана анықталады (сенімділік көрсеткішінің пай-далану шарттарымен байланысы, электр энергиясының сапасының электр жабдықтары-ның ПӘК-іне әсері және т.б.).

1.3. Электр қондырғыларын орынды пайдаланудың міндеттері мен шарттары.

Электр жабдықтарын пайдаланудың басты мақсаты, пайдалану теориясының негізгі жағдайында көрсетілгендей, оның сенімділік деңгейі мен қолданылуын осы жабдықпен жарақтандырылған технологиялық нысандағы жұмыстардың тиімділігі қамтамасыз еті-летіндей күйде ұстап тұру

7.

Басты мақсаттың мазмұнын сараптай келе, үш негізгі аралық мақсаттарды бөліп қа-растыруға болады: электр жабдықтарының талап етілетін сенімділігін қамтамасыз ету,

электр жабдықтарын орынды қолдануды қамтамасыз ету, пайдалану шығындарын тө-

мендету.

Осы мақсаттардың әрқайсысы пайдалану алдына, өз ара байланыстары 1.1. кестеде көрсетілгендей, бірқатар техникалық, технологиялық, әлеуметтік және экономикалық тапсырмалар жүктейді.

1.1. Кесте. Пайдалану мақсаттары мен тапсырмаларын жіктеу.

Талап етілетін сенімділікті қолдау

Техникалық тапсырмалар

Ұйымдастыру тапсырмалары

Ескірген электр жабдықтарын жетілдіру және ауыстыру.

Ток көзі мен технологиялық нысандағы апаттық жағдайларды ескерту.

Жөндеу-қызмет көрсету базасын жетілдіру.

Жеке тұлғаларды ынталандыруды жетілдіру және біліктіліктерін жоғарылату.

Тоқтап қалуды, тұрып қалуды есепке алуды жетілдіру.

Техникалық пайдалануды ұйымдастыруды жетілдіру.

Электр жабдықтарын орынды қолдану

Техника-технологиялық тапсырмалар

Ұйымдастыру тапсырмалары

Тәуліктік және жылдық жұмыспен қамтылуды арттыру.

Орнықты жүктелуді қолдау.

Мәжбүрлеп жұмыс істетуді қолдану.

Орынды қолданудың мөлшерлеріне талдама жасау.

Қолданудың нәтижелерін ынталандыру жүйесі мен есепке алуды жетілдіру.

Пайдалануға жұмсалатын шығындардың тиімді деңгейін қалыпта ұстау.

Әлеуметтік тапсырмалар

Ұйымдастыру тапсырмалары

Еңбек ұжымдарын құру.

Еңбектің ғылыми ұйымдастыры-луын енгізу.

Тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларды жақсарту.

Еңбектің өнімділігін арттыру.

Қормен жарақталу-ды арттыру.

Еңбек нәтижесін бағалау жүйесін жетілдіру.

Техникалық тапсырмаларды шешу жетілдіру және ескірген бұйымдарды дер кезінде ауыстыру, қызмет көрсетуді жақсарту, қолдану тәртібін оңтайландыру және автомат-тандыруды енгізу есебінен жабдықтардың сапасын арттырумен байланысты болады. Технологиялық тапсырмалар технологиялық процесстердің жабдықтардың мүмкіндік-терімен мұқият келісілуіне, процесстің энергия сиымдылығын төмендетуге және шыға-рылатын өнімнің сапасын арттыруға бағытталған.

Үлкен, бірақ көп жағдайларда жете бағаланбайтын мәні бар әлеуметтік тапсырмалар энергетика қызметі мамандарының (ЭНҚ - ЭНС) моральдық, еңбек және тұрмыстық жағдайларын жақсартудан тұрады. Ұйымдастыру тапсырмалары энергетика қызметінің түрін, құрылысын, басқару принциптерін жетілдіруге; техникалық қызмет көрсетуді, ағымдық және күрделі жөндеулерді орындаудың тәсілдерін жақсартуға; бөлімшелер мен қызмет көрсету мамандарының нақты өзара әрекеттестікке қол жеткізуіне бағытталған.