Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Lektsia_4

.doc
Скачиваний:
24
Добавлен:
11.02.2016
Размер:
53.76 Кб
Скачать

Тақырыбы: Логоритмиканың негізгі принциптері ( 2 сағ.)

Жоспар:

1. Логоритмиканың жалпы дидактикалық принциптері.

2. Ерекше логоритмиканың принциптері.

Логоритмикалық жалпы дидактикалық принциптері.

Барлық жағдайда да дауыс адамдарды ажыратудың айтарлықтай мәнді белгісі болады. Бұл уақытта бала тиісті мимикаға байланысты дауыс ырғағын ажырата бастайды. Өмірінің алғашқы жылының екінші жартысында балада сөз тітіркендіргіштеріне шартты рефлекстер пайда болады. Сөйлеу дыбыстарының белгілі бір ұштасуы ретінде сөздің өзі тек біртіндеп басым болатын маңызға ие болады. Сөздер бірте- бірте әрекет құбылыс және осы құбылыстар арасындағы қатынас сигналдары болады.

Баланың тілінің дамуы, яғни тиісті грамматикалық құрылысты қолдану арқылы тілдің үйлесімді, мағыналы, сипатқа ие болуы көбіне –көп айналадағы адамдар сөзінің дұрыс құрылуына байланысты болады.

Баланың тіл дамуындағы кемшіліктер мынаған әкеп соғады:

А) баланың психикалық дамуы бәсеңдейді;

Б) жан-жақты, іс-әрекеттің жоғары деңгейіндегі дамуы бәсеңдейді.

В) эмоционалдық-жігер ортаның бүзылуы пайда болады, өзіндік сапасын қалыптастырады: (ешкіммен араласпайды, сырын аша білмейді, өзін-өзі ұстай алмайды).

Г) Оқып жазуға қиындық туады. Бұл баланың үлгерімі төмендейді, әдебиеттерде тілдің қалыпты дамымауына, әртүрлі деңгейде жеткілікті көңіл бөлінген. Монографияда А. Н. Гвоздева, жұмыстарда Г.Л. Розенгард-Пупко, Д.Б. Эльконина, А.А. Леонтьева, Н.Х. Швачкин, В.И. Бельтюкова және де басқаларда баланың туғанынан бастап сөйлеу қабілетінің дамуы егжей-тегжей жазылған.

Бұл авторда тіл дамуының деңгейін анықтайды және оларды әр түрлі позициялардан қарастырады.

Леонтьевтің зерттеуіне сүйене отырып, негізгі деңгейлеріне тоқтауға болады және әр қайсы баламен қарым-қатынас кезінде мұғалімді ойландыратын симптомдары көрсетілген.

Бала өмірге келгенін айқаймен білдіреді, бұл айқай баланың бірінші дауыс белгісі. Айқай мен жылау баланың артикуляциялық, дауыстық, тыныстық сөйлеу аппараттарын белсендіреді.

Сондықтан егер «анамистикалық бөлімде» бала туғанда асфекциямен және айқайлаған жоқ деп көрсетілсе онда бұл ақпарат логопед үшін диогностикалық сипаттама болып табылады.

«Гуілдеу» деңгейі барлық балаларда көрсетіледі: 1,5 айлығында, 2 - 3 айға дейін балалардың дауыстық белгісі мына дыбыстармен білдіріледі: а-а-а, бм-бм-бм, бль-бль, угу, бу, тағы басқа. Осы дыбыстар адам сөйлеуіне негіз болып табылады.

«Гуілдеу» барлық халықтарда бірдей. 4 айдан бастап дыбыстар өзгереді. Жаңа типтері пайда болады: гн-агн, ля-аля, рн т.б осы артикулярлық апаратармен бала ойнайды. Гуілдеу кезеңінде бала артикулдық аппаратпен ойнайды. Ол бір дыбысты бірнеше рет қайталап, одан рахат сезімін алады. Бала құрғақ, ұйқысы қанғанда, тамақтанғанан кейін және денсаулығы болғанда гуілдейді. Егер жақындарының біреуі жаныңда болып баламен сөйлесе бастаса онда бала дыбыстарды тындайды да оны қайталағандай болады. Осындай жағымды жағдайларда нәресте үлкендерге еліктей бастайды, және дауысының әртүрлі интонациясын мәнерлетуге тырысады. Гуілдеу уақытында анаға баланың гуілдеуі даму үшін, нәрестемен көру қатынасын дамытып, баламен сөйлесу керек, сол уақытта бала анасының мимикаларын қайталайды. О.И. Тихиева өзінің жұмысында нәрестенің гуілдеу кезеңін, музыкантың музыкалық аспаптың келтірумен салыстырады. «Гуілдеу» қалыпты дамыса онда ол біртіндеп сөзге айналады.

Көптеген ата –аналар баланың сөйлеу дамуын, дыбыстың айтылу деңгейіне қарап бағалайды. Олар қателескеніне қарамау керек, өйткені баланың сөйлеу деңгейінің дамуы өзінің лексикалық сөздерді сөйлемге дұрыс қоя білуінде.

7-8,5 айлықтарында бала ба-ба, дя-дя, де-да т.б. сол сияқты сөз тіркестерін айтады. Сөйлеуге талпыныс кезі бұл дыбыстық байланысты механикалық қайталау емес, бұл белгілі бір адамдармен, заттармен, іс-әрекеттермен байланысты сөздер. «Ма-ма» (мама) - бала айтса, бұл тек қана шешесіне байланысты. Үлкендермен қарым – қатынас уақытында бала біртіндеп интоннацияны, темпті, ритмді, ырғақты, және де дыбыстық элементтерді айтады. 9-10 айлықтарында үлкендермен қарым–қатынас кезінде бала интонацияны, темпті, ритмді қолдауға тырысады.

8,5-9 айларында сөйлеуге талпыныс әртүрлі интонациялық модульдық бағытта болады. Барлық балаларда бұл процесс бірдей емес: есту қабілеті төмен сөйлеуге талпыныс «бәсеңдейді» және де бұл көбінесе диагностикалық симптом болады. 2,5-3 жастағы сөйлемейтін және өзіне айтылған сөзді түсінбейтін баланы консультацияға әкелсе, онда нәресте уақытында оның гуілдеуі жоғалған жоқ па соны білу қажет. Бұндай жағдайларда аудиограмма міндетті түрде жасау керек.

Балалардың сөйлеу лингвистика мамандарының зерттеуіне жүгінсек балалардың сөйлеуінің түзілуі: сөйлеуге талпыныс уақытынан бастап 7 жасқа дейін. (А.Н.Гвоздеев, Е.И.Исенина, Н.И.Лепская., С.Н.Цейтлин., А.М. Шахнарович).

Мектепке дейінгі кезенде баламен колданатын сөздер көбейеді, бұл деңгейде баланың қоршаған ортаның сөздеріне қызығушылығы артады. Баланың қолданатын сөздері көп мағыналы: Бір сөзбен бала бірнеше мағынадағы сөздерді айтады: «бах»- құлады, жатыр, сүрінді; «бер»- әкел, алып кел, әперіп жібер; «би-би»- жүріп келеді, жатыр, кателіп жүр, машинә, ұшақ, велосипед.

Біржарым жастан кейін баланың сөздік қоры көбейеді, Бірінші сөйлемдері құралады, аморфты түбір сөздерден тұратын.

-Папа, ди(папа, бар)

-Ма, да кх(мама, мысықты берші)

Зерттеулер көрсеткіштері бойынша балалар бірден дұрыс сөйлемейді, кей сөздерді бірден дұрыс сөйлейді, кейбіреулерін кейін дұрыстайды. Бұны сөздің құрамы неғұрлым оңай болса бала оны солғұрлым жылдам есте сақтайды. Осы деңгейде келесі факторлардың өзара байланысы үлкен рөл атқарады:

А) Қоршаған ортаның сөйлеу механизмі.

Ә) Сөйлеуді қамтамасыз ететін күрделі функционалдық байланыс жүйесі.

Б) Бала тәрбиеленетін орта қамтылу керек.

Бұл жастағы балалардың лексикалық сөз қорын қорта келсек, деректерді келтіруге болады; біржарым жаста-10-15 сөз, екі жастан асқанда-30 сөз, 3 – жаста 100 сөз.

Сонымен біржарым жылдың ішінде баланың сөз қоры әжептәуір көбейеді.

Бұл жастағы балалардың сөз сөйлеуінің белсенді дамуының көрсеткіші, грамматикалық деңгейдің құрылуы болып табылады.

Бұл периодта келесі этаптарды көрсетуге болады; «физиологикалық аграмматизм», бала сөйлескенде керекті сөз тіркестерін қолданбайды: «Мама, кука бер»( мама кукланы бершә); «вова нет тина» (Вовада машина жоқ).

Бұл период ұзаққа созылмайды, бала 3 жасқа келгенде қарапайым грамматикалық құрылымдарды өз бетімен қолданады.

Көптеген ата аналар баланың сөйлеу қабілетінің дамуын, оның дыбыстауымен бағалайды. Олар қателеседі, өйткені әртүрлі сөздерді жағдайларда қолдана білуі. 2,5-3 жаста бала үш-төрт деңгейлі қиын сөйлемдер, кейбір грамматикалық форма қолданды (бар-келе жатыр- кележатырмыз- барма; кукла-куклаға- кукланы).

2-3 жасында қиын сөздерді грамматикалық формада айта бастайды (келе жатырмыз, бара жатырмыз, қуыршақ, қуыршақпен,) 1-3 жаста бала туған тілінің дыбыстарын ауыстырады. Қате жібереді, орындарын ауыстырады бұл қарапайым артикуляцияға жатады. Бұны жасына байланысты артикуляциялық дамымауынан байланысты түсіндіріледі. Бірақта сөздердің ырғақтық контурын интонациялдық ритмикасын айтады Мысала: касянов(касмонавт)

Баланың логикалық өсуіне келесі деректерді келтіруге болады:

2,5-3 жаста бала үш-төрт тіркесті сөйлемдермен сөйлей бастайды ( бар, баражатыр, кележатырмыз, кележатқанжоқ, қуыршақ, қуыршаққа, қуыршақпен).

Н.С. Жукова айтып өткендей «бала қиын емес сөйлемдерді құрастыра бастағаннан және оларды шақтарға, шақтарға бөле бастағаннан бастап сөйлеудің дамуында қарқынды сапалы даму байқалады».

Сонымен, мектепке дейінгі кезеңнің аяғында балалар өзара және қоршаған ортамен кең тараған сөз тіркестерін қолданады, сонымен бірге қарапайым грамматикалық деңгейлерді қолданады.

Ата – аналар мен тәрбиешілер баланың сөйлеу қабілетінің дамуына негізгі интенсивтік уақыт өмірінің бірінші 3 жылы болып табылатынын білу керек. Осы периодта барлық ЦНС функциялары тәрбиелеуге, шынықтыруға жылдам табиғи дамиды. Егер бұл жаста сөйлеу қабілетіне жағдайлар жасалмаса, онда сөйлеу қабілеті бұзылады, кейде келешекте оларды орнына толығымен келтіру мүмкін емес.

3 жаста мидың анатомиялық дамуы тоқталады. Бала туған тілінің грамматикалық формаларын меңгереді, лексикалық сөз қорын жинайды.

Сондықтан, егер 2,5-3 жаста бала тек қана балама сөздер қолданса және сөйлемдердің бөліктерін қолданса: гаки (глазки), ноти (ношки), око (окно), дев (дверь), ути (руки), ди тина ( дай машину) – жылдам, тез арада логопедпен консультация алу керек, физологиялық естуін тексеру керек, мектепке дейінгі логопедиялық бөлімде немесе балабақшада коррекциялық сабақтар өткізу керек. Арнайы мектеп көмегінсіз бұл балаларды қалдыруға болмайды, өйткені сөйлеу қабілетінің негізгі уақыты өткізіліп алынған.

Бұл периодта баланың сөйлеуінің дамуы жылдам қарқынмен жүреді. Сөздік қорының сапалы дамуын айта кеткен дұрыс. Сөйлеудін барлық бөлімдерін қолданады, сөз тіркестерін дұрыс қоя отырып.

5-6 жаста баланың ойын жеткізу жан-жақты және логикалы дамыған. Олардың әнгімелерінде қиял элементтері пайда болады, олар болмаған эпизодтарды ойлап табады.

Мектепке дейінгі кезеңде балалардың сөйлеуінің фонетикалық жағы кең дамиды. Әртүрлі буынды сөздерді дұрыс айтуға тырысады. Егер бала сөзді дұрыс айтпаса ол тек қана сол сөздің жиі айтылмауынан немесе бұрын естімегендігінен болады. Бұл жағдайда балаға дұрыс айтылуын көрсетіп түзетсе бала ол сөзді келесі жолы дұрыс айтады.

Кең түрдегі фразалық тілмен, бірақ сонымен қатар кейбір тілдің лексикалық – грамматикалық және фонетикалық – фонематикалық дамуымен сипатталады. Әлде болса балалардың жеңіл қарым – қатынасы күрделенгені дұрыс, олардың қарым – қатынасы ересек адамдардың көмегін қажет етеді.

Естіп қабылдауының дамуы өзінің сөздің дұрыс айтылуын бақылауға мүмкіндік береді және де басқалардын қатесін естіп түзете біледі.

Егер осы жаста бала грамматикалық қате жіберсе (ботика ойнаймын- ботинкамен ойнаймын, мама дүкеде болдым- мамамен дүкенде болдым, т.б) сөзді қысқартып айтуы, буындардың орның ауыстырып айтуы, буындарды айтпай кетуі – бұл сөйлеу функциясының дамымауының негізгі симптомы болып табылады. Мұндай балалар мектепке дейін жүйелі түрде логопедиялық оқуларды қажет етеді.

Сонымен мектепке дайындық кезеңінің аяғында балалар фразалық, фонетикалық, лексикалық және грамматикалық кең дұрыс сөйлеу керек.

Сөйлеу байланысы дамытуы жалғасады. Балалар сөйлеудің грамматикалық құрлымын еркін айта біледі. Бұл кезеңде жазу үлгісі басталады.

Сонымен, баланың сөйлеуінің дамуы – бұл қиын және көпжақты процесс.Балалар бірден лексико-грамматикалық, сөздің өзгеруі, сөйлемнің құралуын, дұрыс айтылуын бірден үйренбейді.

Фонетиканы меңгеруі жалпы орыс тілінің лексикалық – грамматикалық тіркестеріне байланысты.

Әдебиеттер:

1. Волкова Г.А. Логопедическая ритмика.- М.: Просвещение, 1985.

2. Запорожец А.В. Развитие произвольных движений.- М., 1960.

3. Логопедия / Под ред. Л.С. Волковой, С.Н. Шаховской.-М.: Владос, 2002.

4. Руднева С., Фиш Э. Ритмика, Музыкальное движение.- М., 1972

5. Т.Б. Филичева, Н.А. Чевелева, Г.В. Чиркина Основы логопедии.- М.: Просвещение, 1989.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]