Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kursovaya.docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
64.74 Кб
Скачать

2.4 Ауытқуы бар балаларды әлеуметтендіру және әлеуметтік оңалту жұмыстары

Ата-аналардың тазалық дағдыларын үйретудің ұзақ процесс екендігін және сау балада ол қалыпты жағдай өзгергенде бұзылуы мүмкін екендігін ескергені дұрыс.

Ата-ана баласын тазалық дағдысын білдірген жағдайда мақтауы, ал бұзылған жағдайда мүлдем орыспауы керек. Ақыл-ойы қалыңқыраған баланың өзі жаман іс істегенін сезеді, сондықтаната-ананың ұрсуы оның мазасыздандырып, дағдының қалыптасуына көмектеспейді, керісінше эмоциялық стресс есебінен оны бұзады.

Дамуында ауытқушылық бар балалардың көбінің тазалық дағдысына үйренуді едәуір қиындатады.

Машықты дамытудың бірінші сатысында, бала түрлі тәсілдерді қолданып айналасындағыларға өз қажеттілігі туралы хабарлай бастаған кезде, ересектер осы сигналдарға ымына, мимикасына, сөзіне, көз қарасына, дауысына барынша көңіл аударулары тиіс.

Келесі кезеңде, бала горшокты өзі алуды және киімін шешуді бастаған кезде, жоғарыда айтылып кеткендей, оның осы әрекеттерді істеуде толық тәуелсіз болуы үшін жағдай туғызған дұрыс.

Ата-анасының қанша күш жұмсағанына қарамастан, бала 4 жасқа келгенде тазалық машығы әлі қалыптаспаса немесе машық қалыптасып, содан кейін қандай да бір жағымсыз әрекеттердің салдарынан жоғалып кеткен жағдайда, баланы дәрігерге қаратуыңыз қажет.

Әлеуметтік бейімделу – тек дені сау адамдардың ғана емес, сонымен қатар ауытқуы бар балалардың да әлеуметтік ортаға қосылуы, қоғамда өмір сүруге бейімделуі. Ауытқуы бар балаларда бейімделу үдерісі үнемі сәтті, қиындықсыз бола бермейді. Кейде, адекватты емес мінез-құлық реакциялары, қиын психологиялық ситуациялар туындайды. Бір сөзбен айтқанда, дезадаптация пайда болады. Балалардағы дезадаптация күйі оңай пайда болғанмен, адаптация үдерістері ұзақ уақытқа созылады . Ауытқуы бар балалардың бейімделу немесе адаптация қиындықтарын жеңілдету, психикалық дамуын қалыпты балалардың психикалық дамуы деңгейіне жақындату коррекция және компенсация жолдарымен жүзеге асады. Дәлірек айтқанда, коррекция (түзету) ұғымы – психикалық және дене бітімдік дамудағы кемшіліктерді, психологиялық-педагогикалық және емдеу-сауықтыру шараларының жүйесі көмігімен түзету. Бұл жүйе баланың психикасының, дене бітімінің ауытқуларын жеңілдетуге және жоюға бағытталады.

Дамудағы ауытқуды түзету немесе коррекция жасаудың тұтас тұжырымдамасын алғаш рет итальян педагогы М.Монтессори (1870-1952) жасады. Ол сезімдік тәжірибе мен моториканың дамуы автоматты түрде ойлауды дамытады, себебі олар ойлаудың алғышарттары деп есептейді.

Көршілес мемлекет Ресейде түзету жұмысының теориясы мен тәжірбиесін дамытуда жетекші рөлді А.Н.Граборов (1885-1949) атқарды. Ол ақыл ойы кем балалармен жүргізілетін сабақтардың біртұтас жүйесін жасады. Оған ойлау, есте сақтау үдерістерін дамытуға ықпал ететін әр түрлі ойындар, шыдамдылықты, төзімділікті қажет ететін қол еңбегі, топтық саяхаттар тәрізді маңызды әлеуметтік мазмұндағы жұмыстар енеді. [9]

Кемістіктердің орнын толтыруда психотерапияның рөлі ерекше маңызды.Ұзақ уақытқа дейін, психотерапевтік шаралар вербальды коммуникация, интеллект сияқты қалыпты дамыған адамға тән компоненттер негізінде ғана жүзеге асады деген теріс ұғым орын алып келді. Бірақ ақыл ойы кем балаларда интеллекттуалды әрекеттік болатыны және психотерапияда вербальды емес әдістердің қолданылатыны дәлелденді, мысалы арттерапия.

Олигрофрен оқушылармен психотерапевтік жұмыстар жүргізу барысында, нәтижесінде олардың зейін, қабылдау, есте сақтау қабілеттерінің артқанын, оқу әрекетінің арта түскендігін байқауға болады. Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп, әлеуметтік тұрмысқа баулуда, ата-ана мейірімімен қатар, мұғалім және психологтың тарапынан шексіз, мейірімділіктің қажеттілігі бірден айқын байқалады. Бұл жұмыста үлкен жауапкершілік, төзімділік, тәжірибе қажет.

Қазіргі озық технология заманында мүмкіндігі шектеулі балаларды заман талабына сай, түрлі әлеуметтік жағдайлардан адаспай, дұрыс жол таба алатын, еңбеққор азамат етіп қалай әзірлеп шығаруға болады деген сұрақ осы салада қызмет атқарып келе жатқан мамандарды шығармашылық жұмысттар мен инновациялық технология әдіс тәсілдерін іздеуге итермелейді.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік психологиялық түзету арқылы қолдаудың маңызы зор. Себебі, тұрмыс тіршілігіндегі шектелуді жою үшін жағдай жасауды қамтамасыз етіп, оларға басқа азаматтармен бірдей қоғам өміріне қатысу мүмкіндіктерін жасау керек деп ойлаймын.

Біздің Отанымызда да осы салаға байланысты арнайы сауықтыру орталықтары да жұмыс жасап келеді. Қазіргі уақытта республикалық арнайы түзету мекемелерінде мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдер тәрбиеленуде. Осы топқа жататын арнайы мектептерде сырқаттары және басқа себетерге байланысты оқуға мүмкіншіліктері жоқ оқушылардың жалпы орта мектептерде білім алуы қиыншылық туғызады. Осы себепті әлеуметтік тәрбиенің мәселелерін көре білу, сезіну және шешу жолдарын қарастыру, мүмкіндігі шектеулі баланы әлеуметтендіруге қолайлы шарт жасау және қатарға қосу мен тәрбиелеуді жүзеге асыруды міндет етіп алға қою керек. Егер, әлеуметтік педагогикалық үдерісте мүмкіндігі шектеулі балаға алғашқы сәттерде көмек беру үшін оның отбасын, ол өмір сүріп отырған ортасын зерттей алсақ, онда баланы өзі өмір сүрген әлеуметтік ортаға араластыру, бейімдеу, әлеуметтендіру мәселелеріне белсенді қатыстыру мүмкіндігі туады. Тек осыдан кейін әлеуметтік психологиялық үдерісін дұрыс ұйымдастырып, түрлі әлеуметтік кедергілерге қарсы тұра алатын, білімді, мәдениетті, еңбеққор және тұлғаны қалыптастыру мүмкіндігі туар еді. Бұл қасиеттерді бала бойына дарыту үшін мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиясын терең, жетік меңгеруіміз керек.

Мүмкіндігі шектеулі баланы әлеуметтік ортаға бейімдеу үшін психолог, емдік физкультура, логопед, олигофренопедагог мамандарының арнайы тапсырмалары өте қажет. Сонымен қатар, әлеуметтік бейімделудегі, тәрбиелудегі кемшіліктерді жеңу үшін ата-аналар мен бірігіп арнайы түзету жұмыстарын ұйымдастыру қажет және оны неғұрлым ерте бастаса, соғұрлым әлеуметтік бейімделуде нәтижелі болады. Егер әлеуметтік педагогикалық үрдісте мүмкіндігі шектеулі балаға алғашқы сәттерде көмек беру үшін оның отбасын, ол өмір сүріп отырған ортасын зерттеп, талдай алсақ, онда баланы өзі өмір сүрген әлеуметтік ортаға араластыру, бейімдеу, әлеуметтендіру мәселелеріне белсенді қатыстыру мүмкіндігі туады.

Тек осы жағдайда ғана әлеуметтік педагогикалық үрдісін дұрыс ұйымдастырып, түрлі әлеуметтік кедергілерге қарсы тұра алатын, білімді, мәдениетті, еңбекқор жеке тұлғаны қалыптастыру мүмкін болар еді. Бұл қасиеттерді бала бойына дарыту үшін мүмкіншілігі шектеулі балалардың психологиясын терең, жетік меңгеру керек. 

Әлеуметтік бейімдеудегі, тәрбиелеудегі кемшіліктерді жеңу үшін ата- аналар мен бірігіп арнайы түзету жұмыстарын ұйымдастыру қажет және оны неғұрлым ерте бастаса соғұрлым әлеуметтік бейімделуде нәтижелі болады.[8]

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]