Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
CИЛЛАБУС пед.пси..doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
253 Кб
Скачать
☆

Семинарлық сабақтар

№

Тақырып атауы және мазмұны

Сабаққа дайындық

Әдебиеттер

Тапсыру, тексеру уақыты

1

Педагогикалық психологияға кіріспе

Педагогикалық психологияның жалпы ғылыми сипаты. Педагогикалық психологияның қалыптасуының жалпы психологиялық контексті. Педагогикалық психология тарихы. Педагогикалық психология пәні және міндеттері. Педагогикалық психология құрылымы.

Тақырыпты теориялық талдау.

Негізгі ұғымдарды анықтау.

Н.ә. – 1,2,3,4,5.

Қ.ә – 11,12,

15,16,17.

1-2

2

Педагогикалық психологияның зерттеу әдістері

Баланың, әр түрлі жас кезеңдеріндегі оқушылардың психикасын зерттеу әдістемелері мен әдіснамасы. Оқу-тәрбие міндеттерін психологиялық-педагогикалық зерттеудің әдіснамалық принциптері. Детерминизм принципі. Іс-әрекет пен психиканың бірлігі принципі. Даму принципі. Әдіснама, әдістер мен зерттеу әдістемелері. Педагогикалық психологиядағы зерттеуді ұйымдастыру әдістері. Зерттеудің негізгі әдістері. Әдістердің жіктелуі.

Зерттеу әдістерін талдау.

Негізгі ұғымдарға анықтама беру.

Н.ә. – 1,2,3,4,5.

Қ.ә – 11,12,

15,16,17.

3

3

Психикалық даму мен оқыту

Даму туралы түсінік. Психикалық дамудың көздері мен қозғаушы күштері. Дамудың табиғи алғышарттары. Психикалық дамудағы оқыту мен тәрбиенің жетекші іс-әрекеті мен сензитивті кезең түсініктері. Оқушы тұлғасының қалыптасуы мен психикалық дамудың динамикасы мен заңдылықтары. Психикалық дамудың әлеуметтік жағдайы. Оқыту мен дамудың өзара байланысы мәселесін шешуге Л.С.Выготский, Ж.Пиаже, Б.Скиннер, Дж.Брунер, С.Пейперт, П.Я.Гальперин, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов концепциясының қосқан үлесі. Психикалық даму кезеңдері. Баланың мектепке келгенге дейінгі психикалық дамуы. Бастауыш сынып оқушысының тұлғасының қалыптасуы мен психикалық дамуы. Жеткіншек жастағы тұлғаның қалыптасуы мен психикалық дамуы. Жасөспірімдік жастағы тұлғаның қалыптасуы мен психикалық дамуы.

Тақырыпты теориялық талдау.

Негізгі ұғымдарға анықтама беру.

Ғалымдар пікірлеріне салыстырмалы талдау жасау.

Н.ә. – 1,2,3,4,5.

Қ.ә – 11,12,

15,16,17.

4-5

4

Оқушылардың іс-әрекетінің орталық бөлімі ретіндегі – меңгеру

Меңгерудің жалпы сипаты. Білімдерді меңгеру процесі және оның психологиялық компоненттері. Меңгеруді ұйымдастырудың құрылымдары. Меңгеру кезеңдері. Оқу дағдылары мен ептіліктерін қалыптастыру. Меңгеру процесіндегі дағды. Дағды ұғымы және оның қалыптасуы. Дағдының қалыптасуына ықпал етуші факторлар. Дағдының қалыптасу өлшемдері. Оқыту және білімді меңгеру процесі мен оқушылардың ақыл-ой іс-әрекетін басқару мәселелері.

Тақырыпты теориялық реконструкциялау.

Негізгі ұғымдарды мазмұндау.

Н.ә. – 1,2,3,4,5.

Қ.ә – 11,12,

15,16,17.

6

5

Оқытудың психологиялық негіздері

Оқыту ұғымы. Оқыту іс-әрекетінің түрлері. Қоғамдық – тарихи құбылыс және психологиялық-педагогикалық процесс ретіндегі оқыту. Оқытудың психологиялық ерекшеліктері. Жаңа білімдер мен қабілеттерді қалыптастыру стратегиялары. Оқытуға ықпал етуші психологиялық факторлар. Оқыту және дамыту. Білім беру жүйесіндегі дамытып оқыту (Л.В. Занков, В.В.Давыдов).

Тақырыпты теориялық талдау.

Ғалымдар пікірлерін талдау.

Негізгі ұғымдарды анықтау.

Н.ә. – 1,2,3,4,5.

Қ.ә – 11,12,

15,16,17.

7

6

Оқыту түрлері және әдістері

Оқыту түрлері, әдістері және дәстүрлі оқыту ерекшеліктері. Бағдарламалаушы оқыту. Проблемалық оқыту және іскерлік ойындар. Өндірістік-кәсіби оқыту. Инновациялық оқыту.

Оқыту стратегиясы

Оқыту процесін психологиялық талдау. Оқыту мәселесі. Оқыту стратегиясы интериоризация және экстериоризация ретінде.

Оқыту түрлеріне мазмұнды сызба құру.

Негізгі ұғымдарға анықтама беру.

Н.ә. – 1,2,3,4,5.

Қ.ә – 11,12,

15,16,17.

8

7

Оқу іс-әрекеті

Оқу іс-әрекетінің жалпы сипаты. Оқу іс-әрекетінің мазмұны. Оқу іс-әрекетінің сыртқы құрылымы. Оқу іс-әрекеті және балалардың жеке-психологиялық ерекшеліктері. Оқу мотивациясы. Оқу іс-әрекетінің мотивациясы және оның қалыптасуы. Оқу мотивацияларының түрлері. Оқу іс-әрекеті құрылымындағы оқу тапсырмалары. Оқу тапсырмаларының жалпы сипаты. Тапсырмаларды шешу тәсілдері. Оқу тапсырмаларына қойылатын талаптар. Оқу тапсырмасы және жағдаят. Оқу іс-әрекеті құрылымындағы бақылау (өзін-өзі бақылау), баға. (өзін-өзі бағалау). Балаларды оқыту және тәрбиелеуді арттыру құралдары. Нығайту құралы ретіндегі педагогикалық баға. Педагогикалық бағалау тиімділігі шарттары. Балалардың жас ерекшеліктері және педагогикалық бағалау. Оқушылар білім, дағды және ептіліктерін анықтау әдістері. Оқушы жетістігін бағалаудың объективті әдістері мәселесі. Жетістікті объективті анықтау жүйесіндегі тестілеу рөлі. Рейтингтік бағалауда тестілеудің мәні.

Тақырыпты теориялық талдау.

Негізгі ұғымдарды анықтау.

Н.ә. – 1,2,3,4,5.

Қ.ә – 11,12,

15,16,17.

9

8

Педагогикалық қызмет психологиясы

Қазіргі қоғамдағы педагог орны. Педагогтың жеке басына қойылатын талаптар. Педагогтың жалпы және арнайы қабілеттері. Педагогикалық қызмет түрлері, сипаты, мазмұны. Педагогикалық мотивацияның жалпы сипаты. Педагогикалық қызмет құрылымы. Негізгі педагогикалық қызметтер. Педагогикалық ептіліктер.

Педагогикалық қызмет стильдері

Педагогикалық қызмет және педагогикалық қарым-қатынас спецификасы. Педагогикалық қызмет стильдерінің жалпы сипаты.

Педагогикалық қызмет және педагогикалық қарым-қатынас спецификасы. Педагогикалық қызмет стильдерінің жалпы сипаты.

Тақырып маңызын ашу.

Тақырып бойынша өз пікірлерін қосу.

Негізгі ұғымдарды анықтау.

Н.ә. – 1,2,3,4,5.

Қ.ә – 11,12,

15,16,17.

10-11

9

Тәрбие психологиясы

Қазіргі кезеңдегі тәрбиелеудің маңызы және психологиялық механизмдері. Тәрбие мақсаттары. Тәрбиелеу құралдары мен әдістері. Тәрбиелеу институттары.

Тақырыпты теориялық талдау.

Сызба-кесте құру.

Н.ә. – 1,2,3,4,5.

Қ.ә – 11,12,

15,16,17.

12

10

Тәрбиелеудің әлеуметтік-психологиялық аспектілері.

Қарым-қатынас және тәрбие. Психологиялық педагогикалық проблема ретіндегі отбасылық тәрбиелеу. Қайта тәрбиелеу психологиясының кейбір мәселелері.

Тақырыпты теориялық талдау.

Н.ә. – 1,2,3,4,5.

Қ.ә – 11,12,

15,16,17.

13

11

Білім беру процесіндегі қарым-қатынас

Білім беру процесіндегі субъектілердің өзара әрекеттесулері. Оқу-педагогикалық ынтымақтастық. әр түрлі субъектілермен ынтымақтастық. Оқу іс-әрекетіне ынтымақтастықтың ақпалы. Ынтымақтастық кезеңдері. Қарым-қатынас ұғымы. Қарым-қатынас қызметтері. Қарым-қатынас сипаты. Педагогикалық қарым-қатынас анықтамасы. Қарым-қатынастың деңгейлік құрылымы.

Тақырып маңызын ашу.

Тақырып бойынша өз пікірлерін қосу.

Негізгі ұғымдарды анықтау.

Н.ә. – 1,2,3,4,5.

Қ.ә – 11,12,

14, 15,16,17.

14

12

Педагогикалық өзара әрекеттесу, қарым-қатынас және оқу-педагогикалық қызметтегі “кедергілер”.

Қарым-қатынастағы қиындықтардың жалпы сипаты. Қиындықтар анықтамасы және қызметтері. Педагогикалық өзара әрекеттесудегі қиындықтардың негізгі салалары.

Тақырып маңызын ашу.

Тақырып бойынша өз пікірлерін қосу.

Негізгі ұғымдарды анықтау.

Н.ә. – 1,2,3,4,5.

Қ.ә – 11,12,

14, 15,16,17.

15