Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
CИЛЛАБУС пед.пси..doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
253 Кб
Скачать
☆

Курсты оқыту саясаты және процедуралары:

Психология курсын оқыту студенттердің психологиялық білім алуын ғана емес, сондай-ақ олардың ақыл-ой қабілетінің дамуына мүмкіндік бере отырып, кәсіби қажет қасиеттерді, жауапкершілікті, тәртіптілікті қалыптастыруды көздейді:

  • Тапсырмалардың барлығын берілген уақытында орындау қажет;

  • Өзіне жауапкершілікті алғаннан кейін оны орындау қажет (белгілі себептермен сабақта болмаған студент, тапсырманы оқытушымен келіскен уақытта орындау керек);

  • Сабақтан себепсіз қалмау, егер себебі болса анықтама қағазын әкелу;

  • Оқу процесіне белсенді қатысу;

  • Қалдырылған сабақтарды өтеу жұмысын оқытушының белгілеген уақытында орындау;

Бақылау жұмысына әдістемелік нұсқаулар

Бақылау жұмысын орындау оқу үрдісінің құрамдас бөлігі және студенттің өзіндік жұмысының түрі болып табылады. Аталған жұмыс түрін орындау оқу және арнайы әдебиеттерді сауатты қолдану дағдылары мен ептіліктерін алуға мүмкіндік береді.

Бақылау жұмысының мақсаты оқылған материалды меңгерту болып табылады. Бақылау жұмысының тақырыбын жетекші оқытушы ұсынады және әдебиеттер тізімі беріледі. Бақылау жұмысының тақырыбы болып табылатын сұрақ ұсынылған әдебиеттер негізінде қарастырылуы керек. Бақылау жұмысы – бұл жазбаша сынақ. Ол бірқатар сұрақтарға жауап беруден және тапсырмалар мен проблемалық жағдаяттарды орындаудан тұрады. Студенттің бақылау жұмысын орындауы келесі негізгі кезеңдерден өтеді:

  1. тақырыпты таңдау немесе тапсырманы анықтау;

  2. әдебиеттерді таңдау;

  3. жоспар құру;

  4. бақылау жұмысын дайындау және кафедраға тапсыру.

Бақылау жұмысының тақырыбы сынақ кітапшасы нөмірі бойынша берілген тізіммен таңдалады. Бақылау жұмысын жазбаша, 12-18 беттен тұратын оқу дәптеріне орындаған жөн. Суреттер, кестелер, сызбалар нөмірленеді. Олардың атауы болуы қажет және жалпы ережелер бойынша дайындалуы керек.

Бақылау жұмысында сауатты тұжырымдалған ғылыми-техникалық аппарат болуы қажет: барлық сандарға, фактілерге, цитаталарға сілтемелер берілуі керек. Мәтінде сөздерді, терминологиялық айналымдарды, ұйымдар атауын қысқартуға болмайды.

Студент бақылау жұмысын өзі орындайды. Сондықтан, бақылау жұмысын дайындаудың жалпы ережелерін сақтауы қажет:

Титульдік бет (дәптердің мұқабасы) келесі деректерді ескере отырып, толтырылуы тиіс:

  1. Жоғары оқу орнының, факультеттің, кафедраның атауы;

  2. Студенттің аты-жөні.

  3. Мамандығы, курс.

  4. Сынақ кітапшасының №.

  5. Пәннің атауы.

  6. Тақырып атауы (парақтың ортасына).

  7. Пән бойынша оқытушының аты-жөні.

  8. Жұмыстау орындаған күн.

  9. Жұмысты тексеруге берген күнін сырттай оқыту факультетінің әдіскері бақылау жұмыстарын тіркеу кезінде белгілейді.

Әрбір бақылау жұмысының жоспары, кіріспесі, негізгі бөлімі мен қорытындысы болуы керек. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі қорытындыдан соң беріледі.

Жоспар бақылау жұмысының маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Оның мазмұнында бірінішіден, таңдалған тақырып мазмұны көрсетілуі қажет, екіншіден, студентке қажет ғылыми және оқу материалының бар екендігін растауы керек. Құрылған жоспар теориялық сипатта 3-5 сұрақты мазмұндайтындай ықшам болуы тиіс. Әсіресе, жұмыс мәтіні құрылған жоспардан ауытқымауы қажет. Бақылау жұмысы жоспарының сұрақтары жұмыс мәтінінде ашылуы тиіс.

Бақылау жұмысына кіріспе. Студент бақылау жұмысын орындау кезінде қойған мақсатын білдіруі керек. Бұл ең алдымен, психологиялық мәселеге кіріспе болып табылады, онда студент болашақ кәсіби қызметтің ептіліктері мен дағдыларын меңгеру бойынша өз алдына қоятын міндеттерін сипаттайды.

Негізгі бөлім сұрақтары (олардың тұжырымдалуы) жұмыс тақырыбымен сәйкес келуі тиіс. Негізгі мәтінді бөлімдерге және параграфтарға бөлу қажет. Олардың мәнін ашуда нақты, айқын жауаптар беруді есте ұстау керек. Мәтінді қисынды, дәлелді, айғақты мазмұндау керек. Әрбір сұрақты мазмұндаған соң қорытынды жасаған жөн. Сонымен қатар, бақылау жұмысы тақырыбын мазмұндауда қолданылған әдебиеттерге сілтеме жасауды естен шығармау қажет. Мәтіндегі сілтемелер жақшамен (бірден цитатадан, сөйлемдерден соң), қолданған әдебиет нөмірін көрсету арқылы жазылуы керек. Мысалы: [1, б. 45].

Қорытынды. Барлық бөлімдерді орындаған соң қорытынды жаылады, автор жасалған жұмысты қорытындылайды, қол жеткізген мақсат және міндеттерін қысқаша тұжырымдайды, маманға қажет кәсіби маңызды қасиеттердің өз басында қалыптасу деңгейі жайында өзіндік баға береді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 10 әдебиеттен кем болмауы керек, сонымен қатар оқу құралдары, мерзімдік басылымдар, энциклопедиялық басылымдар, сөздіктер т.б. қолданылуы керек.

Кіріспе, қорытынды, жаңа бөлімдер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі жаңа парақтан басталып, жазылуы керек. Дәптерге оқытушының ескертуіне арналған орын және бақылау жұмысының соңында оқытушының орындалған жұмысқа сын-пікір жазуына арналған бетті қалдыру керек.

Егер жұмыс сыналмаса, оқытушының сын-пікірде жасаған ескертулерін ескере отырып, қайта өңделіп, алғашқыда тапсырылған нұсқамен бірге қайтадан оқытушының сын-пікіріне берілуі керек. Жұмысты кафедраға нақты белгіленген мерзімде тапсыру қажет: сессия басталғанға дейін 10 күн бұрын. Егер бұл талап орындаламаса, жұмысқа сын-аікір берілмейді.